«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (И.А. Шварцкопф):
1) Заң департаментімен (С.М. Қаппасов) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 157 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау
ҚАҒИДАСЫ 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
1) Бағалау обьектілері – акциялардың пакеттері мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғамдар, соның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
2) корпоративтік басқарудың жоғары рейтингі – корпоративтік басқару деңгейінің бақылаудың негізгі параметрлерінің тәуекелдердің тәжірибелік болмауын растайтын рейтингі;
3) корпоративтік басқару (бұдан әрі – КБ) – бұл Объект қызметінің басқаруын және бақылауын қамтамасыз ететін және акционерлер, директорлар кеңесі, атқарушы орган (Басқарма), Объектінің басқа органдары мен акционерлер мүдделеріне мүдделі тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын үдерістердің жиынтығы;
4) мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган – экономика секторындағы мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыратын орган;
5) миноритарлық акционер – акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер.
3. Бағалаудың мәні – талдау, нақты ақпаратқа қорытынды жасау, Объектілердің КБ деңгейі туралы қорытындыларды қалыптастыру болып табылады.
2. КБ бағалаудың мазмұны
4. КБ бағалауды жүргізу үшін ақпарат төмендегі мәліметтер негізінде қалыптастырылады:
КБ рәсімдеріне қатысты ішкі корпоративтік құжаттар;
негізгі қызметінің нәтижелері туралы құжаттар (қаржылық есептілік, акционерлерге ұсынылатын есептілік);
сыртқы ортамен қатынастарды сипаттайтын құжаттар (шарттар мен келісімдер, Объект басшылығымен сауалнамалық әдіс арқылы алынған мәліметтер және басқа деректерден алынған мәліметтер (бұқаралық ақпарат құралдары, корпоративтік интернет-сайт).
5. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар үшін Объектінің КБ бағалау осы Қағидаға 1-Қосымшаға сәйкес Нысан бойынша мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарға, соның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға корпоративтік басқаруды бағалауына сәйкес келесі құрамдауыштар арқылы жүргізіледі:
КБ қағидаттарына бейімділігі;
Объектінің директорлар кеңесі мен атқарушы органның қызметі;
Объект қызметіне ішкі аудит және бақылау;
Объект қызметі туралы ақпаратты ашу;
миноритарлық акционерлердің құқықтары (Объектінің миноритарлық акционерлері болмаған жағдайда осы құрамдауыш бойынша бағалау жүргізілмейді);
қаржылық тәртіп.
6. Бағалау құрамдауыштары ҚБ жүйесінің жеке өзара байланысын сипаттайтын қатар өлшемдерден тұрады. Объектінің КБ бағалауы қабылданған басқару моделінің белгіленген өлшемдердің әрбір құрамдауыш бойынша сәйкестігін белгілейді.
3. КБ бағалаудың деңгейін беру
7. Мамандандырылған рейтингті агенттігі үшін КБ-ның жоғары рейтингі болып табылатын осы агенттігімен берілген рейтингі болған жағдайда Объектіге КБ-ның 4-ші деңгейі беріледі.
8. Арнайы мамандандырылған рейтингті агенттігімен берілген КБ-ның рейтингі болмаған жағдайда, ҚБ бағалауды жүргізу келесі алгоритм бойынша жүргізіледі:
1 Деңгей – 1 Компонент – 1 Белгі, 1 Деңгей – 1 Компонент – 2 Белгі;
2 Деңгей – 1 Компонент – 1 Белгі, 2 Деңгей – 1 Компонент – 2 Белгі;
3 Деңгей – 1 Компонент – 1 Белгі, 3 Деңгей – 1 Компонент – 2 Белгі.
Уәкілетті органмен бағалау КБ жүйесінің жеке өзара байланысты элементтерді сипаттайтын құрамдауыштар бойынша жүргізіледі. Барлығы, мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау нысаны 60 құрамдауыштан тұрады.
Бағалаудың 5 нұсқасы бар. Балдарды, сондай КБ деңгейін беру осы Қағидаға 2-Қосымшаға Категорияның жағдайына сәйкес жүргізіледі.
4. КБ бағалауды жүргізу
9. КБ бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен жүргізіледі.
10. Екі жылда бір рет қаңтардың 31 дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару қағидаттарын енгізудің алдын-ала мониторингінің ақпараты негізінде мониторингке жататын объектілер тізбесі қалыптастырылады. Бағалау іріктемелі болып жүргізіледі, акционерлік қоғамдардың жалпы санынан 5% кем емес қызметінің түрлі салалардың Объектілерін қамтиды.
Мониторингті жүргізу мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ақпанның 28-ші күніне дейін акционерлік қоғамдарға Қағидаға сәйкес ақпаратты ұсыну үшін сұраным жібереді.
11. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган КБ бағалауды жүргізген кезде түсініктемелер мен негіздемелерді ұсыну үшін Объектінің өкілдерін шақырады. КБ бағалаудың жобасы Объектіге жіберіледі. Объектімен құжаттар мен негіздеулерді ұсынған жағдайда КБ бағалауы бір ай ішінде нақтыланады.
12. КБ бағалаудың қорытындылары бойынша Есебі мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігі туралы есебіне бөлім ретінде қосылады.
Мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдардағы корпоративтік басқаруды
бағалау қағидаға
1-қосымша
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарға, сонын ішінде ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға корпоративтік басқаруды бағалау нысаны
Белгінің № |
1-деңгей |
2 -деңгей |
3 -деңгей |
4 -деңгей |
Заңнама талаптарын сақтау |
Корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша қадамдар қабылданады |
Корпоративтік басқарудың дамыған жүйесі |
Корпоративтік басқару саласында жетекшілік |
|
1-құрамдауыш. Корпоративтік басқару қағидаттарына бейімділігі |
||||
Өлшемдер |
||||
1 |
Объектінің қызметі акционерлер мен инвесторларға қатысты заңнаманың талаптарына сәйкес іске асырылады |
Объектіде корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шаралардың нақты жоспары әзірленген |
Объект Корпоративтік басқарудың үлгілік кодексімен қарастырылған барлық талаптарды сақтайды |
Объект мамандандырылған рейтингті агенттігінің корпоративтік басқарудың жоғары рейтингін алды |
Талдаудың мәні - акционерлердің құқықтарын, экологияны, салықтарды және еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған қызметіне қатысты Объектінің ішкі ережелерін бекітетін корпоративтік құжаттар, және де өткен кезеңі үшін Объектінің қызметі мен құқық қолдану практикасының нәтижелері бойынша құрастырылған құжаттама (мемлекеттік органдар алдындағы есептер, еңбек шарттары, жұмыс беруші ретінде бұйрықтар мен өкімдер, экологиялық шаралар нәтижелері бойынша құрастырылған құжаттар, қолданыстағы сот практикасы, Объектінің азаматтық-құқық ық мәмілелері, олардың жасалуы мен жүзеге асырылуы туралы мәлімет, уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйғарымдары мен қаулылары) және т.б. Қарастырылатын мәселесімен салыстыратын барлық ақпарат талдануы тиіс. Бұдан басқа қажетті ақпараттың жойылу мүмкіндігіне анықтау мәніне Объектінің құжат айналымы жүйесі зерделенуі тиіс. |
Талдаудың мәні - КБ жүйесін жетілдіру бойынша іс-шараларды бекітетін Объектінің стратегиялық құжаттар* (директорлар кеңесінің жұмыс жоспарлары және т.б.). Қабылданатын шаралардың тиімділігін, олардың КБ қағидаттарына сәйкестігін, және де олардың шараларының орындалу уақтылығы мен тиімділігін зерделеу қажет. |
Аталған мәселе бойынша талдау өзіне алдағы екі деңгей талдауының нәтижелерін қамтиды. |
||
*КБ жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары Объектінің даму жоспарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының құрылымында бекітілуі мүмкін |
||||
2 |
Объектінің Жарғысы құрылтай болып табылатын мемлекет, акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, атқарушы орган сияқты корпоративтік басқарудың әр түрлі органдарының өкілеттіктері мен құқықтарын регламенттейді |
Объектіде акционерлердің құқықтарын, директорлар кеңесінің рөлін және де ақпаратты ашу режимін регламенттейтін ішкі құжаттар пакеті әзірленді және қабылданды. |
Объектіде корпоративтік басқару практикасы мен саясатын жүзеге асыруды бақылауға жауап беретін директорлар кеңесінің комитеттері бекітілді (аудит, сыйақы, кадрлар). |
|
Талдаудың мәні – Объектінің құрылтай құжаттары. Құрылтай құжаттарында Объектінің органдары – акционерлердің, директорлар кеңесінің, атқарушы органның, ішкі аудит қызметтерінің және Объектінің басқа маңызды құрылымдық бірліктерінің жауапкершілігі мен құқықтарын бөлуге қатысты нақтылайтын ережелерді белгілеу қажет. Объектіде басқару жүйесі Объектінің басқару органдарының жауапкершілігі мен құқықтарын бөлудің нақты жүйесін енгізу арқылы КБ-ның таңдаулы практикасын ескере отырып құрылуы тиіс. КБ стандарттарын ұстанатын Объектілер қолданыстағы корпоративтік заңнаманың міндетті (императивті) нормаларын ғана бекітумен шектелмей, КБ қағидаттарына сәйкес құрылтай құжаттарының тиімділігін барынша ұлғайтуға тырысуы тиіс. Бұдан басқа, құрылтай құжаттарында Объектінің корпоративтік құжаттарында сол немесе өзге де қатынастардың нақтылауын көздейтін сілтемелік ережелер қарастырылуы мүмкін. |
Талдаудың мәні – Объектінің ішкі корпоративтік құжаттары. Объектінің ішкі корпоративтік құжаттары компанияны басқарудың барлық мәселелерін қозғауы тиіс. |
Талдаудың мәні – Объект органдарының құрылымында Объектіде КБ тәжірибесінің бақылау мен мониторингін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы органның (комитеттің) болуын белгілеу. |
||
3 |
Объект корпоративтік басқару тәжірибесін жақсартуға ниеттелген |
Объект акционерлерге корпоративтік басқару тәжірибесі туралы ақпаратты жүйелі түрде ашады |
||
Талдаудың мәні – Объектінің стратегиялық құжаттары (даму стратегиясы), даму жоспарлары, директорлар кеңесінің жұмыс жоспарлары, акционерлердің шешімдері және Объектіні басқару жүйесінің даму мәселелерін қозғайтын басқа да құжаттар. |
Талдаудың мәні – КБ тәжірибесі туралы акционерлер алдында Объектінің есептілігін және ақпаратты ашу тәртібін регламенттейтін Объектінің ішкі құжаттары. |
|||
4 |
Объектінің директорлар кеңесі корпоративтік әрекетінің ішкі кодексін (корпоративтік этика кодексі) бекітті және аталған кодексті сақтауды бақылауға жауап беретін органды/лауазымды тұлғаны тағайындады |
|||
Талдаудың мәні – корпоративтік әрекеттің ішкі кодексі және оның сақталу тәжірибесі. |
||||
2-құрамдауыш. Объектінің Директорлар кеңесі мен атқарушы органның қызметі |
||||
Белгілер |
||||
1 |
Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар кіреді. |
Директорлар кеңесінде тәуелсіз сыртқы аудиторларды таңдау бойынша ұсыныстарды беретін, сыртқы және ішкі аудиторлардың есептерін қарастыратын және бекітетін тәуелсіз директорларды қосатын аудит жөніндегі комитет құрылған |
Аудит жөніндегі комитет тәуелсіз директорлардан тұрады |
Объект мамандандырылған рейтингті агенттігінің корпоративтік басқарудың жоғары рейтингін алды |
Талдаудың мәні – директорлар кеңесі өзінің қызметін жүзеге асыратын негіздегі директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы құжаттар, директорлар кеңесі туралы отырыстардың хаттамалары және өзге де құжаттар. |
Талдаудың мәні – аудит жөніндегі комитет өзінің қызметін жүзеге асыратын негіздегі директорлар кеңесінің аудит жөніндегі мамандандырылған комитеті туралы ереже, аудит жөніндегі комитет мүшелерін сайлау туралы құжаттар, аудит жөніндегі комитет отырысының хаттамалары және басқа да құжаттар. |
Аудит жөніндегі комитет тәуелсіз директорларда тұрады, қайсылары тәуелсіз сыртқы аудиторларды таңдау бойынша ұсыныстарды беріп, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерін қарайды да бекітеді. |
||
2 |
Директорлар кеңесінің құзыреті ішкі құжаттармен нақты регламенттелген |
Бір тұлға екі лауазымды - директорлар кеңесінің төрағасы лауазымы мен басқарманың төрағасы лауазымын атқаруы тиіс емес |
Аффилирленген тұлғалар жасалған мәмілелерді бекітетін директорлар кеңесінің комитеті толық тәуелсіз директорлардан тұрады |
|
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, Директорлар кеңесі туралы ереже және Директорлар кеңесінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын басқа да ішкі ережелер. |
Осы мәселе бойынша талдау алдағы деңгейдің талдауды қамтиды, бұл ретте, Объектінің атқарушы органы мен Директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін қосып істеуіне тыйым салынуы тиіс. |
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, мүдделілігімен мәмілелер жөніндегі комитет туралы ереже, мүдделігімен мәмілелерді жасаудың тәртібін регламенттейт н басқа да құжаттар. Сонымен қатар, мүдделігімен мәмілелер жасаудың тәжірибесі зерделенуі тиіс. Мүдделігімен мәмілелер жасау тәжірибесі мұндай мәмілелерді жасау тәуелсіз директорлардан, соның ішінде қарастырылатын нақты мәмілені жасауына мүдделі емес тәуелсіз директорлардан тұратын мамандандырылған комитетінің қарастыруын және бекітуді көздуі тиіс. |
||
3 |
Басқарма төрағасын бағалау, тағайындау және лауазымнан босатудың айырықша құқығы Директорлар кеңесіне беріледі |
|||
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, Директорлар кеңесі туралы ереже және Директорлар кеңесі мен атқарушы органның құзыретін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттар. |
||||
4 |
Директорлар кеңесінің отырыстары негізгі ресмиліктерді сақтай отырып жүйелілі түрде жүргізіледі (директорлар кеңесінің мүшелеріне материалдарды күні бұрын ұсыну, отырыстың күн тәртібі, хаттама, дауыс беру, жиналым және т.б. сияқты) |
Акционер директорлар кеңесі мен атқарушы органның қызметін жыл сайын бағалайды |
Директорлар кеңесінің жанында техникалық мәселелер немесе мүдделерінің ықтимал қақтығыстары реттеу (мемлекеттік сатып алу, сыйақы, қатерлер жөніндегі комитеттер) жөнінде мамандандырылған комитеттер құрылған |
|
Талдаудың мәні – директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары және ілеспе құжаттар (хабарлама, күн тәртібі, және т.б.). директорлар кеңесі отырыстарының жүйелігін белгілеу қажет. |
Талдаудың мәні – директорлар кеңесі мен атқарушы органның қызметін бағалаудың тәртібін белгілейтін Объектінің ішкі құжаттары, директорлар кеңесі мен атқарушы орган қызметінің соңғы бағалаудың нәтижесі бойынша құрастырылған құжаттар. Акционер жылына кем дегенде бір рет Директорлар кеңесі мен атқарушы органның қызметін бағалауы дұрыс. Объектінің органдарының қызметін бағалаудың тәжірибесі бағалануы тиіс. Бағалаудың жүйесі мен әдістері КБ-ның үздік тәжірибелеріне сәйкес болуы тиіс. |
Талдаудың мәні – директорлар кеңесінің мамандандырылған комитеттер туралы ережелер, мамандандырылған комитеттер отырысының хаттамалары, мамандандырылған комитеттер өзінің қызметін жүзеге асыратын құжаттар және т.б. |
||
5 |
Өз міндеттерін уақтылы және тиісті көлемде орындауды жүзеге асыру үшін Директорлар кеңесінің мүшелері Объект қызметінің жалпы бағытын және стратегияны әзірлеу үшін қажетті ақпаратты алады |
Директорлар кеңесінде тәуелсіз директорлардан тұратын сыйақы жөніндегі комитет құрылған |
Директорлар кеңесінің мүшелері жыл сайын сайланады |
|
Талдаудың мәні – Директорлар кеңесі мүшелері отырысының хаттамасы және ілеспе құжаттар, директорлар кеңесі мүшелерінің қарауына берілетін басқа да құжаттама, директорлар кеңесі мүшелерімен хат алмасу және директорлар кеңесі мүшелерімен Объект қатынасын сипаттайтын өзге де құжаттар. |
Талдаудың мәні – сыйақы комитеті туралы ереже, комитет мүшелерін сайлау және олардың тәуелсіздігін растау туралы құжаттар, сыйақы комитет отырысының хаттамасы және оның қызметін сипаттайтын өзге де құжаттар. |
Құрылтай құжаттар мен директорлар кеңесі туралы ішкі құжаттар тәуелсіздігін, кәсіби тәуелсіздігін растау мақсатында оның мүшелерін жыл сайын (қайта) сайлау жүйесін, директорлар қызметі мен Объект қызметін бағалау нәтижелерін есепке ала отырып көздегені дұрыс. |
||
6 |
Директорлар өз мүдделерін беруге ұсынғандардың алдында ғана емес, Объект алдында және барлық акционерлер алдында орта деңгейде және жауапты |
Директорларды тағайындау тәртібі кандидаттарға қойылатын талаптарды (құзырет, дағдылар және т.б.) регламенттейді |
||
Талдаудың мәні – Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ жауапкершілігін регламенттейтін ішкі құжаттар. Директорлар кеңесі мүшелерімен жасалынатын шарттар. |
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, директорлар кеңесі туралы ереже және директорлар кеңесі мүшелерін сайлау тәртібін регламенттейтін өзге де құжаттар. |
|||
7 |
Директорлар кеңесі мүшелерін тағайындаудағы мемлекеттің рөлі – ашық. |
|||
Талдаудың мәні – директорлар кеңесі мүшелерін сайлау тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар, директорлар кеңесі мүшелерін сайлау туралы құжаттар, олардың сауалнама деректері. Директорлар кеңесі мүшелерін таңдау жүйесін қарау кезінде оның ашықтығын және КБ стандартына сәйкестігін белгілеу қажет. |
||||
8 |
Әкімшілік шығыстарының мониторинг пен бақылауын Объектінің директорлар кеңесімен тоқсан сайын жүргізіледі |
Объектіде ірі мәмілелерді жасау мәселесі реттелген |
||
Талдаудың мәні – Объектінің Жарғысында әкімшілік шығыстарының мониторинг пен бақылауы бойынша директорлар кеңесі құзыретінің болуы. |
Талдаудың мәні – Объектіде ірі мәміленің мөлшері және ірі мәміле бойынша шешімді қабылдау тәртібі белгіленген. |
|||
3-құрамдауыш. Объект қызметіне ішкі аудит және бақылау |
||||
Өлшемдер |
||||
1 |
Объектіде ішкі бақылау және ішкі аудит жүйелері құрылған |
Ішкі бақылау мен ішкі аудит жүйелері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап береді |
Объектінің жылдық қаржылық есептілікті аудит бойынша халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес аудитор растайды |
Объект мамандандырылған рейтингті агенттігінің корпоративтік басқарудың жоғары рейтингін алды |
Талдаудың мәні – ішкі бақылау мен аудит мәселелерін регламенттейтін ішкі құжаттар. Ішкі бақылау мен аудит жүргізу тәжірибесі. |
Талдаудың мәні – ішкі бақылау мен аудит жүйесін бекітетін ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – соңғы есеп кезеңі үшін аудиттелген қаржылық есептілігі, аудиторлық есеп, аудитті жүргізуге шарттар. |
||
2 |
Ішкі аудитор директорлар кеңесіне есеп береді. Объектінің ішкі аудиторы танылған тәуелсіз аудиторлық фирмамен (компаниямен) жүйелі түрде ынтымақтастықта болады |
|
||
Талдаудың мәні – ішкі аудит мәселелерін қозғайтын ішкі құжаттар. |
||||
3 |
Объект тәуекелдерді басқару жүйесін құру бойынша шараларды қабылдайды |
Объектіде тәуекел-менеджмент жүйесі құрылған |
||
Объектіде бақылдауды директорлар кеңесі іске асыратын тәуекел-менеджмент үдерісі бар. Тәуекелдерді талдау қауіпсіздік және алаяқтықты алдын-алу сияқты базалық мәселелерімен шектеледі. |
Объектінің Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару үдерісіне бақылау жасайды. |
|||
4-құрамдауыш. Объект қызметі туралы ақпаратты ашу |
||||
Өлшемдер |
||||
1 |
Объект танылған тәуелсіз аудиторлық фирма (компаниямен) растайтын, бухгалтерлік есептіліктің ұлттық стандарттары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізеді және қаржылық есептілікті дайындайды |
Объект танылған тәуелсіз аудиторлық фирма (компаниямен) растайтын, бухгалтерлік есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізеді және қаржылық есептілікті дайындайды |
Объект мамандандырылған рейтингті агенттігінің корпоративтік басқарудың жоғары рейтингін алды |
|
Талдаудың мәні – есептілік кезеңі үшін қаржылық есептілік және аудиторлық қорытынды. Объект бухгалтерлік есепті бухгалтерлік есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес жүргізеді және тәуелсіз аудиторды тартуымен оны растайды. |
Талдаудың мәні – есептілік кезеңі үшін қаржылық есептілік және аудиторлық қорытынды. Объект қаржылық есептілікті бухгалтерлік есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша жүргізеді және тәуелсіз аудиторды тартуымен оны растайды. |
|||
2 |
Объект өзінің қаржылық есептілігін көпшілік алдында жария етеді |
Объектінің сайтында жарияланатын ақпарат туралы материалдар орналастырылады |
Объект акцияға табыс сияқты ақпаратты құрайтын тоқсан сайынғы есептілікті жариялайды |
|
Талдаудың мәні – ақпаратты жариялау тәртібін, ақпаратты тарату жолдарын (БАҚ, Ғаламтор, ресми есептілік және т.б.) регламенттейтін ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – ақпаратты жариялау тәртібін, ақпаратты тарату жолдарын (БАҚ, Ғаламтор, ресми есептілік және т.б.) регламенттейтін ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – ақпаратты тарату жолдарын (БАҚ, Ғаламтор, ресми есептілік және т.б.), ақпаратты жариялау тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар. |
||
3 |
Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысы – қоғам үшін ашық |
Объект өзінің сатып алулары және өнім берушілер туралы ақпаратты көпшілік алдында жария етеді |
||
Талдаудың мәні – ақпаратты тарату жолдарын (БАҚ, Ғаламтор), ақпаратты жариялау тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – ақпаратты жариялау тәртібін, ақпаратты тарату жолдарын (БАҚ, Ғаламтор) регламенттейтін ішкі құжаттар. |
|||
4 |
Объект өзінің корпоративтік басқару кодексі туралы ақпаратты, оны енгізу бағдарламаның негізгі ережелерін, халықаралық стандарттарға сәйкестігінің талдауын ашады |
|||
Объект өзінің корпоративтік басқару кодексі, даму жоспары туралы ақпаратты, халықаралық стандарттарға сәйкестігінің талдауын көпшілік алдында жария етеді. |
||||
5-құрамдауыш. Миноритарлық акционерлердің құқықтары. |
||||
Өлшемдер |
||||
1 |
Миноритарлық акционерлер акционерлер жиналысының күні, өткізу орны мен күн тәртібі туралы алдын-ала хабарланатын болады |
Миноритарлық акционерлер құқықтарын беру кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырылады |
Объект миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған дауыс берудің тиімді тетіктерін қарастырады |
Объект мамандандырылған рейтингті агенттігінің корпоративтік басқарудың жоғары рейтингін алды |
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, акционерлер жиналысын өткізудің және оларға дауыс беру тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, шешім қабылдау тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, акционерлер жиналыстарында дауыс беру тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар. |
||
2 |
Миноритарлық акционерлерге акционерлердің жиналыстарына қатысуға және дауыс беруге құқық беріледі |
Обьектіде Объектіге бақылаудың өтуі сияқты ерекше міндеттемелерде миноритарлық акционерлердің құқығын қорғаудың қатынасында нақты қалыптастырылған саясат бар |
Объектінің жыл сайынғы есептері аффилиирленген тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты жариялайды |
|
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, шешімдерді қабылдау тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – миноритарлық акционерлердің және басқа да мүдделі тараптардың мүдделерін тіркеу ережесін регламенттейтін ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – ақпаратты жариялау тәртібі туралы Объектінің ішкі құжаттары, ақпаратты тарату жолдары (БАҚ, ғаламтор). |
||
3 |
Объектінің Жарғысы акцияларының бір түрінің (санаттың) иелеріне – акционерлерге дауыс беруге, сатып алуға және иелік етуге қатысты бірдей көлемде құқық береді |
Объектінің есептілігі миноритарлық акционерлерге қатысты ықтимал тәуекелдерге қатысты ақпаратты ашады |
||
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар. Миноритарлық акционерлермен акцияларға меншік ету құқығын, дауыс беру және шешімдерді қабылдау құқығын жүзеге асыру үшін шектеулердің болуын бағалау қажет. |
Талдаудың мәні – Объектінің есептілігі (КБ жағдайы туралы есеп және т.б.). Объектіде КБ құрылымының жағдайы туралы есептілік жүйесінің бар болғандығы дұрыс. |
|||
4 |
Миноритарлық акционерлер акцияларының бақылаушы пакетінің иелерін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты алдын-ала алады |
Объектіде акционерлерге аффилирленген тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы ақпарат ашу тәртібі/режимі бекітілген |
||
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, акцияларды шығару проспектісі, ақпарат ашу режиміне қатысты ішкі құжаттар. |
Талдаудың мәні – ақпаратты ашу режиміне қатысты ішкі құжаттар. |
|||
5 |
Объект жарғысы ақпаратты ашуға қатысты акционерлерге бірдей көлемде құқық береді |
|||
Талдаудың мәні – құрылтай құжаттар, ақпарат ашу режиміне қатысты ішкі құжаттар. |
||||
6-құрамдауыш. Қаржылық тәртіп |
||||
Өлшемдер |
||||
1 |
Объектінің коммерциялық және әлеуметтік мақсаттар көпшілік алдына ашық |
Объектінің әлеуметтік мақсаттарды іске асыруға арналған шығындары халықаралық-танылған бухгалтерлік, қаржылық және экономикалық әдістер арқылы талданады да қаржылық есептілігінде жеке көрсетіледі |
Объектімен мақсаттарға жетудің нәтижесінде негізделген сыйақылар жүйесі көзделген |
|
Талдаудың мәні – Объектінің стратегиялық құжаттары мен даму жоспарлары. |
Талдаудың мәні – Объектінің қаржылық есептілігі, бизнес-жоспары, стратегиялар және даму жоспарлары. |
Талдаудың мәні – сыйақы саясатын регламенттейтін ішкі құжаттар, директорлар кеңесі мен атқарушы орган мүшелерімен жасалған шарттар. |
||
2 |
Қаржыландыру көздері – ашық |
Объектінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі коммерциялық қызметті іске асыру үшін жеңілдікті қаржыландыру түрінде (кепілдікті қоса алғанда) мемлекет тарапынан берілетін қандайда бір субсидиялардың әсерін көрсетеді |
||
Талдаудың мәні – қаржылық есептілік. |
Талдаудың мәні – қаржылық есептілік. |
|||
3 |
Банктік қаржыландыру бәсекелесуші үдерістер арқылы қамтамасыз етіледі |
Объект капиталдың коммерциялық құрылымы және дивидендтік саясатты көздеген |
||
Талдаудың мәні – банктік қызмет көрсету шарттары, банктік қаржыландыру мен қызмет көрсетуді тарту мәселелерін талқылауға қатысты ақпарат және т.б. |
Талдаудың мәні – қаржылық есептілік, табысты жоспарлау мен бөлуге қатысты ішкі құжаттар, аудиторлық есептер және т.б. |
|||
4 |
Объектімен облигациялардың рейтингтері белгіленген. Объект корпоративтік облигациялар шығарады |
|||
Объект корпоративтік облигацияларды шығарып, бағалы қағаздар нарығының құралдарын белсенді пайдаланады. |
Мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдардағы корпоративтік
басқаруды бағалау қағидасына
2-қосымша
Бағалаудың
шәкілі, балл Категорияның жағдайы
0 Қызмет жүргізілмейді
0,5 Қызмет тұрақты жүргізілмейді, жағдайдан жағдайға
1 Қызмет ішінара жүргізіледі, жағдайдың тәуелділігіне
байланысты
1,5 Қызмет тұрақты және жүйелі жүргізіледі
2 Қызмет барынша тиімді жүргізіледі
Талдау нәтижесінде Объектінің КБ деңгейлері қойылады:
Деңгей |
Баға |
КБ жағдайының сипаттамасы |
I |
(0~40) |
КБ жүйесі дамуға әлеуеті бар, алайда бұл мүмкіндіктер әлсіз іске асырылады. Осылай, Объектінің қызметінде заңнаманың, акционерлердің, инвесторлардың, жұмысшылардың құқықтарының бұзылғаны байқалады. Объектінің құрылтайшы құжаттарында басқару органдарының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін егжей-тегжейлі бөлуі жоқ. Басшылыққа мақсаттарды анық белгілеу және сапа негізінде КБ жүйесінің даму стратегиясын әзірлеу қажет. |
II |
(41~80) |
КБ жүйесі қалыптастырылды. Объектіде КБ жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар жоспары әзірленді. Жұмыс үдерісін оңтайландыруға және оның әрбір кезеңінде сапаны жақсартуға назар аудару қажет. КБ жүйесін жетілдіру қажет. |
III |
(81~120) |
КБ сапасын тұрақты жетілдіру бағыттардың көбі бойынша жүргізіледі. Жақсартулар динамикасын ұстау және қалған проблемалық салаларына қайта құруды бастау қажет. |
IV |
- |
Мамандандырылған рейтингті агенттігі үшін КБ-ның жоғары рейтингі болып табылатын осы агенттігімен берілген рейтингінің болуы |