Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 тамызда № 28998 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 931 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7404 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 2 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-72 бұйрығымен
бекітілген

Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 70) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – қан қызметі ұйымдары), сондай-ақ трансфузиология бөлімшелері (кабинеті) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, сондай-ақ негізгі функцияларын айқындайды.

      2. Қан қызметі ұйымдары, сондай-ақ трансфузиология бөлімшелері (кабинеттері) "Халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № ҚР ДСМ-55 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28571 болып тіркелген) сәйкес халыққа трансфузиялық көмек көрсетеді.

      3. Қан қызметі ұйымдарының және трансфузиология бөлімшелерінің (кабинеті) қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансфузиологы, сондай-ақ облыс және (немесе) қаланың штаттан тыс бас трансфузиологы үйлестіреді.

      4. Қан қызметі ұйымдары және трансфузиология бөлімшелері (кабинеті) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде осы Ережені, сондай-ақ ұйым немесе кәсіпорын Жарғысын басшылыққа алады.

2-тарау. Қан қызметі ұйымдарының және трансфузиология бөлімшелерінің (кабинеті) құрылымы, қызметінің мақсаттары

      5. Қан қызметі ұйымдарының құрылымына:

      1) Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар - Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығы (бұдан әрі-ТҒӨО);

      2) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар -Республикалық қан орталығы (бұдан әрі – РҚО), Облыстық қан орталықтары (бұдан әрі – ОҚО) және қалалық қан орталықтары (бұдан әрі-ҚҚО).

      6. Қан қызметі ұйымдарының негізгі міндеттері:

      1) трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай стратегияны іске асыру;

      2) гемотрансфузиялық терапияның қазіргі заманғы қағидаттарына негізделе отырып, медициналық ұйымдардың донорлық қан және оның компоненттеріне деген ағымдағы қажеттілігін қамтамасыз ету:

      қан компоненттерін фильтрлеу әдісімен лейкоциттерді элиминациялау;

      плазманы карантиндеу;

      патогендерді әсерсіздендіру немесе сәулелендіру;

      3) қазіргі сапа талаптарына сәйкес келетін қан компоненттерін шығару:

      шығару бірлігіндегі функционалды толыққанды жасушалардың жеткілікті мөлшері;

      басқа компоненттердің жоқтығы немесе аз қоспасы;

      иммунологиялық сәйкестендіру;

      гемотрансмиссивті инфекцияларға қатысты қауіпсіздік болып табылады.

      7. Трансфузиология бөлімшелері (кабинеті) қан компоненттері емдік мақсатта қолданылатын амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

      8. Трансфузиология бөлімшелері (кабинеті) қызметінің негізгі мақсаттары:

      1) донорлық қан компоненттерін клиникалық пайдаланудың нәтижелерін жетілдіру;

      2) негізсіз трансфузиялардың санын азайту;

      3) трансфузияның қолайсыз салдарын туғызатын қателерді профилактикалау;

      4) донорлық қан компоненттерін клиникалық пайдалану туралы есепті жүйелі және дәйекті ұсыну болып табылады.

3-тарау. Қан қызметі ұйымдарының және трансфузиология бөлімшелерінің (кабинеттерінің) функциялары

      9. ТҒӨО қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.

      10. ТҒӨО мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өндірістік және клиникалық трансфузиология, тіндік типтеу салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу;

      2) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі қызмет;

      3) қан орталықтарының қызметіне инспекция жүргізуге қатысу;

      4) республикадағы қан орталықтарының зертханалары жүргізетін зерттеулердің сапасына сыртқы бағалауды жүргізуге қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының қан қызметі үшін референс-зертхананы ұйымдастыру;

      5) оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық әдебиетті, оның ішінде трансфузиологиялық көмек, зертханалық диагностикалаудың әдістері бойынша мерзімдік басылымдарды, клиникалық нұсқаулықтарды дайындау және басып шығару;

      6) кіндік және перифериялық қаннан алынған донорлық және аутологиялық дің жасушаларын дайындау, бөлу, зертханалық тексеру және сақтау;

      7) донорлық қанды скрингілеу үшін қолданылатын диагностикалық тест-жүйелерді тестілеуге арналған сарысудың ұлттық панелін әзірлеу;

      8) қан компоненттерін жеке іріктеу және тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), гемопоэздік дің жасушаларын транспланттауда реципиенттер мен донорлар үшін HLA-зерттеулерін (бұдан әрі – HLA-зерттеулер) жүргізу;

      9) гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;

      10) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық жабдықтары тиімді қызмет көрсету үшін консультациялық көмек көрсету;

      11) мамандарды үздіксіз кәсіптік дамыту мақсатында өндірістік және клиникалық трансфузиология мен іргелес ғылымдар мәселелері бойынша ғылыми-ақпараттық алмасу, республикалық семинарлар, кеңестер, съездер, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және оған қатысу;

      12) қан қызметі және клиникалық трансфузиология, тіндерді иммунологиялық типтеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      13) өкілдік және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп халықтың арасында ерікті, өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамыту мен әйгілеуге қатысу;

      14) қан және оның компоненттері, гемопоэздік дің жасушаларының донорлары болуға ниет білдірген азаматтарды қабылдау және медициналық зерттеп-қарау;

      15) қан және оның компоненттері донорларының және донорлықтан шеттетілген адамдардың тіркелімдерін құру және жүргізу;

      16) донорлардың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес трансфузиялық инфекцияларға тексерілген оң нәтижелі донорлар туралы анықталған инфекцияның бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын хабардар ету;

      17) биологиялық материалдарға коронавирус инфекциясының маркерлеріне, оның ішінде келісімшарт негізіндегі зерттеулер жүргізу;

      18) донор қаны сарысуларының үлгілерін мұрағаттау;

      19) қанды және оның компоненттерін стационарда, сондай-ақ көшпелі жағдайда дайындау;

      20) құюға және жергілікті қолдануға арналған қан компоненттері мен препараттарын, диагностикалық реагенттерді өндіру;

      21) қан және оның компоненттерінің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологияларды енгізу;

      22) қан компоненттері, оның ішінде сирек және әмбебап топтарының қорын құру;

      23) қан компоненттері мен препараттарының сапасына бақылау жүргізу;

      24) донорлық және аутологиялық қанды, оның компоненттерін, препараттар мен диагностикалық реагенттерді өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды, сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыру;

      25) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде шекаралас облыстарға жақын жердегі елді мекендерінің денсаулық сақтау ұйымдарын шарттық негізде қан компоненттеріне, препараттары мен диагностикалық реагенттеріне деген қажеттілігін тәулік бойы қамтамасыз ету;

      26) донорлардың қан үлгілеріне клиникалық-биохимиялық және иммуногематологиялық зерттеулерді жүргізу, қанды және оның компоненттерін жеке іріктеу кезінде күрделі жағдайларда реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық зерттеулерді жүргізу;

      27) қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында қан және оның компоненттерін клиникалық пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;

      28) трансфузиядан кейінгі асқыну жағдайларын тексеруге, олардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар практикасын енгізуге қатысу;

      29) денсаулық сақтау ұйымдарына қан қызметінің мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету, трансфузиялық көмекке жыл сайынғы мониторинг жүргізу;

      30) қан және оның компоненттерінің донорлығын шарт негізінде ұйымдастыруға қатысу;

      31) экстракорпоралдық гемотүзетуді жүргізу;

      32) қосымша білім беру және формалды емес, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларды пайдалана отырып, және біліктілікті арттырудың көшпелі циклдері түріндегі білім беру бағдарламаларын бюджеттік және келісімшарт негізінде іске асыру;

      33) қан қызметінің және тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасының жұмысын регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, жобаларын әзірлеуге қатысу;

      34) медициналық апаттар мен азаматтық қорғаныстағы медициналық қызмет жүйесінің арнайы іс-шараларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу, жұмылдыру тапсырысын орындау және төтенше жағдай пайда болған кезде қан өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шұғыл әрекет ету;

      35) арнайы медициналық қоймаларда сақталатын жұмылдыру қорының материалдық құндылықтарын жаңартуға қатысу;

      36) эксперименталдық және медициналық-биологиялық зерттеулерді жүргізу үшін әртүрлі жануарлардың түрлерін ұстау, өсіру, селекциялау, төлін өсіру және өткізу;

      37) қанның плазмалық препараттарын өндіру үшін қан компоненттерін дайындау және өткізу, тірі организмнен тыс диагностикағалауға арналған медициналық бұйымдарға реагенттерді және (немесе) шығыс материалдарын дайындау;

      38) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.

      11. РҚО қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.

      12. РҚО мынадай функцияларды жүзеге асырылады:

      1) қан қызметі және трансфузия мәселелері бойынша кәсіптік білім беру бағдарламаларына қатысу;

      2) қан қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, жобаларды әзірлеуге қатысу;

      3) медициналық апаттар мен азаматтық қорғаныстың медициналық қызмет жүйесінің арнайы іс-шараларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу, жұмылдыру тапсырысын орындау және төтенше жағдай пайда болған кезде қан өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шұғыл әрекет ету;

      4) арнайы медициналық қоймаларда сақталатын жұмылдыру қорының материалдық құндылықтарын жаңартуға қатысу;

      5) қан компоненттерін жеке іріктеу және тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттауда реципиенттер мен донорлар үшін HLA-зерттеулерін жүргізу;

      6) гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімін қалыптастыруға қатысу;

      7) қан қызметінің мәселелері бойынша республикалық семинарларды, кеңестерді, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге қатысу;

      8) өндірістік және клиникалық трансфузиология салаласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге қатысу;

      9) өкілдік және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп халықтың арасында ерікті өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамытуға және әйгілеуге қатысу;

      10) қан және оның компоненттері, гемопоэздік дің жасушаларының донорлары болуға ниет білдірген азаматтарды қабылдау және медициналық зерттеп-қарау;

      11) қан және оның компоненттері донорларының және донорлықтан шеттелген адамдардың тіркелімдерін құру және жүргізу;

      12) донорлардың қан үлгісін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес трансфузиялық инфекцияларға тексерілген оң нәтижелі донорлар туралы анықталған инфекцияның бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына хабардар ету;

      13) донор қаны сарысуының үлгілерін мұрағаттау;

      14) қанды және оның компоненттерін стационарда, сондай-ақ көшпелі жағдайда дайындау;

      15) қан компоненттерді, диагностикалық реагенттерді өндіру;

      16) қан және оның компоненттерінің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологияларды енгізу;

      17) қан компоненттері, оның ішінде сирек және әмбебап топтарының қорын құру;

      18) қан компоненттері мен препараттарының сапасына бақылау жүргізу;

      19) донорлық және аутологиялық қанды, оның компоненттері, препараттары мен диагностикалық реагенттерді өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды, сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыру;

      20) денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде шекаралас облыстарға жақын жердегі елді мекендерінің денсаулық сақтау ұйымдарын шарттың негізде қан компоненттеріне, препараттары мен диагностикалық реагенттеріне қажеттілігін тәулік бойы қамтамасыз ету;

      21) донорлардың қан үлгілеріне клиникалық-биохимиялық және иммуногематологиялық зерттеулерді жүргізу, қанды және оның компоненттерін жеке іріктеу кезінде күрделі жағдайларда реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық зерттеулерді жүргізу;

      22) қызмет көрсететілетін денсаулық сақтау ұйымдарында қан және оның компоненттерін клиникалық пайдалануға мониторинг жүргізу;

      23) трансфузиядан кейінгі асқыну жағдайларын тексеруге және олардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды практикаға енгізуге қатысу;

      24) денсаулық сақтау ұйымдарына қан қызметінің мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмекті көрсету, трансфузиялық көмекке жыл сайынғы мониторинг жүргізу;

      25) қан және оның компоненттерінің донорлығын келісімшарт негізінде ұйымдастыруға қатысу;

      26) экстракорпоралдық гемотүзетуді жүргізу;

      27) эксперименталды және медициналық-биологиялық зерттеулерді жүргізу үшін әртүрлі жануарлардың түрлерін ұстау, өсіру, селекциялау, төлін өсіру және өткізу;

      28) қан қызметінің мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      29) қанның плазмалық препараттарын өндіру үшін қан компоненттерін дайындау және өткізу, тірі организмнен тыс диагностикағалауға арналған медициналық бұйымдарға реагенттерді және (немесе) шығыс материалдарын дайындау;

      30) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.

      13. ОҚО және ҚҚО қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары болып табылады.

      14. ОҚО және ҚҚО мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп халықтың арасында ерікті өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамытуға және әйгілеуге қатысу;

      2) қан және оның компоненттерінің донорлары болуға ниет білдірген азаматтарды қабылдау және медициналық тексеріп-қарау;

      3) әлеуетті гемопоэздік дің жасушалары донорларының рекрутингі;

      4) қан және оның компоненттері донорларының және донорлықтан шеттетілген адамардың тіркелімдерін құру және жүргізу;

      5) донорлардың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес трансфузиялық инфекцияларға тексерілген оң нәтижелі донорлар туралы анықталған инфекцияның бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын хабардар ету;

      6) донорлар қаны сарысуларының үлгісін мұрағаттау;

      7) қанды және оның компоненттерін стационарда, сондай-ақ көшпелі жағдайда дайындау;

      8) қан компоненттері мен препараттарын, диагностикалық реагенттерді өндіру;

      9) инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу;

      10) қан компоненттерінің, оның ішінде сирек және әмбебап топтарының қорын құру;

      11) қан компоненттері мен препараттарының сапасына бақылау жүргізу;

      12) донорлық және аутологиялық қанды, оның компоненттерін, препараттары мен диагностикалық реагенттерді өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды, сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыру;

      13) денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде шекаралас облыстарға жақын жердегі елді мекендерінің денсаулық сақтау ұйымдарын шарттық негізде қан компоненттеріне, препараттары мен диагностикалық реагенттеріне деген қажеттілігін тәулік бойы қамтамасыз ету;

      14) донорлардың қан үлгілеріне клиникалық биохимиялық және иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу, қанды және оның компоненттерін жеке іріктеу кезіндегі күрделі жағдайларда реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық тексеруді жүргізу;

      15) қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарда қан және оның компоненттерін клиникалық пайдалануға мониторинг жүргізу;

      16) трансфузиядан кейінгі асқыну жағдайларын тексеруге, олардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды практикаға енгізуге қатысу;

      17) денсаулық сақтау ұйымдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, трансфузиялық көмекке жыл сайынғы мониторинг жүргізу;

      18) қан және оның компоненттерінің донорлығын шарт негізінде ұйымдастыруға қатысу;

      19) экстракорпоралдық гемотүзетуді жүргізу;

      20) қан қызметі және трансфузия мәселелері бойынша кәсіптік білім алу бағдарламаларына қатысу;

      21) қан қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

      22) медициналық апаттар мен азаматтық қорғаныстың медициналық қызмет жүйесінің арнайы іс-шараларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу, жұмылдыру тапсырысын орындау және төтенше жағдай пайда болған кезде қан өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шұғыл әрекет ету;

      23) арнайы медициналық қоймаларда сақталатын жұмылдыру қорының материалдық құндылықтарын жаңартуға қатысу;

      24) қан компоненттерін жеке іріктеу және тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) трансплантаттау кезінде реципиенттер мен донорлар үшін HLA-зерттеулер жүргізу;

      25) гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімін қалыптастыруға қатысу;

      26) эксперименталдық және медициналық-биологиялық зерттеулерді жүргізу үшін әртүрлі жануарлардың түрлерін ұстау, өсіру, селекциялау, төлін өсіру және өткізу;

      27) қан қызметі мәселелері бойынша республикалық семинарлар, кеңестер, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге қатысу;

      28) қанның плазмалық препараттарын өндіру, тірі организмнен тыс диагностикаға арналған медициналық бұйымдарға реагенттер және (немесе) шығыс материалдарын дайындау үшін қан компоненттерін дайындау және өткізу;

      29) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.

      15. Трансфузиология бөлімшелері (кабинеттері) аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейлерде медициналық көмек көрсететін және тиісінше жергілікті және республикалық денсаулық сақтауды басқару органдарына ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

      16. Трансфузиология бөлімшелерінде (кабинеттерінде) мынадай функциялар жүзеге асырылады:

      1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымынан қан мен оның компоненттерін алу, тасымалдау, қан компоненттері мен препараттарын есепке алу және сақтау, сондай-ақ оларды денсаулық сақтау ұйымының клиникалық бөлімшелеріне беру;

      2) реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу;

      3) иммуногематологиялық зерттеулерді дұрыс орындау және емдеуші (кезекші) дәрігерлердің тиісті құжаттаманы рәсімдеуді бақылау, сондай-ақ қан компоненттерін ұтымды пайдалануға мониторинг жүргізу;

      4) денсаулық сақтау ұйымының клиникалық бөлімшелерінің медицина қызметкерлеріне кейінен аттестаттаумен қан қызметінің мәселелері бойынша оқыту жүргізу;

      5) трансфузиядан кейінгі реакциялар мен асқынуларды есепке алу, олардың пайда болу себебін зерделеу және профилактикасы және емдеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      6) денсаулық сақтау ұйымдарының тәжірибесіне аутологиялық қан компоненттерін пайдалануды енгізу;

      7) халықтың арасында донорлықты ұйымдастыруға қатысу;

      8) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.