Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнің м.а. 2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/277 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнің м.а. 2011 жылғы 16 маусымдағы № 169 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 шілдеде № 7067 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;
      2) осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет–ресурсына жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С. Хасеновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрiнің     Экономикалық даму және
      міндетін атқарушы                сауда министрінің міндетін
                                       атқарушы
      ____________ Е. Аман             ____________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 19 мамырдағы   
№ 18-03/277 және      
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және  
сауда министрінің м.а.   
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170
Бірлескен бұйрығына    
1-қосымша         

Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдері) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.
      2. Осы өлшемдерде мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел – оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектілері – астық өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар.
      2. Бақылау субьектілерін тәуекел топтарына жатқызу бастапқы бөлу кезінде объективті өлшемдер және кейінгі бөлу кезінде субъективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
      Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері 3 тәуекел дәрежесі топтарына бөлінеді:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне астық қабылдау кәсіпорындары жатады;
      2) орташа тәуекел дәрежесіне қырман шаруашылықтары жатады;
      3) төмен тәуекел дәрежесіне астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар жатады.
      3. Кейінгі бөлу кезінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізілген тексеру қортындысы бойынша есептелген баллдың жиынтығына байланысты, өлшемдер қосымшасына сай бақылау субъектілеріне бөлінеді:
      жоғарғы тәуекел дәрежесіне 45 және одан жоғары балл;
      орташа тәуекел дәрежесіне 25-тен 45 баллға дейін;
      төмен тәуекел дәрежесіне 25 баллдан төмен.
      4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлау басымдығы үшін:
      1) тексеру барысында анықталған жеке кәсіпкерлік субъектілері жіберілген өлшемдер талаптарының бұзылуы;
      2) астық нарығына қатысушылар тарапынан өтініш, шағымдардың болуы;
      4) ең жоғары балл жиынтығы негіз болып табылады.

Астық нарығын реттеу    
бойынша жеке кәсіпкерлік  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдеріне қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Өлшемдер атауы

Өлшемдердің талаптарға сәйкес келмеуі балдармен бағаланады

Астық қабылдау кәсіпорындары

1

Тауар-көлік жүк құжаттарының болуы және автокөлікке қабылданған астықтың жүк құжаттарының тізілімін жасау дұрыстығы*

5

2

Жүктерді өлшеуді тіркеу журналының болуы*

5

3

Зертханалық талдау нәтижелерін тіркеу журналының болуы*

5

4

Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу кітабының болуы және дәйектілігі*

30

5

Астық қолхаттарының тізілімін жүргізуі болуы және дәйектілігі**

30

6

Астық қолхаттарын ұстаушылар алдында астық қолхаттары немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу келісім-шартын жасау арқылы өз міндеттемелерін орындалуының болуы және қамтамасыз етілуі***

5

7

Астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеп жөнелтуді жүзеге асыратын астық қоймаларына (элеваторға, астық қабылдау пунктіне) меншік құқығын қуаттау****

3

8

Өткізу режимінің, салмақ өлшейтін жабдықтың, астық сақтайтын сыйымдылықтардың болуы****

3

9

Көтергіш-көлік жабдығы, аспирациялық және желдеткіш желілері бар жұмыс істейтін жүк түсіретін құрылғылардың болуы****

5

10

Жұмыс істейтін астық тазалау машиналарының және астық кептіргіштерінің (егер технологиялық сызбада қарастырылса) болуы****

5

11

Астық сақтау қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) технологиялық процестің сақталуын қамтамасыз ететін жұмыс істейтін технологиялық жабдықтың болуы****

5

12

Қажетті зертханалық жабдықтармен және құралдармен жарақталған (оның ішінде ылғал өлшегіштер, кептіргіш шкафтар, дән ұнтақтау үшін диірмендер, елеуіштер жинағы, сынама алғыштар, өлшегіштер, дән маңызын жуатын жабдықтар, зертханалық таразылар, астықтың залалдануын анықтау үшін оптикалық құралдар) және құралдарының ахуалы бағалаудан өткізілген жұмыс істейтін өндірістік-технологиялық зертхананың болуы****

5

13

Тиісті технологиялық білімі бар мамандардың болуы****

3

14

Астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және жөнелту кезінде астық сапасының көрсеткіштерін анықтаудағы стандарттардың талаптарын сақтау*

5

Қырман шаруашылықтары

15

Жүктерді өлшеуді тіркеу жолдарының болуы *****

5

16

Астықты түсіруге арналған механикаландырылған желінің болуы*****

5

17

Астықты тазалауға арналған сепратор, триер және басқа астық тазалау машиналарының болуы*****

5

18

Қырман шаруашылықтарының астық қолхаттарын беруге құқылы емес туралы «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1 бабы қағидасының сақталуы***

10

Астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар

19

Астық сапасына сараптама жүргізілуіне өтініштердің болуы******

3

20

Астық сапасын сараптау жөніндегі зертхана мен өтініш берушінің арасында жасалған келісім-шарттың болуы******

3

21

Сынама алу актісінің болуы******

3

22

Астық сынамасын тіркеу журналының болуы******

3

23

Сынақ хаттамасының болуы******

3

24

Сынақ хаттамасы және астық сапасы паспортын тіркеу және беру журналының болуы******

3

25

Зертхананың аккредиттеуден өткені туралы аттестатының болуы******

5

26

Астық сапасы паспортының болуы және рәсімдеу дұрыстығы******

5

      Ескертпе:
* - «Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 195 бұйрығы;
** - «Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығы;
*** - «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II Қазақстан Республикасының Заңы;
**** - «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысы;
***** - «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысы;
****** - «Астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының паспортын беруге қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 226 бұйрығы

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 19 мамырдағы    
№ 18-03/277 және       
Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму және    
сауда министрінің м.а.    
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170
Бірлескен бұйрығына     
2-қосымша          

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдері) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.
      2. Осы өлшемдерде мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел – оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектілері – мақта өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар.
      2. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына жатқызу бастапқы бөлу кезінде объективті өлшемдер және кейінгі бөлу кезінде субъективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
      Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері 2 тәуекел дәрежесі топтарына бөлінеді:
      1) орташа тәуекел дәрежесіне:
      шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу бойынша қызмет көрсететін мақта өңдеу ұйымдары;
      мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беретін сарапшы ұйым жатады;
      2) төмен тәуекел дәрежесіне мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар жатады.
      3. Кейінгі бөлу кезінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізілген тексеру қортындысы бойынша есептелген баллдың жиынтығына байланысты, өлшемдер қосымшасына сай бақылау субъектілеріне бөлінеді:
      орташа тәуекел дәрежесіне - 25 және одан жоғары балл;
      төмен тәуекел дәрежесіне - 25 баллдан төмен.
      4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлау басымдығы үшін:
      1) тексеру барысында анықталған жеке кәсіпкерлік субъектілері жіберілген өлшемдер талаптарының бұзылуы;
      2) астық нарығына қатысушылар тарапынан өтініш, шағымдардың болуы;
      4) ең жоғары балл жиынтығы негіз болып табылады.

Мақта нарығын реттеу    
бойынша жеке кәсіпкерлік  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдеріне қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Өлшемдер атауы

Өлшемдердің талаптарға сәйкес келмеуі балдармен бағаланады

Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өндеу бойынша қызмет көрсететін мақта өңдеу ұйымдары

1

Тауар-көлік жүк құжаттарының болуы*

2

2

Мақта шикізатын қабылдау кезіндегі таразы журналының болуы*

2

3

Мақта шикізатының ылғалдылығы мен ластануының көрсеткіштерін тіркейтін журналдардың болуы және талдау нәтижелерінің жазылуы*

3

4

Мақта шикізатынан іріктеп алынған сынамалардың болуы*

3

5

Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі кітабының болуы және оның жазылуы*

5

6

Мақта қолхаттарының тізімінің болуы және оның жазылуы**

5

7

Мақта қолхаттарының жазылуы және кепілдік беру қорына келісім шарт негізінде мүшелікке ену арқылы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету***

3

8

Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуді жүзеге асыруға арналған технологиялық тізбедегі құрал жабдықтардың болуы****

5

9

Тиісті таразылық құрал жабдықтардың болуы****

3

10

Тиісті желдеткіш құрал жабдықтарының болуы****

3

11

Мақтаны қабылдайтын және тиеп жөнелтетін механизмдердің болуы****

5

12

Мақтаның сапасын анықтайтын өндірістік технологиялық зертхананың болуы****

3

13

Мекемеге кіріп шығу тәртібінің болуы****

3

14

Технологиялық білімі бар тиісті мамандардың болуы****

3

15

Мақта қолхаттарының болуы және оның пайдалануы**

3

16

Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сақтау жөніндегі есебінің болуы*****

3

17

Мақта тұқымы мемлекеттік ресурстарының болуы және сақтау, пайдалану дұрыстығы*****

5

Мақта талшығына сараптама жүргізетін және мақта талшығы сапасының паспортын беретін сарапшы ұйым

18

Мақта талшығының іріктеп алынған сынамасының болуы******

3

19

Іріктеп алу сынамаларын тіркейтін журналдардың болуы******

3

20

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енген мақта талшығының эталондарының болуы******

3

21

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі тексеруден өткен зертханалық құрал жабдықтардың болуы******

5

22

Функционалды және техникалық қызмет көрсететін білікті мамандардың болуы******

3

23

Мақта талшығы паспортының болуы және рәсімдеу дұрыстығы******

5

24

Тиісті арнайы білімі бар мақта бойынша сарапшылардың (классерлердің) болуы******

3

Мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар

25

Мақта сапасын сараптау жөніндегі зертхана (орталық) және шитті мақта иесінің арасында жасалған келісім-шарттың болуы*******

3

26

Сынама алу актісінің болуы*******

3

27

Мақта шитінен іріктеп алынған сынамаларды тіркейтін журналдардың болуы*******

3

28

Мақта шитінің сапасы туралы куәлікті берілгені туралы тіркеу журналының болуы*******

3

29

Зертхананың аккредиттеуден өткені туралы аттестатының болуы*******

5

30

Мақта шитінің сапасы туралы куәліктің болуы және рәсімдеу дұрыстығы*******

5

      Ескертпе:
* - «Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 651 бұйрығы;
** - «Мақта қолхаттарын берудің, айналымының, күшін жоюдың және өтеудің ережесін, мақта қолхатының нысанын (үлгісін) және жазылуын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылғы 10 қазанындығы № 650 бұйрығы;
*** - «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 298 Қазақстан Республикасының Заңы;
**** - «Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысы;
***** - «Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығы;
****** - «Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысы;
******* - «Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру ережесін, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанасы (үлгісін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 710 бұйрығы