«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 131-ө Өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл № 1) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерінде:
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзге де талаптарын ескере отырып жүргізіледі.»;
15-тармақта:
2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«егер ұсынылған өнім, материал және (немесе) бұйым санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісі болып табылмаса;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қолданыстағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.»;
18-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мынадай қорытындыларды қамтиды:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі туралы;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес еместігі туралы.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М.Бекшин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Г.С.Төлебаева) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова