«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оку жоспарлары мен бағдарламалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
1) Осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралык ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бакылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығымен
бекітілген
Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің
және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі балаларға қосымша білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді.
2. Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалар қосымша білім берудің оқу пәндерінің көлемін, оларды оқытуды анықтайды, оқушылардың оқу жүктемесінің көлемін қамтиды.
3. Балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі қосымша білім берудің негізгі міндеттері:
1) балалардың білім қажеттіліктерін, олардың шығармашылық қабілеттерін, ерте бейіндік бағдарлануын дамытуға ықпал етеді;
2) музыкалық және бейнелеу өнерінің негіздеріне оқыту;
3) балалардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдайлар жасау;
4) өнер саласындағы шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау;
5) білім беру ұйымында кейінгі деңгейде оқуды жалғастыру үшін бастауыш бейіндік дайындау.
2. Үлгілік оқу жоспары
4. Бес жас пен он жас аралығындағы балалар оқытудың негізгі курсына даярлау үшін балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің даярлық топтарында оқи алады.
5. Таңдаған мамандығына байланысты балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі қосымша білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі бес-он жыл және оқыту қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
6. Оқушылардың қажеттіліктері ескеріле отырып олардың ең жоғары оқу жүктемесін қосымша білім беру ұйымы белгілейді.
7. Сыныптардың (топтардың) толықтығын білім беру ұйымы анықтайды.
8. Оқушыларды бір сыныптан екінші сыныпқа ауыстыру оқу жоспарының барлық пәндері бойынша аттестаттау кезінде жүзеге асырылады. Көркем өнер білім алатын балаларға арналған жазғы практика (пленэр) өткізіледі. Пленэр бір-екі апта ішінде өткізіледі.
9. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша инвариантты курс вариативті курс сағаттарымен толықтырылады.
10. Білім беру ұйымдары таңдау бойынша пәндерді дербес таңдайды. Бір оқушыға таңдау бойынша бірнеше пәндерді оқуға рұқсат беріледі.
11. Осы Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары қосымшаға сәйкес білім алушылардың білім алу қажеттіліктері ескеріле отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жұмыс оқу жоспары әзірленеді.
12. Үлгілік және жұмыс оқу жоспарларында пәнді оқуға бөлінген оқу уақыты балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі қосымша білім берудің тиісті міндетті және вариативтік оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын әзірлеу кезінде ескеріледі.
3. Үлгілік оқу жоспары
13. Үлгілік оқу жоспары қосымша білім берудің әрбір оқу пәндері бойынша игеруге жататын білімнің, біліктің, дағдының және құзыреттің мазмұны мен көлемін реттейді.
14. Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесінің шегінде білім алушылардың бойында мынадай негізгі құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді:
1) «сурет» пәні жылдық жүктеменің 476 сағат көлемінде көркемөнер білімінің мазмұнын анықтайды, даярлық топтарындағы жылдық жүктеме натурамен сурет салуды үйрету, көз алдына елестету және есте сақтау қабілеті бойынша 340 сағатты құрайды. Әртүрлі графикалық құралдарды пайдалану, геометриялық денелердің, күрделі емес натюрморттардың, күрделі қойылымдардың, тірі натураның суретін салу бойынша білік пен дағды қалыптасады;
2) «кескіндеме» пәні академиялық оқудың негізін қалыптастыру бойынша бейнелеу өнерінің мазмұнын анықтайды. Жылдық жүктеменің 408 сағат көлемінде төрт жыл оқытылады, даярлық топтарында 68 сағатты құрайды. Түстердің кереғарлығы, түстерді енгізу, кескіндеме құралдарын пайдалану, кескіндеме техникасын, акварель мен гуашпен жұмыс істеуде техникалық тәсілдер, шығармашылық жеке қабілеттерді дамыту бойынша білімдер қалыптасады;
3) «мүсін» пәні кеңістіктік ойлауды, көлемді форманы үш өлшемді қабылдауды дамыту бойынша өнердің пластикалық түрінің пәні болып табылады. Көлемді және кеңістікті пластика құралдары арқылы бере білу білігін қалыптастырады. Жылдық жүктеменің 204 сағат көлемінде, даярлық топтарында жылдық жүктеменің 68 сағаты көлемінде оқытылады. Сазбен, ермексазбен, басқа материалдармен, жұмыс істеудің техникалық тәсілдерінің дағдылары, сондай-ақ бедерлі және дөңгелек мүсіннің негіздері қалыптасады;
4) «станокті композиция» пәні композицияның теоретикалық негіздерінің мазмұнын анықтайды. Оқыту мерзімінің ұзақтығы композициялық тапсырмаларды орындай отырып, теоретикалық материалды оқу бойынша жылдық жүктеменің 306 сағаты көлемінде төрт жылды құрайды. Композициялық шеберліктің дағдылары, көркемдік формалар мен бейнелерде өз ойын жүзеге асыру білігі, сондай-ақ басқа пәндермен өзара байланыста дербес шығармашылық жұмыс үшін жалпы композицияның негіздері қалыптасады;
5) «қолданбалы композиция» пәні көркемдік талғамды және әртүрлі материалдармен жұмыс жасаудың дағдыларын дамыту бойынша станокті композицияның курсын толықтырады. Жылдық жүктеменің 102 сағат көлемінде үш жыл оқытылады, даярлық топтарында жылдық жүктеме сәндік-қолданбалы өнердің 272 сағатын құрайды.
Бейнелеу өнерінің тарихы, сурет, кескіндеме, станокты композиция, мүсін сияқты пәндермен өзара байланыста ұлттық тұрмыс және сәндік-қолданбалы өнер заттарын жасау технологиясын оқытуды қамтамасыз етеді. Сәндік-қолданбалы өнердің түрлері туралы: көркем керамика, ағашты әшекейлеу және ою, әйнекті әшекейлеу, металды көркем өңдеу, гобелен, көркем кестелеу, модельдеу, жұмсақ ойыншық және т.б. білім көлемі, жалпы білім беретін сызу және технология пәндері және құралдарды пайдаланудың практикалық дағдылары бойынша білімдері пайдаланумен қоса басқа дағдылар қалыптасады;
6) «бейнелеу өнерінің тарихы» пәні әлемдік көркем мәдениеттің теориялық негіздерінің мазмұнын, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын анықтайды. Пән екі оқу жылында жылдық жүктеменің 68 сағаты көлемінде оқытылады. Бейнелеу сауаттылығының негіздері, көркемдік стильдер мен бағыттарының ерекшеліктеріне тән жіктеу мен талдау дағдылары бойынша білім қалыптасады, өнерге, суретшінің шығармашылығы мен көркем шығармаларға деген жеке көзқарасы, өнерді көркемдік жағынан қабылдау қабілетін дамиды;
7) «компьютерлік графика және дизайн» пәні компьютерлік технологияларды, web-дизайн негіздерін пайдалану арқылы көркем шығармашылық мазмұнын анықтайды. Төрт жыл оқытылады, жылдық оқу жүктемесі 136 сағатты, даярлық тобында 102 сағатты құрайды. Ақпараттық және техникалық дағдылар қалыптасады және дизайнерлік біліктер дамиды;
8) таңдау бойынша пән – оқытудың үшінші жылынан бастап енгізілетін қосымша пән, көркем білімді алушылар үшін жылдық оқу жүктемесі 68 сағатты құрайды. Таңдау бойынша пән материалдық-техникалық базаның болуын ескере отырып анықталады. Көркем білім алушылардың бір-екі апта ішіндегі жазғы оқу практикасын өткізу қарастырылған.
Музыкалық білім алушылар үшін таңдау бойынша пән жеке өткізіледі, топтық сабақтар ұжымдық музыка ойнау бойынша жүргізіледі.
9) «арнайы аспап» пәні фортепиано, скрипка, альт, виолончель аспаптары бойынша жеті-тоғыз жыл оқыту мерзімімен, домбыра, қобыз, гитара, баян, аккордеон, флейта, саксофон, тромбон, кларнет, керней аспаптары бойынша бес-жеті жыл оқыту мерзімімен музыкалық білімнің мазмұнын айқындайды.
Аспапта ойнауға оқыту процесіндегі табиғи мүмкіндіктерді ескере отырып, орындаушылық өнер негіздерінің білімдері мен іскерліктерінің көлемін қамтамасыз етеді. Музыкалық-практикалық қызмет дағдылары, орындаудың, ұжымдық музыка ойнаудың техникалық дағдылары, музыкалық қабілеттері мен кәсіби бағдарлануын дамыту қалыптасады.
Кейінгі деңгейлерде музыкалық білім беруді жалғастыру үшін оқу мүмкіндігі ұсынады;
10) «сольфеджио» пәні музыкалық өнердің теориялық негіздерін оқыту базасында оқушылардың музыкалық жадысын, ритмін дамытуды, жалпы музыкалық танымын кеңейтуді анықтайды. «Сольфеджио» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 2 сағатты құрайды. Даярлық сыныптарында аптасына 1 сағат көлемде жүргізіледі. Оқушылармен жұмыс істеу нысаны – топтық;
11) «вокал сыныбы» пәні білім алушылардың табиғи қабілетін: музыкалық жады, музыкалық практикалық қызмет үшін қажетті теориялық білімді, вокалдық-интонациялық дағдыларды меңгеруін, музыкалық сауаттылықты және музыканың қарапайым теориясын оқып үйренуін, жеке ән салу қабілетінің дамуын қалыптастыру бойынша бес-жеті жыл оқу мерзімімен музыкалық білім алу мазмұнын анықтайды. Мынадай 3 кезеңді қамтиды: даярлық, негізгі, ерте кәсіби бағдарлану;
12) «хормен ән айту» пәні жеті-тоғыз жыл оқу мерзімімен вокалдық-интонациялық және вокалдық-хорда ән айту дағдыларын қалыптастыру бойынша балаларға музыкалық білім беру мазмұнын айқындайды.
Жеке ән салу және хорға қатысушылардың ән салу мәдениеті, ұжымдық музыка ойнау дағдысы, ән салу аппаратын дайындау шеберлігі, дауыс қою, ән айту кезіндегі тыныс алу дағдысы, вокалдық-хор айтудағы музыкалық бейімі, сүйемелдеусіз ән айту, көп дауыста ән айту, ансамбльде ән айту сияқты вокалдық дағдыларды, музыкалық жадыны, дикция мен артикуляцияны, хор айту кезіндегі ырғақты, көркем шығарманы эмоциямен және мәнерлеп орындау дағдылары қалыптасады;
13) «хореография» пәні жеті-тоғыз жыл оқу мерзімі ішінде хореографиялық өнердің мазмұнын айқындайды. Классикалық, тарихи-тұрмыстық, халықтық-сахналық би, қазіргі заманғы би, қазіргі заманғы бал биі, сондай-ақ концерттік нөмірлерді қою, дауыс қою, өнер тарихының бастапқы курсы, музыкалық сауаттылық және музыка тыңдау, музыкалық құрал, таңдау бойынша білім мен білік қалыптасады;
14) «әлемдік музыкалық әдебиет» пәні жылдық жүктемесі 136 сағат көлеміндегі балаларға музыкалық білім берудің мазмұнын айқындайды. Музыкалық-практикалық қызмет және жалпы музыкалық даму үшін қажетті музыкалық-теориялық білім деңгейін анықтайды;
15) «қазақ музыкалық әдебиеті» пәні жылдық жүктеменің 102 сағат көлемінде музыкалық білімнің мазмұнын анықтайды. Бағдарлама түрі өзгертілген, білім беру, ұзақ мерзімді, мамандандырылған болып табылады. Музыкалық-теоретикалық және зияткерлік даму, оқушылардың есту тәжірибесінің жинақталуы қалыптасады, дүниетанымы кеңейеді, музыкалық-практикалық қызмет және жалпы музыкалық даму үшін тарих және музыкалық мәдениет саласындағы музыкалық-теоретикалық білімнің белгілі бір деңгейі қалыптасады.
15. Оқушылардың білім алу қажеттіліктері ескеріле отырып Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламасының негізінде балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі қосымша білім беру пәндері бойынша тиісті оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламасы әзірленеді.
Балалар музыка мектептерінің,
балалар көркемөнер мектептерінің
және балалар өнер мектептерінің
үлгілік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына қосымша
Үлгілік оқу жоспары
№ |
Пән |
Апталық сағат жүктеме |
Барлығы |
|||
Дайындық оқу курсы |
||||||
5-6 жас |
7-8 жас |
9-10 жас |
0 |
|||
1 |
сурет |
2 |
3 |
3 |
2 |
340 |
2 |
илеу |
2 |
3 |
3 |
- |
272 |
3 |
сәнді-қолданбалы өнер |
2 |
3 |
3 |
- |
272 |
4 |
кескіндеме |
- |
- |
- |
2 |
68 |
5 |
композиция |
- |
- |
- |
3 |
102 |
6 |
мүсін |
- |
- |
- |
2 |
68 |
7 |
компьютерлік графика |
- |
1 |
1 |
1 |
102 |
8 |
барлық оқу сағаты |
6 |
10 |
10 |
10 |
1224 |
9 |
плэнер |
- |
18 |
18 |
18 |
54 |
Негізгі оқу курсы |
||||||
1 жыл |
2 жыл |
3 жыл |
4 жыл |
|||
1 |
сурет |
3 |
3 |
4 |
4 |
476 |
2 |
кескіндеме |
3 |
3 |
3 |
3 |
408 |
3 |
станоктық композиция |
3 |
2 |
2 |
2 |
306 |
4 |
қолданбалы композиция |
- |
1 |
1 |
1 |
102 |
5 |
мүсін |
1 |
1 |
1 |
1 |
204 |
6 |
бейнелеу өнері тарихы |
- |
- |
1 |
1 |
68 |
7 |
компьютерлік графика |
1 |
1 |
1 |
1 |
136 |
8 |
таңдау бойынша пән |
- |
- |
1 |
1 |
68 |
9 |
барлық оқу сағаты |
13 |
13 |
14 |
14 |
1836 |
10 |
пленэр |
22 |
22 |
22 |
22 |
132 |
11 |
дипломалды даярлық |
22 |
44 |
|||
Бейіндік бағдарлау курсы |
||||||
1 |
сурет |
4 |
- |
- |
- |
136 |
2 |
кескіндеме |
4 |
136 |
|||
3 |
композиция |
4 |
136 |
|||
4 |
компьютерлік графика |
1 |
34 |
|||
5 |
барлық оқу сағаты |
13 |
442 |
№ |
пән |
Сынып бойынша апталық жүктемелер |
|||||||||
Аспаптық бөлімдер (фортепиано, скрипка, альт, виолончель) оқу мерзімі 7-9 жыл |
|||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|||
1 |
мамандық (аспап) |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
сольфеджио |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
ұжымдық музыкалық пәндер (оркестр, ансамблдер т.б.) |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
қазақ музыка әдебиеті |
- |
- |
- |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
5 |
әлем музыка әдебиеті |
- |
- |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
6 |
таңдау бойынша пән |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
7 |
барлық сағат саны |
4 |
6 |
6 |
6 |
7 |
10 |
10 |
10 |
8 |
8 |
Аспаптық бөлімдер (домбра, қобыз, гитара, баян, аккордеон, флейта, саксофон, тромбон, кларнет, труба) оқу мерзімі 5-7 жыл |
|||||||||||
1 |
мамандық (аспап) |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
- |
- |
2 |
сольфеджио |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
- |
- |
3 |
ұжымдық музыкалық пәндер (оркестр, ансамблдер т.б.) |
- |
1 |
1 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
- |
- |
4 |
қазақ музыка әдебиеті |
- |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
5 |
әлем музыка әдебиеті |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
6 |
таңдау бойынша пән |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
- |
7 |
барлық сағат саны |
4 |
6 |
7 |
10 |
10 |
10 |
8 |
8 |
- |
- |
Вокалдық бөлім (ән айту) оқу мерзімі 5-7 жыл |
|||||||||||
1 |
мамандық (ән айту) |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
- |
- |
2 |
сольфеджио |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
||
3 |
ұжымдық музыкалық пәндер (хор, ансамблдер т.б.) |
- |
1 |
1 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
||
4 |
қазақ музыка әдебиеті |
- |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
||||
5 |
әлем музыка әдебиеті |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
||
6 |
таңдау бойынша пән |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
- |
7 |
барлық сағат саны |
4 |
6 |
7 |
10 |
10 |
10 |
8 |
8 |
- |
- |
Хор бөлімі (хормен ән айту) оқу мерзімі 7-9 жыл |
|||||||||||
1 |
хормен ән айту |
2 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
2 |
сольфеджио |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
қазақ музыка әдебиеті |
- |
- |
- |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
4 |
әлем музыка әдебиеті |
- |
- |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
5 |
музыкалық аспап |
0,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
6 |
негізгі дирижерлау |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
0,5 |
0,5 |
7 |
таңдау бойынша пән |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
8 |
барлық сағат саны |
4,5 |
7,5 |
7,5 |
8,5 |
10 |
11 |
11 |
10 |
9,5 |
8,5 |
Оркестрлік бөлімі оқу мерзімі 5-7 жыл |
|||||||||||
1 |
оркестр |
- |
- |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
- |
- |
2 |
аспап |
2 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
3 |
сольфеджио |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
- |
- |
4 |
ансамблдік ойнау |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
- |
5 |
қазақ музыка әдебиеті |
- |
- |
- |
- |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
6 |
әлем музыка әдебиеті |
- |
- |
- |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
7 |
аспаптық өңдеу негіздері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
1 |
- |
- |
8 |
оркестрлік дирижерлау негізі |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
1 |
- |
- |
- |
9 |
таңдау бойынша пән |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
барлық сағат саны |
5 |
6 |
7 |
9 |
10 |
9 |
9 |
8 |
- |
- |
|
Хореография оқу мерзімі 7-9 жыл |
|||||||||||
1 |
би түрлерінің мамандығы |
- | 4 |
4 |
5 |
6 |
7 |
7 |
8 |
7 |
8 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
2 |
ритмика |
2 |
2 |
2 |
1 |
||||||
3 |
музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
4 |
музыкалық аспап |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
5 |
Қазақстан хореографиясы |
- |
- |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
- |
- | - |
6 |
шетелдік хореография |
- | - | - | - | - | 1 |
1 |
1 |
- |
- |
7 |
концертке дайындық |
- |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
таңдау бойынша пән |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
барлық сағат саны |
5 |
9,5 |
9,5 |
9,5 |
10,5 |
11,5 |
11,5 |
11,5 |
9,5 |
10,5 |