Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 қазанда № 1-3-163 тіркелді

Жаңартылған

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. «Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу Ережелерін бекіту туралы» Ақкөл аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 1 маусымдағы № С 19–3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-3-108 тіркелген, 2009 жылғы 26 маусымда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешімі күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихаты
      сессиясының төрайымы                       А.Мананбаева

      Ақкөл аудандық
      мәслихат хатшысы                           Ю.Ужакин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.Үйсімбаев

Ақкөл аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ С 43-3 шешімімен  
БЕКІТІЛДІ     

Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесін бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес әзiрлендi және Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындаудың мөлшерiн және тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегi – жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ақкөл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалған шығыстарын;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Ескерту. Ереженің 1-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 27.03.2014 № С 32-3(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiндегі байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшін, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, шама шегiндегі жұмсалған шығыстарына төленген сомасының және отбасының осы мақсаттарға жұмсалған шығыстарының шектi ұйғарымды деңгейiнің арасындағы айырмасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiндегі байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшін, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, жұмсалған шығыстары үшін отбасының бір айдағы шектi ұйғарымды деңгейiнің шығыстары, отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне 10 пайыз көлемiнде белгiленедi.
      Тұрғын үйдi күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға жұмсалған төлемақысы белгiленген шамадан артық болғанда, жалпыға бiрдей негізде жүргізіледі.
      Ескерту. Ереженің 2-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 27.03.2014 № С 32-3(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
      Коммуналдық қызметтердің өтемақы мөлшерлері шектелген шамалардан артық емес мөлшерінде, газбен қамтамасыз еткені үшін бір адамға бір айда 4 килограммнан, бірақ отбасыны алғанда 16 килограммнан немесе 2 баллоннан артық емес, сумен қамтамасыз еткені үшін және канализацияға бір адамға бір айда 2,5 шаршы метрден артық емес, үй жанындағы жер телімін суару  бір айда бір жүздікке 3 шаршы метрден артық емес, электр қуатымен қамтамасыз еткені үшін санауыштың көрсеткіштері бойынша, бірақ бір адамға бір айда 100 киловаттан және отбасыға 200 киловаттан артық емес мөлшерінде бекітілсін.
      Қатты отынды пайдаланғаны үшін өтемақы жергілікті жылуы бар үйлер үшін пайдалы ауданының 1 шаршы метрге 83 килограмм мөлшерінде (қазан айы мен сәуір айы аралығындағы жылу беру мерзіміне), бірақ отбасыға 5 тоннадан көп емес мөлшерінде бекітілсін. Көмір бағасын өткен тоқсанда жинақталған санақ мәліметтері бойынша орташа бағасымен алынсын.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде көмірді мерзімдік сатып алуына байланысты, қатты отын шығындарының өтемақы мөлшерлері шегінде жылу беру мерзімі кезеңінде өтініш берген тоқсанның үш айына жылына бір рет ескеріледі.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде шығын мөлшері мен жергілікті жылу беру үшін қолданылатын басқа отын түрінің бағасын шығынның эквиваленттік мөлшеріне және көмірдің құнына есептелінсін.
      Ескерту. Ереженің 3 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.11.12 № С 10-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүргізетін атқарушы органы болып «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      5. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға, бірақ құқығы пайда болғанынан бұрын емес тағайындалады.
      6. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі өтінішті үй иесі, үйді жалға алушы (қосымша жалдаушысы) мына құжаттарды қоса тапсырады:
      1) өтініш берген азаматтың жеке куәлік құжатының көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығы барын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының өткен тоқсандағы табысын растайтын құжаттары;
      5) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған келісім шарттың көшірмесі (қалалық телекоммуникация желісінің абонентіне);
      6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтері үшін төлем шоттары (түбіртектер), ал орталық жылу болған жағдайда ағымдағы жылу беру мерзіміне жылу беру бойынша қызметтерді ұсыну туралы келісім шарттың көшірмесі;
      7) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге (кондоминиум объектiнің жалпы мүлкінің күрделі жөндегені үшін өтемақыны алуға құқығы бар отбасыларға) арналған мақсатты жарнаның көлемi туралы шоты;
      8) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондиминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоты;
      9) тұрғын үйді қолданғаны үшін жергілікті атқарушы органы ұсынатын жалгерлік төлемақының көлемі туралы шоты;
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.
      Ескерту. Ереженің 6-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 27.03.2014 № С 32-3(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанға тоқсан сайын жүргізіледі, бірақ отбасының кірістері және (жылу беру шығындардан басқа) коммуналдық қызметтері үшін шығындары өткен тоқсанға есептелінеді, ал жылу беру шығындары нақты төлемдер бойынша ендігі есептерімен жоспарланған есептерден алынады.
      8. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үйді тағайындалғаны немесе бас тартқандығы туралы шешім қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
      Тұрғын үй көмегінің тағайындалғаны (тағайындаудан бас тартқандығы) туралы хабарламаларды тұтынушының жеке өзі атқарушы органға келгенде немесе пошталық хабарлама арқылы беріліп, жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.04.23 № С4-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      9. Тұрғын үй көмегі жеке меншікте бір бірліктен артық үйі (пәтері, үйі) бар немесе үйін жалға берген отбасыларды (адамдарды), сонымен қатар отбасы құрамындағы еңбекке жарамды адам жұмыс істемесе, оқымаса және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмесе, мүгедектерді, күтімде қажеттілігі бар деп танылған мүгедектерге, үш жасқа дейінгі балалардың, сексен жастан асқан тұлғалардың күтімін іске асыратын тұлғаларды және 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1930 «Жер асты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, № 1 және № 2 тізімдері бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алушыларды есептемегенде, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тағайындалады.
      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011.12.12 № С 45-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      10. Өтініш беруші толымсыз, сенімсіз мәліметтерді ұсынған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, ал заңсыз түрде алынған қаражаттар бюджетке өтелуге жатады. Өзгерістер болған жағдайда (отбасы құрамы,үй меншігі түрінде) өтініш беруші өзгерістер болған күннен бастап өкілетті органды күнтізбелік он күннің ішінде ақпараттандыруы тиіс.
      Уәкілетті орган, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну отбасының шығыстары шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.
      Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.04.23 № С4-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      11. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда өтініш берушіден немесе тиісті органдардан оның тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығы бар екенін растайтын қосымша мәліметтер сұрайды.
      12. Тұрғын үй көмегі алушылардың «Казпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының Ақкөл аудандық пошта байланыс торабындағы есеп шотына есептеу жолымен ақшалай төлем түрінде бекітіледі.
      13. Тұрғын үй көмегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.

3. Отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібі

      14. Тұрғын үй көмегін алуға үміттенетін отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген, тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасының негізінде, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсаны үшін тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге уәкілетті органмен есептелінеді.
      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.04.23 № С4-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен