Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 931 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 ақпанда № 7404 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.08.2022 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Г.С.Төлебаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығымен бекітілген

Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және қан қызметі ұйымдарының міндеттерін, функцияларын, құрылымын және санаттылығын, сондай-ақ қызметтерінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.

      2. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі донорлық қан дайындауды өңірлік деңгейде орталықтандыру, донорлардың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу және денсаулық сақтау ұйымдарын қан өнімдерімен қамтамасыз ету қағидаттарының негізінде Қазақстан Республикасының халқына трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

      3. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын (республиканың, облыстың, қаланың) штаттан тыс бас трансфузиологы үйлестіреді.

      4. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, денсаулық сақтау саласындағы қызметті реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерді, ұйым Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

      5. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын дара басшылық ету негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5945 тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттар) сәйкес келетін директор басқарады.

2. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары

      6. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері:

      1) қан және оның компоненттерінің донорлығын ұйымдастыруға қатысу;

      2) донорлық қанның, оның компоненттерінің, препараттары мен диагностикалық реагенттерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес қанды, оның компоненттерін дайындауды, қан компоненттері мен препараттарды, диагностикалық реагенттерді өндіруді ұйымдастыру;

      3) Қазақстан Республикасындағы трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай стратегияны іске асыру;

      4) қан компоненттері мен препараттарын клиникалық қолдану барысында олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету;

      5) клиникалық және өндірістік трансфузиология саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

3. Қан қызметі ұйымдарының құрылымы және санаттылығы

      7. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына мынадай ұйымдар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ТҒӨО);

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық қан орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - РҚО);

      3) Қан орталықтары (облыстық, қалалық).

      8. Мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының базасында трансфузиология бөлімшелері (кабинеттері) құрылады.

      9. Қан және оның компоненттері донациясының көлеміне қарай қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мынадай санаттарға бөлінеді:

      I санат – жылына 20000 донациядан* астам;

      II санат - жылына 15001 донациядан бастап 20000 дейін;

      III санат - жылына 10001 донациядан бастап 15000 дейін;

      IV санат- жылына 5000 донациядан 10000 дейін.

      Ескертпе: *1 мөлшер қан, плазма, қан жасушалары, оның ішінде екі мәрте плазма және цитаферез бір донация ретінде есептеледі. Плазма донациясының жалпы санынан кемінде 30 % көлеміндегі аппараттық плазмаферез жүргізу кезінде қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдардың санаттылығы бір санатқа жоғарылайды.

      10. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың үлгі штаттары мен штат нормативтері "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен белгіленеді (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6173 тіркелген).

4. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының функциялары

      11. ТҒӨО және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.

      12. ТҒӨО дара басшылық ету негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын және босатылатын және "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен көзделген біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін директор басқарады.

      13. ТҒӨО мынадай қызметтерді атқарады:

      1) өндірістік және клиникалық трансфузиология салаларындағы ғылыми зерттеулер жүргізу;

      2) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі қызметі;

      3) қан орталықтарының қызметіне инспекция жүргізуге қатысу;

      4) республиканың қан орталықтарындағы зертханалар жүргізетін зерттеулердің сапасын сыртқы бақылауды жүргізуге қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының қан қызметіне арналған референс-зертханасын ұйымдастыру;

      5) оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық әдебиетті, оның ішінде трансфузиологиялық көмек мәселелері бойынша мерзімдік басылымдарды, клиникалық нұсқаулықтарды дайындау және басып шығару;

      6) донорлық және аутологиялық дің жасушаларын, кіндік қанын және перифериялық дің жасушаларын дайындау, бөлу, зертханалық тексеру және сақтау;

      7) донор қанын скрингілеу үшін қолданылатын диагностикалық тест-жүйелерді тестілеуге арналған сарысудың ұлттық панелін әзірлеу;

      8) қан компоненттерін жеке іріктеу және тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүше бөліктерін) транспланттау үшін реципиенттер мен донорларға адамның лейкоцитарлық антиген-зерттеулерін (бұдан әрі – HLA-зерттеулер) жүргізу;

      9) Гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының ұлттық тіркелімін жүргізу;

      10) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық жабдықтарының тиімді қызмет көрсетуі үшін консультациялық көмек көрсету;

      11) қан қызметі мәселелері бойынша республикалық семинарлар, кеңестер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу;

      12) қан қызметі және клиникалық трансфузиология мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      13) өкілдік және атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп халықтың арасында ерікті өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамытуға және насихаттауға қатысу;

      14) қан және оның компоненттерінің донорлары болуға ниет білдірген азаматтарды қабылдау және медициналық тексеру;

      15) қан және оның компоненттері донорларының және донорлықтан шеттелген тұлғалардың тіркелімдерін құру және жүргізу;

      16) донорлардың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес трансфузиялық инфекцияларға тексерілген оң нәтижелі донорлар туралы денсаулық сақтау ұйымдарына хабардар ету;

      17) донорлардың қан сарысуларының үлгілерін мұрағаттау;

      18) қанды және оның компоненттерін стационарда, сондай-ақ көшпелі жағдайда дайындау;

      19) қан компоненттері мен препараттарын, диагностикалық реагенттерді өндіру;

      20) қан және оның компоненттерінің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу;

      21) қан компоненттерінің, оның ішінде сирек және әмбебап топтарының қорын құру;

      22) қан компоненттері мен препараттарының сапасын бақылауды жүргізу;

      23) донорлық және аутологиялық қанды, оның компоненттерін, препараттары мен диагностикалық реагенттерді өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды, сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыру;

      24) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде шекаралас облыстардың жақын жердегі елді мекендерінің денсаулық сақтау ұйымдарын шарт негізінде қан компоненттерімен, препараттарымен және диагностикалық реагенттеріне қажетшілікті тәулік бойы қамтамасыз ету;

      25) донорлардың қан үлгілеріне клиникалық-биохимиялық және иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу, қанды және оның компоненттерін жеке іріктеу кезінде күрделі жағдайларда реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық тексеруді жүргізу;

      26) қызмет көрсететін медициналық ұйымдарда қан мен оның компоненттерін клиникалық пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;

      27) трансфузиядан кейінгі асқыну жағдайларын тексеруге, олардың профилактикасы бойынша іс-шаралар практикасына енгізуге қатысу;

      28) қан қызметінің мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, трансфузиялық көмекке мониторинг жүргізу;

      29) қан және оның компоненттерінің донорлығын шарт негізінде ұйымдастыруға қатысу;

      30) экстракорпоралдық гемотүзету жүргізу;

      31) қан қызметі және трансфузия мәселелері бойынша кәсіптік білім алу бағдарламаларына қатысу;

      32) қан қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

      33) медициналық апаттар мен азаматтық қорғаныстың медициналық қызмет жүйесінің арнайы іс-шараларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу, жұмылдыру тапсырысын орындау және ТЖ пайда болған кезде қан өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шұғыл әрекет ету;

      34) арнайы медициналық қоймаларда сақталатын жұмылдыру қорының материалдық құндылықтарын жаңартуға қатысу;

      35) эксперименталдық және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу үшін әр түрлі жануарлардың түрлерін ұстау, өсіру, селекциялау, қалпына келтіру және өткізу;

      36) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.

5. Республикалық қан орталығының функциялары

      13. РҚО Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.

      14. РҚО мынадай қызмет түрлерін атқарады:

      1) қан қызметі және трансфузия мәселелері бойынша кәсіптік білім алу бағдарламаларына қатысу;

      2) қан қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

      3) медициналық апаттар мен азаматтық қорғаныстың медициналық қызмет жүйесінің арнайы іс-шараларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу, жұмылдыру тапсырысын орындау және ТЖ пайда болған кезде қан өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шұғыл әрекет ету;

      4) арнайы медициналық қоймаларда сақталатын жұмылдыру қорының материалдық құндылықтарын жаңартуға қатысу;

      5) қан компоненттерін жеке іріктеу және тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүше бөліктерін) транспланттау үшін реципиенттер мен донорларға HLA-зерттеулерін жүргізу;

      6) қан қызметі мәселелері бойынша республикалық семинарларды, кеңестерді, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге қатысу;

      7) өндірістік және клиникалық трансфузиология салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге қатысу;

      8) өкілдік және атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп халықтың арасында ерікті өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамытуға және насихаттауға қатысу;

      9) қан және оның компоненттерінің донорлары болуға ниет білдірген азаматтарды қабылдау және медициналық тексеру;

      10) қан және оның компоненттері донорларының және донорлықтан шеттелген тұлғалардың тіркелімдерін құру және жүргізу;

      11) донорлардың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес трансфузиялық инфекцияларға тексерілген оң нәтижелі донорлар туралы денсаулық сақтау ұйымдарына хабардар ету;

      12) донорлардың қан сарысуларының үлгілерін мұрағаттау;

      13) қанды және оның компоненттерін стационарда, сондай-ақ көшпелі жағдайда дайындау;

      14) қан компоненттері мен препараттарын, диагностикалық реагенттерді өндіру;

      15) қан және оның компоненттерінің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу;

      16) қан компоненттерінің, оның ішінде сирек және әмбебап топтарының қорын құру;

      17) қан компоненттері мен препараттарының сапасын бақылауды жүргізу;

      18) донорлық және аутологиялық қанды, оның компоненттері, препараттары мен диагностикалық реагенттерді өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды, сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыру;

      19) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде шекаралас облыстардың жақын жердегі елді мекендерінің денсаулық сақтау ұйымдарын шарт негізінде қан компоненттерімен, препараттарымен және диагностикалық реагенттеріне қажетшілікті тәулік бойы қамтамасыз ету;

      20) донорлардың қан үлгілеріне клиникалық-биохимиялық және иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу, қанды және оның компоненттерін жеке іріктеу кезінде күрделі жағдайларда реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық тексеруді жүргізу;

      21) қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарда қан мен оның компоненттерін клиникалық пайдалануға мониторинг жүргізу;

      22) трансфузиядан кейінгі асқыну жағдайларын тексеруге, олардың профилактикасы бойынша іс-шаралар практикасына енгізуге қатысу;

      23) қан қызметінің мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, трансфузиялық көмекке мониторинг жүргізу;

      24) қан және оның компоненттерінің донорлығын келісімшарт негізінде ұйымдастыруға қатысу;

      25) экстракорпоралдық гемотүзету жүргізу;

      26) эксперименталдық және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу үшін әр түрлі жануарлардың түрлерін ұстау, өсіру, селекциялау, қалпына келтіру және өткізу;

      27) қан қызметі және клиникалық трансфузиология мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      28) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.

6. Облыстық және қалалық қан орталықтарының функциялары

      15. Облыстық және қалалық қан орталықтары (бұдан әрі – ОҚО және ҚҚО) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың ведомстволық бағыныстағы қан қызметі саласында қызмет ететін денсаулық сақтау ұйымдары болып табылады.

      16. ОҚО және ҚҚО мынадай қызмет түрлерін атқарады:

      1) өкілдік және атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп халықтың арасында ерікті өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамытуға және насихаттауға қатысу;

      2) қан және оның компоненттерінің донорлары болуға ниет білдірген азаматтарды қабылдау және медициналық тексеру;

      3) қан және оның компоненттері донорларының және донорлықтан шеттелген тұлғалардың тіркелімдерін құру және жүргізу;

      4) донорлардың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес трансфузиялық инфекцияларға тексерілген оң нәтижелі донорлар туралы денсаулық сақтау ұйымдарына хабардар ету;

      5) донорлардың қан сарысуларының үлгілерін мұрағаттау;

      6) қанды және оның компоненттерін стационарда, сондай-ақ көшпелі жағдайда дайындау;

      7) қан компоненттері мен препараттарын, диагностикалық реагенттерді өндіру;

      8) донорлардың қан компоненттері мен препараттарының инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заман технологияларын енгізу;

      9) қан компоненттерінің, оның ішінде сирек және әмбебап топтарының қорын құру;

      10) қан компоненттері мен препараттарының сапасын бақылауды жүргізу;

      11) донорлық және аутологиялық қанды, оның компоненттерін, препараттары мен диагностикалық реагенттерді өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды, сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыру;

      12) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде шекаралас облыстардың жақын жердегі елді мекендерінің денсаулық сақтау ұйымдарын шарт негізінде қан компоненттерімен, препараттарымен және диагностикалық реагенттеріне қажетшілікті тәулік бойы қамтамасыз ету;

      13) донорлардың қан үлгілеріне клиникалық биохимиялық және иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу, қанды және оның компоненттерін жеке іріктеу кезіндегі күрделі жағдайларда реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық тексеруді жүргізу;

      14) қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарда қан мен оның компоненттерін клиникалық пайдалануға мониторинг жүргізу;

      15) трансфузиядан кейінгі асқыну жағдайларын тексеруге, олардың профилактикасы бойынша іс-шаралар практикасына енгізуге қатысу;

      16) қан қызметінің мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, трансфузиялық көмекке мониторинг жүргізу;

      17) қан және оның компоненттерінің донорлығын шарт негізінде ұйымдастыруға қатысу;

      18) экстракорпоралдық гемотүзету жүргізу;

      19) қан қызметі және трансфузия мәселелері бойынша кәсіптік білім алу бағдарламаларына қатысу;

      20) қан қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

      21) медициналық апаттар мен азаматтық қорғаныстың медициналық қызмет жүйесінің арнайы іс-шараларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу, жұмылдыру тапсырысын орындау және ТЖ пайда болған кезде қан өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шұғыл әрекет ету;

      22) арнайы медициналық қоймаларда сақталатын жұмылдыру қорының материалдық құндылықтарын жаңартуға қатысу;

      23) эксперименталдық және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу үшін әр түрлі жануарлардың түрлерін ұстау, өсіру, селекциялау, қалпына келтіру және өткізу;

      24) қан қызметі мәселелері бойынша республикалық семинарларды, кеңестерді, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге қатысу;

      25) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.

7. Медициналық ұйымының трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) функциялары

      17. Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық көмекті және трансфузиялық терапияны жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымда трансфузиология бөлімшесі (кабинеті) құрылады.

      18. Трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) меңгерушісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының бас дәрігерінің бұйрығымен және біліктілік сипаттамаларға сәйкес келетін тағайындалады және жұмыстан босатылады.

      19. Трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) құрамында:

      1) дәрігер кабинеті;

      2) зертхана;

      3) қан өнімдерін сақтауға арналған бөлме;

      4) қызметкерлерге арналған бөлме;

      5) жуу бөлмесі бар.

      20. Трансфузиология бөлімшесі (кабинеті) мынадай қызмет түрлерін атқарады:

      1) қан, оның компоненттері мен препараттарын есепке алу және сақтауды, қан компоненттері мен препараттарын денсаулық сақтау ұйымының клиникалық бөлімшелеріне беруді жүргізу;

      2) реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық талдау жүргізу;

      3) иммуногематологиялық талдауды дұрыс орындауына және емдеуші (кезекші) дәрігерлердің тиісті құжаттаманы рәсімдеуіне, сондай-ақ қан компоненттерін ұтымды пайдалануына бақылау жүргізу;

      4) денсаулық сақтау ұйымының клиникалық бөлімшелерінің қызметкерлеріне келесіде аттестатциялаумен қан қызметі мәселелері бойынша оқытуды жүргізу;

      5) трансфузиядан кейінгі асқынулар мен олардан кейінгі жанама әсерлерді есепке алу, олардың пайда болу себептерін зерттеу, профилактикасы және емдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

      6) денсаулық сақтау ұйымдарының тәжірибесіне аутологиялық қан компоненттерін қолдануды енгізу;

      7) халық арасында донорлықты ұйымдастыруға қатысу;

      8) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.