Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 149 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі м.а 2011 жылғы 31 тамыздағы № 272 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7177 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері сферасын тексеру мәселесі жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ саласындағы мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін және жылдың 20-қаңтарына дейін, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша жүргізілген тексерулер мен олардың нәтижелері жөніндегі ақпартатты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік органдардың соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі         Экономикалық даму және сауда
      ______________С. Мыңбаев        министрінің міндетін атқарушы
      2011 жылғы 25 тамыз             ______________ Д. Шәженова
                                      2011 жылғы 31 тамыз

Қазақстан Республикасы      
Мұнай және газ министрлігінің  
2011 жылғы 25 тамыз № 149     
және Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда  
министрі міндетін атқарушының  
2011 жылғы 31 тамыз № 272    
бірлескен бұйрығымен бекітілді 

Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы, мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы»«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
      2) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;
      3) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;
      4) тексерiлетiн субъектi – қызмет түріне лицензиясы бар, лицензиялау және кейінгі лицензиялық тексеру Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің ведомствосымен жүргізілетін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану операциясы жүзеге асырылатын мұнай операцияларын жүргізу саласындағы қызметiне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
      3. Жоспарлы тексерулер жүргiзудің мерзімі тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
      орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi болмайтын кезеңдiлiгi айқындалады.
      4. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 2 түрге бөлінеді:
      1) объективті – тексерілетін субъектілер қызмет атқарған кезде мүмкін болатын тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;
      2) субъективті – тексерілетін субъектілермен белгіленген талаптарды бұзуға жол берілгендігіне байланысты анықталады.
      Субъективті өлшемдер елеулі және болмашы бұзушылықтардан тұрады.
      5. Алғаш рет тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
      6. Тексерілетін субъектілер объективті өлшемдер бойынша мынадай тәуекел топтарына бөлінеді:
      1) жоғары тәуекел дәрежесi тобына мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіруші, сондай ақ кезекті лицензияланатын қызмет түрлері мен қызметтің кіші түрлерін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жатады:
      тау, мұнай-химия өндірісін пайдалану:
      газ, мұнай-газ конденсатын өндіруші;
      шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары (мұнай-газ кенорындарында»;
      кен орындарында (мұнай, газ, мұнайгазконденсаты) технологиялық жұмытсарды жүргізу;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
      мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
      ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу, жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу, мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергiш орнату;
      мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
      мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
      құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды тоқтатып қою;
      органикалық химия (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты); каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсiбiнің, техникалық көмiртегiнiң, химиялық талшықтардың, полимерлiк материалдар мен пластмассаның өнiмдерiн пайдалануы; құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу.
      2) орташа тәуекел дәрежесi тобына барлау, сондай-ақ келесі лицензияланатын қызмет түрлері мен қызметтің кіші түрлерін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жатады:
      мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см -ден жоғары және жылу жеткiзу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу:
      дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтердi, түйiндердi, бөлшектердi, бөлiктердi, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);
      монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйiндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде құрастыру, реттеу және орнату);
      жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйiнiң диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру, элементтерiн ауыстыру, бұзылған жерлерiн жөндеу, жою).
      3) болмашы тәуекел дәрежесiне мынадай лицензияланатын қызмет түрлері мен қызметтің кіші түрлерін жүргізетін лицензиаттар жатады:
      тау-кен, мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн (технологиялық) жобалау;
      тау кен өндірісін (технологиялық) жобалау;
      мұнай, газ, мұнайгазконденсатын өндіруді жобалау;
      мұнай-газ кенорындарын игеруге технологиялық регламенттер мен жобаларды жасау;
      мұнай-газ кенорындарын игеруге техникалық экономикалық негіздемелер жасау;
      Қазақстан Республикасында қолдануға енгізілетін басқа мемлекеттер аумағында орындалған мұнай-газ өндіруші, мұнай-химия өндірісі, жер қойнауы (мұнай, газ, мұнайгазконденсаты) саласындағы жобалау және жобалық-сметалық құжаттардың сараптамасы;
      мұнай-газ өндеу өндірісін (технологиялық) жобалау;
      мұнайды алғашқы және терең өңдеу өнімдері;
      октан санын арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге қосындылар, қоспалар және құрамдауыштар енгiзу; белгiленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнiмдерiне қосындылар, қоспалар мен құрамдауыштар енгiзу жөнiндегi;
      дизель отынына, мазутқа қосындылар мен қоспалар енгiзу жөнiндегi;
      мұнай майларына қосындылар енгiзу;
      Мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см -ден жоғары және жылу жеткiзу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбыржолдарды жобалау:
      жобалау (жабдық дайындау үшiн қажеттi техникалық-экономикалық негiздеменi, есептердi, сызбаларды, макеттердi, сметаларды, түсiндiрме жазбаларды қамтитын кешендi техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу).
      7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қайтадан жатқызу субъективті өлшемдерді ескер отырып жүзеге асырылады.
      8. Елеулі бұзушылықтарға:
      1) мерзімінде лицензияланатын қызмет жөніндегі есепті ұсынбау;
      2) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін меншік немесе жалгерлік (жалгерлік шарты) құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) болмауы;
      3) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін сәйкес құрылғының, механизмдердің, құралдардың, технологиялық құрылғылардың болмауы;
      4) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін аварияларды жою жоспарының болмауы;
      5) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болмауы;
      6) лицензияға қосымшада көрсетілмеген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін жүргізу;
      7) кен орнын барлау, сынамалы игеру, өндірістік және тәжірибелік-өндірістік игеру, ұңғымаларды, қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерін өндіру, дайындау және сақтауға қажетті басқа да объектілердің жобалау құжаттарының болмауы, сол сияқты бекітілген жобалық құжаттардың талаптарын бұзуы;
      8) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағиданың талаптарын бұзу;
      9) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы игеру кезінде, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде мұнай-газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;
      10) мұнай-газ кен орынын өндірістік игеруді ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдеусіз жүргізу;
      11) теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын бұзу;
      12) мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі жер қойнауын пайдаланушы қолданатын құрылғының немесе басқа да мүліктің техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі;
      13) кен орындарын бірыңғай объект ретінде барлаудың немесе өндірудің талаптарын бұзу;
      14) құзыреттi органның жазбаша рұқсатынсыз iздеу, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы (тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда) бұрғылау, қат iшiндегi қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және табиғи газды айдау, теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту, теңіз құрылыстарын салу жөнiндегi жұмыстарды жүргізу;
      15) уақытша сақтауды қоспағанда, теңiз құрылыстарындағы мұнайды сақтау мен қоймада ұстау жатады.
      9. Болмашы бұзушылықтарға:
      1) көрсетілетін қызметтің біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін технологиялық регламенттердің болмауы немесе технологиялық регламенттің кәсіпорын басшысымен бекітілмеуі, орындалатын қызметтің кіші түрлеріне сәйкес келмеуі;
      2) көрсетілетін қызметтің біліктілік талаптарына сәйкестігі талап етілетін тиісті техникалық құжаттың болмауы;
      3) көрсетілетін қызметтің біліктілік талаптарына сәйкестігі талап етілетін өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылайтын аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың) болмауы;
      4) Машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы;
      5) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсілген iлеспе газды өңдеудi дамыту бағдарламасының болмауы;
      6) iлеспе газды өңдеудi дамыту бағдарламасын орындау жөніндегі есептілікті ұсынбау;
      7) құзыреттi органның жазбаша рұқсатынсыз теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу;
      8) келісім-шарттық аймақта өндірілген мұнайды өлшеу мен таразылау ережесін бұзу.
      10. Әрбір жол берілген бұзушылық үшін тексерілетін субъект мынадай балл иеленеді:
      бір елеулі бұзушылық үшін – екі балл;
      бір болмашы бұзушылық үшін – бір балл.
      11. Тексерілетін субъектілер субъективті өлшемдер бойынша жол берілген бұзушылықтың түрі мен санына байланысты бөлінеді.
      Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған баллдары қосылады.
      Тексеру кезеңінде 4 балдан жоғары жинаған болмашы тәуекел тобына жатқызылған субъектілер тексерілетін орташа тәуекел тобына жатқызылады.
      Тексеру кезеңінде 4 балдан жоғары жинаған орташа тәуекел тобына жатқызылған субъектілер тексерілетін жоғары тәуекел тобына жатқызылады.
      Тексеру кезеңінде жоғары топтағы тәуекел дәрежесiндегі субъектілер тексерілетін 2 балдан көп жинамаса орташа тәуекел дәрежесiне ауыстырылады.
      Тексеру кезеңінде орташа тәуекел дәрежесiндегі тексерілетін субъектілер 3 балдан көп жинамаса болмашы тәуекел дәрежесiне ауыстырылады.
      12. Бір топтың ішіндегі тексерілетін субъектілер тексеру жоспарына:
      тексерудің ең соңғы мерзімі;
      соңғы тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар саны бойынша енгізіледі.