Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13 «Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-70 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 3 «Көкшетау» газетінде және 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 3 «Степной маяк» газетінде жарияланған), Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/14 «Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін» бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-89 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 қазандағы № 42 «Көкшетау» газетінде және 2008 жылғы 9 қазандағы № 42 «Степной маяк» газетінде жарияланған), Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 7 қазаңда № С-28/11 «Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін» бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 қарашадағы № 45 «Көкшетау» газетінде және № 45 «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық мәслихатының
45 сессияның төрағасы Ж.Балғабаев
КЕЛІСІЛДІ
Көкшетау қаласы әкімінің м.а Ж.Естенов
Көкшетау қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Ахметов
«Көкшетау қаласыныңқаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ө.Ыдырысов
«Көкшетау қаласының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Омарова
Көкшетау қалалық мәслихатының
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ С-45/6 шешімімен бекітілді
Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну
Ережесі
Осы Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тарауына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі мен мөлшерін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Көкшетау қаласында, Станционный кентінде, Красный Яр селосында, Чайкино кентінде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне көрсетіледі;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі - егер отбасының жиынтық табысы айына он жеті айлық есептік көрсеткіш аспаса жалғыз тұратын зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, І,ІІ,ІІІ топ мүгедектерінің және мүгедек балалары бар отбасылар, көп балалы отбасылар, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың отбасылары, интернационалист жауынгерлердің отбасы үшін отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа аз қамсыздандырылған отбасылар (азаматтар) үшін 10 % (пайыз) мөлшері белгіленді.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
2. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
Электрқуатын беру (тұтыну) нормасы 1 адамға айына 150 квт. сағат белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011.06.17 № С-47/15 шешімімен
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды, бюджет қаражатын тарату бойынша өкілетті орган болып «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
4. Тұрғын үй көмегі аз қамсыздандырылған меншігінде бір бірліктен көп тұрғын үйі (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға беретін, сондай-ақ еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында емес және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылардан (күтім көрсетуге мұқтаж адамдардың күтімін жүзеге асыратындардан басқалары) басқа отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады. Есептеулер ағымдағы тоқсанда жүргізіледі, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегі жылына бір рет ұсынылады, көмір нормасы бір рет алынады.
Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшері есепке алынады, алайда отбасына жылына бес тонна көмірден аспауы керек.
Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсандағы, тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған қала бойынша орташа баға пайдаланылады.
Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады.
Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
5. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалға алушының құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табыстарын растайтын құжаттар;
5) тұтынылған коммуналдық қызметтердің шоттары.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш берілген кезде ұсынылатын қажетті құжаттарды салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге шыққан шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тарауында көзделген құжаттармен қоса қосымша ұсынады:
1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтері төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тарауында көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
1) Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тарауында көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
1) жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу мөлшері туралы шоттар.
Қайта өтініш берген кезде 1,2,3 тармақшаларда көрсетілген құжаттар өзгеріс туындаған жағдайда ұсынылады.
6. Тұрғын үй көмегін өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарайтын және тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығаратын тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тағайындайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге қабылданған шешім жөнінде жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011.06.17 № С-47/15 шешімімен
7. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті органға заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесі немесе жалға алушының тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге тұрғын үй алаңы нормасының шегінде жәрдемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін және аталған отбасының осы мақсаттарға шығатын шекті шығындарының деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
9. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлемдер түрінде анықталады. Тұрғын үй көмегі төлемдері бюджеттік қаражатты бөлу бойынша өкілетті органның қаржыландыруына қарай ай сайын (құқығы болған кезде) жүргізіледі.
Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін өкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй көмегін алуға үміткердің жеке өтінішіне сәйкес тұрғын үй көмегі төлемдері коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жіберіледі. Телефон үшін өтемақы, тұрғын үйді күрделі жөндеу шығындарына өтемақы және отын (көмір) құнының шығындарына өтемақы өтініш берушілердің екінші деңгейлі банктердегі шоттарына аударылады.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-п бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесі негізінде есептейді.