РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Ішкі істер министрінің 07.11.2015 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 226 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілері жинағында 2009 жылғы № 12 жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 5833 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың бар-жоғын, оны оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды негіздейтін материалды, материалдық-техникалық, қаржылық және адам ресурстары есептерін ұсыну қағидасының 5-тармағындағы 3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакция да жазылсын:
«Жобалау-сметалық құжаттамаларға жойылған тауарлы-материалдық құндылықтардың құны кірмейді.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі В. Божко