"Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 16-07/145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 мамырда № 8448 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 7-1/369 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.07.2014 № 7-1/369 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз).

      «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      берілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерінде:
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тiркеуге ветеринария саласындағы ветеринариялық мамандармен жүзеге асырылатын келесi кәсiпкерлiк қызмет түрлерi кiредi:»;
      6-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «мамандардың білімі туралы мәліметтерді қамтиды.»;
      8-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;»;
      бірінші бөліктің үшінші абзацы алынып тасталсын;
      берілген ереженің 1 және 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (М.Қ. Тайтубаев) заңдылықта белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Мамытбеков

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын ветеринария
      мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін
      бекіту туралы Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
      2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534
      бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
      Қазақстан Республикасы     
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
      2013 жылғы 3 сәуірдегі    
      № 16-07/145 бұйрығына қосымша 

      Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi
      жүзеге асыратын ветеринария мамандарын 
      тiркеу жүргiзу қағидасына        
      1-қосымша                 

      Нысан

Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi iске асыратын мамандар тiзiлiмi

Реттiк №, күнi (тiркеу нөмiрi)

Маманның аты-жөнi, ЖСН

Ветеринариялық қызметтi жүзеге асыратын орны

Көрсетiлетiн қызмет түрлерi

Маманның бiлiмi туралы мәлiмет

1

2

3

4

5

Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыратын ветеринария мамандарын
тiркеу жүргiзу қағидасына       
      2-қосымша               

Нысан

ЖАО ___________________________________________________
______________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын
куәләндыратын құжаттың нөмiрi, ЖСН)         
мекен-жайы: ________________
___________________________________________

ӨТIНIШ

      Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын ветеринария маманы ретiнде тiркеудi өтiнемiн.
      Қызмет түрлерi:________________________________________________
      Келесi құжаттарды қоса берiп отырмын:
      Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi:___________________
      бiлiм туралы дипломның көшiрмесi:______________________________
      Жалған мәлiмет және дұрыс емес құжаттарды ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм. Мен ұсынған мәлiметтерi мен құжаттардың тексерiлуiне қарсы емеспiн.
      Қызмет жүзеге асырылатын орын:________________________________
      ____________________ 20___ жыл
      ______________________________
         (өтiнiш берушiнiң қолы)
      Қосымша: ______ парақта. Құжаттар қабылданды________ 20 __ жыл
      ____________________________________
        (құжат қабылдаған тұлғаның қолы)
      Өтiнiш берушiнiң тiркеу № _____________________

      -----------------------------------------------
                   (жырту сызығы)

      ТАЛОН

      Өтiнiш берушiнiң тiркеу № ____________________________________
      Азаматтың өтiнiшi және құжаттары _____________________________
      Қабылдадым ____________ 20 ___ жыл ________________________
                                         (қолы) (қолдың талдауы)
      Құжаттар саны _______________ дана _________ парақ.
      Орындалу мерзiмi __________________________ 20 ___ жыл