«Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2011 жылғы 31 наурыздағы № 78-ОД және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы N 06-3/268 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 маусымдағы N 7002 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 474 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.11.2016 № 474 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру кезінде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің мәселелерін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қаулысымен бекітілген Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiнің 64-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық), (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 3518 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 152 (766) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      бірлескен бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесінде:
      4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      «4. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланатын ақпарат хабарлама дайындайды.»;
      10-тармақта:
      4) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
      «4) білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс стажы туралы мәліметтері бар өмірбаяны;».
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті осы Бірлескен бұйрықты заңнамада көрсетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.
      3. Осы Бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С. Хасеновқа және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігі Төрағасының Орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсін.
      4. Осы Бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрі
      _____________А. Мамытбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жер ресурстарын басқару
      агенттігінің Төрағасы
      ________________Ө. Өзібеков