Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда № 1-1-138 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 46 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1 қосымшасына сәйкес Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулыға 2 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берілсін.
      3. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № А-6/693 "Көкшетау қаласында үгіт-насихаттық құжаттар үшін орынды анықтау туралы" қаулысын (аймақтық нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылғы 11 шілдеде № 1-1-63 болып тіркелген, 2007 жылғы 19 ақпандағы "Көкшетау" газеті және "Степной Маяк" газетіндегі № 28 басылымында жарияланған) күшін жоғалтқан деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
 
 

      Қала әкімі

М.Батырханов

      КЕЛІСІЛДІ


      Көкшетау қалалық аймақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы

С.Р.Рахымов


Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/386 қаулысына 1 қосымша

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 09.10.2013 № А-10/1972 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 
 


 

Мекенжай атауы
 

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
 

Орналастыру үшін объектінің атауы
 

Ақпараттық тумбалар
 

1.
 

Көкшетау қаласы
 

В.И.Вернадский көшесі, 1, теміржол вокзалы ауданы
 

тумба-витрина
 

2.
 

Көкшетау қаласы
 

М.Горький көшесі, 60, "Тігін фабрикасы" аялдамасының ауданы
 

тумба-витрина
 

3.
 

Көкшетау қаласы
 

М.Әуезов көшесі,173 "Базар" аялдамасының ауданы
 

тумба-витрина
 



Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/386 қаулысына 2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 20.02.2015 № А-2/220 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 
 


 

Елді мекеннің атауы
 

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
 

1.
 

Көкшетау қаласы
 

Е.Н.Әуелбеков көшесі, 177, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
 

2.
 

Көкшетау қаласы
 

Васильковский мөлтек ауданы, 17, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
 

3.
 

Көкшетау қаласы
 

Центральный мөлтек ауданы, 40, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 19 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
 

4.
 

Көкшетау қаласы
 

Станционный кенті, Юбилейная көшесі, 19/2, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы