«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.М.Тұрғанбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 ақпандағы № 30 «Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6078 тіркелген, 2010 жылғы 13 мамырдағы № 67 (1863) «Юридическая газета» және 2010 жылғы 13 мамырдағы № 67 (1689) «Заң газеті» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа Экономикалық даму және сауда
технологиялар министрінің министрінің міндетін атқарушы
міндетін атқарушы _____________ М. Құсайынов
____________ А. Рау
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
міндетін атқарушы
2011 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 349 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің міндетін
атқарушы 2011 жылғы
1 қазандағы № 324 бірлескен
бұйрығымен бекітілді
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясында жеке кәсіпкерлік
саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Жалпы ережелер
1. Осы жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органымен жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша жатқызу үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бақылау субъектісі – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы;
2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекелдер – жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде, олардың зардаптарының ауырлығын ескере отырып, жер қойнауының жағдайына, минералдық шикізат қорына зиян келтіруінің ықтималдығы.
2. Тәуекелдер түрлері және тәуекелдер дәрежелері
бойынша бақылау субъектілерін бөлу
3. Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесі бойынша бақылау субъектілерін жатқызу бастапқы жатқызуда объективті өлшемдері және кейінгі жатқызуында субъективті өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектілері бастапқы бөлуде мынадай тәуекелдер дәрежелеріне бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесіне:
қатты пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын;
облыстық маңызы бар, Астана, Алматы қалаларын сумен жабдықтау үшін жерасты суларын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;
2) орташа тәуекел дәрежесіне:
қатты пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын барлау бойынша қызметті жүзеге асыратын;
облыстық маңызы бар, Астана, Алматы қалаларын сумен жабдықтау үшін жерасты суларын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратындарды есептемегенде, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау және өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;
3) елеусіз тәуекел дәрежесіне:
аудандық маңызы бар қалаларын және селолық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын;
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.
5. Бақылау субъектілерін кейінгі бөлу кезінде, әр бұзушылыққа тиісті баллдар беріледі:
кенорнының өндіру жобасы бойынша жоспарлы өндіру көлемінің орындалуы: 50%-ға дейін – 20 балл;
50%-дан 70%-ға дейін – 15 балл;
70%-дан 90%-ға дейін – 10 балл;
90%-дан 95%-ға дейін – 5 балл;
кенорнының өндіру жобасы бойынша жоспарлы аршу көлемінің орындалуы: 50%-ға дейін – 20 балл;
50%-дан 70%-ға дейін – 15 балл;
70%-дан 90%-ға дейін – 10 балл;
90%-дан 95%-ға дейін – 5 балл;
кенорнын өндірудің күнтізбелік кестесінің сақталмауы – 20 балл;
жобалық шектерден тыс жұмыс жүргізу – 20 балл;
жоғалтулар нормативтерін сақталмау – 20 балл;
өндіруді дұрыс есептеуді қамтамасыз етпеу – 20 балл;
пайдалы қазбаларды ұтымды және кешенді пайдалану міндеттерінің сақталмауы – 20 балл;
ілеспе және (немесе) табиғи газды нормативтен тыс жағу – 20 балл;
ұңғымалар қорының сақталмауы – 20 балл;
қабат қысымын көтеру үшін жұмыс агентін (суды, газды) қайта айдау көлемінің сақталмауы – 20 балл;
кенорындарын жобаға сәйкес абаттандыру бойынша жұмыстардың орындалмауы – 20 балл;
ұңғыларды салу және пайдалану кезінде техникалық жағдайдың бұзылуы – 20 балл;
Жұмыс бағдарламасына және барлау жобаларына сәйкес геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кестесінің сақталмауы – 10 балл;
объектіні сынамалық пайдалану кезінде зерттеу жұмыстары көлемінің орындалмауы – 10 балл;
жерасты сулары мониторингінің жүргізілмеуі – 5 балл;
су алу қондырғыларында алғашқы су алу есебінің болмауы – 5 балл.
Келтірілген тәуекелдердің әрқайсысы сандық форматта қаралады және тәуекелдер дәрежесін анықтау үшін мәліметтер ретінде пайдаланылады.
Мынадай балл жинаған субъектілер:
80 баллдан жоғары - жоғары дәрежелі тәуекелділерге;
30-дан 80 баллға дейін - орташа дәрежелі тәуекелділерге;
30-ға дейін - елеусіз дәрежелі тәуекелділерге жатқызылады.
6. Қызмет кезеңінде, жеке кәсіпкерлік саласындағы бақылау субъектілері, бұзушылыққа жол берген жағдайда, тиісті тексерулердің реттілігіне қарай, төменгі дәрежелі санаттан неғұрлым жоғары тәуекел дәрежесіне және керісінше ауысуы мүмкін.
Бір тәуекелік тобының ішінде тексерулер жүргізу кезегі:
1) өндіру көлемі бойынша;
2) жиналған баллдардың анағұрлым көп сомасы бойынша анықталады.