"Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7172 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 143-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 4, 2009 жыл) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарына:
      3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «АО ІБҚ басшылары, сондай-ақ басқа да ОМО ІБҚ қызметкерлері жоғары кәсіби білімінің, мемлекеттік қызмет істері бойынша екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің болуы, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы тиіс.
      АО ІБҚ басқа қызметкерлерінің жоғары кәсіби білімінің, кемінде бір жыл мемлекеттік қызмет өтілінің болуы, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы тиіс.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б. Жәмішев