«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабы 3-тармағына, 67, 84-баптарына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесінің 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындауға қажетті қызмет өткергенін және ақшалай үлесінің мөлшерін растайтын құжаттардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті (Ә.Қ. Мақанова) заңнамалық тәртіпте белгіленген осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық орындалу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарына, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-ге, Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетіне, облыстық және оларға теңестірілген прокурорларға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы С. Есқараев атындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу институтына жолдансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә.Ахметовке және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркельге жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
____________ А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________ Г. Әбдіқалықова
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 135 және
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 430-Ө бірлескен бұйрығына
қосымша
Прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындауға қажетті қызмет өткергенін және ақшалай үлесінің мөлшерін растайтын құжаттар тізбесі
Прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындауға қажетті қызмет өткергенін және ақшалай үлесінің мөлшерін растайтын құжаттар тізбесіне:
1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша прокуратура органдарының елтаңбалық мөрімен куәландырылған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шығуға стаж белгілеу бойынша прокуратура органдары комиссиясының қорытындысы;
прокуратура органдарының елтаңбалық мөрімен куәландырылған қызметтік тізімі;
прокуратура органдарының елтаңбалық мөрімен куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
әскери билетінің көшірмесі;
2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай үлесі төленген күні көрсетілген ақшалай үлесінің мөлшері туралы анықтама;
қызметтен босатылған күні және босатылу себебі туралы бұйрықтың көшірмесі кіреді.
Прокуратура органдары қызметкерлерінің
еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы
тағайындауға қажетті қызмет өткергенін
және ақшалай үлесінің мөлшерін
растайтын құжаттар тізбесіне
1 қосымша
нысан
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шығуға стаж белгілеу жөніндегі Қазақстан Республикасы прокуратура органы комиссиясының қорытындысы
Астана қаласы 20 __ жылғы «__» __________
Тегі, аты, әкесінің аты ________________19 __ жылғы «__»_______
Сыныптық шені: ________________________________________________
ҚР прокуратура органының 20___ жылғы «____» __________ бұйрығымен 20___ жылғы «____» __________ бастап ______________ себепке байланысты жұмыстан босатылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысыменбекітілген Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң ережесiне сәйкес жеке ісінің материалдарын тексеріп, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шығуға құқық беретін стажын белгілейді.
Еңбек сіңірген жылдары жұмыстан босатылған күнге:
күнтізбелік есептеуде __ жыл __ ай __ күнді,
жеңілдікпен есептеуде __ жыл __ ай __ күнді,
01.01.1998 жылға еңбек сіңірген жылдарына __ жыл __ ай __ күнді құрайды.
Еңбек стажы жұмыстан босатылған күнге:
күнтізбелік есептеуде __ жыл __ ай __ күнді,
жеңілдікпен есептеуде __ жыл __ ай __ күнді,
еңбек стажы 01.01.1998 жылға __ жыл __ ай __ күнді құрайды.
Комиссия төрағасы, лауазымы ______________________________ ТАӘ
(қолы)
Комиссия хатшысы __________________________________ ТАӘ
(қолы)
Комиссия қорытындысымен таныстым
және келістім_______________ қызметшінің Т.А.Ә
(қолы)
Прокуратура органдары қызметкерлерінің
еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы
тағайындауға қажетті қызмет өткергенін
және ақшалай үлесінің мөлшерін
растайтын құжаттар тізбесіне
2 қосымша
нысан
Тапсыру күні 2011 жылғы «__» __________
Шығ. №______
Ақшалай үлесінің мөлшері туралы анықтама
_____________________________________________________________________
(прокуратура органының атауы)
жұмыстан босатылған күнге ақшалай үлесі
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(лауазымы)
_____________________________________________________________________
(сыныптық шені)
_______ теңгені, оның ішінде лауазымдық жалақысы_______теңгені, сыныптық шеніне төленетін үстемеақы_______теңгені құрайтынын осымен куәландырылады.
Ақшалай қаражат 20__жылғы «__» __________ дейін төленді.
Басшы_____________________________________ Т.А.Ә.
(қолы)
Бас бухгалтер______________________________ Т.А.Ә.
(қолы)
М.О.