Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қыркүйекте № 7206 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8 бабы 46) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымша берілген Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                       А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 08-3/534 бұйрығымен  
бекітілген       

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелері

1. Негізгі ережелер

      1. Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы» Заңымен белгіленген қызметті қоспағанда, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 46)-тармақшасына сәйкес ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарына тіркеу жүргізу тәртібін, айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мамандар – ветеринария мамандығы бойынша жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар тұлғалар;
      2) тізілім – ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мамандар туралы мәліметті және олардың тіркеу нөмірін қамтитын ЖАО бөлімшелерінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Тізілім).
      3. Ветеринария мамандарын тіркеу республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерімен (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) ақысыз мерзімсіз негізде жүргізіледі.

2. Тіркеу жүргізу тәртібі

      4. Тiркеуге ветеринария саласындағы ветеринариялық мамандармен жүзеге асырылатын келесi кәсiпкерлiк қызмет түрлерi кiредi:
      1) ветеринариялық емдеу-профилактикалау;
      2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы атрибуттардың бұйымдарын өткізу;
      3) дезинфекция, дезинсекция, деразитация, дегельминтизация, жүргізу.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2013 № 16-07/145 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Тіркелген мамандар туралы мәлімет ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын мамандар Тізіліміне осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда енгізіледі.
      6. Тізілім:
      1) маманның тіркеу нөмірін, күнін (реттік нөмір);
      2) маманның аты-жөнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);
      3) Алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2013  № 16-07/145 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын орнын;
      5) көрсетілетін қызмет түрлерін;
      6) мамандардың білімі туралы мәліметтерді қамтиды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2013 № 16-07/145 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Тіркеу рәсімі:
      осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және тексеруді;
      Тізілімге жазба енгізуді;
      маманды енгізілгені/енгізілмегені туралы хабардар етуді қамтиды.
      8. Тіркеу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маманның тікелей немесе пошта (электрондық) арқылы ұсынған өтінішінің негізінде жүргізіледі, мынадай құжаттарды қосып:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      маманның білімі туралы дипломның көшірмелері.
      Нотариалды расталмаған құжаттардың көшірмелері түпнұсқасын көрсетіп ұсынылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2013 № 16-07/145 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Маманға немесе оның өкіліне құжаттарды дербес ұсынғанда қабылдау және орындау күні көрсетілген осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес талон беріледі.
      10. ЖАО бөлімшесі, өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күннен кешікпей, тіркеуді жүзеге асырады және маманға Тізілімге енгізілгені /енгізілмегені туралы хабарлама жолдайды.
      Тіркелген мамандар туралы мәліметті жоғары тұрған ЖАО бөлімшесіне және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
      11. Маман ЖАО бөлімшесін:
      бес күнтізбелік күннің ішінде - осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген жағдайда;
      үш күнтізбелік күннің ішінде - басқа аумақта ветеринариялық қызметпен айналысар алдында хабардар етеді.
      12. Маманды Тізілімнен алып тастау үшін мыналар негіз болып табылады:
      маманның кәсіпкер ретінде ветеринариялық қызметті тоқтату туралы өтініші;
      маманның кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы соттың шешімі.

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын ветеринария мамандарын  
тіркеу жүргізу қағидасына 1-қосымша    

Нысан

Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi iске асыратын мамандар тiзiлiмi

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2013 № 16-07/145 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Реттiк №, күнi (тiркеу нөмiрi)

Маманның аты-жөнi, ЖСН

Ветеринариялық қызметтi жүзеге асыратын орны

Көрсетiлетiн қызмет түрлерi

Маманның бiлiмi туралы мәлiмет

1

2

3

4

5

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын ветеринария мамандарын  
тіркеу жүргізу қағидасына 2-қосымша   

        Нысан

ЖАО ___________________________________________________
______________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын
куәләндыратын құжаттың нөмiрi, ЖСН)         
мекен-жайы: ________________
___________________________________________

ӨТIНIШ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2013 № 16-07/145 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын ветеринария маманы ретiнде тiркеудi өтiнемiн.
      Қызмет түрлерi:________________________________________________
      Келесi құжаттарды қоса берiп отырмын:
      Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi:___________________
      бiлiм туралы дипломның көшiрмесi:______________________________
      Жалған мәлiмет және дұрыс емес құжаттарды ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм. Мен ұсынған мәлiметтерi мен құжаттардың тексерiлуiне қарсы емеспiн.
      Қызмет жүзеге асырылатын орын:________________________________
      ____________________ 20___ жыл
      ______________________________
         (өтiнiш берушiнiң қолы)
      Қосымша: ______ парақта. Құжаттар қабылданды________ 20 __ жыл
      ____________________________________
        (құжат қабылдаған тұлғаның қолы)
      Өтiнiш берушiнiң тiркеу № _____________________

      -----------------------------------------------
                   (жырту сызығы)

      ТАЛОН

      Өтiнiш берушiнiң тiркеу № ____________________________________
      Азаматтың өтiнiшi және құжаттары _____________________________
      Қабылдадым ____________ 20 ___ жыл ________________________
                                         (қолы) (қолдың талдауы)
      Құжаттар саны _______________ дана _________ парақ.
      Орындалу мерзiмi __________________________ 20 ___ жыл