Жеке сот орындаушысы куәлігінің, жеке мөрінің үлгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 31 тамызда № 7146 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына үлгілер бекітілсін:
      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісі;
      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі;
      3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2011 жылғы 25 тамыздағы 
№ 296 бұйрығына     
1-қосымша        

Жеке сот орындаушысының куәлік үлгісі

Жеке сот орындаушысының
куәлік үлгісінің сипаттамасы

      1. Жеке сот орындаушысының куәлігі (бұдан әрі – куәлік) мұқабасымен жапсырмасынан тұрады.
      2. Мұқабасы қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан, былғары алмастырғыш немесе бумвинилдан жасалады, ашық түріндегі көлемі – 65 х 190 мм. Мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтындалған баспаханалық шрифтімен «КУӘЛІК» сөзі белгіленеді.
      3. Куәліктің жапсырмасы жоғары өнімді компьютерлік техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы баспаханалық тәсілмен жасалады, жоғары сапалы офсеттік техникада басып шығарылады, басып шығару алдында және басып шығару кезеңінде қолдан жасау және көшіруден көпдеңгейлі қорғалады.
      4. Куәліктің жапсырманың негізгі түсі көгілдір. Жапсырмасы екі оң және сол бөліктен тұрады.
      5. Жапсырманың сол жағы мемлекеттік тілде толтырылады.
      Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial майлы қаріппен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЛҚАСЫ» жазуы және қызыл түсті Arial майлы қаріпімен өңірлік алқа атауы жазылады.
      Жапсырманың сол бөлігінің сол жағында жеке сот орындаушысының суретін жабыстыруға арналған 3 x 4 см көлеміндегі орын болады.
      Жапсырманың сол бөлігінің төменгі жағында өңірлік алқа жетекшісінің лауазымы, қол қоятын орны, тегі және аты-жөні көрсетіледі (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, қаріп Arial).
      6. Жапсырманың оң жағы орыс тілінде толтырылады.
      Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial майлы қаріппен «РЕСПУБЛИКАНСКАЯ КОЛЛЕГИЯ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» және қызыл түсті Arial майлы қаріппен өңірлік алқа атауы жазылады.
      Жапсырманың оң бөлігінің сол жағында диаметрі 26 мм көгілдір түсті шеңберде таразы бейнеленген, таразының бүйірінен екі жағынан алтын түсті лавр жапырақтары бейнеленген.
      Жапсырманың оң бөлігінің төменгі жағында лицензия нөмірі мен берген күні (цифрлармен, қара түсті баспа әріптерімен толтырылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпімен).
      7. Жапсырманың сол және оң бөліктерінің оң жағында ортада куәліктің нөмірі (цифрлармен, қызыл түсті баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), жеке сот орындаушысының тегі (қара түсті бас баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), аты, әкесінің аты (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі), атқарушылық округінің атауы (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпі).
      8. Жеке сот орындаушысының куәлігіне қол қойғаннан кейін фотосуреттің төменгі оң жақтағы бұрышта өңірлік алқа мөрінің бедері қойылады, содан кейін сыртқы беті ламинатталады және сыртқы бетімен куәлік мұқабасының ішкі жағына жабыстырылады.
      9. Бегіленген ресiмдердің қойылған талаптарына, түзетiлген жер және тазарту болған куәліктер жарамсыз болып есептеледi.

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің   
2011 жылғы 25 тамыздағы 
№ 296 бұйрығына     
2-қосымша        

Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі

Жеке сот орындаушысының
жеке мөрінің үлгісінің сипаттамасы

      1. Жеке сот орындаушысының жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы жабдықпен жасалады, бояғыштарға жалғанның ұзақ мерзімділіктен және төзімділіктен жоғары дәрежемен қорғалатынын сипатталады. Мөрдің диаметрі 40 мм. құрайды.
      2. Жеке сот орындаушысының мөріндегі барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылады.
      3. Жеке сот орындаушысы мөрінің мәтіні жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының атауынан, жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауынан, жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің атынан, лицензия нөмірі мен берілген күнінен тұрады. Жеке сот орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты жеке басын растайтын куәлігіне сәйкес жазылады.
      4. Мөр мәтінінде үш жиек бейнеленген. Бірінші жиектің (сыртқы) сызығының қалыңдығы 0,4 мм. құрайды. Екінші жиек сызығының қалыңдығы 0,25 мм. құрайды. Үшінші жиек сызығының қалыңдығы 0,35 мм. құрайды.
      5. Екінші және үшінші жиектердің арасында жоғарғы жағында бас баспа әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының атауы; ортасында екі бүйірінен сегіз бұрышты жұлдыздары; төменгі жағында цифрлармен, бірінші әрпі – бас әріп, Tahoma қарпі лицензия нөмірі мен берген күні бейнеленеді.
      6. Үшінші жиектің ішінде жоғарғы жағында баспа бас әріптермен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауы; ортасында таразы бейнеленген, таразының бүйірінен екі жағынан лавр жапырақтары; төменгі жағында жеке сот орындаушысының тегі бас баспа әріптермен Tahoma қарпі, аты және әкесінің аты баспа әріптермен, бірінші әрпі бас әрпі, Tahoma қарпімен жазылады.

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына    
3-қосымша       

Жеке сот орындаушысының жетонның үлгісі

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).