«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 562-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 28 сәуірдегі
N 232 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы
тіркеу куәлік
Ескерту: резидент еместі тіркеу есебіне қою туралы куәлігі А5 форматында, мәтіннің түсі мен сызықтары ашық қоңыр, салық төлеушіге берілген кезде келесідей деректер толтырылады:
1) салық төлеушінің аты - жөні және (немесе) атауы;
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) ИИН/БИН;
4) салық органында тіркеу есебіне қою күні;
5) салық органының қызметтік мәтіні.