Қолданушылар назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6863 болып тіркелген) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
13 және 14-қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасы
Г. Марченко _______________
2011 жылғы 4 қарашада
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 18 шілдедегі № 196 бұйрығына 1-қосымша |
|||||||||||||||
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының |
||||||||||||||||
Ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 13 к приказу исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 21 декабря 2010 года № 351 |
|||||||||||||||
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тапсырылады. |
||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады. |
||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйекті емес деректерді беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. |
||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 7551201 |
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшасының айналымдары (кассалық айналымдары) туралы есеп |
|||||||||||||||
10-СБ |
Отчет об оборотах наличных денег (кассовые обороты) банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций |
|||||||||||||||
Айлық |
Есепті кезең |
жыл |
||||||||||||||
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің филиалдары. |
||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі: есеп беру мерзімінен кейінгі 5-жұмыс күні. |
||||||||||||||||
БСН коды |
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшасының айналымдары (кассалық айналымдары) туралы есеп
Отчет об оборотах наличных денег (кассовые обороты) банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций»
мың теңге
в тысячах теңге
Қолма-қол ақша кірісі |
Қолма-қол ақша шығысы |
||||
Символ |
Баптар |
Сомасы |
Символ |
Баптар |
Сомасы |
01 |
Тауарлар, қызмет көрсету және орындалған жұмыс өткізуден заңды тұлғалардан түскен түсімдер |
21 |
Тауарлар, қызмет көрсету және орындалған жұмыс үшін ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға ақша беру |
||
02 |
Жеке тұлғалардың шоттарына түскен түсімдер |
22 |
Жеке тұлғалардың шоттарынан ақша беру |
||
03 |
Уәкілетті банктердің айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатуынан түскен түсімдер |
23 |
Шетел валютасын сатып алу үшін меншікті айырбастау пункттеріне уәкілетті банктердің ақша беруі |
||
04 |
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатуынан түскен түсімдер |
24 |
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатып алуы үшін ақша беру |
||
05 |
Ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) Қазақстан бойынша біржолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер |
25 |
Ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) Қазақстан бойынша біржолғы аударым бойынша жеке тұлғаларға беру |
||
06 |
Ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелге біржолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер |
26 |
Ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелден біржолғы аударым бойынша жеке тұлғаларға беру |
||
07 |
Еңбекақы үшін алынған ақшаны қайтару |
27 |
Еңбекақы, зейнетақы және жәрдемқақы төлеу үшін ақша беру |
||
28 |
Банкоматтарды нығайту үшін ақша беру |
||||
09 |
Заемдарды өтеу |
29 |
Заемдар беру |
||
10 |
Басқа да түсімдер |
30 |
Басқа да шығыстар |
||
КІРІС БОЙЫНША ЖИЫНТЫҒЫ (01-10) |
ШЫҒЫС БОЙЫНША ЖИЫНТЫҒЫ (21-30) |
||||
11 |
Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең басындағы қолма-қол ақша қалдығы |
31 |
Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең аяғындағы қолма-қол ақша қалдығы |
||
12 |
ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына қолма-қол ақшаның түсуі |
32 |
Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банк филиалдарының айналым кассасына қолма-қол ақша тапсыруы |
||
13 |
Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына оның касса бөлімшелерінен, басқа екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операция кассасынан қолма-қол ақшаның түсуі |
33 |
Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операция кассасынан оның касса бөлімшелеріне және басқа екінші деңгейдегі банктерге, ұйымдарға қолма-қол ақша беру |
||
14 |
Ұлттық Банк филиалдарының айналым кассасына резервтік қорлардан қолма-қол ақшаның түсуі |
34 |
Ұлттық Банк филиалдарының айналым кассасынан резервтік қорларға қолма-қол ақша аудару |
||
БАЛАHС |
БАЛАHС |
Атауы Мекен-жайы
Наименование _____________________ Адрес ____________________
Орындаушының аты-жөні және телефоны Электрондық почта мекен-жайы
Фамилия и телефон исполнителя ______ Адрес электронной почты _____
Басшы Тел. _________________
Руководитель ______________ (Аты-жөні, қолы)
(Ф.И.О., подпись) _________
Бас бухгалтер
Главный бухгалтер __________________ (Аты-жөні, қолы)
____________________________________ (Ф.И.О., подпись) __________
М.О.
М.П.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі Төрағасының
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 196 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төрағасының
міндетін атқарушының
2010 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 351 бұйрығына
14-қосымша
«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшасының айналымдары
(кассалық айналымдары) туралы есеп» ведомстволық
статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды
7551201, индексі 10-CБ, кезеңділігі айлық) толтыру
жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармағына сәйкес әзірленді және «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшасының айналымдары (кассалық айналымдары) туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7551201, индексі 10-CБ, кезеңділігі айлық) толтыруды нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысан бойынша есепті клиенттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) ай сайын жасайды.
Екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың бас офистері филиалдарының есебін жинақтап, тұтастай алғандай банк, ұйым бойынша және облыстар бойынша есептерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментіне есепті кезеңнен кейінгі бесінші жұмыс күні ұсынады. ҚР ҰБ-ның филиалдары 14 және 34-символдар бойынша ғана есепті ҚР ҰБ-ның Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментіне есепті кезеңнен кейінгі бесінші жұмыс күні ұсынады.
3. Кассалық айналымдар туралы есеп ұлттық валютаның айналымдары бойынша ғана символдардың мынадай номенклатурасы бойынша мың теңгемен жасалады:
1) қолма-қол ақша кірісінің баптары:
01-символ – заңды тұлғалардың тауарларын, қызметтерін сатудан және орындаған жұмыстарынан түскен түсімдер, онда:
барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалардан;
сауда, сол сияқты саудаға жатпайтын кәсіпорындардың тауарларды сатуынан;
заңды тұлғалардың негізгі қызметін құрайтын қызметтер мен жұмыстар түрлері: тұрмыстық, медициналық, заң, жөндеу-құрылыс, жерлеу қызметтері және білім беру саласындағы қызметтерден түскен қолма-қол ақша түсімдері;
банк қызметін көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы (бюджетке төлемдер қабылдауға арналған бланкілер үшін алымдар және басқалары) төлеу үшін заңды тұлғалардан түскен қолма-қол ақша;
заңды тұлғалардың негізгі қызметіне жатпайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қызметтер мен жұмыстардың жоғарыда көрсетілген түрлерінен түскен түсімдер, сондай-ақ басқа қызмет түрлерін көрсетуден түскен қолма-қол ақша көрсетіледі;
02-символ – жеке тұлғалардың шоттарына түскен түсімдер – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың кассаларына жеке тұлғалардан талап етілмелі салымдар бойынша шоттарға және ағымдағы шоттарға, оның ішінде карточкалық шоттарды толықтыру үшін, сондай-ақ мерзімді салымдар бойынша шоттарға қолма-қол ақша түсімі көрсетіледі;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың шоттарына қолма-қол ақша түсімі;
03-символ – уәкілетті банктердің айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатуынан түскен түсімдер – уәкілетті банктердің меншікті айырбастау пункттерінен сатылған шетел валютасы үшін қолма-қол ақша түсімі көрсетіледі;
04-символ – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатуынан түскен түсімдер – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатқаны үшін қолма-қол ақша түсімі көрсетіледі;
05-символ – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) Қазақстан бойынша біржолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (уәкілетті банкте шот ашпай) Қазақстан шегіндегі басқа тұлғалардың пайдасына аударымдарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер көрсетіледі;
06-символ – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелге біржолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түскен түсімдер – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (уәкілетті банкте шот ашпай) Қазақстан шегінен тыс жердегі басқа тұлғалардың пайдасына аударымдарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан түскен қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
07-символ – еңбекақы үшін алынған ақшаны қайтару – бұрын еңбекақы үшін берілген қолма-қол ақшаны қайтару көрсетіледі;
09-символ – заемдарды өтеу – заемды қайтару және ол бойынша сыйақы төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін көтеріңкі сыйақыны (айыппұл санкцияларын) қоса алғанда, қолданыстағы заңнамада көзделген мақсаттар үшін берілген заемдарды және сыйақы ставкаларын (мүддені) өтеу есебіне жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы шот арқылы түскен қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
10-символ – басқа да түсімдер – жоғарыда келтірілген «Қолма-қол ақша кірісі» символдары бойынша есепке алынбаған барлық қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
11-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең басындағы қолма-қол ақша қалдығы – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең басындағы қолма-қол ақша қалдығы көрсетіледі;
12-символ – ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына қолма-қол ақшаның түсуі – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассаларын нығайту үшін ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
13-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына оның касса бөлімшелерінен және басқа екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассаларынан қолма-қол ақшаның түсуі – екінші деңгейдегі банктің, ұйымның операциялық кассасына банктің, ұйымның касса торабынан тысқары орналасқан оның дербес операциялық кассаларынан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі (бір банктің, ұйымның желісі: бас офистің кассасы, филиал кассасы, банктің, ұйымның касса торабынан тысқары орналасқан касса бойынша қолма қол ақшаның орын ауыстыруы);
екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына корреспонденттік қатынастары бар басқа екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасынан түскен қолма-қол ақша;
14-символ – ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасына резервтік қорлардан түсімдер – ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасына ҚР ҰБ резервтік қорларынан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
2) қолма-қол ақша шығысының баптары:
21-символ – заңды тұлғалардың тауарларының, қызметтерінің және орындаған жұмыстарының ақысын төлеу үшін ақша беру – барлық меншік нысандарындағы заңды тұлғаларға тауарлар, қызмет көрсетулер және орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстар үшін, оның ішінде заттарды, асыл тастар мен қымбат металдарды, өнер туындыларын, антиквариатты және қолөнер бұйымдарын сатып алуға құқығы бар заңды тұлғаларға, қайта өңделетін шикізатты, метал сынықтарын дайындау, тұрғындардан шыны ыдыс сатып алу үшін қолма-қол ақша беру; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне, өз қызметінде алынған сомалардың мақсатты жұмсалуына талдама жасамайтын жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдарға қолма-қол ақшаны беру көрсетіледі;
22-символ – жеке тұлғалардың шоттарынан ақша беру – жеке тұлғалардың талап етілмелі салымдары бойынша және олар бойынша кірістер шоттарынан және екінші деңгейдегі банктердегі, ұйымдардағы ағымдағы шоттары бойынша, оның ішінде төлем карточкалары бойынша авторизациялау арқылы постерминалдарды пайдалана отырып карточкалық шоттардан қолма-қол ақшаны беру көрсетіледі;
мерзімді салымдар және олар бойынша кірістер бойынша есеп айырысу үшін жеке тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі, ұйымдардағы шоттарынан қолма-қол ақша беру;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың шоттарынан қолма-қол ақша беру;
23-символ – шетел валютасын сатып алу үшін меншікті айырбастау пункттеріне уәкілетті банктердің ақша беруі – уәкілетті банктердің меншікті айырбастау пункттеріне шетел валютасын сатып алу үшін қолма-қол ақша беруі көрсетіледі;
24-символ – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатып алуы үшін ақша беру – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың шетел валютасын сатып алуына қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
25-символ – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) Қазақстан бойынша біржолғы аударым бойынша жеке тұлғаларға беру – ақша аударымдарының жүйесі арқылы (уәкілетті банкте шот ашпай) Қазақстан шегінде орналасқан басқа тұлғалардың аударымдар бойынша түсімдер есебінен жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
26-символ – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелден біржолғы аударым бойынша жеке тұлғаларға беру – ақша аударымдарының жүйелері арқылы (уәкілетті банкте шот ашпай) Қазақстан шегінен тыс орналасқан басқа тұлғалардан аударымдары бойынша түсімдер есебінен жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
27-символ – еңбекақы, зейнетақы және жәрдемқақы төлеу үшін ақша беру – уақытша еңбекке жарамсыз болған кезде еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемдері қоса алғанда, еңбекақы төлеудің және әлеуметтік жеңілдіктердің барлық түрлері бойынша есеп айырысу үшін қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
республикалық бюджет есебінен зейнетақы және жәрдемақы төлеуге, жергілікті бюджет, мемлекеттік емес жинақтаушы қорлар есебінен жәрдемақылардың барлық түрлерін, бюджеттен тыс қорлардың жәрдемақыларының барлық түрлерін, кәсіподақтар қаражатынан жәрдамақылар төлеу үшін қолма-қол ақша беру;
28-символ – банкоматтарды нығайту үшін ақша беру – банкоматтарды нығайту үшін қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
29-символ – заемдар беру – қолданыстағы заңнамада көзделген мақсаттарға жеке және заңды тұлғаларға ағымдағы шоттан қолма-қол ақшамен заемдар беру көрсетіледі;
30-символ – басқа да шығыстар – жоғарыда келтірілген «Қолма-қол ақша шығыстары» символдары бойына есепке алынбаған қолма-қол ақшаны басқа да беру көрсетіледі;
31-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы есепті кезең аяғындағы қолма-қол ақша қалдығы – есепті кезең аяғында екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасындағы, № 1001 баланстық шотта есепке алынған қолма-қол ақша қалдығы көрсетіледі;
32-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасына қолма-қол ақша тапсыруы – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасына жіберген қолма-қол ақшасы көрсетіледі;
33-символ – екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операция кассасынан оның касса бөлімшелеріне және басқа екінші деңгейдегі банктерге, ұйымдарға қолма-қол ақша беру – екінші деңгейдегі банктің, ұйымның операциялық кассасынан банктің, ұйымның касса торабынан тыс орналасқан (бір банктің желісі: бас офистің кассасы, филиал кассасы, банктің, ұйымның касса торабынан тыс орналасқан касса бойынша қолма-қол ақшаның орнын ауыстыру) оның дербес операциялық кассаларына берілген қолма-қол ақша көрсетіледі;
екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың корреспонденттік шоты бар басқа екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың операциялық кассасына берген қолма-қол ақшасы көрсетіледі;
34-символ – ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан резервтік қорларға қолма-қол ақша аудару – тозған банкноттарды жарамдыларына ауыстыру тәртібімен аударуды қоса алғанда, ҚР ҰБ резервтік қорларына ҚР ҰБ филиалдарының айналым кассасынан қолма-қол ақшаның аударылуы көрсетіледі.