Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда № 1-1-138 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 18.09.2017 № А-9/3497 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1 қосымшасына сәйкес Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулыға 2 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берілсін.

      3. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № А-6/693 "Көкшетау қаласында үгіт-насихаттық құжаттар үшін орынды анықтау туралы" қаулысын (аймақтық нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылғы 11 шілдеде № 1-1-63 болып тіркелген, 2007 жылғы 19 ақпандағы "Көкшетау" газеті және "Степной Маяк" газетіндегі № 28 басылымында жарияланған) күшін жоғалтқан деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қала әкімі М.Батырханов

      КЕЛІСІЛДІ

      Көкшетау қалалық аймақты
сайлау комиссиясының
төрағасы
С.Р.Рахымов
     

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/386 қаулысына
1 қосымша

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 08.12.2015 № А-12/2081 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін объектінің атауы

Ақпараттық тумбалар

1.

Көкшетау қаласы

"Юбилейный" мөлтек ауданы, 39, "Бакалея" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

2.

Көкшетау қаласы

М.Горький көшесі, 60, "Тігін фабрикасы" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

3.

Көкшетау қаласы

М.Әуезов көшесі, 173, "Базар" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

4.

Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы

Ленин көшесі, 22,"Темирлан" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

5.

Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы

Симферопольский көшесі, 1, "Наурыз" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

6.

Көкшетау қаласы, Станционный кенті

Юбилейная көшесі, 18, "Синегорье" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

7.

Көкшетау қаласы

Васильковский мөлтек ауданы, 34, "Сырымбет" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

8.

Көкшетау қаласы

Кенесары көшесі, 191, "Достық" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

9.

Көкшетау қаласы

Сүлейменов көшесі, 2 А, Жібек Жолы базарының ауданы

тумба – витрина

10.

Көкшетау қаласы

Осипенко көшесі, 1, "РИО" сауда ойын-сауық кешенінің ауданы

тумба – витрина

11.

Көкшетау қаласы

Рахымбек Сабатаев көшесі, 1, "Ақмола облыстық ауруханасы" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

12.

Көкшетау қаласы

Станиславский көшесі, 35,№ 14 орта мектептің ауданы

тумба – витрина

13.

Көкшетау қаласы

Абай көшесі, 124, "Истоки" мәдениет сарайының ауданы

тумба – витрина

14.

Көкшетау қаласы

Буденный көшесі, 83, "Бурабай спорт кешені" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

15.

Көкшетау қаласы

О.Қуанышев көшесі, 170, ауыл шаруашылығы институты аялдамасының ауданы

тумба – витрина

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/386 қаулысына
2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 08.12.2015 № А-12/2081 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Көкшетау қаласы

Сүлейменов көшесі, 10, Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Достар" мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залы

2.

Көкшетау қаласы

М.Горький көшесі, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

3.

Көкшетау қаласы

Ақан сері көшесі, 90, Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы "Көкшетау" мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көрермендер залы

4.

Көкшетау қаласы

М.Әуезов көшесі, 216, Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы "Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көрермендер залы