«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі Экономикалық даму және сауда
_____________С. Мыңбаев министрінің міндетін атқарушы
2011 жылғы 25 тамыз _________________ Д. Шәженова
2011 жылғы 31 тамыз
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2011 жылғы 25 тамыз № 146
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 275
бірлескен бұйрығымен
бекітілді
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдері
1. Осы Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекелдің белгілі бір тобына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы өлшемдерде мына ұғымдар пайдаланылады:
1) мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға.
2) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
3) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;
4) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;
5) тексерiлетiн субъекті – қызметiне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін өндіруші;
3. Бастапқы кезде барлық тексерiлетiн субъектілер болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу мына өлшемдер бойынша жинаған балға байланысты жүргізіледі:
тексерiлетiн субъектілермен құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру – 2 балл;
екі және одан да көп тексерiлетiн субъектілермен мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы – 2 балл;
тексерiлетiн субъектілермен шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдау – 2 балл;
шұғыл түрде авариялық жағдайды болдырмау қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату және аз қуатты технологиялық қондырғылармен мұнай өнімдерін өндіру – 2 балл;
тексерiлетiн субъектілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізуі – 2 балл;
тексерiлетiн субъектіде өндіріс паспортының болмауы – 1 балл;
тексерiлетiн субъектіде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің болмауы – 1 балл;
тексерiлетiн субъектілерде дербес сәйкестендіру нөмір-кодының болмауы – 1 балл;
тексерiлетiн субъектілерде Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шоттың болмауы – 1 балл;
тексерiлетiн субъектілердің инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті ұсынбауы – 1 балл;
тексерiлетiн субъектілердің мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есеп жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынбауы – 1 балл;
тексерiлетiн субъектілердің мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген ең аз көлемін орындамауы – 2 балл.
5. Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған балдары қосылып есептеледі.
Тексеру кезеңінде 4 балдан 6 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер орташа тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
Тексеру кезеңінде 6 балл және одан көп балл жинаған тексерілетін субъектілер жоғары тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
Жоғары тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде 1 балдан 2 балға дейін жинаса, орташа тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
Жоғары тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде заңнамалар талаптарын бұзбаса болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
Орташа тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде 1 балдан 3 балға дейін жинаса, болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
6. Жоспарлы тексерулер тәуекел дәрежесіне байланысты:
жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;
болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiкте жүргізіледі.