Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 03.07.2015 № 15-03/609 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.07.2015 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;
2) осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет–ресурсына жариялауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С. Хасеновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрiнің Экономикалық даму және
міндетін атқарушы сауда министрінің міндетін
атқарушы
____________ Е. Аман ____________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 18-03/277 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің м.а.
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170
Бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдері) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.
2. Бақылау субьектілерін тәуекел топтарына бөлу бастапқы бөлу кезінде объективті өлшемдер және кейінгі бөлу кезінде субъективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері 2 тәуекел дәрежесі топтарына бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесіне астық қабылдау кәсіпорындары жатады;
2) төмен тәуекел дәрежесіне астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар жатады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2013 № 15-07/124 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 09.04.2013 № 01-04-03/39 НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
3. Кейінгі бөлу кезінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізілген тексеру қортындысы бойынша есептелген баллдың жиынтығына байланысты, өлшемдер қосымшасына сай бақылау субъектілеріне бөлінеді:
жоғарғы тәуекел дәрежесіне 45 және одан жоғары балл;
орташа тәуекел дәрежесіне 25-тен 45 баллға дейін;
төмен тәуекел дәрежесіне 25 баллдан төмен.
4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлау басымдығы үшін:
1) тексеру барысында анықталған жеке кәсіпкерлік субъектілері жіберілген өлшемдер талаптарының бұзылуы;
2) астық нарығына қатысушылар тарапынан өтініш, шағымдардың болуы;
4) ең жоғары балл жиынтығы негіз болып табылады.
5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
Ескерту. Бағалау өлшемдері 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2013 № 15-07/124 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 09.04.2013 № 01-04-03/39 НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Астық нарығын реттеу
бойынша жеке кәсіпкерлік
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдеріне қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2013 № 15-07/124 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 09.04.2013 № 01-04-03/39 НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
№ |
Өлшемдер атауы |
Өлшемдердің талаптарға сәйкес келмеуі балдармен бағаланады |
|
Астық қабылдау кәсіпорындары |
|||
1 |
Белгіленген нысан бойынша автомобильдер және темір жолдар таразысында жүктерді өлшеудi тiркеу журналын толтыру* |
5 |
|
2 |
Тауарлық-көліктік жүкқұжаттарының болуы |
5 |
|
3 |
Орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, белгіленген нысан бойынша автомобиль көлігімен қабылданған астыққа жүкқұжаттар тiзiлiмiн жасау* |
10 |
|
4 |
Белгіленген нысан бойынша астықтың зертханалық талдау нәтижелерiн тiркеу журналын толтыру* |
5 |
|
5 |
Белгіленген нысан бойынша астықты тазалау, кептiру актiлерін жасау* |
5 |
|
6 |
Астықтың сандық-сапалық есебінің кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау |
20 |
|
7 |
Астықтың сандық-сапалық есебiнің нысандарын, журналдарын және кітаптарын сақтаудың белгіленген мерзімдерін сақтау* |
5 |
|
8 |
Астықты тиеп жөнелтуге алынған бұйрықтардың есебі журналын толтыру |
5 |
|
9 |
Белгіленген нысан бойынша астық қолхаттарының тізілімін жасау** |
20 |
|
10 |
Астық қолхаттарын беруге және ресімдеуге, сондай-ақ астық қолхаттарының тізілімін жүргізуге жауапты тұлғаларды анықтайтын ішкі құжаттың болуы |
5 |
|
11 |
Таза және бүлінген, сондай-ақ өтелген астық қолхаттары бланкілерін сақтауға жауапты тұлғаларды анықтайтын ішкі құжаттың болуы |
5 |
|
12 |
Астық қолхаттарының таза бланкілерін тікелей астық қабылдау кәсіпорнында сақтау |
5 |
|
13 |
Астық қолхаттарының бүлінген бланкілерін астық қабылдау кәсіпорнында бес жыл сақтау |
5 |
|
14 |
Өтелген астық қолхаттарын астық қабылдау кәсіпорнында бес жыл сақтау |
5 |
|
15 |
Астықты сақтау кезінде біртекті партиядан алынған орташа сынама бойынша айына бір рет толық техникалық талдау жүргізілгенін растайтын құжаттың болуы |
3 |
|
16 |
Астықты сақтаудың қысқы жағдайына ауыстыру бойынша іс-шараларды уақытында жүргізу |
10 |
|
17 |
Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау пунктінің) 10 %-ы көлемінде бос қойма сыйымдылығының, элеваторларда – сүрлем үстіндегі транспортердің әрқайсысына ең кемінде бір бос сүрлемнің болуы |
5 |
|
18 |
Астық қоймаларының және оның барлық технологиялық желілерінің жарамды күйі |
5 |
|
19 |
Астықты зиянкестермен залалдануына бақылауды уақытылы жүргізуді растайтын құжатты толтыру |
10 |
|
20 |
Сақтаудағы астықтың температурасын бақылауды уақытылы жүргізуді растайтын құжатты толтыру |
10 |
|
21 |
Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету |
20 |
|
22 |
Астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының немесе астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы |
10 |
|
23 |
Астық қоймасында (элеваторға, астық қабылдау пунктіне) меншік құқығын растайтын құжаттың болуы |
10 |
|
24 |
Үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша мүлiктi кепiлге салудың жоқтығын растайтын құжаттардың болуы |
10 |
|
25 |
Астықтың кез келген көлемін (мемлекеттік ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары үшін) тиеп-жөнелтуді астық нарығы саласындағы уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжаттың болуы |
10 |
|
26 |
Технологиялық жабдықтың (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), салыстырып тексерілген таразы жабдығы, тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығының болуы |
20 |
|
27 |
Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған ақаусыз жабдықтың болуы |
10 |
|
28 |
Астық сапасын айқындауға арналған, өлшеулер жай-күйі бағалаудан өткен және: |
20 |
|
29 |
Тиісті білімі бар техникалық басшылардың бiлiктi құрамының болуы |
5 |
|
30 |
Тиісті білімі бар техникалық мамандардың бiлiктi құрамының болуы |
5 |
|
31 |
Өткізу режимінің болуы |
3 |
|
32 |
Аумақ қоршауының болуы |
3 |
|
Астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар |
|||
33 |
Зертхананың аккредиттеу аттестатының болуы |
10 |
|
34 |
Сынама іріктен актілерінің болуы |
5 |
|
35 |
Астық сынамасын тіркеу журналының болуы |
3 |
|
36 |
Белгіленген нысан бойынша сынамалар хаттамаларын толтыру немесе тiгiлген, нөмiрленген және зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiлген сынама нәтижелерін тіркеу журналын толтыру*** |
3 |
|
37 |
Белгіленген нысан бойынша астық сапасы паспорттарын ресімдеу*** |
10 |
|
38 |
Берілген астық сапасы паспортттарының көшірмелерінің белгіленген сақтау мерзімін сақтау |
5 |
|
39 |
Астық сапасы паспортының әрекет ету мерзімінің ішінде жөнелтiлген және сақтаудағы партияларға буып-түйген және мөрлеген астық сынамаларын сақтау |
5 |
|
40 |
Буып-түйген және мөрлеген астық сынамаларын сапа бойынша келіспеушiлiктер кезінде – түсiнiспеушiлiктердi қарауды толық аяқтағанға дейiн сақтау |
5 |
Ескертпе:
* - «Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысы;
** - «Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидаларын, астық қолхаттарының үлгіcіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1395 қаулысы;
*** - «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысы.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 18-03/277 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің м.а.
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170
Бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдері) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.
2. Осы өлшемдерде мынандай ұғымдар қолданылады:
1) мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел – оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететін мақта өңдеу ұйымдары;
2) бақылау субъектілері – мақта өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар.
2. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына жатқызу бастапқы бөлу кезінде объективті өлшемдер және кейінгі бөлу кезінде субъективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері 2 тәуекел дәрежесі топтарына бөлінеді:
1) орташа тәуекел дәрежесіне:
шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу бойынша қызмет көрсететін мақта өңдеу ұйымдары;
мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беретін сарапшы ұйым жатады;
2) төмен тәуекел дәрежесіне мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар жатады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2013 № 15-07/124 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 09.04.2013 № 01-04-03/39 НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
3. Кейінгі бөлу кезінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізілген тексеру қортындысы бойынша есептелген баллдың жиынтығына байланысты, өлшемдер қосымшасына сай бақылау субъектілеріне бөлінеді:
орташа тәуекел дәрежесіне - 25 және одан жоғары балл;
төмен тәуекел дәрежесіне - 25 баллдан төмен.
4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлау басымдығы үшін:
1) тексеру барысында анықталған жеке кәсіпкерлік субъектілері жіберілген өлшемдер талаптарының бұзылуы;
2) астық нарығына қатысушылар тарапынан өтініш, шағымдардың болуы;
4) ең жоғары балл жиынтығы негіз болып табылады.
5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
Ескерту. Бағалау өлшемдері 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2013 № 15-07/124 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 09.04.2013 № 01-04-03/39 НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы
бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне
қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2013 № 15-07/124 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 09.04.2013 № 01-04-03/39 НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
№ |
Өлшемдер атауы |
Өлшемдердің талаптарға сәйкес келмеуі балдармен бағаланады |
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететін мақта өңдеу ұйымдары |
||
1 |
Мақта қабылдау пунктіне келіп түсетін шитті мақтаға тауарлық-көліктік жүк құжаттарының болуы |
5 |
2 |
Белгіленген нысан бойынша мақта шикізатын қабылдау кезіндегі таразы журналын толтыру* |
5 |
3 |
Белгіленген нысан бойынша шитті мақтаны талдау карточкаларын және шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналын толтыру* |
5 |
4 |
Белгіленген нысан бойынша шитті мақтаны қабылдау туралы түбіртектерді ресімдеу* |
5 |
5 |
Бір күндік жиынтық деректер қабылданған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша шитті мақтаны қабылдау туралы түбіртектерден күн сайын шитті мақтаның сандық-сапалық есеп кітабына жазу |
20 |
6 |
Шитті мақтаны қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына қабылдауды және жөнелтуді салыстырып тексеру актілерінің болуы |
5 |
7 |
Белгіленген нысан бойынша мақта талшығын бумалап өлшеуді ресімдеу* |
5 |
8 |
Белгіленген нысан бойынша өндірістен түскен қайта өңдеу өнімдерінің есебі журналын толтыру* |
5 |
9 |
Белгіленген нысан бойынша қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есептерді ресімдеу* |
5 |
10 |
Тиеп жөнелтуге алынған шешімдердің есебі журналының болуы |
5 |
11 |
Мақтамен жүргізілген операцияларды көрсететін құжаттарды сақтаудың белгіленген мерзімдерін сақтау* |
5 |
12 |
Шитті мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің бар болуын түгендеудің жүргізілгенін растайтын түгендеу тізімдемелерінің болуы |
5 |
13 |
Белгіленген нысан бойынша мақта қолхаттарының тізілімін толтыру** |
20 |
14 |
Мақта тазалау зауытынына меншік құқығын растайтын құжаттың болуы |
10 |
15 |
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының болуы |
10 |
16 |
Шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтардың болуы |
5 |
17 |
Мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхананың болуы |
5 |
18 |
Шиттi мақтаны жинақтауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның болуы |
5 |
19 |
Астық қабылдау кәсіпорнында сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың болуы |
5 |
20 |
Техникалық басшылардың бiлiктi құрамының болуы |
5 |
21 |
Техникалық мамандардың бiлiктi құрамының болуы |
5 |
22 |
Өткізу режимінің болуы |
3 |
23 |
Аумақ қоршауының болуы |
3 |
Мақта талшығына сараптама жүргізетін және мақта талшығы сапасының паспортын беретін сарапшы ұйымдар |
||
24 |
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін мақта талшығын классерлiк бағалауға арналған меншiк құқығындағы немесе мүлiктiк жалдауындағы үй-жайдың болуы*** |
20 |
25 |
Мақта талшығының сыртқы түрінің стандартты үлгілерінің бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген жиынтығының болуы |
5 |
26 |
Автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесiне функционалды және техникалық қызмет көрсететiн бiлiктi мамандардың болуы |
5 |
27 |
Тиiстi арнайы бiлiмi бар мақта жөнiндегi бiлiктi сарапшылардың (классерлердiң) болуы |
5 |
28 |
Мақта талшығының сынамаларын бумалап iрiктеп алуды тiркеу журналын толтыру |
5 |
29 |
Мақта талшығының сынамаларын қабылдау журналын толтыру |
5 |
30 |
Белгіленген нысан бойынша мақта талшығы сапасының паспортын ресімдеу*** |
5 |
31 |
Мақта талшығының сынамалары сынақтан өткiзгеннен кейiн мақта талшығының иесi партияны тиеп жөнелткенге дейiн сарапшы ұйымның зертханасында сақталуы |
5 |
Мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар |
||
32 |
Зертхананың аккредиттеу аттестатының болуы |
10 |
33 |
Сынама іріктеу актілерінің болуы |
5 |
34 |
Белгіленген нысан бойынша мақта шитінің сынамаларын тіркейтін журналды толтыру**** |
5 |
35 |
Белгіленген нысан бойынша шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктерді тіркеу журналын толтыру**** |
5 |
36 |
Белгіленген нысан бойынша шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктерді түсiнiктi етiп және түзетулерсiз ресімдеу**** |
5 |
37 |
Шитті мақтаның сапасы туралы берілген куәлiктердің көшiрмелерін бiр жыл сақтау |
5 |
38 |
Сапа туралы куәлiктiң әрекет ету мерзiмi iшiнде тиеп жөнелтiлген және сақтаудағы партияларға шитті мақтаның сынамаларын сақтау |
5 |
39 |
Сапа бойынша келiспеушiлiктер болған жағдайда – тиеп жөнелтiлген және сақтаудағы партияларға шитті мақтаның сынамаларын сақтау келiспеушiлiктердi қарау толығымен аяқталғанға дейiн сақталады |
5 |
Ескертпе:
* - «Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысы;
** - «Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1602 қаулысы;
*** - «Сарапшы ұйымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және Мақта талшығының сапасына сараптама жүргiзу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысы;
**** - «Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiк беру қағидаларын, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктiң нысанын (үлгiсiн) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгiсiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысы.