"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабына және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 шілдедегі № 3049 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы" республикалық мемлекеттік мекемесіне қабылдау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына жолдасын;
2) мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.
3. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Қ. Құрманғалиевқа жүктелсін.
5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Министр Ә. Жақсыбеков
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________Б. Жұмағұлов
2011 жылғы "___"__________
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2011 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусына қабылдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кадет корпусына қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 шілдедегі № 3049 Жарлығына және Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесіне (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5030 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Қағида "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Кадет корпусы) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
3. Кадет корпусына оқуға кандидаттарды қабылдау "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Кадет корпусы 1122000 "Әскери басқару" мамандығы бойынша қабылдауды жүргізеді.
5. Кадет корпусына:
1) кәсіби іріктеудің барлық талаптарына жауап беретін оқуға қабылданатын күні он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан үлкен емес орта білімі (жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік білімі), орта білімнен кейінгі білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан адамдар, Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің және республикалық әскери мектеп-интернаттарының бітірушілері;
2) кәсіби іріктеудің барлық талаптарына жауап беретін жиырма төрт жастан үлкен емес жастағы өзінің әскери мамандығы мен қызмет мерзімінен тыс әскери қызметшілер, мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің запасқа босатылғандары қатарынан әскери міндеттілер қабылданады.
6. Азаматтарды және әскери қызметшілерді қабылдау олардың өтініштері (баянаттары) бойынша конкурс негізінде үш кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезеңде әскер тектерінің қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары (кандидаттың есепке тіркелген жері бойынша) оқуға кандидаттарды алдын ала іріктеуді ұйымдастырады және жүргізеді, оған барлық ниет білдірушілер қатысады;
екінші кезеңде - Кадет корпусының қабылдау комиссиясы келген талапкерлерге іріктеу жүргізеді, оған 1-кезеңнен өткен талапкерлер қатысады;
үшінші кезеңде - Кадет корпусының қабылдау комиссиясы оқитындар санына талапкерлерді қабылдайды.
7. Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдірген әскери қызметшілер оқуға түсетін жылдың 1 наурызына дейін әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атына баянат береді.
Баянатта әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы, туған жылы және айы, білімі көрсетіледі.
8. Командир (бастық) әскери қызметшінің баянатын алғаннан кейін оны оқуға жарамдылығын айқындау үшін медициналық куәландырудан өтуге әскери-дәрігерлік комиссияға жібереді, сондай-ақ оған қатысты арнайы тексеруді өткізуге материалдарды ресімдейді.
9. Әскери қызметші медициналық көрсеткіштер бойынша Кадет корпусына түсуге жарамды деп танылған жағдайда командирлер (бастықтар) әскери қызметшіге Кадет корпусына түсу кезінде мынадай құжаттарды жинау үшін оқуға түсетін жылдың 1 мамырына дейін уақыт береді:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлік көшірмесі;
2) әскери билет көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың (аттестаттың, куәліктің, дипломның) көшірмесі;
4) толық өмірбаян;
5) Кадет корпусына оқуға ұсынымы бар қызмет орнынан қызметтік мінездеме (әскери бөлім қолбасшылығы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған);
6) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары Тәртіптік жарғысының 1-қосымшасына сәйкес қызметтік карточка (бөлім командирі қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған);
7) фотосуреттер (бас киімсіз 4x6 - 6 дана);
8) басымдық құқығын беретін құжаттар.
10. Әскери бөлімнің және мекеменің командирі (бастығы) әскери қызметшінің баянатын жоғары тұрған қолбасшылықпен келіседі және қабылдау комиссиясы қарау үшін Кадет корпусына құжаттармен баянатты жолдайды.
11. Әскери қызметте тұрмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан адамдар оқуға түсетін жылдың 1 сәуіріне дейін есепке тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына өтініш береді. Өтініште тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, айы және жылы, тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі. Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) білімі туралы құжаттың (аттестаттың) көшірмесі;
3) өмірбаян;
4) жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;
5) отбасы құрамы туралы ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тұрғылықты жерінен анықтама;
6) ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) жұмыс орнынан анықтама;
7) полицияға еріксіз келтірудің бар-жоғы туралы тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың анықтамасы;
8) 4x6 фотосуреттер - 6 дана (бас киімсіз);
9) басым құқық беретін құжаттар;
10) тіркеу куәлігі.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа толмаған азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
2) қамқорлықты белгілеу туралы куәліктің немесе сот немесе қамқорлық органдары шешімінің көшірмесі.
12. Жергілікті әскери басқару органдары көрсетілген құжаттарды зерделейді және әскери қызметте тұрмаған азаматтарды медициналық куәландырудан өткізеді.
13. Қоса берілген құжаттармен бірге азаматтардың өтініштерін жергілікті әскери басқару органдары қабылдау комиссиясына қарау үшін оқуға түсетін жылдың 1 маусымында Кадет корпусына жолдайды.
14. Кандидаттардың жеке істері нөмірленеді, тігіледі және әскери бөлімі командирінің не жергілікті әскери басқару органы бастығының бедерлі мөрімен бекітіледі және Кадет корпусына жолданады.
Кандидаттың жеке ісіндегі құжаттар қатаң осы Қағиданың 9, 11-тармақтарында көрсетілген тізбе бойынша орналастырылады. Аталған құжаттарға қосымша есепке тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органы психологінің қорытындысы бар психологиялық тестілеу нәтижелері қоса беріледі.
Ұсынылған құжаттардың көшірмелері еркін оқылуға тиіс.
2. Кадет корпусына қабылдау тәртібі
15. Оқуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру үшін кандидаттардың жеке істерін зерделеу жөнінде, жеке психологиялық қасиеттерді зерделеу жөнінде, кешенді тестілеуді өткізу жөнінде, кандидаттардың дене бітімі дайындығының деңгейін тексеру жөнінде қабылдау комиссиясын, жиындар әкімшілігін және апелляциялық комиссия құру туралы Кадет корпусы бастығының бұйрығы шығарылады. Бұйрық 1 шілдеге дейін шығарылады және лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізіледі.
Комиссия талапкерлерді іріктеуді оқуға түсетін жылдың 20 шілдесі мен 5 тамызы кезеңінде мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізеді: медициналық куәландыру, жеке психологиялық қасиеттерін бағалау, дене бітімінің дайындығын тексеру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін тексеру.
Қабылдау комиссиясының төрағасы Кадет корпусының бастығы болып табылады.
16. Жеке істерді зерделеу жөніндегі комиссия кандидаттардың келіп түскен жеке істерінің дұрыс жинақталуына бағалау жүргізеді және егер олар белгіленген талаптарға жауап берсе, оларды конкурстық кәсіби іріктеуге қатысу үшін шақырту туралы шешім қабылдайды. Шешім хаттамамен ресімделеді.
17. Медициналық комиссия Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының бұйрығы негізінде құрылады. Медициналық комиссия Кадет корпусында оқуға денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын айқындау мақсатында талапкерлерге түпкілікті медициналық куәландыруды өткізеді.
Талапкерлерді медициналық куәландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 498 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Медициналық куәландырудан өтпеген талапкерлер одан әрі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
18. Жеке психологиялық қасиеттерді зерделеу жөніндегі комиссия Кадет корпусының психологтарын тарта отырып, психологиялық қызмет бастығының төрағалық етуімен психологиялық көрсеткіштер бойынша талапкерлерді іріктеуді жүзеге асыру үшін құрылады.
Талапкерлердің жеке психологиялық қасиеттерін бағалау Кадет корпусын өз адамгершілік қасиеттері, психологиялық деректері және психофизиологиялық ерекшеліктері бойынша оқу және әскери-кәсіптік қызметтің талаптарына сәйкес келетін кадеттермен жасақтауға бағытталған.
Психологиялық тестілеуден өтпеген (тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық топта барынша аз балл алған) талапкерлер бақылау жұмыстарының конкурсына қатысуға жіберілмейді.
19. Кешенді тестілеуді өткізу жөніндегі комиссия кандидаттардың орта білім бағдарламасы көлеміндегі базалық білім деңгейін айқындау мақсатында құрылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттары болмаған жағдайда оқуға түсетіндер орта білім бағдарламасы көлемінде математика, Қазақстан тарихы және қазақ немесе орыс тілі бойынша кешенді тестілер тапсырады.
Кешенді тестілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізіледі.
Кешенді тестілеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
20. Тестілеуді өткізу уақытында кандидаттарға:
1) рұқсатсыз және ілесіп жүрусіз дәрісханадан шығуға;
2) орнын ауыстыруға;
3) кезекшінің командасынсыз тест материалдарын ашуға;
4) тест жұмыстарының материалдарын ауыстыруға, көшіруге;
5) тестілердің мазмұнына және оларға дұрыс жауаптарының кодтарын ашатын мәліметтерді пайдалануға;
6) электронды жазба кітапшаларын, калькуляторды, ұтқыр құралдарды (пейджерлер, ұялы телефондар және т.б.), көмек қағаздарын және анықтама материалдарын пайдалануға тыйым салынады.
21. Тест материалдары бар пакет дәрісханада комиссия төрағасынан қабылданады және тұтастығы тексерілгеннен кейін ашылады.
22. Тестілеу өткізіліп жатқан дәрісханаға кіруге тек кешенді тестілеуді қабылдау жөніндегі комиссия төрағасына және мүшелеріне рұқсат етіледі. Тестілеуді өткізу уақытындағы дәрісхана бойынша кезекші комиссия құрамынан тағайындалады.
23. Ұйымдастыру бөлімі аяқталғаннан кейін тест жұмыстарын орындау уақыты есептеле бастайды. Тест жұмысын орындауды бастау және аяқтау уақытын кезекші тақтаға жазады және талапкерлерге жариялайды.
Кезекші дәрісханадағы тәртіпті қадағалайды. Осы Қағиданың 20-тармағы бұзылған жағдайда кезекші талапкерді дәрісханадан шығарады. Талапкерді дәрісханадан шығарған кезде еркін үлгіде акт жасалады.
24. Тапсырмаларды белгіленген уақыттан бұрын орындаған талапкерлер жұмысын тапсырады және дәрісханадан шығады. Тест жұмысын орындауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін кезекші ол туралы жариялайды, одан кейін тест жұмысын орындау ведомосына белгі жасай отырып, жауаптары бар парақтарды қабылдайды.
25. Құжаттармен расталған денсаулық жағдайы немесе басқа да себептер бойынша тест жұмысын орындауға мүмкіндігінің болмауы туралы талапкер оны орындау басталғанға дейін комиссияға хабарлайды.
26. Кестемен белгіленген уақытта тест жұмысын орындау үшін дәлелді себептерсіз келмеген талапкерлер одан әрі сынақтарды тапсыруға жіберілмейді.
27. Кешенді тестілеу нәтижелері оны өткізген күні жарияланады және ақпарат беру үшін бақылау-өткізу пунктінде ілінеді.
28. Дене бітімінің дайындығы мынадай жаттығулар бойынша тексеріледі: биік белағашта ілініп тұрып тартылу; 100 метрге жүгіру; 3000 метрге жүгіру.
29. Барлық комиссиялардың шешімдері хаттамамен ресімделеді.
30. Жиындар әкімшілігі конкурстық іріктеу уақытында кандидаттардың жеке құрамы арасында күнделікті өмірді бақылауды жүзеге асыру және ішкі тәртіпті сақтау мақсатында құрылады және Кадет корпусы әскери қызметшілерінің қатарынан тағайындалады.
31. Бақылау тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында және талапкерлердің құқықтарын қорғау үшін апелляциялық комиссия құрылады.
32. Апелляциялық комиссия талапкерлердің өтініштерін қабылдайды және қарайды, жинаған баллдардың сәйкес келуін тексереді, баллдарды қосу туралы шешім қабылдайды және апелляцияға берген талапкерге апелляция қорытындылары туралы ақпарат береді.
33. Егер талапкер немесе оның ата-анасы (олардың орнындағы адамдар) іріктеу нәтижелерімен келіспесе, онда олар нәтижелер жарияланғаннан кейін апелляциялық комиссияға жазбаша өтінішті келесі күні сағат 15.00-ге дейін береді және оны апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына талапкердің өзі немесе оның ата-анасы (заңды өкілі) береді. Өтініш иесінде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болуға тиіс. Талапкер апелляцияны қарау кезінде қатысады, сонымен қатар талапкермен бірге ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуі қатысады.
34. Апелляцияны қарау барысында тек оқуға түсу емтихандарын тапсыру нәтижелерін бағалаудың дұрыстығы тексеріледі.
35. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған кезде - апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары басқарады.
36. Апелляцияны қарағаннан кейін апелляциялық комиссияның шешімі шығарылады. Апелляциялық комиссияда келіспеушіліктер туындаған кезде дауыс беру жүргізіледі және шешім көпшілік дауыс берумен бекітіледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.
Апелляциялық комиссияның жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды және кандидатқа жеткізіледі (қол қою арқылы).
37. Кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шаралар басталғанға дейін комиссиялар құрамына тағайындалған адамдармен қабылдау комиссиясының төрағасы нұсқау беру-әдістемелік кеңес өткізеді.
38. Қабылдау комиссиясы қызметінің мерзімдері жыл сайын Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен, олардың құрамдары Кадет корпусы бастығының бұйрығымен айқындалады.
39. Кандидаттарға Кадет корпусына келу уақыты жергілікті әскери басқару органдары және әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері (бастықтары) арқылы хабарланады. Кандидаттарды жөнелтуді әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері (бастықтары), жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары жүзеге асырады.
40. Кандидаттар Кадет корпусына әскери бөлімдер (мекемелер), жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің жетекшілігімен келеді.
41. Оқуға түсу кезеңінде кандидаттарды тамақтандыру және тұру Кадет корпусы есебінен жүргізіледі.
42. Медициналық куәландырудан, жеке психологиялық қасиеттерді бағалаудан және дене бітімі дайындығы тексеруінен табысты өткен талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттары баллдарының, кешенді тестілеу түрінде өткізілген оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдарының конкурстық негізінде қабылдау комиссиясының басым дауыс беру шешімі бойынша Кадет корпусына қабылданады.
Үш пән бойынша (математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі) 30 баллдан кем жинаған талапкерлер Кадет корпусына түсу үшін конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
43. Оқитындар құрамына қабылдауға конкурсты өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда басымдық құқығына (растайтын құжаттар бар болған жағдайда) мыналар ие болады:
1) "Алтын белгі" белгімен марапатталған адамдардың;
2) автономды білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаттары бар адамдар;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының;
4) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер және әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері.
44. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.
45. Азаматтарды оқуға қабылдау Кадет корпусын жасақтау жоспарына сәйкес конкурс бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.
Кадет корпусына оқуға қабылдау (бас тарту) туралы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Кадет корпусына талапкерлерді қабылдау Кадет корпусы бастығының бұйрығымен жүргізіледі.
Кадеттерді қабылдау туралы бұйрықтардан үзінділер әскери басқару органдарына және әскери бөлімдерге жолданады.
46. Кадет корпусына қабылдау туралы бұйрықтардан үзінділер оқуға қабылданған әскери қызметшілерді әскери бөлімдер тізімдерінен шығару үшін негіз болып табылады.
47. Қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін Кадет корпусының бастығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментіне өткізілген қабылдау туралы есеп беруді ұсынады.
48. Кадет корпусында оқыту мерзімі бір жыл он ай.
49. Кадет корпусына оқуға түскен талапкерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5070 болып тіркелген) шарт жасасады.
50. Кәсіби іріктеуден өтпегендер ретінде оқуға қабылданбаған талапкерлер: әскери қызметшілер - бұрынғы қызмет орнына; әскери қызметте тұрмаған азаматтар қатарынан адамдар - есепке тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
51. Кадет корпусына талапкерлерді қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін оқуға түскендердің жеке істері хаттамамен (актімен) ауыспалы құрамның есебін жүргізетін кадрлар бөліміне тапсырылады.