«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 562-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 28 сәуірдегі
№ 232 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы
тіркеу куәлік
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ РЕТІНДЕ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
ТІРКЕУ КУӘЛІК
Берілген күні « » 20 жылғы
МО _________________ мемлекетік кірістер органдарының басшысы
Серия 00000 № 0000000