Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7179 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кісіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысаны бекітілсін;
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі          Экономикалық даму және сауда
      _____________С. Мыңбаев          министрінің міндетін атқарушы
     2011 жылғы 25 тамыз               _________________ Д. Шәженова
                                       2011 жылғы 31 тамыз

Қазақстан Республикасы     
Мұнай және газ министрінің   
2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 
және Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және сауда 
министрі міндетін атқарушының 
2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 
бірлескен бұйрығымен    
бекітілді           

Нысан

Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                               (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы________________________________________
СТН (БИН, СТЖЕ)______________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

реттік №

Талаптар

Ұсынылған талаптарға сай келеді (+)

Ұсынылған талаптарға сай келмейді (-)

Қуаттылығы 800 мың тоннадан жоғары мұнай өнімдерін өндірушілер

1.

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып,  бензин мен дизель отынын өндіру



2.

Мұнай өнімдерін өндіруге қажетті жабдықтарды пайдалану жөніндегі талаптарды орындау



3.

Шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттардың болуы



4.

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіруге пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату



5.

Шикі мұнайды және (немесе) газ  конденсатын өткізу



6.

Өндірістік паспорттың болуы



7.

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің болуы және оны орындауы



8.

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодының болуы



9.

Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шоттың болмауы



10.

Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілік ұсыну



11.

Мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну



12.

Мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген ең аз көлемін орындау



Қуаттылығы 800 мың тоннадан кем мұнай өнімдерін өндірушілер

1.

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру



2.

Мұнай өнімдерін өндіруге қажетті жабдықтарды пайдалану жөніндегі талаптарды орындау



3.

Шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттардың болуы



4.

Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу



5.

Өндіріс паспортының болуы



6.

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодының болуы



7.

Ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну



Тексеруді жүргізді ____________ ____________________ ______________
                    (лауазымы)     (аты-жөні, тегі)       (қолы)

      М.О.

Талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда ұйғарымның нөмері мен күні көрсетіледі (№ ________ «__» ________________ 20__ жыл)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін)_________________
_____________________________________________________________________
              (аты-жөні, тегі)                       (қолы)
«__» ________________ 20__ жыл

Тексеру нәтижесі бойынша тексерілген субъект ________________________
                                                (субъектінің атауы)
топқа жатқызылады («+» белгісімен белгілеу):

жоғары тәуекел дәрежесi

орташа тәуекел дәрежесi

болмашы тәуекел дәрежесi

Мекеменің лауазымды тұлғалары:
__________________________ ________ ____________________
       (лауазымы)           (қолы)    (аты-жөні, тегі)
__________________________ ________ ____________________
      (лауазымы)            (қолы)    (аты-жөні, тегі)
Мекеменің басшысы:
__________________________ _________________________