Ескерту. Күші жойылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.11.2021 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылар назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6863 болып тіркелген) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
13 және 14-қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛГЕН" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық Банкі Төрағасы | |
Г. Марченко | |
2011 жылғы 4 қарашада |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 18 шілдедегі № 196 бұйрығына 1-қосымша | |||||||||||||||
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына 13-қосымша | ||||||||||||||||
Ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан Статистическая форма по ведомственному статистическому наблюдению | Приложение 13 к приказу исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 21 декабря 2010 года № 351 | |||||||||||||||
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тапсырылады. Представляется Национальному Банку Республики Казахстан. | ||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады. Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz. | ||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйекті емес деректерді беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями и влекут за собой ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан. | ||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 7551201 Код статистической формы 7551201 | Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшасының айналымдары (кассалық айналымдары) туралы есеп | |||||||||||||||
10-СБ | Отчет об оборотах наличных денег (кассовые обороты) банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций | |||||||||||||||
Айлық Месячная | Есепті кезең Отчетный период | жыл год | ||||||||||||||
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің филиалдары. Представляют банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, а также филиалы Национального Банка Республики Казахстан. | ||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі: есеп беру мерзімінен кейінгі 5-жұмыс күні. Срок представления: на 5-ый рабочий день после отчетного периода. | ||||||||||||||||
БСН коды Код БИН |
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшасының айналымдары (кассалық айналымдары) туралы есеп
Отчет об оборотах наличных денег (кассовые обороты) банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций"
мың теңге
в тысячах теңге
Қолма-қол ақша кірісі Приход наличных денег | Қолма-қол ақша шығысы Расход наличных денег | ||||
Символ | Баптар Статьи | Сомасы Сумма | Символ | Баптар Статьи | Сомасы Сумма |
01 | Тауарлар, қызмет көрсету және орындалған жұмыс өткізуден заңды тұлғалардан түскен түсімдер Поступления от реализации товаров, услуг и выполненных работ юридическими лицами | 21 | Тауарлар, қызмет көрсету және орындалған жұмыс үшін ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға ақша беру Выдачи на оплату товаров, услуг и выполненных работ юридическими лицами | ||
02 | Жеке тұлғалардың шоттарына түскен түсімдер Поступления на счета физических лиц | 22 | Жеке тұлғалардың шоттарынан ақша беру Выдачи со счетов физических лиц | ||
03 | Уәкілетті банктердің айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатуынан түскен түсімдер Поступления от продажи иностранной валюты обменными пунктами уполномоченных банков | 23 | Шетел валютасын сатып алу үшін меншікті айырбастау пункттеріне уәкілетті банктердің ақша беруі Выдачи на покупку иностранной валюты уполномоченными банками собственным обменным пунктам | ||
04 | Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатуынан түскен түсімдер Поступления от продажи иностранной валюты уполномоченными организациями, имеющими лицензию на проведение обменных операций с наличной иностранной валютой | 24 | Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатып алуы үшін ақша беру Выдачи на покупку иностранной валюты уполномоченным органи- зациям, имеющим лицензию на проведение обменных операций с наличной иностранной валютой | ||
05 | Ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) Қазақстан бойынша біржолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер Поступления от физических лиц для разового перевода по Казахстану посредством систем денежных переводов (без открытия счета) | 25 | Ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) Қазақстан бойынша біржолғы аударым бойынша жеке тұлғаларға беру Выдачи физическим лицам по разовому переводу по Казахстану посредством систем денежных переводов (без открытия счета) | ||
06 | Ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелге біржолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер Поступления от физических лиц для разового перевода за рубеж посредством систем денежных переводов (без открытия счета) | 26 | Ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелден біржолғы аударым бойынша жеке тұлғаларға беру Выдачи физическим лицам по разовому переводу из-за рубежа посредством систем денежных переводов (без открытия счета) | ||
07 | Еңбекақы үшін алынған ақшаны қайтару Возврат денег, полученных на оплату труда | 27 | Еңбекақы, зейнетақы және жәрдемқақы төлеу үшін ақша беру Выдачи на оплату труда, пенсий и пособий | ||
28 | Банкоматтарды нығайту үшін ақша беру Выдачи для подкрепления банкоматов | ||||
09 | Заемдарды өтеу Погашение займов | 29 | Заемдар беру Выдачи займов | ||
10 | Басқа да түсімдер Прочие поступления | 30 | Басқа да шығыстар Прочие расходы | ||
КІРІС БОЙЫНША ЖИЫНТЫҒЫ (01-10) ИТОГО ПО ПРИХОДУ (01-10) | ШЫҒЫС БОЙЫНША ЖИЫНТЫҒЫ (21-30) ИТОГО ПО РАСХОДУ (21-30) | ||||
11 | Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең басындағы қолма-қол ақша қалдығы Остаток наличных денег в операционной кассе банков второго уровня, организаций на начало отчетного периода | 31 | Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең аяғындағы қолма-қол ақша қалдығы Остаток наличных денег в операционной кассе банков второго уровня, организаций на конец отчетного периода | ||
12 | ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына қолма-қол ақшаның түсуі Поступления наличных денег в операционную кассу банков второго уровня из оборотной кассы филиалов Национального Банка | 32 | Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банк филиалдарының айналым кассасына қолма-қол ақша тапсыруы Сдача наличных денег банками второго уровня организациями в оборотную кассу филиалов Национального Банка | ||
13 | Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына оның касса бөлімшелерінен, басқа екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операция кассасынан қолма-қол ақшаның түсуі Поступления наличных денег в операционную кассу банков второго уровня, организаций из его кассовых подразделений и из операционных касс других банков второго уровня, организаций | 33 | Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операция кассасынан оның касса бөлімшелеріне және басқа екінші деңгейдегі банктерге, ұйымдарға қолма-қол ақша беру Выдачи наличных денег из операционной кассы банков второго уровня, организаций в его кассовые поздразделения и другим банкам второго уровня, организациям | ||
14 | Ұлттық Банк филиалдарының айналым кассасына резервтік қорлардан қолма-қол ақшаның түсуі Поступления из резервных фондов в оборотную кассу филиалов Национального Банка | 34 | Ұлттық Банк филиалдарының айналым кассасынан резервтік қорларға қолма-қол ақша аудару Перечисления наличных денег из оборотной кассы филиалов Национального Банка в резервные фонды | ||
БАЛАHС (символдар жиынтығы 01-14=21-34) (итог символов 01-14=21-34) | БАЛАHС (символдар жиынтығы 01-14=21-34) (итог символов 01-14=21-34) |
Атауы Мекен-жайы
Наименование _____________________ Адрес ____________________
Орындаушының аты-жөні және телефоныcf1 Электрондық почта мекен-жайы
Фамилия и телефон исполнителя ______ Адрес электронной почты _____
Басшы Тел. _________________
Руководитель ______________ (Аты-жөні, қолы)
(Ф.И.О., подпись) _________
Бас бухгалтер
Главный бухгалтер __________________ (Аты-жөні, қолы)
____________________________________ (Ф.И.О., подпись) __________
М.О.
М.П.
"Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшасының айналымдары
(кассалық айналымдары) туралы есеп" ведомстволық
статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды
7551201, индексі 10-CБ, кезеңділігі айлық) толтыру
жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармағына сәйкес әзірленді және "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшасының айналымдары (кассалық айналымдары) туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7551201, индексі 10-CБ, кезеңділігі айлық) толтыруды нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысан бойынша есепті клиенттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) ай сайын жасайды.
Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың бас офистері филиалдарының есебін жинақтап, тұтастай алғандай банк, ұйым бойынша және облыстар бойынша есептерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментіне есепті кезеңнен кейінгі бесінші жұмыс күні ұсынады. ҚР ҰБ-ның филиалдары 14 және 34-символдар бойынша ғана есепті ҚР ҰБ-ның Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментіне есепті кезеңнен кейінгі бесінші жұмыс күні ұсынады.
3. Кассалық айналымдар туралы есеп ұлттық валютаның айналымдары бойынша ғана символдардың мынадай номенклатурасы бойынша мың теңгемен жасалады:
1) қолма-қол ақша кірісінің баптары:
01-символ – заңды тұлғалардың тауарларын, қызметтерін сатудан және орындаған жұмыстарынан түскен түсімдер, онда:
барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалардан;
сауда, сол сияқты саудаға жатпайтын кәсіпорындардың тауарларды сатуынан;
заңды тұлғалардың негізгі қызметін құрайтын қызметтер мен жұмыстар түрлері: тұрмыстық, медициналық, заң, жөндеу-құрылыс, жерлеу қызметтері және білім беру саласындағы қызметтерден түскен қолма-қол ақша түсімдері;
банк қызметін көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы (бюджетке төлемдер қабылдауға арналған бланкілер үшін алымдар және басқалары) төлеу үшін заңды тұлғалардан түскен қолма-қол ақша;
заңды тұлғалардың негізгі қызметіне жатпайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қызметтер мен жұмыстардың жоғарыда көрсетілген түрлерінен түскен түсімдер, сондай-ақ басқа қызмет түрлерін көрсетуден түскен қолма-қол ақша көрсетіледі;
02-символ – жеке тұлғалардың шоттарына түскен түсімдер – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың кассаларына жеке тұлғалардан талап етілмелі салымдар бойынша шоттарға және ағымдағы шоттарға, оның ішінде карточкалық шоттарды толықтыру үшін, сондай-ақ мерзімді салымдар бойынша шоттарға қолма-қол ақша түсімі көрсетіледі;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың шоттарына қолма-қол ақша түсімі;
03-символ – уәкілетті банктердің айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатуынан түскен түсімдер – уәкілетті банктердің меншікті айырбастау пункттерінен сатылған шетел валютасы үшін қолма-қол ақша түсімі көрсетіледі;
04-символ – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатуынан түскен түсімдер – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатқаны үшін қолма-қол ақша түсімі көрсетіледі;
05-символ – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) Қазақстан бойынша біржолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (уәкілетті банкте шот ашпай) Қазақстан шегіндегі басқа тұлғалардың пайдасына аударымдарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер көрсетіледі;
06-символ – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелге біржолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (уәкілетті банкте шот ашпай) Қазақстан шегінен тыс жердегі басқа тұлғалардың пайдасына аударымдарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан түскен қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
07-символ – еңбекақы үшін алынған ақшаны қайтару – бұрын еңбекақы үшін берілген қолма-қол ақшаны қайтару көрсетіледі;
09-символ – заемдарды өтеу – заемды қайтару және ол бойынша сыйақы төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін көтеріңкі сыйақыны (айыппұл санкцияларын) қоса алғанда, қолданыстағы заңнамада көзделген мақсаттар үшін берілген заемдарды және сыйақы ставкаларын (мүддені) өтеу есебіне жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы шот арқылы түскен қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
10-символ – басқа да түсімдер – жоғарыда келтірілген "Қолма-қол ақша кірісі" символдары бойынша есепке алынбаған барлық қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
11-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең басындағы қолма-қол ақша қалдығы – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең басындағы қолма-қол ақша қалдығы көрсетіледі;
12-символ – ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына қолма-қол ақшаның түсуі – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассаларын нығайту үшін ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
13-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына оның касса бөлімшелерінен және басқа екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассаларынан қолма-қол ақшаның түсуі – екінші деңгейдегі банктің, ұйымның операциялық кассасына банктің, ұйымның касса торабынан тысқары орналасқан оның дербес операциялық кассаларынан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі (бір банктің, ұйымның желісі: бас офистің кассасы, филиал кассасы, банктің, ұйымның касса торабынан тысқары орналасқан касса бойынша қолма қол ақшаның орын ауыстыруы);
екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына корреспонденттік қатынастары бар басқа екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасынан түскен қолма-қол ақша;
14-символ – ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасына резервтік қорлардан түсімдер – ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасына ҚР ҰБ резервтік қорларынан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
2) қолма-қол ақша шығысының баптары:
21-символ – заңды тұлғалардың тауарларының, қызметтерінің және орындаған жұмыстарының ақысын төлеу үшін ақша беру – барлық меншік нысандарындағы заңды тұлғаларға тауарлар, қызмет көрсетулер және орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстар үшін, оның ішінде заттарды, асыл тастар мен қымбат металдарды, өнер туындыларын, антиквариатты және қолөнер бұйымдарын сатып алуға құқығы бар заңды тұлғаларға, қайта өңделетін шикізатты, метал сынықтарын дайындау, тұрғындардан шыны ыдыс сатып алу үшін қолма-қол ақша беру; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне, өз қызметінде алынған сомалардың мақсатты жұмсалуына талдама жасамайтын жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдарға қолма-қол ақшаны беру көрсетіледі;
22-символ – жеке тұлғалардың шоттарынан ақша беру – жеке тұлғалардың талап етілмелі салымдары бойынша және олар бойынша кірістер шоттарынан және екінші деңгейдегі банктердегі, ұйымдардағы ағымдағы шоттары бойынша, оның ішінде төлем карточкалары бойынша авторизациялау арқылы постерминалдарды пайдалана отырып карточкалық шоттардан қолма-қол ақшаны беру көрсетіледі;
мерзімді салымдар және олар бойынша кірістер бойынша есеп айырысу үшін жеке тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі, ұйымдардағы шоттарынан қолма-қол ақша беру;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың шоттарынан қолма-қол ақша беру;
23-символ – шетел валютасын сатып алу үшін меншікті айырбастау пункттеріне уәкілетті банктердің ақша беруі – уәкілетті банктердің меншікті айырбастау пункттеріне шетел валютасын сатып алу үшін қолма-қол ақша беруі көрсетіледі;
24-символ – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатып алуы үшін ақша беру – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатып алуына қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
25-символ – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) Қазақстан бойынша біржолғы аударым бойынша жеке тұлғаларға беру – ақша аударымдарының жүйесі арқылы (уәкілетті банкте шот ашпай) Қазақстан шегінде орналасқан басқа тұлғалардың аударымдар бойынша түсімдер есебінен жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
26-символ – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелден біржолғы аударым бойынша жеке тұлғаларға беру – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (уәкілетті банкте шот ашпай) Қазақстан шегінен тыс орналасқан басқа тұлғалардан аударымдары бойынша түсімдер есебінен жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
27-символ – еңбекақы, зейнетақы және жәрдемқақы төлеу үшін ақша беру – уақытша еңбекке жарамсыз болған кезде еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемдері қоса алғанда, еңбекақы төлеудің және әлеуметтік жеңілдіктердің барлық түрлері бойынша есеп айырысу үшін қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
республикалық бюджет есебінен зейнетақы және жәрдемақы төлеуге, жергілікті бюджет, мемлекеттік емес жинақтаушы қорлар есебінен жәрдемақылардың барлық түрлерін, бюджеттен тыс қорлардың жәрдемақыларының барлық түрлерін, кәсіподақтар қаражатынан жәрдамақылар төлеу үшін қолма-қол ақша беру;
28-символ – банкоматтарды нығайту үшін ақша беру – банкоматтарды нығайту үшін қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
29-символ – заемдар беру – қолданыстағы заңнамада көзделген мақсаттарға жеке және заңды тұлғаларға ағымдағы шоттан қолма-қол ақшамен заемдар беру көрсетіледі;
30-символ – басқа да шығыстар – жоғарыда келтірілген "Қолма-қол ақша шығыстары" символдары бойына есепке алынбаған қолма-қол ақшаны басқа да беру көрсетіледі;
31-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең аяғындағы қолма-қол ақша қалдығы – есепті кезең аяғында екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы, № 1001 баланстық шотта есепке алынған қолма-қол ақша қалдығы көрсетіледі;
32-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасына қолма-қол ақша тапсыруы – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасына жіберген қолма-қол ақшасы көрсетіледі;
33-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операция кассасынан оның касса бөлімшелеріне және басқа екінші деңгейдегі банктерге, ұйымдарға қолма-қол ақша беру – екінші деңгейдегі банктің, ұйымның операциялық кассасынан банктің, ұйымның касса торабынан тыс орналасқан (бір банктің желісі: бас офистің кассасы, филиал кассасы, банктің, ұйымның касса торабынан тыс орналасқан касса бойынша қолма-қол ақшаның орнын ауыстыру) оның дербес операциялық кассаларына берілген қолма-қол ақша көрсетіледі;
екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың корреспонденттік шоты бар басқа екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына берген қолма-қол ақшасы көрсетіледі;
34-символ – ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан резервтік қорларға қолма-қол ақша аудару – тозған банкноттарды жарамдыларына ауыстыру тәртібімен аударуды қоса алғанда, ҚР ҰБ резервтік қорларына ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан қолма-қол ақшаның аударылуы көрсетіледі.