«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 226 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы N 184 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 мамырдағы N 6979 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 226 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілері жинағында 2009 жылғы № 12 жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 5833 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Осы бұйрықпен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың бар-жоғын, оны оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды негіздейтін материалды, материалдық-техникалық, қаржылық және адам ресурстары есептерін ұсыну қағидасының 5-тармағындағы 3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакция да жазылсын:
      «Жобалау-сметалық құжаттамаларға жойылған тауарлы-материалдық құндылықтардың құны кірмейді.».
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі                            В. Божко