Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына үлгілер бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі;
3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.02.2015 № 126 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке сот орындаушысының куәлігінің үлгісі
Жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісінің сипаттамасы
1. Жеке сот орындаушысының куәлігі (бұдан әрі – куәлік) мұқабасы мен жапсырмасынан тұрады.
2. Мұқабасы қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан, былғары алмастырғыш немесе бумвинилден жасалады, ашық түріндегі көлемі – 65 х 190 мм. Мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтындалған баспаханалық шрифтімен «КУӘЛІК» сөзі белгіленеді.
3. Куәліктің жапсырмасы жоғары өнімді компьютерлік техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы баспаханалық тәсілмен жасалады, жоғары сапалы офсеттік техникада басып шығарылады, басып шығару алдында және басып шығару кезеңінде қолдан жасау және көшіруден көп деңгейлі қорғалады.
4. Куәліктің жапсырманың негізгі түсі көгілдір. Жапсырмасы екі оң және сол бөліктен тұрады.
5. Жапсырманың сол жағы мемлекеттік тілде толтырылады.
Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қаріппен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ» жазуы және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палатаның атауы жазылады.
Жапсырманың сол бөлігінің сол жағында жеке сот орындаушысының суретін жабыстыруға арналған 3 x 4 см көлеміндегі орын болады.
Жапсырманың сол бөлігінің төменгі жағында өңірлік палата жетекшісінің лауазымы, қол қоятын орны, тегі және аты-жөні көрсетіледі (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі).
6. Жапсырманың оң жағы орыс тілінде толтырылады.
Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қарпімен «РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПАЛАТА ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палата атауы жазылады.
Жапсырманың оң бөлігінің сол жағында диаметрі 26 мм көгілдір түсті шеңберде таразы бейнеленген, таразының бүйірінен екі жағынан алтын түсті лавр жапырақтары бейнеленген.
Жапсырманың оң бөлігінің төменгі жағында лицензияның нөмірі және берілген күні (цифрлармен, қара түсті баспа әріптерімен толтырылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпімен).
7. Жапсырманың сол және оң бөліктерінің оң жағында ортада куәліктің нөмірі (цифрлармен, қызыл түсті баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), жеке сот орындаушысының тегі (қара түсті бас баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), аты, әкесінің аты (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі), атқарушылық округінің атауы (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпі).
8. Жеке сот орындаушысының куәлігіне қол қойғаннан кейін фотосуреттің төменгі оң жақтағы бұрышта өңірлік палата мөрінің бедері қойылады, содан кейін сыртқы беті ламинатталады және сыртқы бетімен куәлік мұқабасының ішкі жағына жабыстырылады.
9. Белгіленген ресiмдердің қойылған талаптарына сәйкес келмейтін, түзетiлген жері және тазарту болған куәліктер жарамсыз болып есептеледi.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.02.2015 № 126 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің сипаттамасы
1. Жеке сот орындаушысының жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құрал-жабдықпен жасалады, жасандыларынан жоғары дәрежеде қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Мөрдің диаметрі 40 мм. құрайды.
2. Жеке сот орындаушысының мөріндегі барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылады.
3. Жеке сот орындаушысы мөрінің мәтіні жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауынан, жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауынан, жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің атынан, лицензия нөмірі мен берілген күнінен тұрады. Жеке сот орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты жеке басын растайтын куәлігіне сәйкес жазылады.
4. Мөр мәтінінде үш жиек бейнеленген. Бірінші жиектің (сыртқы) сызығының қалыңдығы 0,4 мм. құрайды. Екінші жиек сызығының қалыңдығы 0,25 мм. құрайды. Үшінші жиек сызығының қалыңдығы 0,35 мм. құрайды.
5. Екінші және үшінші жиектердің арасында:
жоғарғы жағында бас баспа әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауы;
ортасында екі бүйірінен сегіз бұрышты жұлдыздар;
төменгі жағында цифрлармен, бірінші әрпі – бас әріп, Tahoma қарпі лицензияның нөмірі және берілген күні бейнеленеді.
6. Үшінші жиектің ішінде жоғарғы жағында баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауы; ортасында таразы, таразының бүйірінен екі жағынан лавр жапырақтары бейнеленген; төменгі жағында жеке сот орындаушысының тегі баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен, аты және әкесінің атының бірінші әрпі бас әріппен, Tahoma қарпімен жазылады.
Ескерту:
Жеке сот орындаушысының бекітілген куәліктегі және жеке мөрдегі мәліметтерді өзгерткен жағдайда жеке сот орындаушысы он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерту енгізеді және оларды әзірлегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жеке мөрдің баспа-таңбасын міндетті ұсынумен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына хабарлайды.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына
3-қосымша
Жеке сот орындаушысының жетонның үлгісі
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).