Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 410 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 241 бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 тамызда № 7142 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н.Выборов):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және оның талаптарын орындауды ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ.Демеуовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі              Экономикалық даму және сауда
      _______ Қ. Қасымов               министрінің міндетін атқарушы
                                       ________ Д. Шәженова

Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 11 тамыздағы № 410
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және  
сауда вице-министрінің  
2011 жылғы 11 тамыздағы 
№ 241 бірлескен      
бұйрығымен бекітілген   

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті
жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері саласының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоспарлы тексерістер жүргізу үшін есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымындағы субъектілерді тәуекел топтарына жатқызу және субъектілерді іріктеу мақсатында әзірленді.
      2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тәуекел - салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, тексерілетін субъектілер қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортасына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттік мүліктік мүддесіне залал келтіру ықтималдығы.
      Тексерілетін субъектілер - есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында әрекет етуші заңды тұлғалар.
      3. Жоспарлы тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесіне байланысты мына мерзімдерден:
      жоғары дәрежелі тәуекел кезінде - жылына бір реттен; орта дәрежелі тәуекел кезінде - үш жылда бір реттен; елеусіз дәрежелі тәуекел кезінде - бес жылда бір реттен жиі емес аралықтарға белгіленеді.
      4. Тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдері 2 түрге бөлінеді:
      1) объективтік - тексерілетін субъектілердің қызметін жүзеге асыру кезінде жол берілуіне байланысты айқындалады;
      2) субъективтік - тексерілетін субъектілердің белгіленген талаптарды бұзуға жол беруіне байланысты айқындалады.
      5. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне бастапқы рет жатқызу жүзеге асыратын қызмет түріне байланысты тәуекел дәрежесін бағалаудың объективтік өлшемдерінің негізінде жүзеге асырылады:
      жоғары дәрежелі тәуекел — есірткі құралдары мен психотроптық заттардың өндірісін және (немесе) көтерме сатуды жүзеге асыратын субъектілер;
      орта дәрежелі тәуекел - прекурсорлардың өндірісін және (немесе) көтерме сатуды жүзеге асыратын субъектілер;
      елеусіз дәрежелі тәуекел - прекурсорларды өзінің өндірістік қызметінде қолданатын субъектілер.
      6. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша екінші рет жатқызу елеулі заң бұзушылықтар мен елеусіз заң бұзушылықтар жатқызылатын субъективтік өлшемдерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      7. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы кезіндегі елеулі заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) аумақтық ішкі істер органының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайды пайдалануға рұқсатының жоқтығы;
      2) күзет және (немесе) дабыл сигнализациясының жоқтығы;
      3) нөмірленген, баумен тігілген және Қазақстан Республикасы ІІМЕБҚКК-нің мөрімен бекітілген есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу журналының жоқтығы.
      8. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы кезіндегі елеусіз заң бұзушылықтар:
      1) тексеру парақтарында көрсетілген тексерілетін субъектілердің объектілері және үй-жайлары «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы» нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 141 бұйрығының (нормативтік актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1426 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға рұқсат алған субъектінің қызметкерлерінде ішкі істер органдарының тиісті тексеруінен өткені туралы қорытындының болмауы;
      3) есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға рұқсат алған субъектінің қызметкерлерінде наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінен нашақорлық, уытқұмарлық және алкоголизм ауруларының жоқ екені туралы анықтамаларының болмауы;
      Елеусіз дәрежелі тәуекел тобына кіретін тексерілетін субъектілер бірден астам елеулі не болмаса 3 елеусіз заң бұзушылыққа жол берген жағдайда орта дәрежелі тәуекел тобына ауыстырылады.
      Орта дәрежелі тәуекел тобына кіретін тексерілетін субъектілер бірден астам елеулі не болмаса үш елеусіз заң бұзушылыққа жол берген жағдайда жоғары дәрежелі тәуекел тобына ауыстырылады.
      Соңғы тексеріс кезінде тексерілетін субъектіден заң бұзушылықтар анықталмаған жағдайда объективтік өлшемдер бойынша жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатқызылған заңды тұлғаларды (есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндірушілерді және көтерме сатушыларды) қоспағанда, ол тәуекел дәрежесі кем топқа ауыстырылады.
      9. Мыналар:
      1) бұрын анықталған елеулі заң бұзушылықтар;
      2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының көлемі;
      3) соңғы тексеріс күні бір дәрежедегі тәуекел объектілерінде тексеруді басым жоспарлау үшін негіз болып табылады.