"Есірткі құралдары, псиохотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1426. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 523 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 P001693_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттар қызметін осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне 2001 жылғы 1 маусымға дейін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке уақытша рұқсаттар беру құқығы берілсін.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі