Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 711 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 желтоқсанда № 7366 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Тізбенің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілетін оның 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі бұйрығының талаптарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің міндетін атқарушы               А. Бектұров

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация   
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 2 желтоқсандағы 
№ 711 бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
(бұдан әрі - Тізбе) 

      1) «Авиация персоналы куәлiгiн беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6860 тiркелген, 2011 жылғы 18 маусымдағы № 265-266 (26686-26687) «Казахстанская правда» газетiнде жарияланған):
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Авиация персоналы куәлiгiн беру қағидасында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Куәлiк мынадай авиация персоналына берiледi:
      1) әуесқой пилот (ұшақ);
      2) әуесқой пилот (тiкұшақ);
      3) коммерциялық авиация пилоты (ұшақ);
      4) коммерциялық авиация пилоты (тiкұшақ);
      5) желiлiк пилот (ұшақ);
      6) желiлiк пилот (тiкұшақ);
      7) аса жеңiл авиация пилоты;
      8) штурман;
      9) борт инженер (борт механик);
      10) борт радист;
      11) борт операторы;
      12) борт жолсерiгi;
      13) ӘҚҚК диспетчерi;
      14) ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер;
      15) ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі техник;
      16) аса жеңiл авиация технигi;
      17) ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер;
      18) авиациялық станция (теңіз қондырғыларында орналасқан) операторы.
      Ескертпе. ӘК құрауыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженер үшін ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерге куәлік беруге рұқсат етіледі.
      ӘК құрауыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техник үшін ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі техникке куәлік беруге рұқсат етіледі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Куәлік медициналық куәландырудан өткен күнінен бастап:
      1) әуесқой пилот (ұшақ немесе тiкұшақ) үшін – 24 ай;
      2) коммерциялық авиация пилоты (ұшақ немесе тiкұшақ) үшін – 12 ай;
      3) авиакомпанияның желілік пилоты (тiкұшақ немесе тiкұшақ) үшін – 12 ай;
      4) борт операторы үшін – 24 ай;
      5) штурман үшін – 12 ай;
      6) борт инженер немесе борт механик үшін – 12 ай;
      7) борт радист үшін – 12 ай;
      8) аса жеңiл авиация пилоты үшін – 24 ай;
      9) ӘҚҚК диспетчерi үшін – 24 ай;
      10) борт жолсерiгі үшін – 24 ай;
      11) ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер үшін 3 жылдан аспайтын кезең ішінде жарамды болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Куәлік азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген күннен бастап немесе оны ұзартқан күннен бастап:
      1) ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер үшін - 5 жыл;
      2) ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі техник үшін - 5 жыл;
      3) аса жеңiл авиация технигi - 5 жыл;
      4) авиациялық станция (теңіз қондырғыларында орналасқан) операторы үшін 12 айдан жыл аспайтын кезең ішінде жарамды болып табылады.
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген куәліктің қолданылу мерзімі, егер ол аяқталғанға дейін куәлікті ұзартуға арналған құжаттар ұсынылса, үзілмейді. Бұл жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган куәліктің берілген күнінен (куәлікті бірінші ұзартқан кезде) немесе куәліктің қолданысы аяқталған күннен (екінші және кейінгі ұзартулар кезінде) куәлік ұзартылады.
      Егер осы тармақтың талаптары бұзылса, онда куәліктің қолданылу мерзімін есептеу күні қарауға ұсынылған құжаттар бойынша куәлікті ұзарту туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен басталатын болады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Куәлікті беру азаматтық және экспериментальдық ұйымның азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынған мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) азаматтық және экспериментальдық ұйымның қолымен және мөрімен расталған объективті деректері бар авиация персоналына ұсынымдар;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхатын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      4) екі фотосурет (түрлі түсті, күлгін, 3,5х4,5 өлшемде);
      5) азаматтық авиацияның оқу мекемесін бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері (ұшу училищесі, авиациялық-техникалық училище, авиация институт, авиация техникумы, колледж, оқу орталығы (бұдан әрі - ОО).
      Ескертпе. ӘК қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен техниктер үшін – азаматтық авиацияның авиация-техникалық және ұшу орталығын, авиация институтын немесе ӘК және оның жабдықтарын техникалық немесе ұшумен пайдалану мамандығы бойынша авиация техникумын аяқтау туралы құжаттардың көшірмесі.
      Лабораториялар немесе шеберханалар жағдайында құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженерлер, техниктер, механиктер үшін - азаматтық авиацияның авиация-техникалық және ұшу орталығын, авиация институтын немесе авиация техникумын немесе техникалық колледжді, училищені немесе техникалық мамандықтар бойынша институты аяқтау туралы құжаттардың көшірмесі.
      Аса жеңіл авиацияға қызмет көрсету жөніндегі техниктер үшін – аса жеңіл авиация техниктерінің курстарын аяқтау туралы құжаттардың көшірмесі;
      6) медициналық қорытындылардың көшірмелері (ұшу персоналы, экипаждың қызмет көрсететін персоналы және ӘҚКД диспетчерлері үшін);
      7) мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарын уақыт бойынша соңғы өтуі туралы құжаттардың көшірмелері.
      Ескертпе. Азаматтық авиацияның оқу мекемесінде тек теориялық курстардан өткен пилоттар мен штурмандар тренажерлық және ұшу дайындығы актілерін қосымша ұсынады.
      ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен техниктер, аса жеңіл авиация техниктері, құрауыштарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техниктер үшін – «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адам мүмкіншіліктері» курсын өткені туралы куәліктің көшірмесі, оны өту мерзімі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның құжаттарды қарауға қабылдау күні сәтіне кемінде үш жыл болуы тиіс.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Куәлікті ауыстыру куәлік бүлінген, толтыру үшін парақтары болмаған жағдайларда және басқа себептермен азаматтық және экспериментальдық ұйымдардың куәлікті қалпына келтіру туралы өтініші негізінде жүргізіледі.
      Куәлікті ауыстыру үшін азаматтық авиация ұйымы осы Қағиданы 16-тармағының 1)-7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсынады.»;
      Ескертпе. ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен техниктер, құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженерлер мен техниктер, аса жеңіл авиация техниктері үшін ескі куәлікте белгіленген қызмет көрсетуге арналған барлық рұқсаттар ауыстыруға жатады.
      24-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) I тармақта мемлекеттің атауы мемлекеттік (қазақ) немесе халықаралық (ағылшын) тілдерінде (жартылай қою шрифпен) көрсетіледі»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) V тармақта куәлік иесінің мекенжайы көрсетіледі, ол «Қазақстан Республикасы» немесе «Republic of Kazakhstan» деген жазулармен үйлесімді болады;
      7) VII тармақта куәлiк иесi өзiнiң қолын қояды. Осы бетте қойылған қолдың үстiне куәлiк иесiнiң костюмде және галстукте бас киiмсiз алдынан түскен фотосуретi жапсырылады. Күңгірт қағаздағы фотосуреттiң мөлшерi 3,5х4,5 см, сол жақ шеткi бұрышқа жапсырылады. Фотосурет пен жеке қол куәлiктi берген азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның елтаңбалық мөрiмен расталады;
      8) Ескертпе. Инженерлер мен техниктер үшін алдынан және бас киімсіз түскен фотосурет беріледі.»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) IХ тармақта куәліктің қолданылу мерзімі жазылады, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасының қолы қойылады. Жазу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның елтаңбалық мөрімен расталады. Куәлік жарамды болып табылатын күн осы Қағиданың 6, 6-1-тармақтарының талаптарымен айқындалады.»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) XII тармақта пилоттардың, штурмандардың, борт инженерлерiнiң, борт механиктерiнiң, борт радистерiнiң, борт операторларының, борт жолсерiктерiнiң куәліктерінде ӘК (ұшақтар үшiн бiр қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты, тiкұшақтар үшiн бiр бұрандалы немесе көп бұрандалы), құрлықтық немесе гидроұшақтың (тiкұшақ) түрi, типi, берiлген бiлiктiлiкке байланысты мынадай лауазымдары көрсетiледi:
      әуе кемесiнiң командирi (Captain);
      екiншi пилот;
      штурман;
      борт инженерi;
      борт механигi;
      борт радистi;
      борт операторы;
      борт жолсерiгi;
      әуесқой пилот;
      аса жеңiл авиация пилоты.
      ӘҚҚК диспетчерлерi куәлiктерiнде оның иесi жұмысқа жiберілген диспетчерлiк пункттiң (пункттердiң) атауы көрсетiледi.
      ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен техниктердің, сондай-ақ аса жеңіл авиация техниктерінің куәліктерінде ӘК–нің типі мен түрлендіруі, ӘК пайдаланылатын қозғалтқыштың типі, куәлік иесінің санаты, сондай-ақ куәлік иесі орындауға жіберілетін ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың түрі мен көлемдері көрсетіледі.
      Құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженерлер мен техниктердің куәліктерінде куәлік иесінің санаты, сондай-ақ оларға қызмет көрсетуге және жөндеуге маманға рұқсат етілетін жабдықтардың немесе құрауыштардың түрлері көрсетіледі.
      Куәліктегі жазулар рұқсат ету күнін көрсете отырып, лауазымды тұлғаның қолымен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мөрімен расталады. ӘК техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ құрауыштарға техникалық қызмет көрсету күні рұқсат ету туралы азаматтық және экспериментальдық авиациялар ұйымының бұйрығы жарияланған күнмен анықталады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған бұйрықтың көшірмесімен расталады.
      Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ құрауыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі куәліктің ХII тармағына рұқсат етулерді енгізу туралы бұйрықтардың көшірмелері бұйрықтың жарияланған күнін және оның нөмірін енгізу үшін негіз болады, содан бастап рұқсат ету жарамды болып табылады.»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) куәліктердің ХIII тармағына рұқсат ету туралы мынадай деректер енгізіледі:
      Нұсқаушылық жұмысқа, аспаптар бойынша ұшуға және метеорологиялық минимумдар (минимумдар бойынша 1, 2, 3-санаттар) бойынша ұшуды және қонуды орындауға, 2008 жылғы 5 наурыздан бастап радиотелефондық байланыста пайдаланылатын ағылшын тілін білу деңгейі туралы белгі.
      Авиациялық жұмысты орындайтын пилоттар үшін куәліктерінде жұмыстар түрлері көрсетіледі.
      ӘҚҚК диспетчерлерi куәлiктерiнде лауазымға тағайындау туралы деректер енгiзiледi және әуе қозғалысын ұйымдастыру, ағылшын тiлiнде радиоалмасу жүргiзу сияқты ерекше құқықтар туралы мәлiметтер, ал 2008 жылғы 5 наурыздан бастап радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тiлін бiлу деңгейi туралы белгi көрсетiледi.
      Инженерлер мен техниктердің куәліктерінің ХIII тармағы, егер азаматтық және экспериментальдық авиация ұйымдары маманға дербес берілетін, ӘК немесе олардың құрауыштарында жұмыс істеу үшін маманға рұқсат етілген қосымша жұмыстардың түрлері белгіленетін рұқсаттар сертификатын бақылау мен берудің меншікті ішкі жүйесі бар болса, бос қалуы мүмкін, бұл ретте рұқсат етілген жұмыс түрлері осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген арнайы жұмыстар түрлерімен анықталады.
      Егер азаматтық және экспериментальдық авиация ұйымы маманға дербес берілетін рұқсаттар сертификатын бақылау мен берудің меншікті ішкі жүйесі болмаса, ХIII тармаққа мынадай арнайы жұмыстардың бір немесе бірнеше жазуы енгізілуі мүмкін:
      ӘК сүйрету;
      қозғалтқыштың барынша рұқсат етілген жазуымен ӘК қозғалтқышын іске қосу және сынау;
      қозғалтқыштың бороскопиясы;
      Ескертпе. ХIII тармақ азаматтық және экспериментальдық авиация ұйымының рұқсаттар сертификатын бақылау мен берудің меншікті ішкі жүйесі болған жағдайда толтырылуы мүмкін және қалауына қарай толтырылуы мүмкін.
      Авиациялық персоналдың куәліктерінің ХIII тармағына енгізу үшін арнайы жұмыстар түрлерін, азаматтық және экспериментальдық авиация ұйымында, егер куәлікте көрсетілуі басқа да қажет арнайы жұмыстардың түрлері болса, азаматтық және экспериментальдық авиация ұйымы толықтырады. Арнайы жұмыстардың басқа түрлерінің тізбесі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен оларды куәліктерге енгізгенге дейін келісілуі тиіс.
      Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ құрауыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі куәліктің ХIII тармағына рұқсат етулерді енгізу туралы бұйрықтардың көшірмелері бұйрықтың жарияланған күнін және оның нөмірін енгізу үшін негіз болады, содан бастап рұқсат ету жарамды болып табылады.
      ХIII тармақтағы жазулар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Жазу азаматтық және экспериментальдық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасының қолымен расталады.»;
      14) Куәліктің ХIV тармағында азаматтық және экспериментальдық авиация ұйымының атауы көрсетіледі. Жазуларды енгізуге негіз азаматтық және экспериментальдық авиация ұйымына жұмысқа жалдану туралы бұйрық болып табылады, одан деректер оған объективті деректерден алынады.»;
      31-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жоғалтқан, бүлінген аты-жөнін, ауыстырған кезінде және басқа да техникалық себептер бойынша;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) техник куәлігінің орнына инженер куәлігін берген кезде;»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. жоғалған (бүлінген) куәліктерді айырбастау үшін азаматтық авиация ұйымы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 16-тармағына сәйкес құжаттармен өтінішті, сондай-ақ жоғалғанын, ұрланғанын, бүлінгенін растайтын құжаттарды жібереді.»;
      1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;
      2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жазылсын;
      3-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жазылсын.
      2) «Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7058 тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетiнде 2011 жылғы 10 тамыздағы № 358-359 (26753) жарияланған):
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы біліктілік талаптары мынадай авиация персоналына қойылатын талаптарды айқындайды:
      әуесқой пилот (ұшақ, тікұшақ);
      коммерциялық пилот (ұшақ, тікұшақ);
      желілік пилот (ұшақ, тікұшақ);
      аса жеңіл авиация пилоты;
      штурман;
      бортрадист;
      бортинженер (борт механик);
      борт жолсерігі;
      бортоператор;
      әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман (инженер, техник, механик);
      ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi (бұдан – әрі ӘҚБҚ);
      аса жеңіл авиация әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман (техник, механик);
      авиациялық станциясының операторы (теңіз қондырғыларында орналасқан.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның және ұшуды қамтамасыз ету қызметкерінің, ӘҚҚК диспетчерінің функцияларын орындауды осы Біліктілік талаптарының талаптарына қанағаттандыратын және тиісті біліктілік белгілерімен қолданыстағы куәлігі бар адам жүзеге асырады. Осы Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар мен жазулары бар авиация персоналының жеке ісі азаматтық авиация ұйымдарында және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда сақталады және уәкілетті органның мұрағатына авиация персоналы куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған сәттен бастап 5 жыл өткен соң беріледі.»;
      36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) STI(A) біліктілік белгісін (рейтингтер) ұзарту үшін ізденушілерге рұқсаттың қолданылу мерзімінің соңғы 12 ай ішінде пилотаждық тренажерде немесе FNPT II немесе BITD кемінде үш сағат оқыту өткізу, егер CPL, IR, PPL орындау немесе типтің немесе кластың біліктілік белгісі (рейтингтер) курстар шеңберінде қолданылатын болса, әдетте оқыту жүргізілетін пилотаждық тренажерде немесе FNPT II әуе кемесінің тиісті типі немесе классы үшін FCL жазылған кәсіптік жарамдылығын тексеруді орындау, BITD-да STI(A) оқыту үшін кәсіптік жарамдылығын тексеру қажет.»;
      55-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе. Бортинженердің - кәсіптік жоғары білімі, ал бортмеханиктің – кәсіптік орташа арнайы білімі болады.»;
      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу немесе құрауыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маманның куәлігін алу үшін үміткердің бекітілген бағдарлама бойынша дайындығы болады және мынадай салаларда білімі болады:
      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, сертификаттау процесін және әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдауды реттейтін ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды қоса алғанда, сондай-ақ әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдістері мен рәсімдеріне, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маманның куәлігін иеленушіге қатысты бөлігінде.
      Ескертпе. ӘК құрауыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі куәлікті алуға үміткер үшін:
      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе кемелері құрауыштарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маманның куәлігін иеленушіге, сондай-ақ әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдістері мен рәсімдеріне қатысты бөлігінде.
      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман «А» біліктілік белгісін алу үшін:
      1) Заттың базалық элементтерін білуі;
      2) жалпы сөздерді немесе заттарды пайдалана отырып, тұтастай алғанда заттың қарапайым сипаттауын білуі, үлгі терминдерді пайдалана білуі тиіс.»;
      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «63. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман «В1» және «В2» біліктілік белгілерін алу үшін:
      1) заттың теориялық негізін білуі, егер қолданылса, үлгі мысалдарды пайдалана отырып, заттың жалпы сипаттауын бере білуі және затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды түсінуі;
      2) егжей-тегжейлі рәсімдерді пайдалана отырып, өзінің білімін практикада пайдалана білуі тиіс.
      «В1» және «В2» біліктілік белгілерін алу үшін қызметтің сұрайтын салаларында білімдерін көрсетуге рұқсат етіледі.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман «С» біліктілік белгілерін алу үшін:
      1) заттың теориясын және басқа заттармен өзара байланысын білуі, теориялық негізді және мысалдарды пайдалана отырып, заттың егжей-тегжейлі сипаттауын бере білуі, затқа қатысты математикалық формулаларды түсіне және пайдалана білуі, мақалаларды, затты сипаттайтын қарапайым сызбалар мен схемаларды түсіне және әзірлей білуі;
      2) пайдалану құжаттамаларын пайдалана отырып, өз білімін практикада қолдана білуі тиіс.»;
      мынадай редакциядағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:
      «Әуе кемелерінің құрауыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман ӘК құрауыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде біліктілік белгілерін алу үшін:
      1) заттың теориясын және басқа заттармен өзара байланысын білуі, теориялық негізді және мысалдарды пайдалана отырып, заттың егжей-тегжейлі сипаттауын бере білуі, затқа қатысты математикалық формулаларды түсіне және пайдалана білуі, мақалаларды, затты сипаттайтын қарапайым сызбалар мен схемаларды түсіне және әзірлей білуі;
      2) пайдалану құжаттамаларын пайдалана отырып, өз білімін практикада қолдана білуі тиіс.»;
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман:
      1) Әуе кемелеріне дербес техникалық қызмет көрсету құқығынсыз механик әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді өткізу бойынша функцияларды «В1», «В2», немесе «С» сертификаттайтын персоналының бақылауында орындайды.
      2) Әуе кемелерінің құрауыштарына дербес техникалық қызмет көрсету құқығынсыз механик әуе кемелерінің құрауыштарына техникалық қызмет көрсетуді өткізу бойынша функцияларды лабораториялар/шеберханалардың сертификаттайтын персоналының бақылауында орындайды.
      3) «А» сыныптау белгісі бар механик әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсетуді жүргізу бойынша функцияларды және жұмыстардың ерекше түрлеріне шектеулер шегінде қарапайым ақауларды жоюды орындайды, орындалған жұмыстарды сертификаттайды, сондай-ақ өзі орындаған, орындалған жұмыстарды туралы құжаттарға қол қояды;
      4) «В1» біліктілік белгісі бар техник немесе инженер әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды оның планеріне, күш қондырғысына, оның жүйесінің элементтеріне қызмет көрсету мен ауыстыруды қоса, олардың жарамдылығын тексеру үшін қарапайым тестілеуді талап ететін электр жабдығы, аспаптық және радиоэлектрондық жабдық жүйелерінің блоктарын ауыстыруды қоса, орындайды, орындалған жұмыстарды сертификаттайды, жүргізілген жұмыстар туралы құжаттарға қол қояды, сондай-ақ «А» біліктілік белгісіне сәйкес келетін функцияларды орындайды;
      5) «В2» біліктілік белгісі бар техник немесе инженер электр жабдығы, аспаптық және радиоэлектрондық жабдық жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі функцияларды орындайды, орындалған жұмыстарды сертификаттайды, сондай-ақ жүргізілген жұмыстар туралы құжаттарға қол қояды;
      6) «С» біліктілік белгісі бар инженер әуе кемесіне қызмет көрсету құжаттамасында белгіленген шектерде кез келген көлемдегі және жұмысты көп қажетсінуде әуе кемесін ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша функцияларды орындайды, сондай-ақ ұшу жарамдылығын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізеді және тиісті қорытындыларға қол қояды;
      7) «А1» және «А1.1» біліктілік белгісі бар персонал турбиналық күш қондырғысы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды;
      8) «А2» және «А2.1» біліктілік белгісі бар персонал піспекті күш қондырғысы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды және орындалған жұмыстарды сертификаттайды;
      9) «А3» және «А3.1» біліктілік белгісі бар персонал турбиналық күш қондырғысы бар тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды және орындалған жұмыстарды сертификаттайды;
      10) «А4» және «А4.1» біліктілік белгісі бар персонал піспекті күш қондырғысы бар тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды және орындалған жұмыстарды сертификаттайды;
      11) «А5» және «В1.5» біліктілік белгісі бар персонал піспекті күш қондырғысы бар дирижабелдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды және орындалған жұмыстарды сертификаттайды;
      12) «А5» және «В1.5» біліктілік белгісі бар персонал коммерциялық әуе тасымалдарына тартылмаған, ең үлкен ұшу массасы 5700 кг дейінгі пішпекті күш қондырғысы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды және орындалған жұмыстарды сертификаттайды;
      13) «А7» біліктілік белгісі бар персонал аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды және орындалған жұмыстарды сертификаттайды;
      14) құрауыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі біліктілік белгісі бар персонал құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындайды және оларды сертификаттайды.».
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Әуе кемелеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маманның функцияларын орындау бойынша біліктілік белгілерін алу үшін мыналарға тәжірибесі болуы тиіс:
      1) «А» біліктілік белгісін және «В1.2» мен «В1.4» санаттарын алу үшін:
      орта (толық) білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      орта кәсіптік білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      кәсіптік орта арнайы білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
      2) «В2» біліктілік белгісін және «В1.1» мен «В1.3» санаттарын алу үшін:
      орта білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      кәсіптік орта білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      кәсіптік орта арнайы білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
      3) ең үлкен ұшу массасы 5700 килограммнан (бұдан әрі – кг) жоғары әуе кемесін қоса алғанда, әуе кемелеріне қызмет көрсету құқығы бар «С» біліктілік белгісін алу үшін:
      ең үлкен ұшу массасы 5700 кг жоғары әуе кемелеріне «В 1.1», «В 1.3» немесе «В2» санатты біліктілік белгілерінің өкілдігін пайдалана отырып, кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      ең үлкен ұшу массасы 5700 кг жоғары әуе кемелеріне «В 1.2», «В 1.4» немесе «В2» санатты біліктілік белгілерінің өкілдігін пайдалана отырып, кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      жоғары техникалық білімі болған кезде базалық техникалық қызмет көрсетуді (техникалық қызмет көрсетудің ауыр нысандары) орындау бойынша алты айды қоса, өндірістік жағдайда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
      4) жеңіл әуе кемелеріне қызмет көрсету құқығы бар «С» біліктілік белгісі үшін – «В1» немесе «В2» біліктілік белгісінің өкілдігін пайдалана отырып, екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
      5) «А6» немесе «А1.6» біліктілік белгілерін алу үшін:
      орта (толық) білімі немесе орта кәсіптің білімі болған кезде пайдаланудағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      кәсіптік орта арнайы білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша алты ай практикалық жұмыс тәжірибесі.
      6) ӘК құрауыштарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша біліктілік белгісін алу үшін:
      орта (толық) білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      орта кәсіптік білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      кәсіптік орта арнайы білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі.»;
      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «83. ӘҚҚК қатысты адамның мүмкіндіктері мен шектеулері.»;
      мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:
      «83-1. Аэродинамиканың, әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларының негіздері:
      1) әуе кемесінің негізгі геометрикалық деректері;
      2) әуе кемесінің негізгі аэродинамикалық сипаттамалары;
      3) әуе кемесінің қанатын механизациялау;
      4) әуе кемесінің аэродинамикалық сипаттамасына атмосфералық жағдайының әсері.»;
      85-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «85. Осы Біліктілік талаптарының 73-84-тармақтарда санамаланған ережелерге қосымша тиісті біліктілік белгілерін (рұқсат етуді) алу алдында машықтарға (тағылымдамаға) мынадай талаптар қойылады:»;
      86-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «86. Осы Біліктілік талаптарының 73-84-тармақтарда санамаланған ережелерге қосымша тиісті біліктілік белгілерін (рұқсат етуді) алу алдында машықтарға (тағылымдамаға) мынадай талаптар қойылады:»;
      88-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «86. Осы Біліктілік талаптарының 73-84-тармақтарда санамаланған ережелерге қосымша тиісті біліктілік белгілерін (рұқсат етуді) алу алдында машықтарға (тағылымдамаға) мынадай талаптар қойылады:»;
      мынадай мазмұндағы 31-тараумен толықтырылсын:
      «31. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторына қойылатын біліктілік талаптары.
      96. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторының куәлігін алу үшін үміткер 18 жастан үлкен болуы тиіс.
      97. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторының куәлігін алу үшін үміткер мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      1) техникалық білімі болуы;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мынадай салаларда білімі болуы:
      Авиациялық фразелогия және радио алмасу ережесі;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын және теңіз қондырғысында жұмыс орындауды реттейтін нормативтік актілерді;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      ұшу ережелері және әуе навигациясының негіздері;
      авиациялық метеорологияның теориялық мәселелерін және авиацияны метео қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттардың негізгі ережелері;
      радионавигациялық жабдық жұмысының негіздері мен қағидаттары;
      радионавигациялық жабдықтың тактика-техникалық сипаттамалары және авиациялық электр байланысының құралдары;
      қызмет көрсететін әуе кемелерінің негізгі деректері мен тактика-техникалық сипаттамалары;
      3) аттестатталған авиация станциясы операторының басшылық етуімен өтініш берудің алдында тікелей 6 ай ішінде кемінде 60 жұмыс күнінде теңіз қондырғысында табысты тағылымдамадан өту;
      4) әуе кемелерінің, басқа да ұшу аппараттарының ұшуын және теңіз қондырғысы ауданында әуе кеңістігінде материалдық объектілердің өзге де орын ауыстыруын бақылауды білу;
      5) метеорологиялық және орнитологиялық жағдайдың жай-күйін бақылауды және талдауды білу;
      6) әуе кемесі экипажын ұшуды қауіпсіз жоспарлау және орындау үшін, сондай-ақ теңіз қондырғысы бар әуе кемесінің қонуы мен ұшуы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете білу;
      7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде авариялық-құтқару қызметтерімен байланысты және өзара іс-қимылды қамтамасыз ете білу. Авария орнын, апат ауданын карта мен схема бойынша анықтай білу;
      8) теңіз қондырғысында орналасқан байланыс құралдарын, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді және радио сигнал беруді баптауды, тексеруді және басқаруды жүзеге асыруды білу;
      9) әуе кемесімен жолаушыны,багажды және жүкті тасымалдауға арналған құжаттарды рәсімдей білу;
      10) радио, телефон, факс, электрондық почта, Интернет жүйесі арқылы телеграммалар мен хабарларды қабылдауды және жіберуді білу;
      11) газ-өрт жабдығының жай-күйін тексеру бойынша машықтарды білу;
      12) теңіз жабдығы қозғалысының мониторингі бойынша жабдықтармен жұмыс машықтарын білу;
      13) ауа райы жағдайының мониторингі бойынша жабдықтармен жұмыс машықтарын білу;
      14) авиация станциясының операторы функциясын орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін игеру машығын білу.»;
      Мемлекеттік тілдегі мәтін осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      3) «Шет мемлекеттер берген авиация персоналының куәліктерін тану туралы қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6690 тіркелген, 2011 жылғы 07.01, № 3 (26424) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған):
      Авиация персоналының шет мемлекеттер берген куәліктерін тану туралы қағидада:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шетел азаматына шет мемлекеттер берген авиация персоналының куәлігін Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті орган мынадай талаптар сақталған кезде танылады:
      1) үміткер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымына жұмысқа шақырылса (көшірмесі);
      2) үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
      жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат);
      азаматтық авиация персоналының авиациялық куәлігі (көшірмесі);
      медициналық қорытынды (ұшу және диспетчерлік құрам – көшірмесі);
      кейінгі кезеңде біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмесі (LPC/OPC skill test up grade ұшу құрамы үшін);
      ұшу кітапшасынан ұшу сағаттары туралы жазба бөлімінен соңғы үш бет (көшірмесі);
      осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шет мемлекеттер берген авиация персоналының куәліктерін тануға өтініш (түпнұсқа);
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын.
      Қазақстан Республикасының азаматына шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болған;
      2) шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі «Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын, сондай-ақ халықаралық ұшуды орындау кезінде авиация персоналының радиотелефон байланысында белгілі бір көлемде пайдаланылатын ағылшын тілін игеруге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 150 бұйрығымен бекітілген оқу және кәсіптік бағдарламаларға сәйкес келгенде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6872 тіркелген);
      3) әуе кемесінде оқу бойынша біліктілігі және денсаулық сақтау субъектісі немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган таныған Қазақстан Республикасы шегінен тысқары медициналық орталық берген кәсіптік жарамдылықтың медициналық қорытындысы болғанда;
      4) ұшу сағаттарының мөлшері Конвенцияға 1-қосымшаға (Авиация персоналына куәлік беру) сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарында көрсетілген ұшу уақытының минимумына тең немесе жоғары болуы тиіс;
      Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның авиация персоналы осы Қағидада көзделген талаптарды сақтаған кезде шет мемлекетте алған әуе кемесінде оқыту бойынша біліктілігін жоғалтпайды.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігінің жарамдылығын растау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшаның талаптарына сәйкес осы мемлекеттің Авиациялық әкімшілігіне сұрау салу жібереді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігін тануын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда өтініш және осы Қағиданың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Шет мемлекет берген авиация персоналының куәлігін тану туралы куәлігі (сертификатты) алған Қазақстан Республикасының азаматы үшін азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6860 тіркелген) Қазақстан Республикасының авиация персоналының куәліктерін беру қағидасына сәйкес авиация персоналының куәлігін бере алады;
      1-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 

тізбеге  
1-қосымша  

Авиация персоналына 
куәлiк беру қағидасына
1қосымша      

Авиация мамандары куәлiктерiнiң сериялық әрiптiк
кодтары мен түстерiнiң кестесi

Код
(Серия)

Мамандығы

Түсi

ПИЛОТТАР

РРL(А)

Әуесқой пилот (ұшақ)

жасыл

СРL(А)

Коммерциялық авиация пилоты (ұшақ)

қою жасыл

АТРL (А)

Желiлiк пилот (ұшақ)

көгiлдiр

РРL (Н)

Әуесқой пилот (тiкұшақ)

ақ реңде қою сұр екi жолақты жасыл

СРL(Н)

Коммерциялық авиация пилоты (тiкұшақ)

ақ реңде қою сұр екi жолақты қою жасыл

АТРL(Н)

Желiлiк пилот (тiкұшақ)

ақ реңде қою сұр түстi екi немесе бiрнеше жолақты көгiлдiр

Ұшу экипажының мүшелерi

FN

Штурман

қызыл

FE (FE(А)

Бортинженерi (бортмеханигi)

қоңыр

FR

Бортрадистi

қызғылт сары

FO

Бортоператоры

ақ

FA

Борт жолсерiгi

ақ

FE(Н)

Бортмеханигi

ақ реңде қою сұр екi жолақты қоңыр

Ұшу экипажының мүшелерiнен қоспағанда, басқа персоналдар

AMТL/АМEL

Әуе кемелерiне қызмет көрсету жөнiндегi және компоненттерінің техник/инженер

қызыл-қоңыр

ТС

ӘҚҚК диспетчері

сары

ASO

Авиациялық станциясының операторы (теңіз қондырғыларында орналасқан)

көк

Аса жеңiл авиация (АЖА)

ULP

АЖА пилоты

сарғыш

ULT

АЖА технигi

ақшыл қоңыр

Тізбеге
2 қосымша

Авиация персоналына 
куәлiк беру қағидасына
2–қосымша     

Нысаны 

Авиация персоналына куәлiк беру тiзiлiмi

Куәлiктiң типi

Куәлiктiң №

Мақсаты

Берiлген күнi

Пайдаланушы

Жарамдылық мерзiмi Licence

Куәлiк иесi (меншігі)

Мед. куәлiктiң мерзiмi

Бiлiктiлiгiн арттыру курстары (БАК)

Ескертпе

1

CPL

B № 0000

жолаушы








2

ATPL

P№ 000

Авиациялық жұмыстар








3

AMEL-Engineer

E№ 0000

жүк





қолданылмайды



4

FAL-Attendant

CA№ 000

Қызмет көрсету








Тізбеге 
3-қосымша 

Авиация персоналына 
куәлiк беру қағидасына
3қосымша      
 

Авиация персоналы куәлiгiнiң XII және XIII
тармақтарын толтыру 1. Flight crew members
(ӘУЕ КЕМЕСI ЭКИПАЖЫНЫҢ МҮШЕЛЕРI): 

      ХII. Ratings (Бiлiктiлiк белгiлерi):
      А. Category (Санаты):
      1) Multi–engine (көп қозғалтқышты);
      2) Single–engine (бiр қозғалтқышты);
      3) Single main rotor, land helicopter MI–8 (MI–2);
      4) (бiр бұрандалы, құрлықтағы тiкұшақ МИ–8 (МИ–2);
      5) Аutogiro (Ротор типтi (автомай);
      6) With balance control – мotor deltaplane (теңгерiмдi басқарумен – дельтаұшақ);
      7) airship (дирижабль);
      8) heat air ball (жылу әуе шары).

      В. Class (Класс):
      1) Land aircraft (Құрлықтағы);
      2) Hydroplane (Гидроплан);
      3) Amphibian (Амфибия);
      4) with tail rack carriage (артқы тiрегi бар шасси).

      С. Type of aircraft (ӘК типi):
      Il–96, Tu–154, Yak–42, А–320, В–737, 757

      D. Duties exercised (Мiндеттер):
      1) pilot-instructor (пилот–нұсқаушы);
      2) Pilot-in-command (ӘК командирi);
      3) Co-pilot (Екiншi пилот);
      4) Flight navigator (Штурман);
      5) Flight engineer (Борт инженерi);
      6) Radio operator (Борт радистi);
      7) Аircraft on-board operator (Борт операторы);
      8) Flight attendant (Борт жолсерiгi);
      9) Chief- cabin, Flight attendants – Instructor (Борт жолсерiгi–нұсқаушы);
      10) Pilot in command ULР (АЖА әуе кемесiнiң командирi);
      11) Pilot-instructor ULР (пилот – АЖА нұсқаушысы);
      Example:
      1) multi-engine, land aircraft А-320, pilot-in-command, Order of FD № (көп қозғалтқышты, құрылықтағы ұшақ, А-320, ӘК командирi, ҰО № бұйрығы};
      2) Flight Department – {Ұшу отряды);
      3) multi-engine, land aircraft А-320, co-pilot, Order of HQC № (көп қозғалтқышты, құрылықтағы ұшақ, А-320, екiншi пилот, ЖАК № бұйрығы);
      4) Flight attendant, A/C Tu-154M, Order Order of HQC № 12, 12.12.02 High Quality Commission);
      5) single-engine, land aircraft, An-2, co-pilot, Order of CADK № (бiр қозғалтқышты, құрылықтағы ұшақ, Ан-2, екiншi пилот, ЖАК № бұйрығы);
      6) Civil Aviation Committee – Азаматтық Авиация Комитетi.

      XII. Approved type of work (РҰҚСАТ БЕРIЛГЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРI):

      1) Approved for aerochemical works on ACFT An-2. Order № (Ан-2 ӘК-те авиациялық-химиялық жұмыстарға жiберiлдi. № бұйрық.);
      2) Approved for aerovisual and aerophotography flights (Ан-2 ӘК-те аэрокөрiлiмдiк және аэротүсiрiлiм жасау үшiн ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      3) Approved for passenger transportation. Order № (Жолаушыларды тасымалдауға жiберiлдi. № бұйрық.);
      4) Approved to perform forestry-aviation works in highlands. (Таулы жерлерде орман-авиациялық жұмыстарды орындауға жiберiлдi.);
      5) Approved to perform searching aerovisual and aerophotography works in highlands. (Таулы жерлерде iздестiру-түсiру жұмыстарын орындауға жiберiлдi);
      6) Approved to perform search and rescue works in highlands. (Таулы жерлерде iздестiру-құтқару жұмыстарын орындауға жiберiлдi.);
      7) Approved to perform aerochemical works in highlands (on flat ground). Order of Air Unit Commander # (Таулы жерлерде (жазық жерлерде) АХЖ (авиациялық-химиялық жұмыстар) орындауға жiберiлдi. Авиабөлiмше командирiнiң № бұйрығы.);
      8) Approved to perform flights for shooting off wild animals from air in highlands (on flat ground). (Таулы жерлерде (жазық жерлерде) аспаннан жабайы аңдарды ату бойынша ұшуды орындауға жiберiлдi.);
      9) Approved to transport standard (long-length, large-size) cargo in highlands to sites, to ACT 1000m (on flat ground) in the daytime by weather minimum: base =200m, visibility=3000m. (Алаңы Набс=1000 м дейiнгi таулы жерлерде (жазық жерлерде) күндiз бұлттардың биiктiгi 200 м, көру мүмкiндiгi 3000 м минимум кезiнде қалыпты (ұзын өлшемдi, iрi габариттi) жүктердi тасымалдауға жiберiлдi.);
      10) Approved to perform construction and assembling operations in highlands, to ACT 1000m in the daytime by weather minimum: base=200m, visibility=3000m, wind=25mps. (Алаңы Набс=1000 м дейiнгi таулы жерлерде (жазық жерлерде) күндiз Нбұлт (бұлттардың биiктiгi) 200 м, көру мүмкiндiгi 3000 м минимум кезiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға жiберiлдi.);
      11) Approved to perform forestry-aviation works with drain equipment in highlands (on flat ground). (Таулы (жазық) жерлерде суағар құрылғыларын қолдана отырып, орман-авиациялық жұмыстарды орындауға жiберiлдi.);
      12) Approved to perform search and rescue works in highlands, authorized for bailing out of parachutists. (Таулы жерлерде парашютистердi түсiру құқығымен iздестiру-құтқару жұмыстарын орындауға жiберiлдi.);
      13) Approved fly as pilot-instructor for elementary flying training programs. (Тыңдаушылардың алғашқы ұшу дайындығы бағдарламасы бойынша пилот-нұсқаушы болып жiберiлдi.).

      XIII. Special Remarks (Ерекше белгiлер):

      1) Approved for Special VFR flights, ACFT An-2 by weather minimum: base – 100m, visibility – 1000m, wind – 18 mps. Order № (Метеоминимум: Нбұлт – 100м, көру мүмкiндiгi – 1000м, U – 18м/с бойынша Ан-2 ӘК ҰКШЕҚ бойынша ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      2) Approved for VFR flights, ACFT An-2 by weather minimum: base – 100m, visibility – 1000m, wind – 18mps. Order № (Метеоминимум: Нбұлт – 100м, көру мүмкiндiгi – 1000м, U – 18м/с бойынша Ан-2 ӘК ҰКШҚ бойынша ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      3) Approved for IFR flights, ACFT An-2 by weather minimum: base – 150m, visibility – 2000m, wind – 18mps. Order № (Метеоминимум: Нбұлт - 150м, көру мүмкiндiгi – 2000м, U – 18м/с бойынша Ан-2 ӘК АҰҚ бойынша ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      4) Approved operation on ACFT Yak-42D by weather minimum: base – 60m, visibility (RVR) – 800(550)m, take-off – 200m.Order № (Метеоминимум: Нбұлт – 60м, көру мүмкiндiгi (RVR) – 800(550)м, ұшып көтерiлу – 200м бойынша Як-42Д ӘК ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      5) Approved to conduct radiotelephony in English. Certificate № (Ағылшын тiлiнде радиотелефон байланысын жүргiзуге жiберiлдi. № сертификат);
      6) Approved for international flights. Order № (Халықаралық ұшуларға жiберiлдi. № бұйрық);
      7) Approved to fly as pilot-instructor on ACFT Yak-42. Order № (Як-42 ӘК-те пилот-нұсқаушымен ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      8) Approved to fly as pilot-instructor on International Airlines. Order № (ЖӘЖ-де пилот-нұсқаушымен ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      9) Approved to fly as navigator-instructor on ACFT Yak-42. Order № (Як-42 ӘК-те пилот штурман-нұсқаушымен ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      10) Approved to fly as navigator-instructor on International Airlines. Order № (ЖӘЖ-де пилот штурман-нұсқаушымен ұшуды орындауға жiберiлдi. № бұйрық);
      11) Approved for VFR flights (Special VFR) in the daytime by weather minimum: base=150m, visibility=3000m, wind=25mps. (Метеоминимум: Нбұлт= 150м, көру мүмкiндiгi 3000м, жел 25м/сек бойынша Ұшуды көзбен шолу қағидасы (бұдан әрi – ҰКШҚ) және Ұшуды көзбен шолудың ерекше қағидасы (бұдан әрi – ҰКШЕҚ) бойынша күндiз ұшуларға жiберiлдi.);
      12) Approved for IFR flights base=60m, visibility=600m, take-off base=30m, visibility (RVR)=400m, wind=25mps. (Нбұлт=60м, көру мүмкiндiгi=600м, ұшып көтерiлу Нбұлт=30м, көру мүмкiндiгi 400м, жел 25м/сек бойынша Аспаптар жөнiндегi ұшу қағидасы (бұдан әрi – АҰҚ) бойынша ұшуларға жiберiлдi.);
      13) Approved for Special VFR flights at night by weather minimum base=450m, visibility=4000m. (Метеоминимум: Нбұлт=450м, көру мүмкiндiгi 4000м бойынша түнде ҰКШЕҚ бойынша ұшуларға жiберiлдi);
      14) Approved for random flights, authorized to select landing sites from air. Order № (Аспаннан алаңды таңдау құқығымен трассадан тыс ұшуларға жiберiлдi. № бұйрық);
      15) Approved for IFR flights. Order № (АҰҚ бойынша ұшуларға жiберiлдi. № бұйрық);
      16) Approved to fly by "B-RNAV" (B-RNAV бойынша ұшуларға жiберiлдi.);
      17) Approved to fly as co-pilot on ACFT An-24 in reduced crew (without navigator). Order of FD № (Экипаждың қысқарған құрамында (штурмансыз) Ан-24 ұшағында екiншi пилотпен ұшуларға жiберiлдi. № бұйрық);
      18) Approved to fly by “RVSM” (RVSM бойынша ұшуларға жiберiлдi). Approved for random flights, authorized to select landing sites on flat ground from air. Order of Flight Group Commander # (Жазық жерлерде аспаннан алаңды таңдау құқығымен трассадан тыс ұшуларға жiберiлдi. ҰОК (ұшу отрядының командирi) № бұйрығы);
      19) Approved for random flights, authorized to select landing sites in highlands from air, to ACT(altitude) 1000m. Order of the Air Unit Commander # (Набс=1000 (Набс - абсолюттi биiктiк) дейiнгi таулы жерлерде аспаннан алаңды таңдау құқығымен трассадан тыс ұшуларға жiберiлдi. Авиабөлiмше командирiнiң № бұйрығы);
      20) Approved to operate flights within range of 25 km. Frontier area. (25 км ұшуларға жiберiлдi. Шекара маңындағы белдеулер.);
      21) Approved to fly as co-pilot on ACFT MI-8, authorized to perform take-offs and landings. (Ұшып көтерiлу-қонуды орындау құқығымен ӘК-нiң екiншi пилоты болып ұшуларға жiберiлдi.). 

2. MAINTENANCE PERSONNEL
(ИНЖЕНЕРЛIК-ТЕХНИКАЛЫҚ ПЕРСОНАЛ):

      Батыста өндiрiлген әуе кемелері үшiн 

      XII. Ratings (Бiлiктiлiк белгiлерi):

      A. Category (Дәрежесі): 

      1) Non-certifying Mechanic (Өз бетінше техникалық қызмет көрсетуге құқығы жоқ механик)
      2) Certifying Mechanic Category A (A дәрежесіндегі сертификаттаушы механик)
      3) Certifying Engineer or Technician, Category B1 (В1 дәрежесіндегі сертификаттаушы механик немесе техник)
      4) Certifying Engineer or Technician, Category B2 (В2 дәрежесіндегі сертификаттаушы инженер немесе техник)
      5) Certifying Engineer, Category С (С дәрежесіндегі сертификаттаушы инженер)
      6) Workshop Certifying Engineer or Technician, (Бұзбай бақылау әдістері/құрамдас бөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша сертификаттаушы инженер немесе техник)
      7) Superlight ACFT Certifying Technician. Category A2 (Аса жеңіл авиациясының сертификаттаушы А2 дәрежесіндегі техник).

      B. Type of aircraft (әуе кемесiнiң түрi):

      1) Boeing B737-700/800 with CFM56-7B қозғалтқыштарымен
      2) Boeing B747-400/400ERF with CF6-80C2, RB211-524 and PW4000 қозғалтқыштарымен
      3) Boeing B757-200 with RB211-535E4 қозғалтқыштарымен
      4) Boeing B767-300 with CF6-80C2 қозғалтқыштарымен
      5) Fokker F-50 with PW125B қозғалтқыштарымен
      6) Airbus A319/320/321 Series with V2500/CFM56 қозғалтқыштарымен
      7) Airbus A330-200 Series with CF6-80E1/RR Trent 700 Series қозғалтқыштарымен
      8) Airbus A330-300 Series with GE CF6-80E қозғалтқыштарымен
      9) Embraer 190 Series with GE CF34 Series engines қозғалтқыштарымен
      Ескертпе 1. Әуе кеме/қозғалтқыш түрлерінің сертификатындағы мәліметтер негізінде, әуе кемелерінің түрі мен қозғалтқыштары куәлікке енгізіледі.

      C. Privileges (өкiлеттiктер): 
      1. Aircraft / Helicopter mechanic (Механик жұмыстарын орындауға және сертификаттауға рұқсат берілген Ұшақ/ тікұшақтақ механигі. А категориясы)
      1. Мысал
      «Embraer 190. Certifying Mechanic Category А. Authorised to perform simple tasks within limits of the Company Authorization Certificate». Немесе
      «Embraer 190 ӘК «А» дережесіндегі механик. Авиакомпанияның рұқсаттаушы сертификатының шегіндегі жеңіл тапсырмаларды орындауға жіберілген».
      2. Aircraft / Helicopter mechanic (Эксплуатацияға жіберуді талап етпейтін, жеңіл жұмыстарды орындауға жіберілген ұшақ/тікұшақ механигі).
      2. Мысал
      «Non-certifying Mechanic. Authorised to perform tasks under control of certifying staff», немесе
      «Өзбетінше техникалық қызмет көрсетуге құқығы жоқ механик. Сертификаттаушы тұлғалардың бақылауымен жұмысты орындауға жіберілген.»
      3. Workshop mechanic (Эсплуатацияға жіберуді талап етпейтін, жеңіл жұмыстарды орындауға жіберілген әуе кемелерінің құрамдас бөліктеріне қызмет көрсететін цехтың механигі.) – Өзбетінше техникалық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.
      3. Мысал.
      «Non-certifying Mechanic Authorised to perform the tasks under control of certifying staff», немесе
      «Өзбетінше техникалық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.» Сертификаттаушы тұлғалардың бақылауымен жұмысты орындауға жіберілген.
      4. Airframe and power plant line/base maintenance technician Category B1 (категория В1 Әуе кемелеріне, қозғалтқыштарына және олардың электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін техник)- В1 дәрежесі.
      4.1 Мысал
      «Embraer 190 with GE CF34. Certifying Technician Category B1. Authorised to perform airframe and power plant line maintenance up to and including A-Check», немесе
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. В1 дәрежелі сертификаттаушы техник. "A-Check"-ke дейін және қоса әуе кемелеріне, қозғалтқыштарына және олардың электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуіне рұқсат етілген».
      4.2 Мысал
      «Embraer 190 with GE CF34. Certifying Technician Category B1. Authorised to perform airframe and power plant base maintenance tasks», немесе
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. В1 дәрежелі сертификаттаушы техник. Әуе кемелеріне, қозғалтқыштарына және олардың электр жабдықтарына периодті техникалық қызмет көрсету регламентінің басқа пунктілерін пайдалануына және орындауына рұқсат етілген.»
      5. Aircraft /Helicopter avionic line/base maintenance technician. (Ұшақ/тікұшақтың аспапты, радиоэлектронды және электрлі жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін техник) – В2 дәрежесі;
      5.1 Мысал
      «Embraer 190 with GE CF34. Certifying Technician Category B2. Authorised to perform avionic line maintenance up to and including A-Check», немесе
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. В2 дәрежелі сертификаттаушы техник. "A-Check"-ke дейін және оны қоса аспапты, радиоэлектронды және электрі жабдықтарына жеделді техникалық қызмет көрсетуіне рұқсат етілген».
      5.2 Мысал
      «Embraer 190 with GE CF34. Certifying Technician Category B2. Authorised to perform avionic base maintenance tasks », немесе
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. В2 дәрежелі сертификаттаушы техник. Әуе кемелерінің аспапты, радиоэлектронды және электрі жабдықтарына периодті техникалық қызмет көрсету регламентінің басқа пункттілерін пайдалануына және орындауына рұқсат етілген.».
      6. Airframe and power plant line/base maintenance engineer Category B1.
      (Әуе кемелерінің қозғалтқыштарына және оның электр жабдықтарына қызмет көрсететін инженер) - В1 дәрежесі
      Мысал 6.1
      Embraer 190 with GE CF34. Certifying Engineer Category B1. Authorised to perform airframe and power plant line maintenance up to and including A-Check», немесе
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. В1 дәрежелі сертификаттаушы инженер. "A-Check"-ke дейін және оны қоса әуе кемелерінің қозғалтқыштарына, электр жабдықтарына жеделді техникалық қызмет көрсетуіне рұқсат етілген».
      Мысал 6.2
      «Embraer 190 with GE CF34. Certifying Engineer Category B1. Authorised to perform airframe and power plant base maintenance tasks»
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. В1 дәрежелі сертификаттаушы инженер. Әуе кемелеріне, қозғалтқыштарына және олардың электр жабдықтарына периодті техникалық қызмет көрсету регламентінің басқа пунктілерін пайдалануына және орындауына рұқсат етілген.»
      7. Aircraft /Helicopter avionic line/base maintenance Engineer. Category B2 (Ұшақ/тікұшақтың аспапты, радиоэлектронды және электрлі жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін техник) – В2 дәрежесі;
      7.1 Мысал
      «Embraer 190 with GE CF34. Certifying Engineer Category B2. Authorised to perform avionic line maintenance up to and including А-Check», немесе
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. В2 дәрежелі сертификаттаушы инженер. "A-Check"-ke дейін және оны қоса әуе кемелерінің аспапты, радиоэлектронды және электрі жабдықтарына периодті техникалық қызмет көрсету регламентінің басқа пунктілерін пайдалануына және орындауына рұқсат етілген.»
      7.2 Мысал
      «Embraer 190 with GE CF34. Certifying Engineer Category B2. Authorised to perform avionic base maintenance tasks », немесе
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. В2 дәрежелі сертификаттаушы инженер. Әуе кемелерінің аспапты, радиоэлектронды және электрі жабдықтарына периодті техникалық қызмет көрсету регламентінің басқа пунктілерін пайдалануына және орындауына рұқсат етілген.»
      8. Airframe and power plant base maintenance engineer (Әуе кемелеріне, қозғалтқыштарына және олардың электр жабдықтарына периодті техникалық қызмет көрсететін инженер) - С дәрежесі;
      8 Мысал
      «Embraer 190 with GE CF34. Certifying Engineer Category С. Authorised to perform airframe and power plant base maintenance up to and including С-Check», немесе
      «GE-CF-34 қозғалтқыштары бар Embraer ERJ 190 типтес әуе кемесі. С дәрежелі сертификаттаушы инженер. "С-Check"-ke дейін және оны қоса әуе кемелеріне, қозғалтқыштарына және олардың электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуіне рұқсат етілген».
      9. NDT engineer (Бұзбай бақылау әдістері бойынша инженер)
      9. Мысал
      «Certifying NDT engineer. Authorized to carry out NDT inspections for UT, MP, ET, LP NDT methods as a Level III(II) specialist”, немесе
      «Бұзбай бақылау әдістері бойынша инженер. III(II) деңгейіне сәйкес UT, MP, ET, LP NDT әдістерімен бұзбай бақылау жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етілген»
      10. NDT technician (Бұзбай бақылау әдістері бойынша техник).
      10. Мысал
      «NDT technician. Authorized to carry out NDT inspections for UT, MP, ET, LP NDT methods as a Level III(II) specialist”, немесе
      «Бұзбай бақылау әдістері бойынша техник. III(II) деңгейіне сәйкес UT, MP, ET, LP NDT әдістерімен бұзбай бақылау жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етілген».
      11. Workshop Certifying Technician (Шеберхана/зертхана жағдайында құрамдас бөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша сертификаттаушы техник).
      11. Мысал
      «Workshop Certifying Technician. Authorized to perform SAFT batteries workshop maintenance», немесе
      «зертхана жағдайында құрамдас бөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша сертификаттаушы техник зертхана жағдайында SAFT типтес аккумуляторлық батареяларына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етілген».
      12. Workshop Certifying engineer (Шеберхана/зертхана жағдайында құрамдас бөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша сертификаттаушы инженер).
      12. Мысал
      «Workshop Certifying engineer. Authorized to perform SAFT batteries workshop maintenance», немесе
      «зертхана жағдайында құрамдас бөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша сертификаттаушы инженер зертхана жағдайында SAFT типтес аккумуляторлық батареяларына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етілген»
      13. Superlight ACFT Certifying Technician (Аса жеңіл авиациясының сертификаттаушы технигі).
      13.1. Мысал
      «Сessna-337 with engines JJ1400 Superlight ACFT. Certifying Technician Category A2. Authorized to perform line maintenance», немесе
      «JJ1400 қозғалтқыштары бар Сessna-337 әуе кемесіне желілік техникалық қызмет көрсетуді сертификаттауға және оны орындауға рұқсат етілген»
      13.2. Мысал
      «Сessna-337 with engines JJ1400 Superlight ACFT. Certifying Technician Category A2. Authorized to perform base maintenance», немесе
      «JJ1400 қозғалтқыштары бар Сessna-337 әуе кемесіне, базалық техникалық қызмет көрсету бойынша, техникалық қызмет көрсетуді сертификаттауға және оны орындауға рұқсат етілген».

      XIII. Special Remarks (Арнайы белгілер):

      1. ACFT push out / towing (Әуе кемелерін сүйреу)
      1. Мысал «Authorised to perform push-out / towing Boeing 757-200», немесе «B757-200 типтес әуе кемелерін сүйреуге рұқсат етілген»
      2. Engine ground run up (Idle or Full) (Максималды рұқсат етілген қозғалтқыштың режимі (төменгі газ немесе максималды тарту күші ) туралы жазбасы бар қозғалтқышты іске қосу және толықтай жұмыс істеткізу)
      2. Мысал
      «Embraer ERJ 190 with GE-CF34 authorised to perform Engine Ground Run Up (Full или Idle)», немесе
      «Embraer ERJ 190 әуе кемесінің GE-CF34 қозғалтқышын іске қосуға және жұмыс істеткізуге рұқсат етілген. (төменгі газ немесе ұшу режимі)»
      3.Borescope inspection (Бороскопия)
      3. Мысал
      «Authorised to carry out Borescope Inspections of GE-CF34 engines», немесе
      «GE-CF34 қозғалтқыштарына бороскопия жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етілген»

Кеңестік заманда және Ресейде өндірілген әуе кемелері үшін  

      XII. APPROVED TYPE OF WORK (Рұқсат етілген жұмыстардың түрлері):

      А. Дәрежесі

      қарастырылмаған

      В. Типы ВС
      Әуе кемелерінің түрлері

      Ан-2
      Ан-24
      Ту-134
      Ту-154
      Ескертпе. Әуе кеме / қозғалтқыш түрлерінің сертификатындағы мәліметтер негізінде, әуе кемелерінің түрі мен қозғалтқыштары куәлікке енгізіледі.

      С. Өкілеттіктер

      1. Airframe and power plant Maintenance Engineer (or Technician) of (Әуе кемелеріне және оның қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсететін инженер);
      1. Мысал
      «Tu-154 M with engine D30KU-154. Airframe and power plant engineer. Authorised to perform line (or base) maintenance », немесе
      «Әуе кемелерін немесе қозғалтқыштарды пайдалану бойынша инженер. Әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсетуіне (немесе базалық) рұқсат етілген.»
      2. Aircraft radio equipment maintenance Engineer (or Technician) Ұшақтардың радио жабдықтарын пайдалану бойынша инженер (техник);
      2. Мысал
      «MI-2 (MI-8T, MI-8MTV) with ТВ3-117 ВМ Engines. Avionic Engineer (or Technician). Authorised to perform line and base maintenance of radio equipment», немесе
      «Радиоэлектронды және аспапты жабдықтарды пайдалану бойынша инженер (техник). МИ-2(МИ-8Т, МИ-8МТВ) тікұшақтарының радиоэлектронды жабдықтарына техникалық қызмет көрсету регламентінің барлық түрлеріне сәйкес өзбетінше техникалық қызмет көрсету рұқсат етілген.»;
      3. Aircraft electrical equipment maintenance Engineer(or Technician). (Ұшақтардың электржабдықтарын пайдалану бойынша инженер (техник);
      3. Мысал
      «Tu-134 A with D30- III ser. engines. Avionic Engineer (or Technician). Authorised to perform line and base maintenance of electrical equipment», немесе
      «Әуе кемелерінің электржабдықтарын пайдалану бойынша инженер (техник) III сериялы Д30 қозғалтқышы бар Ту 134А әуе кемесінің      электр жабдығына техникалық қызмет көрсету регламентінің барлық түрлеріне сәйкес өзбетінше техникалық қызмет көрсету рұқсат етілген»
      4. Aircraft avionic Engineer. (or Technician) Ұшақтардың электржабдықтарын пайдалану бойынша инженер (техник)
      4. Мысал
      MI-2 (MI-8T, MI-8MTV) with ТВ3-117 ВМ engines. Authorised to perform line and base maintenance of avionic (instrument) equipment of MI-2 (MI-8T, MI-8MTV) Helicopter, немесе
      «Аспапты жабдықты пайдалану бойынша инженер (техник) МИ-2(МИ-8Т, МИ-8МТВ) тікұшақтарының аспапты жабдықтарына техникалық қызмет көрсету регламентінің барлық түрлеріне сәйкес өзбетінше техникалық қызмет көрсету рұқсат етілген».

      XIII. Special Remarks (Арнайы белгілер):

      1. ACFT push out / towing (Әуе кемелерін сүйреу)
      1. Мысал
      «Authorised to perform push-out / towing AN-24», немесе
      «AN-24 типтес әуе кемелерін сүйреуге рұқсат етілген»
      2. Engine ground run up (Idle or Full) (Максималды рұқсат етілген қозғалтқыштың режимі (төменгі газ немесе максималды тарту күші ) туралы жазбасы бар қозғалтқышты іске қосу және толықтай жұмыс істеткізу)
      2. Мысал
      «Tu-134A with D30-III ser. engines Authorised to perform Engine Ground Run Up (Full или Idle)», немесе
      «ТУ-134А әуе кемесінің III сериялы Д30 қозғалтқышын іске қосуға және жұмыс істеткізуге рұқсат етілген. ( төменгі газ немесе ұшу режимі)»
      3. Approved for APU Tu-154 M with engine D30KU-154 engines. (Д30-КУ қозғалтқыштары бар Ту-154М әуе кемесінің қосалқы күш құрылғысын ҚКҚ-6) іске қосуға рұқсат етілген);
      Мысал 3.
      «Tu-154М with D30-KU-154 engines Authorised to perform Engine Ground Run Up (Full или Idle)», немесе
      «ТУ-154М әуе кемесінің D30-KУ қозғалтқышын іске қосуға және жұмыс істеткізуге рұқсат етілген. ( төменгі газ немесе ұшу режимі)»
      4. Approved for flights as crew member on international airlines on ACFT Yak-42D. (Як-42Д типтес ұшақтарының экипаж мүшесі болып халықаралық авиалинияларда ұшуға рұқсат етілген)
      5. Approved for aircraft line maintenance in temporary airports. (Уақытша аэродромдарда әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсетуіне рұқсат етілген);
      6. Approved avionic engineer for aircraft line maintenance in temporary airports. (Уақытша аэродромдарда жедел техникалық қызмет көрсету түрлері бойынша әуе кемелерінің радиоэлектронды және аспапты жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуіне рұқсат етілген).

3. AIR TRAFFIC CONTROLLER
(ӘҚҚК ДИСПЕТЧЕРI): 

      XII. Ratings (Бiлiктiлiк белгiлерi): 

      А) ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнде оқу мекемесін немесе алғашқы даярлық курстарын аяқтағаны туралы маманның алған дипломы, куәлігі немесе сертификаты негізінде берілген келесi бiлiктiлiк белгiлер және тиісті диспетчерлік пункте дербес жұмыс істеуге рұқсатының болуы көзделген:
      1) Aerodrom control (Әуеайлақ ауданыныдағы (әуеайлақ диспетчерлік орталығы) диспетчерлік (тік) пункт (тер) диспетчері);
      2) Approach control and approach radar control (Жақындау кезiндегi диспетчерлік пункт диспетчері және жақындау кезiндегi диспетчерлік пункттің радиолокациялық бақылау диспетчерi);
      3) Area control and area radar control (Аудандық диспетчерлік пункттің (аудандық диспетчерлік орталықтың) процедуралық бақылау диспетчері және аудандық диспетчерлік пункттің (аудандық диспетчерлік орталықтың) радиолокациялық бақылау диспетчерi);
      4) Dispatcher on planning, control and coordination of air traffic (Әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчері).
      Ескертпе:
      1. Әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті диспетчерiнiң (Aerodrom control) бiлiктiлiгi мынадай диспетчерлік пункттер брифинтегі, рульдеудегі (РДП), старт диспетчерлiк пунктiндегi (СДП), айналу диспетчерлiк пунктiндегi (АДП) және мұнара диспетчерлiк пунктiндегi (МДП) дербес жұмысқа рұқсаты бар адамдарға толтырылады.
      2. Жақындау кезiндегi диспетчерлік пункттің процедуралық бақылау диспетчері және жақындау кезiндегi диспетчерлік пункттің радиолокациялық бақылау диспетчерi (approach control and approach radar control) біліктілігі жақындау кезiндегi диспетчерлiк пунктiнде (ЖКДП) дербес жұмысқа рұқсаты бар адамдарға үшін және ЖКДП диспетчерінің функциясын атқаратын (диспетчерлік пункттерді қоса атқару кезінде) МДП (БДП) дербес жұмысқа рұқсаты бар адамдарға толтырылады.
      3. Аудандық диспетчерлік пунктінің (аудандық диспетчерлік орталығының) процедуралық бақылау диспетчерi және аудандық диспетчерлік пунктінің (аудандық диспетчерлік орталығының) радиолокациялық бақылау диспетчерiнiң біліктілігі аудандық диспетчерлік пунктінің (аудандық диспетчерлік орталығының) және/немесе жергiлiктi диспетчерлік пунктiнiң (ЖДП) жұмыс орындарына рұқсаттары бар адамдарға толтырылады.
      4. Әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчері біліктілігі жоспарлау диспетчерінің, әуе кеңістігін пайдалану жоспарын бақылау диспетчерінің, әуе кеңістігін пайдалану тәртібі жөніндегі диспетчердің жұмыс орындарына рұқсаттары бар адамдарға толтырылады.

      В) Name of the Aviation Institute, Academy, College or Course (Авиациялық институт, академия, колледж немесе курстың атауы).

      Толтыру кезiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша маманының авиациялық оқу орталығынан алған бiлiктiлiгi негiзiнде көрсетiледi. Сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi куәлiгiмен қарастырылғандай мiндеттердi орындауға рұқсаты болса, бiрнеше оқу орнын бiтiрген болса, соңғы бiтiрген оқу орны көрсетiледi.

      С) PERMIT TO WORK AS CONTROLLER (Диспетчерлiк жұмысқа жiберiлдi).

      Name of control sector (диспетчерлiк пункттiң атауы) қоса алғанда: филиал орналасқан қаланың атауы; диспетчерлiк пункттiң атауы, сектордың атауы (осы диспетчерлiк пунктте бiрнеше секторлардың бар болуы).

      XIII. SPECIAL REMARKS (ЕРЕКШЕ БЕЛГIЛЕР): 

      1) Approved to work as supervisor (Ұшу басқарушысының болып жұмысқа жiберiлдi);
      2) Approved to work as senior controller (аға диспетчерi болып жұмысқа жiберiлдi);
      3) Approved to work as instructor (инструкторлық жұмысқа жiберiлдi);
      4) Approved to work as chief of shift (ауысым бастығы болып жұмысқа жiберiлдi);
      5) Approved to work by weather minima CAT-I and САТ-II ICAO (ИКАО-ның 1-шi және 2-шi дәрежесi метеоминимумы бойынша жұмысқа жiберiлдi);
      6) Approved to work by weather minimum CAT-I ICAO (ИКАО-ның 1-шi дәрежесi метеоминимумы бойынша жұмысқа жiберiлдi);
      7) Approved radiotelephony communication in English till (күнi). Level (шкала бойынша номер деңгейi) ICAO. Certificate N (сертификат нөмiрi) dated (сертификат берiлген күнi).     

Тізбеге  
4-қосымша   

Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын
бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 12 шiлдеде № 7058 тiркелдi
      "Казахстанская правда" ж 2011 ж. 10.08.N 251(26672)

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Р.Ө. Әдимолда) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. 

      Министр                                    Б. Камалиев
 

Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрiнiң   
2011 жылғы 13 маусымдағы   
№ 362 бұйрығымен      
Бекiтiлген            

Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға
қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi – Бiлiктiлiк талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 жыл), Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын iс-тәжiрибесiне сәйкес әзiрлендi. (1-қосымша «Авиациялық персоналға куәлiктер беру»).
      2. Осы бiлiктiлiк талаптары мынадай авиация персоналына қойылатын талаптарды айқындайды:
      әуесқой пилот (ұшақ, тiкұшақ);
      коммерциялық пилот (ұшақ, тiкұшақ);
      желiлiк пилот (ұшақ, тiкұшақ);
      аса жеңiл авиация пилоты;
      штурман;
      бортрадист;
      бортинженер (бортмеханик);
      борт жолсерiк;
      бортоператор;
      әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi маман (инженер/техник/механик);
      ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi (бұдан әрi - ӘҚҚК диспетчерi);
      аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне техникалық техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi маман (техник/механик).
      3. Әуе кемелерi экипажы мүшесiнiң, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi маманның және ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi маманның, азаматтық авиация ӘҚҚ диспетчерiнiң функцияларын орындауды осы бiлiктiлiк талаптарының талаптарын қанағаттандыратын және бiлiктiлiк белгiлерiне сәйкес қолданыстағы куәлiгi бар адам жүзеге асырады. Құжаттар және жазбалар қамтылған, осы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын жеке iстерi пайдаланушыда және уәкiлеттi органда сақталады, және авиациялық персонал куәлiгiнiң қолданыс мерзiмi аяқталғаннан бастап 5 жыл өткен соң уәкiлеттi органның мұрағатына тапсырылады.

Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Бiлiктiлiк талаптарында пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) адамның мүмкiндiктерi – авиациялық қызмет қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiне әсер ететiн адамның қабiлеттерi мен оның мүмкiндiктерiнiң шектерi;
      2) әуе кемелерiнiң түрi – белгiленген негiзгi сипаттамаларының негiзiнде әуе кемелерiнiң сыныптамасы (ұшақ, планер, тiкұшақ, еркiн аэростат);
      3) бақылаудағы әуе кемесiнiң командирi - әуе кемесi командирiнiң бақылауымен әуе кемесi командирiнiң мiндеттерi мен функцияларын орындайтын екiншi пилот;
      4) борттағы электрондық жабдық - әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған оның электр бөлiгiн қоса алғанда, кез келген электрондық қондырғы, оның iшiнде радио жабдық, ұшуды автоматты басқару жүйесi және аспапты жабдық;
      5) бiлiктiлiк белгiсi – куәлiкте жасалған немесе оған қатысы бар және оның бiр бөлiгi болып табылатын жазба, онда осы куәлiкке қатысы бар ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулер көрсетiледi;
      6) дербес ауаға көтерiлу – курсант пилот әуе кемесiнiң бортында жалғыз адам болып табылатын ұшу уақыты;
      7) дирижабль – күш қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлетiн ауадан жеңiл ұшу аппараты;
      8) қателердi бақылау – қателердi табу және оларға бақылап өлшегіштің көмегiмен ден қою процесi, олар қателердi азайтады немесе салдарын жояды және қателердiң немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендетедi;
      9) қауiп-қатер – пайдалану персоналы мүшесiнiң құзыретi саласынан тыс болатын оқиғалар немесе қателер, пайдалану күрделiлiгiн арттырады және оларды қауiпсiздiктiң шектi деңгейiн ұстап тұру үшiн басқару қажет;
      10) қауiп-қатер факторларын бақылау – бақылап өлшегiш көмегiмен қауiп-қатерлердi анықтау және оларға ден қою процесi, олар қауiп-қатерлердi азайтады немесе салдарын жояды және қателердiң немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендетедi;
      11) медициналық қорытынды – оның иесiнiң денсаулығының жағдайы бойынша жарамдылыққа қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжат;
      12) планердiң ұшу уақыты – әуелеп ұшу кезiнде және ұшу аяқталғаннан кейiн ол тоқтаған сәтке дейiн планердiң қозғалысы басталған сәттен бастап жетекте немесе жетексiз ұшудағы жалпы уақыт;
      13) планер – күш қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлмейтiн ауадан ауыр әуе кемесi, оның көтеру күшi негiзiнен ұшудың осы шарттарында қозғалыссыз қалатын үстiңгi қабаттардағы аэродинамикалық жанасу есебiнен құралады;
      14) аспаптар бойынша жердегi жаттығу уақыты – куәлiктердi беру жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен ұшуды айнытпай көрсететін тренажер қондырғысында ұшқыш жерде аспаптар бойынша ұшуды айнытпай көрсетуді пысықтайтын уақыт;
      15) аспаптар бойынша ұшу уақыты (шабуыл) – пилот сыртқы бағдарларды пайдаланусыз тек аспаптар бойынша әуе кемесiн басқаратын уақыт;
      16) аспаптық уақыт – аспаптар бойынша ұшу уақыты немесе аспаптар бойынша жер үстiнде жаттығу уақыты;
      17) тiкұшақ – ұшуда негiзiнен шамамен тiк қалыпта болатын бiлiктер айналасында күш қондырғысымен айналатын бiр немесе бiрнеше көтергiш бұрандалармен ауаның әрекеті есебiнен ұсталатын ауадан ауыр әуе кемесi;
      18) ұшу шеберлiгi – ұшу мақсаттарын орындау үшiн бiлiмдi, дағдылар мен шеберлiктердi пайдалана отырып, үнемi дұрыс шешiм қабылдау;
      19) ұшу экипажының мүшесi – авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар, ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiн басқаруға байланысты мiндеттер жүктелген тұлға;
      20) ұшуды айнытпай көрсететін тренажер қондырғы (тренажер) – қондырғылардың үш түрiнiң кез келгенi, оның көмегiмен жерде ұшу шарттары айнытпай көрсетіледі:
      механикалық, электр, электронды және тағы басқа борттық басқару жүйелерiнің нақты функцияларын айнытпай көрсетуге мүмкіндік беретін әуе кемесінің белгілі бір түрінің экипажы кабинасын, осы типті әуе кемесінің ұшу экипажы мүшелері үшін әдеттегідей жағдайын және ұшу сипаттамаларын дәл келтіретін тренажер;
      экипаж кабинасындағы ахуалды нақты iске қосуды қамтамасыз ететін және аспаптардың көрсеткiштерiн, механикалық, электр, электрондық және басқа борт жүйелерiнiң қарапайым функцияларын, сондай-ақ белгiлi бiр сыныптағы әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларын айнытпай көрсететін техникалық елiктеудi пысықтауға арналған тренажер;
      аспаптар бойынша ұшуға негiзгi дайындыққа арналған тренажер, ол тиiстi аспаптармен жабдықталған және ұшу уақытында аспаптар бойынша әуе кемесiнiң ұшуына ұқсас жағдайды экипаж кабинасында айнытпай көрсетеді.

3. Әуесқой пилотқа (ұшақ, тiкұшақ) қойылатын біліктілік талаптары

      5. Әуесқой пилот куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 17-ден асады;
      2) мынадай салаларда бiлiмi болуы:
      ұшуды орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      ұшу негiздерi;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қолданылатын әуе кемелерi конструкциясын жалпы бiлу;
      күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және оның жұмыс iстеу қағидаттары;
      әуе кемелерiнiң және олардың күш қондырғыларының тиiстi түрiнiң пайдалану шектеулерi;
      ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректерi;
      жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерiн орындауға әсер етуi;
      пайдалану құжаттамасында берiлген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды iс жүзiнде қолдану;
      даярлығы және шолып ұшу, ұшу жоспарларын дайындау және толтыру ережелерi бойынша ұшуларды орындау кезiнде маршрут бойынша ұшу алды дайындық және ұшуды жоспарлау;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулық» (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), орналасқан орын туралы жеткiзiлiмдер тәртiбi, қарқынды әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуларды орындау;
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорологиялық жиынтықтауларды, карталар мен болжамдарды, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртiбiн, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiктi өлшегiштердi орнату тәртiбiн түсiну және қолдану;
      аэронавигацияның (ұшақты жүргiзу) iс жүзiндегi аспектiлерiн және және жолды есептеудiң әдiстерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану жағдайындағы қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды пайдалану;
      қауiптi метеожағдайларды, әуе кемесiнен шатасу iзiндегi турбуленттiктен және басқа да ұшу үшiн қауiптi құбылыстардан айналып өту мақсатында қабылданатын iс-әрекеттердi қоса алғанда, апатты жағдайдағы алдын алудың тиiстi шаралары мен iс-қимылдар;
      тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалақтағы ақауы, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары;
      шолып ұшу ережелерi бойынша ұшуларға қолданылатын байланыс пен фразеологияны, байланыс iстен шыққан кезде iс-қимылдар жүргiзу;
      3) әуе кемесiнiң командирi ретiнде тиiстi ұшу және маневрлер түрлерiн орындау қабілеті, сондай-ақ:
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын танып-бiлу және бақылауды;
      шектелген сипаттамалар шегiнде әуе кемесiн басқаруды;
      барлық маневрлердi бiртiндеп және дәл орындауды;
      ұшуда уақтылы шешiмдер қабылдай бiлу және бақылау мен байқауды бiлiктi жүзеге асыруды;
      аэронавигация (ұшақ жүргiзу) саласында бiлiмдi қолдануды;
      ұшудың немесе маневр схемасын дәл орындауды қамтамасыз ететіндей әуе кемесiн басқаруды тұрақты жүзеге асыруды білу;
      4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      6. Әуесқой пилот коммерциялық авиацияға қатыспайтын тиiстi түрдегi және үлгiдегi әуе кемесi командирiнiң немесе екiншi пилотының функцияларын жүзеге асырады. Әуесқой пилот ұшуды орындайтын әуе кемесiне жедел қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
      7. Түнгi уақытта ұшуды жүзеге асыру үшiн куәлiк алуға үміткер ұшуды, қонуды және навигацияны (ұшақты жүргiзудi) қоса алғанда, түнгi уақытта ұшуды орындау бойынша нұсқаушы пилотпен қосарлы басқара отырып, тиiстi түрдегi әуе кемесiнде оқытудан өтеді.
      8. «Ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар әуесқой пилот куәлiгiн алуға үмiткердің:
      1) тренажерде 5 сағаттан астам ұшу ескерiлетiн ұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында ұшақта кемiнде 40 сағат (бұдан әрi - с) ұшуы;
      2) сұратылатын бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемiнде 10 с дербес ұшу маршрут бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, бұл ретте екi әртүрлi әуеайлақта толық тоқтағанға дейiн қона отырып, ұзақтығы кемiнде 270 км маршрут бойынша бiр ұшуы;
      3) аспаптар бойынша кемiнде 1 с ұшуы;
      4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, әуе кемесiнiң командирi (бұдан әрi - ӘКК) мiндеттерiн түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда, 3 с ұшуы болуы тиіс.
      Жалпы ұшуға дирижабльден басқа, әуе кемелерiндегi, бiрақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептелуi мүмкiн.
      9. «Тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар әуесқой пилот куәлiгiне үмiткердің:
      1) тренажерде 5 сағаттан астам ұшу ескерiлетiн тiкұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында тiкұшақта кемiнде 40 с ұшуы;
      2) бағыт бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, сұратылатын бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемiнде 10 с дербес ұшуы, оған екi түрлi пунктте қона отырып, ұзақтығы кемiнде 180 км бағыт бойынша кемiнде бiр ұшу кiредi;
      3) аспаптар бойынша кемiнде 1 с ұшуы;
      4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, ӘКК мiндеттерiн түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда 3 с ұшуы болуы тиіс. Жалпы ұшуға дирижабльден басқа, әуе кемелерiндегi, бiрақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептеледi.

4. Коммерциялық пилот куәлiгiн алушыға қойылатын талаптар

      10. Коммерциялық пилот куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18-ден асқан;
      2) мынадай салаларда бiлiмi болуы тиіс:
      ұшуды орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      ұшу негiздерi;
      әуе кемелерiнiң тиiстi түрiне қолданылатын әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпы бiлу;
      күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және олардың жұмыс iстеу қағидаттары;
      әуе кемелерiнiң тиiстi түрiнiң және олардың күш қондырғыларының пайдалану шектеулерi;
      ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе соған ұқсас құжаттан пайдалану деректерi;
      жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерiн орындауға әсер етуi;
      пайдалану құжаттамасында берiлген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды iс жүзiнде қолдану;
      жабдықтың және әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерiнiң жүйелерiн пайдалану және жарамдылығын тексеру;
      планерге, әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерiнiң жүйелерiне және күш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету;
      ұшу алды даярлығы және шолып ұшу ережелерi бойынша ұшуды орындау кезiндегі маршрут бойынша ұшуды жоспарлау, ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық" (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), орналасқан орын туралы жеткiзiлiмдер тәртiбi, үдемелi әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуды орындау;
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорологиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсiну және қолдану, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiктi өлшегiштердi орнату тәртiбi;
      авиациялық метрология, тиiстi аудандардың климатологиясы және оның авиацияға әсерi, төмен және жоғары қысым аумақтарын, атмосфералы ағындардың құрылымдарын араластыру, маршрут бойынша ұшу, көтерiлiп ұшу және қону жағдайларына әсер ететiн ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және олардың сипаттамалары;
      мұз басуды себептерi, тану және салдарлары, фронтальды аймаққа кiру тәртiбi, қауiптi метеожағдайлары бар ауданды айналып өту;
      аэронавигациялық карталарды, аспаптар мен навигациялық құралдарды пайдалануды, тиiстi навигациялық жүйелердiң, борттық жабдық жұмыстарының қағидаттары мен сипаттамаларын түсiну;
      пайдалану жағдайындағы қауiп-қатерлер мен қателердiң факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
      аэронавигациялық ақпаратты пайдалану, авиациялық кодтар мен қысқартуларды түсiну;
      авариялық жағдайдағы сақтық шаралары және iс-қимылдар;
      жүктердi тасымалдаудың, қауiптi жүктердi тасымалдаудың әлеуеттi тәуекелдерiнiң пайдалану ережелерi;
      әуе кемесiне отыру және одан түсу кезiндегі сақтық шараларын қоса алғанда, қауiпсiздiк мәселелерi бойынша жолаушыларға нұсқама беру талаптары мен iс-тәжiрибесi;
      тiкұшақтар – жүктердiң сыртқы аспаға әсер етуi;
      тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалақтағы ақау, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары, шолып ұшу метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ережелерi;
      байланыс iстен шыққан кезде шолып ұшу ережелерi бойынша ұшулар кезiнде байланыс және фразеология жүргiзу;
      3) ӘКК ретiнде көрсетiлген схемалар мен маневрлердiң тиiстi түрiн орындау қабiлетi, сондай-ақ:
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын танып-бiлу және бақылауды;
      шектелген ұшу-техникалық сипаттамалар шегiнде әуе кемесiн басқаруды;
      барлық маневрлердi бiртiндеп және дәл орындауды;
      уақтылы шешiмдер қабылдай бiлу және ұшуда бақылау мен байқауды бiлiктi жүзеге асыруды;
      аэронавигация саласында (ұшақ жүргiзу) бiлiмдi қолдануды;
      ұшудың немесе маневр схемасын дәл орындауды қамтамасыз ететіндей әуе кемесiн басқаруды тұрақты жүзеге асыруды білуі;
      4) бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      11. Коммерциялық пилот куәлiкте тиiстi бiлiктiлiк белгiлерi болған кезде:
      тиiстi түрдегi әуе кемесiнiң әуесқой пилот куәлiгiнiң иесiнің;
      коммерциялық тасымалдауларға байланысты емес ұшулар кезiнде тиiстi түрдегi ӘКК-нің;
      бiр пилотпен ұшуға арнап сертификатталған коммерциялық әуе тасымалдары кезiнде тиiстi түрдегi ӘКК-нің;
      он пайдалану үшiн екiншi пилоттың болуы талап етiлетiн тиiстi түрдегi әуе кемесiндегi екiншi ұшқыштың функцияларын жүзеге асырады.
      12. «Ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар коммерциялық пилот куәлiгiн алуға үміткердің иесi ұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсынан өту барысында ұшақта кемiнде 150 с ұшуы болады, оған жаттығу орындағы 10 с аспайтын әуеге көтерiлу есептеледi.
      13. «Тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар коммерциялық пилот куәлiгiн алуға үмiткердің тiкұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсынан өту барысында ұшақта кемiнде 100 с ұшуы болады, оған жаттығу орындағы 10 с аспайтын әуеге көтерiлу есептеледi. 

5. Желiлiк пилотқа қойылатын талаптар

      14. Желiлiк пилот куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 21-ден асқан;
      2) мынадай салаларда бiлiмi болуы:
      ұшуды орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықтар;
      ұшу негiздерi;
      электр, гидравликалық жүйелердiң, үрлеу жүйесiнiң және әуе кемесiнiң басқа жүйелерiнiң, автоұшқышты қоса алғанда, ұшуды басқару жүйесiнiң жалпы сипаттамалары мен шектеулерi;
      жұмыс қағидаттары, әуе кемелерiнiң күш қондырғыларын пайдалану және шектеу, атмосфералық жағдайлардың ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректерiне сәйкес келетiн қозғалтқыштар сипаттамасына әсер ету ережелерi;
      әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерiн пайдалану және шектеу, ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан тиiстi пайдалану деректерiне сәйкес атмосфералық жағдайлардың әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына әсер етуi;
      тиiстi әуе кемелерi жүйелерi жабдығын пайдалану және iстен шығуын тексеру;
      пилотаждық аспаптар, компастар; гироскопиялық аспаптар, пайдалану шектеулерi мен және прецессияның әсер етуi, түрлi пилотажды аспаптар мен электронды индикаторлар iстен шыққан кезде iс-қимылдар тәртiбi;
      планерлерге, жүйелерге және тиiстi әуе кемелерiнiң күш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету;
      жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесiн басқару сипаттамаларына, салмақ пен орталықтың есептеудiң орындалуына әсер етуi;
      крейсерлiк ұшуда басқаруды қоса алғанда ұшу, қону және басқа сипаттамалардың өлшемдерiн пайдалану және iс жүзiнде қолдану;
      маршрут бойынша ұшуды ұшуалды жоспарлау және жедел жоспарлау, ұшу жоспарларын дайындау және ұсыну;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген «Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықтар» (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), биiктiктi өлшеу қондырғысының тәртiбiн даярлау және беру;
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорологиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсiну және қолдану; ұшу алдында және ұшу уақытында метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану; биiктiктi өлшеу;
      авиациялық метрология, климатология,төмен және жоғары қысымды аудандарды, ағындардың құрылымдарын араластыру, көтерiлiп ұшу, маршрут бойынша ұшу және қону жағдайларына әсер ететiн ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және олардың сипаттамалары;
      мұз басу себептерi, тану және салдарлары, фронтальды аймаққа кiру тәртiбi, қауiптi метеожағдайлары бар ауданды айналып өту;
      ұшақтар үшiн – метеожиынтықтарды, карталар мен болжамдарды, ағысты ағындарды түсiну мен пайдалануды қоса алғанда, үлкен биiктiктердегi метеорология;
      аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдарды және аймақтық навигация жүйелердi, ұзақтығы үлкен маршруттар бойынша ұшуға қатысты ерекше навигациялық талаптарды пайдалануды қоса алғанда, ұшақты жүргiзу;
      әуе кемесiн және навигацияны басқару үшiн қажет авиациялық электронды және аспапты жабдықтың шектеулерiн және пайдалану сенiмдiлiгiн пайдалану, есепке алу;
      маршрут бойынша ұшып көтерiлу, ұшу, қонуға бет алу және қону сатыларында қолданылатын навигациялық жүйелердi пайдалану;
      автономды навигациялық жүйелердiң және сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердiң қағидаттары мен сипаттамалары, борттық жабдық жұмыстары;
      пайдалану жағдайында қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды түсiну және пайдалану;
      авариялық жағдайда, сақтық шараларын және іс-қимылдар, ұшу қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау;
      жүк тасымалдарын және қауiптi жүктердiң тасымалдарын пайдалану ережелерi;
      әуе кемесiне отыру және одан түсу кезiндегі сақтық шараларын қоса алғанда, қауiпсiздiк мәселелерi бойынша жолаушыларды үйрету талаптары мен iс-тәжiрибесi;
      тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалқандағы ақау, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары, шолып қарау метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, сыртқы iлiнудегi жүктердiң басқару сипаттамасына әсерi;
      байланыс iстен шыққан кезде байланыс және фразеология, iс-қимыл жүргiзу ережесi;
      3) бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы.
      15. Желiлiк пилот куәлiгiне тиiстi бiлiктiлiк белгiлерi болған кезде:
      рұқсат етiлген түрдегi әуе кемесiнiң әуесқой пилоты және коммерциялық пилоты куәлiгiнiң иесiнің;
      коммерциялық әуе тасымалдарында рұқсат етiлген түрдегi әуе кемесiнiң және бiреуден артық пилоты бар ұшулар үшiн сертификатталған кез келген ӘКК-нің функцияларын жүзеге асырады.
      16. «Ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар желiлiк пилот куәлiгiн алуға үмiткердің ұшақ пилоты ретiнде кемiнде 1 500 с ұшуы болуы тиіс, оған жаттығу орнында 100 с аспайтын ұшу есепке алынады.
      17. «Тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар желiлiк пилоты куәлiгiн алуға үмiткер, тiкұшақтардың пилоты ретiнде кемiнде 1000 с ұшуының болуы қажет, оған тренажерде 100 с аспайтын ұшу есепке алынады. 

6. Аса жеңiл әуе кемесiнiң пилотына қойылатын талаптар

      18. Аса жеңiл әуе кемесiнiң пилоты куәлiгiнiң алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 17 жастан үлкен;
      2) мына салаларда бiлiмi болуы тиіс:
      аса жеңiл әуе кемесiнiң тиiстi сыныбының практикалық аэродинамикасы, аса жеңiл әуе кемесiнiң конструкциясы және оны пайдалану;
      ұшуды орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      жүйелер мен аспаптық жабдықтар жұмысының қағидаттары;
      пайдаланудағы шектеулер, ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылықтан тиiстi пайдалану деректерiн немесе оған баламалы құжатты пайдалану;
      салмағын тиеу және ұшу сипаттамаларына бөлу әсерi, салмағы мен центровканы есепке алу;
      ұшу (старттық), қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамалардың параметрлерiн пайдалану және практикалық қолдану;
      маршрут бойынша ұшуды ұшу алдындағы жоспарлау және жоспарлау, қарқынды қозғалыс аудандарында ұшуды орындау;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, аса жеңiл әуе кемесiнiң пилотына қатысты адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метрология негiздерiн, метеорологиялық ақпаратты алу және пайдалану, биiктiктi өлшеу қағидаларын қолдану;
      аэронавигацияның практикалық аспектiлерiн және жолды есептеу әдiстерiн, аэронавигациялық карталарды пайдалану әдiстерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды пайдалану;
      қауiптi метеожағдайлардан, iздегi турбуленттiлiктен және басқа да қауiптi жағдайлардан өту мақсатында қабылданатын iс-қимылды қоспағанда, авариялық жағдайдағы абайлаушылық және iс-қимыл шараларын сақтау;
      аса жеңiл авиацияның пилотына қатысты ұшу негiздерi;
      3) мынадай ұшудың:
      әлеуеттi қондырғымен жабдықталған аса жеңiл әуе кемелерiнде, - 12 с дербес ұшуды қоса алғанда, аса жеңiл әуе кемесiнiң пилоты ретiнде кемiнде 25 с, 5 с – маршрут бойынша, кемiнде 30 дербес ұшу мен қонудың, оның iшiнде дросселденген (сөндiрiлген) қозғалтқышпен 6 рет қонудың;
      әлеуеттi қондырғысы жоқ аса жеңiл әуе кемелерiнде, - 12 с жалпы ұшудың, әрқайсысының ұзақтығы 10 мин. 12 ұшудың, әрқайсысы 30 мин. астам 5 рет ұшудың, қашықтығы кемiнде 1,5 км маршрут бойынша 3 ұшудың болуы;
      мына салаларда:
      аса жеңiл әуе кемесiн жинау мен тексерудi қоса алғанда, ұшу алдындағы дайындық;
      әуе жылдамдығын тиiстi шектеудi, авариялық жағдайдағы iс-қимыл тәртiбiн және сигналдарды пайдалануды қоса алғанда, старттың пайдаланылатын әдiсiнде қолданылатын техникалық әдiстер мен қағидаларды орындау;
      қозғалыс схемалары бойынша ұшу, соқтығысуды болдырмау үшiн қолданылатын әдiстер мен шараларды орындау;
      сыртқы көрнекi бағдарлар көмегiмен басқару;
      ұшу режимдерiнiң пайдалану диапазонында ұшуды орындау;
      бастапқы және өршiген құлауды тану және одан алып шығу, қанатын жинау, ұшудың басқа қауiптi режимдерi;
      қауiптi ұшу режимдерiне шығудың алдын алу;
      әртүрлі жағдайда ұшу және қону (бүйірден соққан желде, сөндiрiлген қозғалтқышпен қону кезiнде, шектеулi ұшу-қону жолағы);
      көрнекi бағдарлар көмегiмен маршрут бойынша ұшуды және жолды есептеу әдiстерiн орындау;
      авариялық жағдайдағы iс-қимыл тәртiбi;
      4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы.
      19. Функцияларды орындау үшiн аса жеңiл авиацияның пилоты аса жеңiл әуе кемесiнiң типi туралы бiлiктiлiк белгiлерiн алуға тиiс:
      1) игерiмдi басқарумен (дельтаплан, дельталет);
      2) аэродинамикалық басқарумен (автомай, тiкұшақ, ұшақ);
      3) сабақтас басқарумен.
      20. Су бетiнде ұшуды орындау үшiн аса жеңiл авиацияның пилотының кемінде 12 с аса жеңiл әуе кемесiнiң конфигурация бойынша ұшуы болуы тиіс.
      21. Авиациялық жұмыстарды орындау үшiн аса жеңiл авиацияның пилотына:
      1) кемiнде бiр жыл iшiнде кемінде 80 с жалпы ұшу, оның iшiнде кемiнде 20 с авиациялық жұмыстарға оқыту кезiнде ұшуы және әуеайлақтан тыс алаңнан 50 ұшуды орындауы;
      2) орындалатын жұмыстардың технологиясы, авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде пайдаланылатын заттар мен жабдықтардың сипаттамалары туралы бiлiм алуын қамтитын бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi тиіс.
      22. «Аса жеңiл авиацияның пилоты – нұсқаушы» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн аса жеңiл авиацияның пилоты куәлiгiнiң иегерiнде кемiнде 100 с, оның iшiнде соңғы 2 жыл iшiнде ұшудың болуы қажет. Осы ұшуға моторсыз аса жеңiл әуе кемесiне - 40 с астам ұшу есептеледі. 

7. «Нұсқаушы-пилот» бiлiктiлiк белгiсiн алуға қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      23. Нұсқаушылардың жетi санаты бар:
      1) ӘК (FI(A)) – Нұсқаушы-пилоттың бiлiктiлiк белгiсi (рейтингi);
      2) ТRI(А) – нұсқаушы бiлiктiлiк белгiсi (рейтингi) үшiн ұшақ үлгiсi бойынша бiлiктiлiк белгiсi (рейтингi);
      3) СRI(A) – ұшақ сыныбы бойынша бiлiктiлiк белгiсi (рейтингi) үшiн нұсқаушы бiлiктiлiк белгiсi (рейтингi);
      4) аспаптар бойынша ұшу рейтингi үшiн нұсқаушы бiлiктiлiк белгiсi (рейтингi) – ұшақ IRI (A);
      5) пилотажды жаттығу орындары бойынша нұсқаушы – ұшақ (SFI(A));
      6) көп пилотты ӘК экипажы мүшелерiнiң өзара iс-қимылы жөнiндегi нұсқаушы – ұшақ (МССI(A));
      7) кешендi ұшу даярлығы жөнiндегi нұсқаушы - ұшақ (SТI);
      24. «Пилот-нұсқаушы» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн нұсқаушыға мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) кемiнде бiр куәлiгiнiң болуы, даярлық тақырыбы бойынша рейтингi мен бiлiктiлiгi;
      2) ол үшiн даярлық жүргiзiлетiн ӘК үлгiсi немесе сыныбының пилоты ретiнде кемiнде 15 сағат тәжiрибесiнiң болуы;
      3) осындай даярлық уақытында ӘК командирi ретiнде әрекет ету өкiлеттiктерi.
      25. «Пилот-нұсқаушы» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн үмiткердің:
      1) куәлiкте көрсетiлген әуе кемесiнiң түрiне сәйкес бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлықтан өтуi және коммерциялық пилот куәлiгiн алу кезiнде қойылатын талаптарға сәйкес келуi;
      2) бiлiмдердi игеруi:
      практикалық оқу әдiстемесi;
      жердегi даярлық жүзеге асырылатын пәндер бойынша оқушылардың, тыңдаушылар мен студенттердiң үлгерiмiн бағалау;
      материалды игеру процесi;
      тиiмдi оқыту элементтерi;
      студенттер, оқушылар және тыңдаушылардың бiлiм деңгейiн тексеру және бағалау бойынша;
      даярлық бағдарламасын әзiрлеу;
      сабақты жоспарлау;
      аудиториялық оқыту әдiстемесi;
      айнытпай көрсету тренажерiн қоса алғанда, ұшуды оқу құралдарын пайдалану;
      студенттер, оқушылар және тыңдаушылардың қателерiн түзеу және талдау жүргiзу бойынша;
      қауiп және қателiктер факторын бақылау принциптерiн қоса алғанда, ұшу дайындығына қатысты адам мүмкiндiктерi;
      әуе кемесi жүйелерiнiң iстен шығуының айнытпай көрсетумен байланысты қауiптері;
      3) ол ұшу дайындығын жүргiзуге ниеттенген салаларда және ұшу алдындағы, нұсқама беру, ұшуды талдау және жердегi дайындықты қоса алғанда, пилот-нұсқаушының қызметiн жүзеге асыру көзделетiн әуе кемелерiнiң сол үлгiсi мен кластарында оқуға қабiлеттiлiгi;
      4) операцияларды, практикалық тәжiрибелi оқыту әдiстерiн көрсетудi, курсанттардың ең көп тараған қателiктерiн тану және түзеудi қоса алғанда, ұшу дайындығын жүргiзудi оқыту әдiстемесi бойынша курсты өту. Ол ұшу дайындығын жүргiзуге ниеттi ұшу маневрлер және схемаларын орындау әдiстемесiн практикада қолдана бiлу.
      26. Аспап бойынша ұшуға класы және рұқсат беруі бойынша біліктілік белгісін қоса алғанда, FCL куәлiгiне алу үшін оқыту кезінде нұсқаушыларда:
      1) әуе кемесi бойынша оқыту өткiзу үшiн осы мемлекетте тiркелген басқа елдің талаптарына сәйкес коммерциялық авиация пилотының куәлiгi (CPL) және ICAO-ға сәйкес берiлген бiлiктiлiк белгiлерi;
      2) рұқсаттың қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қалауы бойынша анықталады, бiрақ 3 жылдан аспайды;
      3) мынадай шектеулері бар рұқсаттар:
      оқыту қандайда бiр нұсқаушының біліктілік белгісін (рейтинг) беру үшін жүзеге асырылмайды;
      оқыту жүргізілетін тілді меңгерген курсанттар оқуға жіберiледi;
      оларды алда өткізу үшін нұсқаушы тиісті тәжiрибе көрсеткен АТР бiрыңғай курсы бөлімдері үшін.

8. ӘК (FI) пилот-нұсқаушысының бiлiктiлiк талаптары 

      27. «Ұшақ» FI(A) бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн үмiткердің:
      1) бiтiрген FI(A) пилот-нұсқаушы курсы;
      2) коммерциялық пилот куәлiгi(СРL) немесе кемінде 200 сағат ұшу, соның iшiнде 150 сағат ӘКК ретiнде ұшуы;
      3) оның 5 сағаты курсқа түсердің алдындағы дайындық ұшудың алдындағы 6 ай iшiнде орындаған, піспекті күш қондырғысы бар бiр қозғалтқышты әуе кемесiнде кем дегенде 30 сағат ұшуы;
      4) аспаппен ұшуға кемінде 10 сағат дайындығы, соның iшiнде айнытпай көрсету аспабымен FNPT пилотаждық және навигациялық рәсімдерді өтуге арналған құрылғыларға аспап бойынша жердегі жаттығу уақыты 5 сағаттан аспайтын дайындығы (аспаппен ұшу үшiн жабдықталған әуе кемесi үшiн);
      5) жиынтығы 540 км (300 теңiз милi) жетіп, оның процесі кезiнде екi түрлі әуе айлақта толық тоқтауымен отырғызу жүзеге асырылатын ӘКК ретінде 20 сағаты маршруттық ұшуы болуы тиіс.
      «Тiкұшақ» FI(Н) бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн үмiткердің:
      1) бiтiрген FI(Н) пилот-нұсқаушы курсы;
      2) кем дегенде 200 с тiкұшақта ұшуы бар, соның iшiнде:
      кемінде 100 с тiкұшақтың командирi ретiнде, егер АТРL(Н) немесе СРL (Н) бар болса, немесе кемінде 200 с командир ретiнде РРL(Н) ұшуы болуы тиіс.

9. (TRI) үлгiсi бойынша нұсқаушының бiлiктiлiк талаптары

      28. «Ұшақ» TRI(MPA) бiлiктiлiк белгiсiн (рейтингін) алу үшiн үмiткердің:
      1) TRI(А) біліктілік белгісі (рейтингі);
      2) көп мүшелі әуе кемесінде кемінде 1500 с ұшуы;
      3) кемінде 30 маршруттық ұшуы, соның ішінде уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша әуе кемесінің қолданыстағы немесе ұқсас үлгісіндегі әуе кемесінің командирі немесе екінші пилоты ретінде ұшуы мен қонуы болуы тиіс, олардың алдыңғы өтінімдердің 12 айы ішінде орындалған 15 аспайтын ұшуы айнытпай көрсететін құралда орындалуы мүмкін.
      29. «Тiкұшақ» TRI(Н) бiлiктiлiк белгiсiн (рейтингін) алу үшiн үмiткердің:
      1) TRI(Н) біліктілік белгісі (рейтингі);
      2) бiр пилотты бiр қозғалтқышты тiкұшақттарда кемінде 250 с ұшуы;
      3) бiр пилотты көп қозғалтқышты тiкұшақттарда кемінде 250 с ұшуы;
      4) көп пилотты тiкұшақтарда кемінде 1000 с ұшуы болуы тиіс.    

10. (СRI(SPA)) класы бойынша нұсқаушының бiлiктiлiк талаптары

      30. «Ұшақ» СRI(MPA) бiлiктiлiк белгiсiн алу (рейтингін) алу үшiн үмiткердің:
      1) TRI(А) біліктілік белгісі (рейтингі);
      2) көп қозғалтқышты әуе кемелерi үшін:
      кемінде 500 с әуе кеменiң пилоты ретiнде ұшуы, соның iшiнде кемінде 30 с әуе кеменiң командирi ретiнде қолданыстағы әуе кемелерінiң түрлерi бортында ұшуы,
      әуе кемесiнiң бортында немесе осы мақсаттар үшін рұқсаттарға ие нұсқаушы өткізетін пилотаждық тренажерде кемінде 5 с ұшуды қамтитын үлгідегі ұшу дайындығы немесе әуе кемесінің бортында біліктілік белгісі (рейтингі) бойынша бекiтiлген ұйымда курстан өтуі;
      3) бiр қозғалтқышты әуе кемелерi үшін мыналар қажет:
      кемінде 300 с ӘК-нің пилоты ретiнде ұшуы, соның iшiнде қолданыстағы үлгі немесе класты әуе кемесінің бортында ӘКК ретінде кемінде 30 с ұшуы,
      әуе кемесiнiң бортында немесе осы мақсаттар үшін рұқсаттарға ие нұсқаушы өткізетін пилотаждық тренажерде кемінде 5 с ұшуды қамтитын үлгідегі ұшу дайындығы немесе әуе кемесінің бортында біліктілік белгісі (рейтингі) бойынша бекiтiлген ұйымда курстан өтуі. 

11. (IRI) класы бойынша нұсқаушының бiлiктiлiк талаптары

      31. «Ұшақ» IRI(A) бiлiктiлiк белгiсiн алу (рейтингін) алу үшiн үмiткердің:
      1) IRI(A) біліктілік белгісі (рейтингі);
      2) аспап бойынша ұшуы кемінде 800 с ұшуы, оның iшiнде әуе кемесiнiң бортында 400 с ұшуы;
      3) теориялық сабақтарды және әуе кеме бортында, пилотаждық тренажерде немесе FNPT-да кемінде 10 с ұшуды қамтитын ұшу дайындық бойынша ұйымның бекiтiлген курс өтуi болуы тиіс.
      32. «Тiкұшақ» IRI(A) бiлiктiлiк белгiсiн алу (рейтингін) алу үшiн үмiткердің:
      1) IRI(Н) біліктілік белгісі (рейтингі);
      2) аспап бойынша кемінде 500 с ұшуы, оның iшiнде тiкұшақтың бортында 250 с ұшуы болуы тиіс. 

12. (SFI) кешендi ұшу даярлығы жөнiндегi
нұсқаушының бiлiктiлiк талаптары

      33. «Ұшақ» SFI(A) бiлiктiлiк белгiсiн алу (рейтингін) алу үшiн үмiткердің:
      1) ұшу даярлығы немесе үлгi дайындығы туралы ұйымда оқыту курсы шеңберiнде белгiлi бiр үлгi біліктілік белгісі (рейтингi) үшiн тренажерде айнытпай көрсету бағдарламасы;
      2) көп мүшелi әуе кемесінің пилоты ретiнде кемiнде 1500 с ұшу жұмысы тәжірибесі;
      3) SFI(A)) курстарын өтуі;
      4) осы мақсатта тағайындалған TRI(A) уәкiлеттi органның бақылауымен және оның талаптарын орындай отырып, қолданыстағы үлгiдегi ӘК бортында және/немесе пилотаждық тренажерде ТRI(A) функцияларына арналған үлгi біліктілік белгісі (рейтингi) курстарында кемiнде 3 сағаттық ұшу дайындығынан өтуі;
      5) өтiнiм мерзiмiнiң алдындағы 12 айдың iшiнде қолданыстағы үлгiдегi ұшу имитаторында ұшу дайындығын тексеруден өтуі; және
      6) өтiнiм мерзiмiнiң алдындағы 12 айдың iшiнде уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша пилоттың немесе осыған ұқсас үлгiдегi кабинада байқаушы ретiнде кемiнде 3 маршруттық ұшуды орындауы немесе өтiнiм мерзiмiнiң алдындағы 12 айдың iшiнде уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша пилоттың немесе осыған ұқсас үлгiдегi кабинада байқаушы ретiнде бiлiктi экипаж мүшесiнiң басшылығымен LOFT имитаторында (нақтыға барынша жақындатылған жағдайларда ұшу дайындығы) кемiнде 2 дәрiстi орындауы болуы тиіс.
      Осы айнытпай көрсететін тренажердегі жаттығулар мыналарды қамтиды:
      7) әрбір 2 сағат бойынша ең аз ұзақтығымен 2 әртүрлі әуежай арасында ұшу;
      8) осыған байланысты ұшуалды жоспарлау және тапсырманы орындағаннан кейiн ұшуды талдау.
      34. «Тiкұшақ» SFI(Н) бiлiктiлiк белгiсiн (рейтингін) алу үшiн үмiткердің:
      1) SFI(Н) курсын өтуi;
      2) тiкұшақ пилоты ретiнде кемінде 1000 с ұшуы болуы тиіс. 

13. MCCI(А) көп мүшелi әуе кемесінің экипажы мүшелерiнiң өзара
iс-қимылы жөнiндегi курс өткiзуге нұсқаушының бiлiктiлiк талаптары

      35. MCCI(А) рұқсатын алуға үміткерге мыналар қажет:
      1) коммерциялық авиация пилотының қолданыстағы куәлiгi немесе желілік пилоттың куәлiгi;
      2) көп мүшелiк әуе кемесінің пилоты ретiнде кемiнде 1500 с ұшуы;
      3) MCCI(А) бекiтiлген курсы шеңберiнде FNPT II немесе пилотаждық тренажерде жаттығу;
      4) осы мақсатта тағайындаған ТRI(A), SFI(A) немесе MCCI(А) уәкiлеттi орган талаптарын бақылауда және орындай отырып, пилотажды тиiстi FNPT II немесе пилотаждық тренажерде МСС барлық курсы шеңберінде кемiнде 3 с МСС ұшу дайындығы/ нұсқамасы. 

14. (STI) кешендi ұшу дайындығын жүргiзу жөніндегі
нұсқаушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      36. STI(А) рұқсатын алуға үміткердің:
      1) тиiстi курстардың талаптарына жауап беретiн оның нұсқаушылық бiлiктiлiгiн көрсете отырып, осының алдындағы 3 жыл бойы қолданыстағы куәлiгi болуы тиіс;
      2) STI(А) функцияларына байланысты бақылаумен және FIE(A) уәкiлеттi органы осы мақсатта белгiлеген талаптарды орындай отырып немесе пилоттық тренажерде немесе FIE(A)-да кемiнде 3 сағат ұшу дайындығын өткiзуi, немесе егер STI(А) оқытуды тек BITD-де (приборлар бойынша ұшудың оқу стендi) жүргiзгiсi келсе, ол BITD-де бақылаумен және FIE(A) уәкiлеттi органы осы мақсатта белгiлеген талаптарды орындай отырып кемiнде 3 сағат өткiзуi қажет;
      3) өтiнiм алдындағы 12 ай iшiнде болжамды оқытуға сәйкес қолданыстағы класс немесе үлгідегі FNPT әуе кемесiнде FCL-ге сәйкес ұшу дайындығын тексеруден өтуi немесе тек BITD-де оқытуды жүргiзгiсi келетiн STI(А) үшiн өтiнiм алдында 12 ай iшiнде ұшу дайындығын тексеруден өтуi қажет;
      4) STI(А) рейтингiн ұзарту үшiн iзденушi рұқсат қолданылатын мерзiмнiң соңғы 12 айы iшiнде пилоттық тренажерде немесе FNPT II немесе BITD-да кемiнде 3 сағат ұшу дайындығын өткiзуi, егер CPL, IR, PPL немесе типi немесе сынып рейтингiнiң курстарын орындау шеңберiнде қолданса, әдетте оқыту үйретiлетiн пилоттық тренажерде немесе FNPT II FКС тиiстi үлгісі немесе класы үшiн FCL-да айтылған кәсiптiк жарамдылығын тексерудi орындауы немесе тек BITD-да STI(А) оқыту үшiн кәсiптiк жарамдылығын тексерудi орындауы қажет.
      37. Үлгі біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшін оқытатын нұсқаушының:
      1) осы елде тiркелген әуе кемесі бойынша жүргiзiлетiн оқыту үшiн басқа елдiң талаптарына сай ICAО-ға сәйкес берiлген куәлiгi немесе біліктілік белгісі (рейтингi);
      2) үлгі бойынша біліктілік белгісі (рейтингi) нұсқаушысы ретiнде (ТRI(A) немесе баламасы) айнытпай көрсететін тренажерлерде 100 с ұшуы немесе оқып-үйренуі;
      3) рұқсаттың қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкiлеттi органның қалауы бойынша айқындалады, бiрақ 3 жылдан аспайды;
      4) рұқсат былайша шектеледi;
      қандай да бiр нұсқаушылық біліктілік белгісін (рейтингiн) беру үшiн оқыту жүзеге асырылмайды;
      оқыту жүргiзiлетiн тiлдi тиiстi түрде меңгерген курсанттар ғана оқуға жiберiледi;
      МСС үшiн оқыту жүргiзiлмейдi. 

15. Емтихан алушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      38. Емтихан алушылардың алты негiзгi тағайындауы бөлiнген:
      1) емтихан алушы – пилот – (FE(A)).
      2) үлгі бойынша біліктілік белгісінің (рейтингiнің) емтихан алушысы – (ТRE(A)).
      3) класс бойынша рейтингтiң емтихан алушысы – (СRE(A)).
      4) приборлар бойынша ұшуға жiберудiң емтихан алушысы – (IRE(A)).
      5) кешендi оқыту бойынша емтихан алушы – (SFE(A)).
      6) емтихан алушы – пилот–нұсқаушы – (FIE(A)).
      39. Емтихан алушыларда, егер өзгеше көзделмесе, кемiнде кәсiптiк машықтарына тестiлеу немесе ұшу дайындығына тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген пилоттардың куәлiктерi мен біліктілік белгілері (рейтингiлері) тең куәлiктiң және біліктілік белгілері (рейтингiлері) болуы қажет, сондай-ақ осы лицензиялар мен рейтингтер үшiн оқыту өкiлеттiктерiнiң болуы қажет.
      40. Емтихан егер өзгеше көзделмесе, алушыларда машықтарына тестiлеу немесе ұшу дайындығына тексеру жүргiзу кезiнде әуе кемесінің командирі функцияларын орындау үшiн жеткiлiктi бiлiктiлiгiнiң болуы қажет және бiлiктiлiкке қойылатын елеулi талаптарға жауап беруi қажет. Бiлiктi емтихан алушылар болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органының қалауы бойынша емтихан алушыларға/инспекторларға тип/класс/аспаптар бойынша ұшуға рұқсат біліктілік белгілері (рейтингiлері) бойынша жоғарыда аталған талаптарға сәйкес болмаса да рұқсат берiледi.
      41. Емтихан өткiзу рұқсатын алуға үміткерлердің нұсқау берудi, машықтарына тестiлеу жүргiзудi, машықтарына тестiлеу жүргiзiлетiн iзденушiнi бағалауды, ұшуды талқылауды және жазбалар/құжаттама жасауды қоса алғанда, кемiнде осы рұқсат талап етiлетiн тиiстi емтихан алушы ретiнде машықтарына бiр тестiлеу жүргiзiлуi қажет.
      42. Осы бөлiкте көрсетiлген бiлiктiлiк пен тәжiрибеге қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда қандай да бiр тапсырманы жүзеге асыру үшiн емтихан алушылар FE(A), ТRE(A), СRE(A), IRE(A), SFE(A) немесе FIE(A) рөлiн орындаумен ғана шектелiп қалмайды. 

16. Емтихан алушы – пилотқа (FE) бiлiктiлiк талаптары

      43. Емтихан алушы – пилот (FE) (ұшақ) рұқсатын алушы үміткерге мыналар:
      1) бiр мүшелiк әуе кемесiнiң FE біліктілік белгілерін (рейтингiлерін) (белгiсiн) алу үшiн, емтихан алушы бiр мүшелi әуе кеменiң пилоты ретiнде кемінде 1000 ұшуды орындау, оның iшiнде PPL үшiн кемінде 250 с ұшу дайындығы қажет;
      2) бiр мүшелiк әуе кемесiнiң FE біліктілік белгілерін (рейтингiлерін) алу үшiн, емтихан алушы бiрмүшелi әуе кеменiң пилоты ретiнде кемінде 2000 с ұшуды орындау, оның iшiнде СPL үшiн кемінде 250 с ұшу дайындығы қажет.
      44. Емтихан алушы – пилот (FE) (тiкұшақ) рұқсатын алушы үміткерге мыналар:
      1) бiр мүшелiк әуе кемесiнiң FE біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшiн, емтихан алушы бiрмүшелi әуе кеменiң пилоты ретiнде 1000 сағаттан кем емес ұшуды орындау, оның iшiнде PPL үшiн 250 сағаттан кем емес ұшу дайындығы қажет;
      2) бiр мүшелiк әуе кемесiнiң FE біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшiн, емтихан алушы бiр мүшелiк әуе кеменiң пилоты ретiнде кемінде 2000 с ұшуды орындау, оның iшiнде СPL үшiн кемінде 250 с ұшу дайындығы қажет. 

17. ТRE типi бойынша біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшін
емтихан алушыға қойылатын бiлiктiк талаптары

      45. Емтихан алушы – пилот ТRE(A) (ұшақ) рұқсатын алушы үміткерге мыналар:
      көп мүшелiк әуе кемесiнiң пилоты ретiнде кемінде 1500 с ұшудың, оның iшiнде кемінде 500 с әуе кемесiнiң командирi ретiнде ТRI (А) біліктілік белгілері (рейтингiлері) немесе рұқсаты болуы қажет.
      Емтихан алушы – пилот ТRE(Н) (тiкұшақ) рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      бiрнеше пилоттармен тiкұшақтың пилоты ретiнде 1500 сағаттан кем емес ұшудың, оның iшiнде 500 сағаттан кем емес әуе кемесiнiң командирi ретiнде ТRI (Н) біліктілік белгісі (рейтингi) болуы қажет.
      Бiр пилоты көп қозғалтқышы бар тiкұшаққа ТRE(Н) алу үшiн:
      тiкұшақта пилот ретiнде кемінде 1500 с ұшудың, оның iшiнде кемінде 500 с әуе кемесiнiң командирi ретiнде ТRI (Н) біліктілік белгісі (рейтингi) болуы қажет.
      Бiр пилоты бiр қозғалтқышы бар тiкұшаққа ТRE(Н) алу үшiн:
      тiкұшақта пилот ретiнде кемінде 750 с ұшудың, оның iшiнде кемінде 500 с әуе кемесiнiң командирi ретiнде FI(Н) немесе ТRI (Н) біліктілік белгісін (рейтингiн) болуы қажет. 

18. (СRE) класы бойынша біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшін емтихан алушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптары 

      46. СRE (А) емтихан алушы - пилот рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      әуе кемесiнде пилот ретiнде кемінде 500 с ұшуы куәлігі болуы қажет. 

19. (IRE) құралдары бойынша ұшуға біліктілік белгісін
(рейтингiн) алу үшін емтихан алушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      47. Емтихан алушы - пилот IRE (А) «ұшақ» рұқсатын алушы үміткерге мыналар:
      Кемінде 2000 с әуе кемесiнiң пилоты ретiнде ұшуы, оның iшiнде кемінде 450 с IFR (аспаптар бойынша ұшу ережесі), оның iшiнде 250 сағатын пилот-нұсқаушы ретiнде ұшуы болуы қажет.
      Емтихан алушы - пилот IRE (Н) «тiкұшақ» рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      IRI (Н) бойынша біліктілік белгісі (рейтингi) болуы қажет;
      Кемінде 2000 с тiкұшақтың пилоты ретiнде ұшуы, оның iшiнде кемінде 300 с құралдар бойынша, оның iшiнде 250 сағатын пилот-нұсқаушы ретiнде ұшуы болуы қажет. 

20. (SFE) кешендi оқытудың емтихан алушысына қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      48. Емтихан алушы - пилот SFE(А) «ұшақ» рұқсатын алушы үміткерге мыналар:
      ATPL (A) желiлiк пилоттың куәлiгiнiң болуы, кемінде 1500 с көп мүшелiк әуе кемесiнiң пилоты ретiнде ұшуды орындау және SFI (A) біліктілік белгісі (рейтингi) болуы қажет.
      Емтихан алушы - пилот SFE(Н) «тiкұшақ» рұқсатын алушы үміткерге мыналар:
      тиiстi тiкұшақ үлгiсiне IR(H) ATPL(A) желiлiк пилоттың куәлiгiнiң болуы, кемінде 1000 с тiкұшақ командирi ретiнде ұшуды орындау және SFI(Н) біліктілік белгісі (рейтингi) болуы қажет. 

21. (FIE) пилот - нұсқаушы емтихан алушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      49. Емтихан алушы - пилот FIE(А) «ұшақ» рұқсатын алушы үмiткер мыналар:
      Кемінде 2000 с ұшақ пилоты ретiнде ұшуы, оның iшiнде FI(А) біліктілік белгісі (рейтингi) iзденушiсіне нұсқама үшiн кемінде 100 с ұшуы болуы қажет.
      50. Емтихан алушы - пилот FIE(А) «тiкұшақ» рұқсатын алушы үміткерге мыналар:
      1) FI(H), TRI(H) немесе IRI(H) біліктілік белгісі (рейтингi) болуы қажет;
      2) FE(H), TRE(H) немесе IRE(H) рұқсатының болуы қажет;
      3) кемінде 200 с тiкұшақ пилоты ретiнде және FI(H), RI(H) немесе IRI(H) біліктілік белгісіне (рейтингiне) дайындық барысында кемінде 100 с ұшуы болуы қажет.       

22. Штурман куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар

      51. Штурман куәлiгiн алушы үмiткердің:
      1) жасы 18 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мынадай салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi;
      крейсерлiк режимде ұшу қағидаларын қоса алғанда, ұшу-қону және басқа да сипаттамаларды пайдалануы;
      ұшу алдындағы дайындық және бағыт бойынша ұшуды орындау, әуе қозғалысын ұйымдастыру мақсаттары үшiн ұшу жоспарларын, биiктiк өлшеуiштi орнату тәртiбiн дайындау мен ұсынуы;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, штурманға қолданылғанда адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды; кодтар мен қысқартуларды түсiну мен практикалық қолдану, ұшу алдында және ұшу кезiнде метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалануы, биiктiктi өлшеуі;
      авиациялық метеорология; авиацияға әсер ететiн тиiстi аудандардың климатологиясы, төмен және жоғары ұшып шығу, маршрут бойынша ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ерекше ауа айы жағдайының фронттарының құрылымы, туындауы мен сипаттамалары;
      жолды есептеу, изобаралық қабат бойынша ұшуды орындау әдiстерi және астронавигация, аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдар мен аймақтық навигация жүйелерiн, үлкен қашықтықтағы маршрут бойынша ұшуға қойылатын ерекше навигациялық талаптарды пайдалану қағидалары;
      маршрут бойынша ұшып шығу, ұшу және қонуға бет алу, радионавигациялық құралдарды тану кезеңдерiнде қолданылатын навигациялық жүйелердi пайдалануы;
      автономиялық жүйелердi және сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердi пайдалану қағидаттары, сипаттамалары және тәртiбi, борттық жабдықтау жұмыстары;
      ұшуда әуе кемесiнiң орналасқан жерiн анықтау, секстанттардың тарировкасы, навигациялық құжаттаманы толтыру мақсатында аспан шамшырақтарының қозғалысын қоса алғанда, аспан саласы, оларды таңдауы және тануы;
      аэронавигацияда пайдаланылатын өлшем бiрлiктерi мен формулаларды айқындауы;
      маршруттар бойынша ұшып шығу, ұшу, аспаптар бойынша қонуға бет алу кезiнде аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтарды, қысқартуларды және бақылау карталарын түсiнуі және пайдалануы;
      ұшу негiздерi;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      3) түнгi уақыттағы кемiнде 30 с ұшуды қоса алғанда, маршрут бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде кемiнде 200 с ұшудың болуы;
      ұшуда әуе кемесiнiң орнын анықтай алуы және автономиялық навигациялық жүйелер мен сыртқы құралдарға бағдарланған навигациялық жүйелердi пайдалана отырып, әуе кемесiнiң навигациясын жүзеге асыру үшiн осы ақпаратты қолдана алуы;
      әуе кемесi штурманының мiндеттерiн орындай алуы, сондай-ақ:
      қауiп-қатер және қате факторларын тани және бақылай алуы;
      дұрыс шешiмдер қабылдай алуы және ұшуда байқауды бiлiктiлiкпен жүзеге асыра бiлуi;
      аэронавигация саласындағы бiлiмiн қолдана бiлуi;
      бiрыңғай экипаждың барлық мiндеттерiн орындауы;
      ұшу экипажының басқа мүшелерiмен пәрмендi түрде сөйлесудi жүзеге асыруы;
      4) бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      52. Штурман куәлiгiнiң иегерi осы Бiлiктiлiк талаптарында көрсетiлген талаптардың сақталуы шартымен куәлiкте тиiстi бiлiктiлiк белгiлерi болған кезде әуе кемесiнiң кез келген түрiнде штурманның функцияларын жүзеге асырады.

23. Бортрадист куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар

      53. Бортрадист куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      бортрадистiң мiндеттемелерi бөлiгiнде азаматтық әуе кемелерiн пайдалануды реттейтiн қағидалары;
      негiзгi метеорологиялық элементтер, жағдайлар және оларға байланысты пайдалану аспектiлерi;
      ұшу үшiн қауiптi метеорологиялық жағдайлар, ерекше ауа райы жағдайы және оларға байланысты пайдалану аспектiлерi;
      метеорологиялық кодтар мен болжамдармен практикалық жұмысы;
      радиожабдықтар және оны пайдалануы;
      әуе кемелерiнiң электр жабдықтары және оны пайдалануы;
      ұшу ақпаратын жинау құралдарының мақсаты, олармен шешiлетiн мiндеттер, пайдалану қағидалары;
      әуе кемелерiнiң авариялық-құтқару жарақтарының мақсаты, пайдалану қағидалары;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      телеграф әлiппесi, Морзе әлiппесiнiң сигналдарын тыңдап қабылдау;
      телеграф кілті бойынша хат-хабарды қабылдай және бере алуы;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерiн бортрадистке қолдану;
      3) бортрадистiң бақылауымен 50 с аспайтын ұшудың нақты шарттарын елiктеп көрсететiн кешендi тренажерде ұшу қосылған болуы мүмкiн әуе кемесiнде бортрадист ретiнде кемiнде 100 с ұшудың болуы;
      4) екінші класты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      54. Бортрадист куәлiгiнiң иегерi Бiлiктiлiк талаптарында көрсетiлген бiлiмi мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерiнiң кез келген түрiнде бортрадистiң функцияларын жүзеге асырады. 

24. Бортинженерге (бортмеханикке) қойылатын біліктілік талаптары

      55. Бортинженер (бортмеханик) куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мынадай салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      отын, жағармай материалдарын және майлау жүйелерiн берудi реттеудi, форсаждық камералар мен бүрку жүйелерiн орнатуды, қозғалтқыштарды оталдыру және iске қосу жүйелерiнiң мақсаты мен қағидаттарын қоса алғанда, күш қондырғыларын, газ-турбиналық және/немесе поршеньдi қозғалтқыштарды қондырудың негiзгi қағидаттары, отын сипаттамалары, отын жүйелерi;
      әуе кемелерiнiң жұмыс қағидаттары, олардың күш қондырғыларын пайдалану мен шектеу қағидалары, атмосфералық жағдайдың қозғалтқыштардың сипаттамаларына әсерi;
      басқару органдарының планерлерi, дөңгелек шассиiнiң, тежегiштердiң, газға қарсы қондырғылардың, коррозия бойынша ресурстың конструкциялары және материалдардың тозуы, конструкцияның зақымдануы мен ақауларын табуы;
      мұздануға қарсы және су жұқпайтын жүйелері;
      ауа үрлеу және кондиционерлеу жүйелерi, оттегi жүйелерi;
      гидравликалық және пневматикалық жүйелері;
      электротехника негiздерi, тұрақты және ауыспалы ток электр жүйелерi, әуе кемелерiнiң электр сымы, металдандыру және экрандау жүйелерi;
      приборлық жабдық, компастар, автопилоттар, байланыс радио жабдығы, радинавигациялық және радиолокациялық құралдар, ұшуды басқару жүйелерiнiң, димплейлер мен авиациялық электронды жабдық жұмысының қағидаттары;
      әуе кемелерiн шектеу;
      өрт сигнал беру жүйелерi және өртке қарсы жүйелер;
      тиiстi әуе кемелерi жабдықтары мен жүйелерiн пайдалану және тексеру;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына және әуе кемесiнiң басқарылу сипаттамаларына бөлу, масса мен центровканы есепке алу әсерi;
      крейсерлiк режимде ұшу қағидаларын қоса алғанда, ұшу-қону сипаттамалары туралы деректердi пайдалану және практикалық қолдану;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, бортинженерге (бортмеханикке) қолданғандағы адамның мүмкiндiктерi;
      техникалық қызмет көрсету, ұшу жарамдылығын ұстап тұру қағидалары, дефектациялау, ұшу алдындағы тексеру, отын құю кезiнде абайлаушылық шараларын сақтау және орнатылған жабдық пен кабина жүйелерiнiң сыртқы қоректену көздерiн қолдану;
      қалыпты, ерекше және авариялық жағдайдағы iс-қимыл тәртiбi;
      жүк тасымалдаудың және қауiптi жүктердi пайдалану қағидалары;
      аэродинамика негiздерi;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      бортинженердiң (бортмеханиктiң) бақылауымен 50 с аспайтын ұшудың нақты шарттарын елiктеп көрсететiн кешендi тренажерде ұшу қосылған болуы мүмкiн әуе кемесiнде бортинженер (бортмеханик) ретiнде кемiнде 100 с ұшудың болуы;
      5) екінші класты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      Бортинженерде кәсiптiк жоғары бiлiмiнiң болуы, ал бортмеханикте – кәсiптiк орта арнайы бiлiмiнiң болуы қажет. 

25. Бортжолсерiгi куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар

      56. Бортжолсерiгi куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланужәне авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, бортжолсерiгiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      әуе кемелерiнiң жабдықтары;
      авариялық жағдайлар және өмiршеңдiгі;
      әуе тасымалдарын ұйымдастыру;
      авиациялық медицина және алғашқы көмек көрсетуі;
      3) кемiнде 30 с көлемiнде рейстiк жағдайда тренажерде қажеттi дайындықтан және тағылымдамадан өтуi;
      4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      57. Осы Біліктілік талаптарының шарттары кезінде, куәлікте әуе кемесінің үлгісі туралы біліктілік белгісі болған кезде бортжолсерiгi куәлiгiнiң иегерi осы Бiлiктiлiк талаптарында көрсетiлген бiлiмi мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерiнiң кез келген түрiнде бортжолсерiгiнiң функцияларын жүзеге асырады. 

26. Бортоператор куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар

      58. Бортоператор куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан жоғары;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, бортжолсерiгiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерiн;
      әуе кемелерiнiң жабдықтары;
      авариялық жағдайлар – қауiпсiздiк және өмiршеңдiгі;
      әуе тасымалдарын ұйымдастыруы;
      авиациялық жұмыстарды және әуе тасымалдарын ұйымдастыруы;
      басқа да арнайы мiндеттердi орындауы;
      3) кемiнде 30 с көлемiнде рейстiк жағдайда тағылымдамадан, егер қажет болса - тренажерде дайындықтан өтуi;
      4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      59. Осы Біліктілік талаптарының сақтау шарттары кезінде, куәлікте әуе кемесінің үлгісі туралы біліктілік белгісі болған кезде бортоператор бiлiмi мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерiнiң кез келген түрiнде бортоператорының функцияларын жүзеге асырады. 

27. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
жөнiндегi маманға (инженер/техник/механик) қойылатын біліктілік талаптары

      60. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi куәлiкті алу үшін үміткердің жасы 18 жастан үлкен болуы қажет.
      61. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi куәлiкті алу үшін үміткердің бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      1) әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сертификаттау және ұстап тұратын процесiн реттейтiн ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру әдiстерi мен рәсiмдерiн қоса алғанда, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      2) математика негiздерi; өлшем бiрлiктерi; физика мен химияның iргелi қағидатары мен теориялық негiздерi;
      3) әуе кемелерi жүйелерiнiң конструкциялары мен жұмыс iстеуiн жобалау қағидаттарын, жинау әдiстерiн; күш қондырғыларын және олармен байланысты жүйелердi; механикалық, гидравликалық, электр және электрондық қоректендiру көздерiн; аспаптық жабдықтарын және әуе кемелерiн индикациялау жүйелерiн; әуе кемесiн басқару жүйелерiн және навигациялық және байланыс жабдықтарының борттық жүйелерiн қоса алғанда, материалдардың сипаттамалары және оларды әуе кемелерiн жобалау кезiнде қолдануы;
      4) әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтауға қажеттi жұмыстарды орындау, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi тиiстi басымшылықтарда көзделген әдiстемелерге сәйкес әуе кемесiн күрделi жөндеу, ағымдағы жөндеу, конструкциясын, оның компоненттерiн және жүйелерiн тексеру, ауыстыру, түрлендіру және ақауларын жою әдiстерi мен рәсiмдерi;
      5) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге қолданғандағы адамның мүмкiндiктерi.
      62. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «А» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың базалық элементтерiмен танысуы;
      2) жалпы сөздердi немесе мысалдарды пайдалана отырып, тұтастай алғанда затқа жай сипаттама беруге қабiлеттi болуы;
      3) үлгi терминдердi пайдалана бiлуi қажет.
      63. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «В1» және «В2» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың теориялық негiздерiн түсiнуi, егер қолдануға келсе, үлгi мысалдарды пайдалана отырып, затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды оқи бiлуi және түсiнуi;
      2) нақтыланған рәсiмдердi пайдалана отырып, өзiнiң бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.
      «В1» немесе «В2» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн сұрау салынатын қызмет саласындағы бiлiмiн көрсетуге жол берiледi.
      64. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «С» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың теориясын және басқа заттармен өзара байланысын бiлуi, теориялық негiздер мен мысалдарды пайдалана отырып, затқа егжей-тегжейлi сипаттама бере бiлуi, затқа қатысты математикалық формулаларды түсiнуi және пайдалана бiлуi, затты сипаттайтын мақалаларды, жай сызбаларды және схемаларды оқи алуы, түсiне және дайындай бiлуi;
      2) пайдалану құжаттамасын қолдана отырып, өз бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.
      65. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерi берiлген құқықтарда көзделген функцияларды өзiнiң орындау қабiлетiн көрсетуге тиiс.
      66. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерi техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртiбiн айқындайтын пайдалану және өзге құжаттама айтылған тiлде түсiнудiң қолайлы деңгейiмен оқи бiлуiн көрсетуге тиiс.
      67. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман:
      1) "А" бiлiктiлiк белгiсi бары әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi, "B1", "B2" немесе "С" белгiлерi иелерiнiң бақылауымен лицензияға жазылған жұмыстардың айрықша түрлерiне қойылатын шектеулер шегiнде жедел техникалық қызмет көрсетудi және ақауларды жоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      2) "А6" бiлiктiлiк белгiсi бар әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi, жедел техникалық қызмет көрсетудi және ақауларды жоюды, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды дербес орындайды;
      3) "А7" бiлiктiлiк белгiсi бар аса жеңiл әуе кемесiне қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi жұмыстардың барлық түрлерiн, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды дербес орындайды;
      4) оның планерiнiң агрегаттарына, күш қондырғыларына және оның жүйелерiнiң элементтерiне қызмет көрсету мен ауыстыруды, олардың жарамдылығын тексеру үшiн жай тестiлеудi талап ететiн электр жүйесi блоктарын, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтарын ауыстыруды қоса алғанда, әуе кемесiне қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ "А" бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес келетiн функцияларды орындайды;
      5) "В2" бiлiктiлiк белгiсi бар электр жүйелерiне, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      6) "С" бiлiктiлiк белгiсi бар қызмет көрсетiлетiн әуе кемесiне арналған пайдалану құжаттамасында белгiленген шекте кез келген көрме мен еңбектi қажет ететiн әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету және жөндеудi ұйымдастыру жөнiндегi функцияларды орындайды, сондай-ақ ұшу жарамдылығын анықтау және тиiстi қорытындыға қол қою жөнiндегi функцияларды орындайды;
      7) "А1" немесе "В1.1" бiлiктiлiк белгiсi бар турбиналық қозғалтқышы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      8) "А2" немесе "В1.2" бiлiктiлiк белгiсi бар поршеньдi қозғалтқышы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      9) "A3" немесе "В1.3" бiлiктiлiк белгiсi бар турбиналық қозғалтқышы бар тiкұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      10) "А4" немесе "В1.4" бiлiктiлiк белгiсi бар поршеньдi қозғалтқышы бар тiкұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      11) "А5" немесе "В1.5" бiлiктiлiк белгiсi бар дирижабльдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      12) "А6" немесе "В1.6" бiлiктiлiк белгiсi бар ең жоғары ұшу массасы 5700 кг дейiн поршеньдi қозғалтқышы бар, коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      13) "А7" бiлiктiлiк белгiсi бар аса жеңiл әуе кемелерiне қызмет көрсету жөнiндегi функцияларды орындайды.
      68. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманның функцияларды орындау жөнiндегi бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн мынадай тәжiрибесi болуы тиiс:
      1) "А" санатындағы "В1.2" және "В1.4" бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      орта (толық) бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде үш жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      орта кәсiптiк бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде екi жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      орта кәсiптiк арнайы бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде бiр жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      2) "В2" бiлiктiлiк белгiсiн және "В1.1" және "В1.3" санаттарын алу үшiн:
      пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде бес жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк арнайы орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде екi жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      3) ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiн қоса алғанда, әуе кемелерiне қызмет көрсету құқығымен "С" бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiнде "В1.1", "В1.3" немесе "В2" санаттағы бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiнде "В1.2", "В1.4" санаттағы бiлiктiлiк белгiсiнiң немесе "В2" бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, кемiнде бес жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      жоғары техникалық бiлiмi болған кезде базалық техникалық қызмет көрсетудi (техникалық қызмет көрсетудiң ауыр нысандарын) орындау бойынша алты айды қоса алғанда, өндiрiстiк жағдайда әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      4) жеңiл әуе кемелерiне қызмет көрсету құқығымен "С" бiлiктiлiк белгiсi үшiн - "В1" немесе "В2" бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      5) "А6", "А7" және "В1.6" бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн:
      орта (толық) бiлiмi немесе кәсiптiк орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк арнайы орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде алты ай практикалық жұмыс тәжiрибесi.
      69. "А", "В1" және "В2" бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн тәжiрибе әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша практикалық жұмыс барысында алынады.
      70. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша мемлекеттiк немесе экспериментальдық авиацияда алынған жұмыс тәжiрибесi, егер бiлiктiлiк деңгейi бойынша осы Бiлiктiлiк талаптарына баламалы болса, ескерiледi. Бұл ретте әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi маманда азаматтық авиацияда әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша алдағы 12 ай бойы кемiнде 6 ай жұмыс тәжiрибесi болуы тиіс. 

28. Ұшуға қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерге қойылатын талаптар

      71. Ұшуға қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердің куәлiгін алу үшін үмiткердің:
      1) жасы 21 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;
      әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
      ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
      компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
      авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      3) жұмыс тәжiрибесi кемiнде бiр жылды құрауы шартымен тәжiрибенiң кез келген қиюласуында бір немесе бірнеше (қиюласуында) функцияларды орындау жөнінде кемінде екі жыл тәжірибесі болуы;
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемесiнiң ұшу экипажы мүшесiнiң, немесе
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ететiн ұйымдағы метеорологтың, немесе
      әуе қозғалысын басқару диспетчерiнiң немесе ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерлердiң немесе коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерiнiң ұшуын жүргiзетiн қызметтiң техникалық қызметкерінің; немесе
      әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде әуе кемелерiнiң ұшуына қызмет көрсетуде көмек көрсететiн қызметкер ретiнде кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлiнiң болуы; немесе
      бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өтуi және өтiнiш беру алдында тiкелей кемiнде 90 жұмыс күнi 6 ай бойы ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердiң бақылауымен жұмыс iстеуi;
      дәл есептемелер жүргiзуi және күн сайынғы синоптикалық карталар мен ауа райы шолулары бойынша ауа райы талдауын жүргiзуi, нақты әуе жолы аудандарында ауа-райы жағдайы туралы нұсқау беруi, тағайындалған әуежайларда және қосалқы әуежайларда әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде ауа райын болжамдауы;
      осы учаскеге арналған ұшудың оңтайлы траекториясын айқындауы және ұшу жоспарларын дайындауы;
      қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ұшу кезiнде ұшу экипажына жедел бақылау жүргiзу және көмек көрсету.
      72. Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi осы Бiлiктiлiк талаптарының сақталуы шартымен жүзеге асыру үшiн қажеттi бiлiмiнiң болуы шартымен кез келген өңірде белгiленген қызметтi жүзеге асыру үшін қажетті білімі және қолданыстағы үшінші класты медициналық қорытынды болуы жағдайында ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердiң/ұшу диспетчерiнiң функцияларын жүзеге асырады.

29. ӘҚҚ диспетчерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      73. Үмiткер ӘҚҚ диспетчерiнiң куәлiгiн алу үшiн мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
      1) жасы 21-ден үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындығының және осы Бiлiктiлiк талаптарының 29-тарауы 75-83-тармақтарында көзделген бiлiмi болуы;
      3) осы Бiлiктiлiк талаптарының 29-тарауының 84-тармағында көзделген тәжiрибесi мен шеберлiгiнiң болуы;
      4) үшiншi класты қолданыстағы медициналық қорытындысының (сертификатының) болуы тиiс.
      74. ӘҚҚ диспетчерiнiң куәлiгi бар адамдар төменде көрсетiлген бiлiктiлiк белгiлерiнiң (рұқсаттарының) бiреуiн алғаннан кейiн өз функционалдық мiндеттерiн орындауға жiберiледi:
      1) брифинг диспетчерлiк пунктi;
      2) рульдеу диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – РДП);
      3) старттық диспетчерлiк пункт (бұдан әрi – СДП);
      4) мұнара диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – МДП);
      5) шеңбер диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ШДП);
      6) жақындау диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ЖДП);
      7) жергiлiктi диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ЖДП);
      8) аудандық диспетчерлiк пункт (орталық) (бұдан әрi – АДП немесе АДО);
      9) диспетчер – нұсқаушысы;
      10) аға диспетчер;
      11) ұшу басшысы;
      12) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестiру диспетчерi;
      13) Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының (бұдан әрi – ӘҚЖБО) ауысым бастығы.
      75. Диспетчердiң мынадай бiлiмi болуы тиiс:
      Әуе құқығы бойынша:
      1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негiзгi ережелері:
      жалпы ережелер;
      әуе кеңiстiгiн пайдалану;
      Қазақстан Республикасы авиациясының құрамы;
      әуеайлақтардың сыныптамасы;
      әуе кемелерiнiң сыныптамасы;
      әуе қозғалысы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидасының негiзгi ережелерi:
      жалпы ережелер;
      Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
      Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбi;/
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      эшелондау;
      әуе трассаларымен, жергiлiктi әуе желiлерiмен және әуе трассаларынан тыс бағыттармен, жергiлiктi әуе желiлерiмен ұшу қағидасы;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан ұшып өту. Шекаралық белдеу және онда ұшу ерекшелiктерi;
      Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнiң сақталуын бақылау;
      ұшу жоспарларын және әуе кеңiстiгiн пайдалану өтiнiмдерiн, әуе кемелерiнiң қозғалысы туралы хабарламаларды беру тәртiбi;
      әуе кеңiстiгiн пайдалануға уақытша режимдер мен қысқа мерзiмдi шектеулер қою тәртiбiн әзiрлеу және белгiлеу.
      76. Ұшу қағидасы мен әуедегi навигация негiздерi:
      1) ұшу қағидасы:
      анықтамаларды бiлу;
      жалпы ережелер;
      әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ету;
      әуе кемелерiнiң ұшуы (негiзгi талаптар, ұшуларды орындау, ерекше жағдайларда ұшу, ұшудағы ерекше жағдайлар);
      iздестiру және құтқару;
      апат және шұғылдық сигналдарының тiзбесi;
      апат сигналы мен хабарламасын беру тәртiбi;
      азаматтық әуе кемелерiн ұстау;
      2) әуе навигациясының негiздерi:
      ұшу бағыттары, ұшу бұрыштары, азимут (пеленг, бағыт бұрышы);
      жылдамдықтың навигациялық үшбұрышы және оның элементтерi;
      ұшу жылдамдығы;
      ұшу биiктiгi мен қауiпсiз ұшу биiктiгiн есептеу;
      ӘҚҚ-ға байланысты әуедегi навигация мiндеттерiн шешу.
      77. ӘҚҚ-ға байланысты авиациялық оқиғалар:
      1) себеп салдары, авиациялық оқиғаларды зерттеу қорытындылары бойынша кемшiлiктер мен ұсынымдар;
      2) авиациялық оқиғалар туралы жалпы ережелер, анықтамалар, сыныптамалар мен хабарландырулар.
      78. Әуе қозғалысына қызмет көрсету:
      1) ӘҚҚ-ға қатысты бөлігінде ұшуды орындауды реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлер;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету нұсқаулығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген):
      анықтамалар мен жалпы ережелер;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметi және оның жұмысын ұйымдастыру;
      әуе кеңiстiгiн ұйымдастыру;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
      әуе қозғалысын жоспарлау және ағындарын ұйымдастыру;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      ұшу-ақпараттық қызмет көрсету;
      авариялық хабарлау қызметi;
      бақылау негiзiнде қызмет көрсету;
      3) әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерiнiң жұмыс технологиясы:
      жалпы ережелер;
      кезекшiлiкке дайындалу және кезекшiлiктi қабылдап алу;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетудi беру межелерi;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      ерекше жағдайларда ұшу және ұшудағы ерекше жағдайлар кезiндегi әуе қозғалысына қызмет көрсету.
      79. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекiтiлген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6635 нөмiрiмен тiркелген):
      радиоалмасудың жалпы қағидалары;
      радиохабар тарату кезiнде қолданылатын радиоалмасу фразеологиясы;
      авариялық және шұғыл байланыс қағидалары;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң диспетчерлiк пункттерi арасында ақпаратпен алмасу.
      80. Авиациялық метеорология:
      авиациялық метеорологияның негiзгi теориялық мәселелерi;
      авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етудi регламенттейтiн құжаттардың негiзгi ережелерi;
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2010 жылғы 28 қыркүйектегi № 252-ө және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 28 қыркүйектегi № 435 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидасына сәйкес әзiрленген. Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6600 нөмiрiмен тiркелген);
      метеорологиялық байқаулар мен жиынтықтар;
      әуе кемелерiнiң бортынан байқау және хабарлау;
      ауа райы болжамдары;
      қауiптi метеорологиялық жағдайлар мен ауа-райы құбылыстары туралы ескертулер;
      ауа райының авиациялық карталары;
      әуедегi ӘК экипаждарын метеоақпаратпен қамтамасыз ету.
      81. Қолданылатын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс құралдары:
      1) радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтардың және авиациялық электр байланыс құралдарының тактикалық-техникалық сипаттамалары;
      2) радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтарды орналастыру және олардың жұмыс iстеу қағидаты.
      82. Шет тiлi:
      1) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде радиобайланыс жүргiзе бiлу;
      2) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде сөйлесе алу және оны түсiну;
      3) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде шығарылған аэронавигациялық ақпарат құжаттарын қолдана бiлу.
      83. Адамның әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мүмкiндiктерi мен шектеулерi:
      1) адам факторының әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiндегi ықпалы;
      2) Аэродинамика негiздерi, ӘК-нiң ұшу-техникалық сипаттамалары:
      ӘК-нiң негiзгi геометриялық көрсеткiштерi;
      ӘК-нiң негiзгi аэродинамикалық сипаттамалары;
      ӘК қанатын механикаландыру;
      атмосферадағы жағдайлардың ӘК-нiң аэродинамикалық сипаттамаларына әсерi.
      84. Диспетчер мына салаларда тәжiрибелi және бiлiмдi болуы тиiс:
      1) жұмыс технологиясына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыру;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу қағидалары мен фразеологиясын бiлу;
      3) әуедегi және метеорологиялық жағдайды талдай келе, түрлi жағдайларда дұрыс және дер кезiнде әрекет ету;
      4) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарын жұмыс барысында дұрыс қолдану;
      5) шектес диспетчерлiк пункттермен, ӘК ұшуларын қамтамасыз ететiн және бақылайтын қызметтермен және органдармен бiрлесiп әрекет ету;
      6) әуеайлақтағы және(немесе) жауапкершiлiк аймағындағы апатқа ұшыраған ӘК-ға көмек көрсету үшiн тиiстi қызметтердi дер кезiнде ақпараттандыру.
      85. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң бiлiмiне осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      1) брифинг диспетчерлiк пунктiне рұқсат алу кезiнде:
      әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары;
      әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;
      2) РДП, СДП, МДП, ШДП, ЖДП-ға рұқсат алу кезiнде:
      әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары және көзбен шолу құралдары;
      әуеайлақ ауданындағы әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;
      3) АДП (АДО) немесе ЖДП-ға рұқсат алу кезiнде:
      әуеайлақтың бас жоспары және физикалық сипаттамалары;
      әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының және әуе қозғалысы ағынының сипатты ерекшелiктерi;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс- қимылдар жоспары.
      86. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң машықтарына (машықтануына) осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      Үмiткер бекiтiлген бағдарлама бойынша теориялық дайындық курсынан және ӘҚҚ диспетчерiнiң (нұсқаушысының) жетекшiлiгiмен машықтанудан жақсы өттi деп саналады, егер ол:
      1) брифинг диспетчерлiк пунктiнде бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына қызмет көрсетудi кемінде 140 с жүзеге асырған болса;
      2) РДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 140 с жүзеге асырған болса;
      3) СДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 280 с жүзеге асырған болса;
      4) ЖДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 280 с жүзеге асырған болса;
      5) ШДП, МДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 430 с жүзеге асырған болса;
      6) ЖДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 430 с жүзеге асырған болса;
      7) ЖДП-дағы тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты ұшудың орындалуын кемінде 280 с қамтамасыз еткен болса;
      8) АДП-дағы (АДО-дағы) радиолокациялық бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 460 с жүзеге асырған болса;
      9) АДП-дағы (АДО-дағы) тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты ұшудың орындалуын кемінде 280 с қамтамасыз еткен болса;
      10) диспетчер-нұсқаушының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде үш жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
      11) аға диспетчердiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, ӘҚҚ-ны бақылауды және ұйымдастыруды кемінде 310 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде үш жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
      12) ұшу басшысының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, әуе қозғалысына қызмет көрсетудi бақылау мен ұйымдастыруды кемінде 310 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде алты жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
      13) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестiру диспетчерiне қатысты әуе қозғалысын жоспарлауды, бақылауды және үлестiрудi бөлiмшеде 300 с бойы қамтамасыз еткен болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi талап етiледi;
      14) ӘҚЖ БО-ның ауысым бастығының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, әуе қозғалысын жоспарлауды бақылау мен ұйымдастыруды кемінде 300 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде кемінде екi бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде бес жыл жұмыс өтiлi талап етiледi.
      87. Егер диспетчерде басқа санаттағы ӘҚҚ диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi немесе басқа бөлiмше бойынша тура осы бiлiктiлiк белгiсi бұрыннан болса, талаптар дәрежесi жоғарыда аталған талаптардан 30%-ға дейiн азаюы мүмкiн.
      88. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң шеберлiгiне осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      Үмiткер қауiпсiз, ретке келтiрiлген және жедел диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн талап етiлетiн шешiм қабылдау және мiндеттердi орындау шеберлiгi мен қабiлетiн берiлетiн құқықтарға сай деңгейде көрсете бiлдi.
      89. ӘҚҚ диспетчерiнiң екi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) бiрге сұраған жағдайда, куәлiк беретiн өкiлеттi орган әрбiр бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты талаптарды анықтайды.
      90. Төменде көрсетiлген бiр немесе бiрнеше бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) қойылған ӘҚҚ диспетчерi куәлiгi иесiнiң құқықтары:
      1) брифинг диспетчерлiк пунктiнiң немесе әуеайлақ ауданындағы диспетчерлiк пункттiң (АДО) (РДП, СДП, МДП, ШДП) диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуеайлақта әуеайлақтық диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
      2) ЖДП диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – жақындау кезiнде (Approach) диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн диспетчерлiк органның құзырындағы осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде әуеайлаққа немесе әуеайлақтарға жақындау кезiнде диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
      3) АДП-дағы (АДО-дағы) радиолокациялық бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде радиолокаторды қолданып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданында диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
      4) АДП-дағы (АДО-дағы) тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде стриптердi немесе графикалық бақылауды қолданып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданында ұшулардың орындалуын қамтамасыз етедi және/немесе диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етудi бақылайды.
      91. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi бiлiктiлiк белгiсiнде көзделген функцияларды 6 ай iшiнде жүзеге асырмаған жағдайда, бiлiктiлiк белгiсi күшiн жоғалтады. 

30. Аса жеңiл авиацияның кемелерiне техникалық қызмет көрсету
және оларды жөндеу жөнiндегi маманға (техник/механик)
қойылатын біліктілік талаптары

      92. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiне үмiткер 18 жастан үлкен болуы қажет.
      93. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң үмiткер бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      1) әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сертификаттау және ұстап тұратын процесiн реттейтiн ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру әдiстерi мен рәсiмдерiн қоса алғанда, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерiне қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      2) математика негiздерi, өлшем бiрлiктерi, физика мен химияның iргелi қағидаттары мен теориялық негiздерi;
      3) аса аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi тиiстi басшылықтарда көзделген әдiстемелерге сәйкес әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сақтау, күрделі жөндеу әдістері мен рәсімдері, ағымдағы жөндеу, тексерулер, ауыстыру, әуе кемесін және оның құрауыштары мен жүйелерін жаңғырту немесе конструкцияларының ақауларын жою үшін қажетті жұмыстарды орындау.
      94. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманға мыналар қажет:
      1) заттың теориялық негiздерiн түсiнуi;
      2) егер қолдануға келсе, үлгi мысалдарды пайдалана отырып, заттың жалпы сипаттауын бере білу;
      3) затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды оқи бiлуi және түсiнуi;
      4) нақтыланған рәсiмдердi пайдалана отырып, өзiнiң бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.
      95. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманға: тәжiрибе болуы:
      орта (толық) бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде бiр жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      орта кәсiптiк бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде алты ай техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы тиіс.

Тізбеге 
5 қосымша 

Авиация персоналының 
шет мемлекеттер берген
куәлiктерiн тану ережесiне
1-қосымша      

Нысаны 
 

Елтаңба
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы

Авиациялық персоналдың шетел мемлекетi берген куәлiгiн тану өтiнiшi
 

Personal Data /Персоналдың деректерi:
Last Name/Тегi:...........            Given Names/Аты:............
Address/Мекенжайы:........            Date of Birth/Туған күнi:...
Employing Company/Авиакомпания:.      Passport No/ төлқұжат №.....
Licence to be validated/.......       Number/ Нөмiрi:.............
Валидацияға берiлген авиациялық
персонал куәлiгi
Licence Data/Лицензияның деректерi:
Type of Licence/Лицензия үлгiсi:...
Licence Number/Лицензия нөмiрi:....
Type Ratings/ Рұқсаттар:....... Limitations/Шектеулер:.....
Issued by/Берiлген орны:....... Expiry Date/Қолданылу мерзiмi:
Medical Declaration/Медициналық сертификат (ұшқыштар және диспечерлер құрамының):
Type of Certificate (Class 1/Class 2).. Latest Examination Date:..
Сертификат сыныбы (1-сынып/2-сынып)     Соңғы тексеру күнi:
Expiry Date/Қолданылу мерзiмi:....      Limitations/Шектеулер:...
Flying Experience/ Ұшу уақыты (ұшқыштар құрамының):
Total hours on A/C Type Requested:...   Total Night Flight Time:
әуе кеменiң сұратылған үлгiсiндегi
жалпы ұшу сағаттары                     Жалпы түнгi ұшу сағаттары
Total Flight Time as Pilot In Command (PIC)..
Әуе кеме командирiнiң жалпы дербес ұшуы
Total hours as First Officer.......
Екiншi пилот ретiнде жалпы ұшу
Total PIC on Multi Crew Aircraft *      Total Instrument Time:
Көп қозғалтқышты әуе кемесiмен          Аспап бойынша ұшу ережесi
жалпы дербес ұшу....                    бойынша жалпы ұшу:
Total Time:.........
Жалпы ұшу:
      * (Captain on MPA + 50% Co Pilot on MPA) * (Көп қозғалтқышты әуе кеменiң командирi +50% көп қозғалтқышты әуе кеменiң екiншi пилоты)
Currency Data/Қолданылу мерзiмi туралы деректер:   Landings within 90 days >3? (Y/N) / 90 күн iшiндегi қонулар >3? (ия/жоқ)
Latest Proficiency Check Date / Тренажерден өту күнi:
..................
Name of Examiner / Нұсқаушы: ...................................
Latest Date Flown / Алдыңғы ұшу күнi: ..........................
                             DECLARATION
                                ӨТIНIШ

I hereby declare that the above supplied information is truthful and correct. I am aware that I may not exercise privileges other than the privileges authorized by my licence under its conditions and limitations, and which may be further limited by the Department of Civil Aviation Authority Republic of Kazakhstan.
Өзiм берген ақпараттың дұрыс екендiгiн растаймын. Менiң лицензиямда жазылған немесе Қазақстан Республикасының Авиациялық билiк орындары белгiлеген бiр де бiр шектеулерден асырмауға тиiс екендiгiмнен хабардармын.
______________________________________________________________
      Date/Күнi:.................
      Signature of Applicant/Қолы: ___________________