Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 4 мамырдағы N 237 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 мамырда N 6981 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығына және Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (Аманқабжан А.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің  
2011 жылғы 4 мамырдағы 
№ 237 бұйрығына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәлiметтердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi төрағасының 2005 жылғы 12 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiндегі нөмірі № 3926 болып тiркелген, № 239 (973) «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәлiметтердiң тiзбесiнде:
      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) жүргізілген жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжаттар туралы деректер (нөмірі, беру күні, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органның атауы);»;
      2) күші жойылды - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.28 № 52 және ҚР Қаржы министрінің 2012.03.07 № 140 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертуі!
      3) тармақшаның күшін жою қарастырылған - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.28 № 53 және ҚР Қаржы министрінің 2012.03.07 № 141 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
      3) «Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4367 болып тіркелген):
      Ұлттық компанияларды және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесіне 9-қосымша:
      «Ақшаның шығуы, барлығы» деген 1-санатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, барлығы» деген 35-тобында:
      «Алымдар, барлығы» деген 2-кіші тобында:
      1-сынып көрсеткіштің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым»;
      4) «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген және 2009 жылғы № 3 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында; 2009 жылғы № 6 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 345-құжат (10-қосымшаны қоса алғанға дейін); 2009 жылғы № 7, 345-құжат (11-ден бастап 54-қосымшаны қоса алғанда); 2009 жылғы № 8, 345-құжат (55-ден бастап 82-қосымшаны қоса алғанда) жарияланған) бұйрығына:
      Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 6-қосымшада:
      «Салық түсімдер» деген 1-санатында:
      «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын ішкі салықтар» деген 05-сыныбында:
      «Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар» 4-кіші сыныбында:
      18-ерекшеліктің салық атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым»;
      5) «Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, 2009 жылғы № 5 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесінде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісіне мемлекеттік тіркеу құқығы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      6) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 (Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) бұйрығында:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      «Салықтық түсімдер» деген 1-санатында:
      «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» деген 05-сыныбында:
      «Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар» деген 4-кіші сыныбында:
      18-ерекшеліктің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым»;
      7) күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.01.12 № 15 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.