Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мынадай:
1) "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 тіркелген және "Заң газетінің" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1238) санында жарияланған));
2) "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 404 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6406 тіркелген және "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 4 ақпандағы № 36 (26439) санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 152 бұйрығымен бекітілген
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Ұлттық білім берудің білім беру бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
4. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады.
5. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.
6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2) академиялық еркіндік - білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;
3) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
4) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
5) академиялық мобильдік - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
6) академиялық сағат кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлері немесе жеке бекітілген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;
7) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
10) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
11) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;
12) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
13) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау - академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
14) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
15) білім беру бағдарламаларын модульдік негізде құрастыру - білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын оқытудың мақсатына сай білім алушының кәсіби құзыреттілігінің жиынтығы болатын оқу үдерісін ұйымдастыру тұжырымдамасы негізінде кәсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы;
16) екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом алу мақсатында білім беру бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша параллель оқу мүмкіндігі;
17) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;
18) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;
19) кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
20) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
21) қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;
22) межелік бақылау - бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
23) модуль – білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы және құзыреттілігі бағалау критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру нәтижелері тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі;
24) модульдік білім беру бағдарламасы - білім алушылардың қандай да бір дәреже және/немесе біліктілік алуы үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді меңгеруіне бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы;
25) модульдік оқыту - білім беру бағдарламаларын, оқу жоспары мен оқу пәндерін модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі;
26) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
27) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;
28) оқу модулі - білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе жартылай қалыптасатын олардың нақты оқыту нәтижелерін меңгеруіне бағытталған білім беру бағдарламасының құрылымдық элементі;
29) оқу пәніне жазылу (Enrollment) - білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;
30) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
31) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;
32) Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
33) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
34) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);
35) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
36) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
37) транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;
38) тьютор - студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;
39) үлгілік оқу жоспары – білім беру бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;
40) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
41) элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2. Оқытудың кредиттік технологиясындағы білім беру
бағдарламалары мен оқу жоспарлары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Білім беру бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
8. Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:
1) үлгілік оқу жоспарлары;
2) оқу жұмыс жоспарлары;
3) жеке оқу жоспарлары.
9. Оқу жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
10. ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттегі әрбір оқу пәнінің еңбексыйымдылығы кредиттермен анықталады, ал таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
11. ОЖЖ-да әрбір оқу пәнінің тізбесі және міндетті компонент пен таңдау бойынша компоненттегі еңбексыйымдылығы кредиттермен, оларды оқыту тәртібімен, оқу сабақтарының түрі және бақылау нысандарымен анықталады.
12. ОЖЖ-ны оқу жылына әзірленеді және ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ оқытушының оқу жұмысының еңбексыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.
13. ОЖЖ-ның және ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы дербес айқындайды.
14. ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын бөлек айқындайды.
15. ЖОЖ-ды үш данада факультет деканы (бөлім басшысы) бекітеді: бірі - деканатта (бөлімде) сақталады және ол білім алушының білім беру бағдарламасын орындауына және меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі - аралық аттестаттауды ұйымдастыру үшін офис Регистраторға, үшіншісі - білім алушыға тапсырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу пәндерінің жүйелі қысқаша сипатталған тізбесін көрсететін элективті пәндердің каталогы (ЭПК) әзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) және күтілетін нәтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі.
Аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін көрсетіледі. ЭОК білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
17. Білім беру ұйымы оқу үдерісін ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз етеді: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар және әзірленімдер, көп таратылатын материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік.
Әрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.
3. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
18. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
19. Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:
1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;
7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;
10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
20. Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін, академиялық күнтізбе ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде іске асырылады.
21. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады.
Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта.
Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта.
Білім алушыларға әр бір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек.
22. Ұзақтығы кемінде 6 аптаны құрайтын қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін оқу және студенттердің өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруымен басқа жоғары оқу орындарында несиелерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру үшін жазғы семестрді (бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізуге жол беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23. Профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағат немесе кредит көлемінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының лекпен, топпен, кіші топпен байланысты жұмыс уақыты бойынша есептеледі. Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түрлеріне жұмсалатын уақыт шығыны (СӨЖ тапсырмаларын, курстық жұмыстарды (жобаларды), емтихан қабылдау, оның ішінде МАК құрамында, бітіруші курс жұмыстарына жетекшілік ету) ЖОО-ның дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі.
Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тең. Студиялық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут.
Білім алушылардың практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір академиялық сағаты, қорытынды мемлекеттік аттестаттау 50 минутқа тең.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит төмендегідей оқу жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең:
аптасына 1 сағат бойынша тең бөлінген семестр түріндегі академиялық кезең бойында білім алушының дәрісханалық жұмысы;
білім алушылардың кәсiби және зерттеу практикасы кезеңдерінде оқытушымен жұмыстары;
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңдерінде оқытушымен жұмыстары;
білім алушылардың дипломдық (жобалар), магистрлік немесе докторлық диссертация жұмыстарын жазу және қорғау жұмыстары;
білім алушылардың дайындық және мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарын (кешендік емтихан) дайындау және тапсыру жұмыстары.
25. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының әр түрлері үшін академиялық сағатпен жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттан) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болғандықтан, білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше БӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша білім алушының семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі бакалавриатта 3 сағатқа тең болады.
БӨЖ-дің дене тәрбие жұмыстарына қосымша сағат берілмейді.
Әрбір практиканың академиялық сағаты (оқудан басқа) білім алушылардың қосымша жұмыстарының оқу сағаттарына сәйкес жүргізіледі: педагогикалық практикаға – 1 сағат, өндірістік практикаға – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
Әрбір академиялық сағат білім алушылардың (магистранттың, доктаранттың) ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмыстарының, магистрлік және докторлық диссертациялардың орындалуын қоса алғанда, БӨЖ-ы 7 сағатқа жүргізіледі.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты білім алушының диплом жұмысы (жобасы), магистрлік немесе докторлық диссертация кезіндегі оқытушымен байланысу жұмыстарын немесе білім алушы мен оқытушының мемлекеттік емтихан тапсыруға дайындығы не тапсыру кезіндегі оқытушымен жұмысының оқу сағаттарын білдіреді. Білім алушының қорытынды аттестаттаудың әр бір академиялық сағаты БӨЖ 6 сағатқа жүргізіледі.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады. Олар оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді. Кәсіби пратиканың барлық түрлерінің жалпы көлемінің құрылуы 6 кредит құрайды.
27. Магистратура мен докторантурада зерттеу практикасы жүргізіледі.
28. Практиканың ұзақтықтығы жұмысы білім алушының аптадағы нормативтік уақыты практикаға бір апта ішінде 30 сағатқа (жұмыс аптасының 5 күнінде 6 сағаттан) тең екендігі бойынша анықталады. Апта санын есептеу үшін кредиттегі практика көлемі оқу сағаттарындағы пратиканың тиiстi түрiнiң еңбек сыйымдылығына көбейтіледі және білім алушының апта iшiндегі практика жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.
Практиканың 1 кредитінің ұзақтығы 15 сағатты құрайтын болғандықтан (50 минуттан), оқу практикасына 30 сағат (50 минуттан) педагогикалық практикаға 75 сағат (50 минуттан) өндірістік практикаға және зерттеу практикасына 120 сағат (50 минуттан), онда практика ұзақтығына сәйкес аптасына 1 кредитті: 0,5 апта оқу практикасына, педагогикалық практикаға – 1 апта, 2,5 апта өндірістік практикаға және зерттеу практикасына 4 апта.
29. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жоспарлау және магистранттар мен докторанттардың аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмысы білім алушылардың 54 сағатқа (күніне 9 сағат, БӨЖ-ді қосқанда жұмыс аптасының 6 күні) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты анықталды.
30. Білім алушылардың 120 (15x8) сағаты магистранттың ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ), магистранттың эксперименттік зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МЭЗЖ), докторанттың ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ДҒЗЖ) бір кредитіне, яғни 2,2 аптаға сәйкес келеді.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа, яғни 2 аптаға сәйкес келеді. Олардың ішінде білім алушылардың оқытушымен жұмысы 15 байланыс сағаты және БӨЖ-дің 90 сағаты.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға (кешендік емтиханға) дайындыққа және тапсыруға 2 апта (1 кредит) беріледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) магистрлік немесе докторлық диссертацияны қорғауға және жазуға 2, 3 және 4 кредит, тиісінше 4, 6 және 8 апта беріледі.
31. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
32. Кредиттік технологияны оқыту кезінде оқу сабақтарының кестесін, оқу пәнін оқытушы құрайды, жеке бiлiм беру траекториясын қамтамасыз етуде және оқытушыларды таңдауды мақсаттардағы қорытынды жасайды.
Оқу сабақтары төмендегідей ұйымдастырылады:
1) күндізгі бөлімде білім алушылар үшін – бір немесе екі ауысымда сағат 8.00-ден 18.30-ға дейін;
2) кешкі білім алушылар үшін – бір ауысымда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін;
3) сырттай білім алушылар үшін – бос дәрісханаға байланысты бір күн ішінде сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін.
33. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34. Академиялық лектер және топтар аталған пәнге және аталған оқытушысына жазылған білім алушылардың саны жеткілікті және жеткілікті деңгейге жетістіктер оның табыстылығының болу қағидасы бойынша қалыптасады.
Академиялық лектердің және топтардың толығуы білім беру ұйымдарымен дербес анықталады.
35. Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (ОБӨЖ) және бірыңғай өзі орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ).
БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен расталады.
36. Жалпы көлемде БОӨЖ (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) БӨЖ-дің үлесі ұйымның өзіндік білім беруі арқылы анықталады.
ОБӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы дәрісханадан тыс жұмыс түрі болып табылады. ОБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмей, жеке графика бойынша орындалады.
Оқу бағдарламаларына ең қиын сұрақтар, үй тапсырмаларының орындалуы, курстық жобалар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер және БӨЖ-дің басқа да тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді.
37. Пәнді оқуға білім алушыларды тіркеуді (Еnrоllmеnt) офис Регистратор ұйымдастырады. Сонымен қатар, әдістемелік-ұйымдастыру және консультациялық жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады.
38. Кредиттік технология бойынша оқу білім алушылардың білім беру бағдарламасын дербес жоспарлауына, оқудың жеке траекториясын таңдауына, өздігінен білім алу деңгейін арттыру уәждемесіне негізделген.
Білім алушылар өздерінің ЖОЖ-ын құру барысында:
1) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен танысуы;
2) оқу пәндеріне тіркелудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін сақтауы;
3) осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында белгіленген кредиттердің кем түспейтін санына жазылуы тиіс.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39. Ақылы негізде білім алушы төлем қабілеттілігіне, оқу түріне тәуелді, тиісті деңгейдегі оқу бағдарламаларын игеру үшін жеке қабілеттілігін өзінің ЖОЖ-да аз мөлшеріндегі кредиттермен қалыптастыруға болады, сонымен қатар оқу мерзімін ұзартуға болады.
40. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады.
Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа білім беру ұйымдарында оқу үшін кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жекелеген пәндерді оқыған жағдайда, білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады.
41. Егерде білім алушы жеке пәндерді басқа білім беру ұйымдарында пән бойынша аралық аттестаттаудан өткен соң өзінің білім беру ұйымына емтихан ведомосын (немесе транскрипт) емтихан бойынша бағалау нұсқаулығымен қоса, пән бойынша және игерген кредиттер санының қорытынды бағаларын деканатқа (бөлімшеге) көрсетеді.
42. Шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікте бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары қазақстандық кредиттерге және ЕСТS-ке барабар әріптес жоғары оқу орындарында игерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жүзеге асырады.
43. Білім беру бағдарламаларын іске асырудың сапасын арттыру және білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісіне және қорытынды бақылауға бөлінеді.
44. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F).
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
45. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру оқу жұмысы жөніндегі білім беру ұйымы басшысының орынбасарына бағынатын, офис Регистраторы жүзеге асырады.
Офис регистратор білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі бойы жүргізеді, ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай транскрипте айқындалады.
Транскрипт білім алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі.
Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
46. Оқытушы ағымдық және аралық бақылау және білім алушының ағымдағы бағасына сәйкес үлгерімінің барлық түрлерін жүргізеді (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы және аралық бақылау). Сонымен қатар білім алушының оқудағы жетістіктері, орындаған тапсырмалары ережеге 100 балдық көрсеткішпен бағаланады.
47. Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем құраса қорытынды баға дәрежесі білім алушының оқу пәні бағдарламасын меңгергендігі. Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
48. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады.
Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
49. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында осы аралық аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
50. Оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе жазғы семестрде ақылы түрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
51. Бір кредиттің құны оқудың бекітілген құны арасындағы қатынаспен және оқытудың барлық бағдарламаларын игеру үшін білім беру ұйымының орнатылған кредиттер санымен есептелінеді.
Оқу жылына арналған оқу құны білім алушының академиялық кезеңімен немесе оқу жылы ЖОЖ болып табылады. Сонымен қатар оқыту құны білім алушыға жоспарланған ЖОЖ-дың орнатылған бір кредиттің бірдей құнын белгілеуді ұсынады.
52. Білім беру ұйымдарына даярлық жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша оқыту құнынан орташа арифметика ретінде есептелінетін мамандықтарға қарамастан, бір кредитке бірдей құнды белгілеу ұсынылады.
53. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
54. Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша барлық емтихандарын "А", "А-", "В+", "В-" бағаға тапсырған жағдайда, мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға стипендия тағайындалады.
55. Офис регистратор оқу жылының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын орташа балын есептейді.
56. Курстан курсқа көшіру үшін өту балын – білім алушыны келесі курсқа көшіруге рұқсат беретін өту балын курстар бөлінісінде жоғары оқу орындары дербес белгілейді.
57. Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балының жинай алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.
58. Оқу жылының қорытындылары бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып өту балын жинай алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады немесе жаңа жеке оқу жоспарын жасайды.
59. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын білім алушы әрі қарай оқу кезеңіне білім беру грантынан айрылады.
60. Білім алушыны көшіру, қайта оқуға қабылдау және академиялық демалыстан шығу кезінде оқыту курсы пререквизиттер ескеріле отырып анықталады.
61. Бакалаврларды даярлау бойынша білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы студенттің теориялық оқытудың кемінде 129 кредитін игеруі, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін, диплом жұмысын дайындауға, жазуға және қорғауға кемінде 2 кредитті (жоба) және мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредитті игеруі болып табылады.
Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, (арнайы жоғары білім бағдарламасын қоса алғанда) білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы мыналарды студенттің меңгеруі болып табылады:
"Өнер" тобы бойынша – теориялық оқу 160-180 кредит;
"Әскери іс және қауіпсіздік" – 170-190 кредит;
"Ветеринарлық" – кемінде 161 кредит;
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) – 190-224 кредит.
Сонымен қатар, жоғары оқу орны игеру үшін қажетті кредиттер көлемін көбейтуі мүмкін, білім беру бағдарламасын іске асыру олардың ерекшеліктеріне байланысты.
Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
62. Магистрлерді даярлау бойынша білім беру үдерісі аяқталғандығының негізгі критерийлері магистранттың:
1) ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде кемінде 59 кредитті, оның ішінде теориялық оқудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кемінде 7 кредитін;
2) бейіндік дайындық кезінде - кемінде 28 кредитті (1 жыл оқу мерзімімен) және кемінде 48 кредитті (1,5 жыл оқу мерзімімен), оның ішінде теориялық оқуға сәйкес кемінде 18 және 36 кредитті, практика бойынша кемінде 2 және 4 кредитті, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының кемінде 4 және 4 кредитін меңгеруі болып табылады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
63. (PhD) философия докторын немесе бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру үдерісі аяқталғандығының негізгі критерийлері докторанттың кемінде 75 кредиттті, оның ішінде теориялық оқудың кемінде 36 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кемінде 28 кредитін меңгеруі болып табылады.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
64. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға «бакалавр» дәрежесі, және (немесе) «магистр» біліктілігі және философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен (транскрипт) беріледі.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
65. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А-, В-, В, В+ деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) "А", "А-" деген бағаға тапсырған бакалавриат және арнайы жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыған білім алушыға, барлық оқу кезенде қайта тапсырылған емтихандар болмағанда үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
66. Жоғары оқу орнына кейінгі білім беру бағдарламасының толық теориялық курсын игерген бірақ ғылыми-зерттеу компоненттерін орындамаған білім алушыға, келесі оқу жылында ақылы негізде зерттеу компоненттері кредитін қайта игеруге және диссертация қорғауға қайта мүмкіндік беріледі.
4. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық жүйесі
67. Теориялық оқудың бір қазақстандық кредитінің еңбек сыйымдылығы шығыны аудиторлық сабақтар мен оқушылардың дербес жұмыстарын есепке алғанда бакалавриатта 45 сағат жұмысты құрайды.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
68. Білім алушылардың академиялық ұтымдылығын және білім беру бағдарламасын тануды (жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің барлық деңгейі мен нысандарында) қамтамасыз ету үшін европалық білім беру кеңістігінде қазақстандық кредит ECTS кредитте қайта есептеу қажет.
69. ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл пәнді зерделеудегі жұмыс көлемінің өлшем бірлігі, яғни дәрісханалық сабақ пен өзіндік жұмыс уақытындағы жұмыс көлемі. ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағаттарға тең.
70. Жалпы оқу жүктемесіне дәрісханалықтан бөлек эссе, рефераттар, курстық жұмыстар (жобалар) жазу, зертханалық сабақтарды орындау, практикадан және стажировкадан өту, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау әр түрлі дайындалу, материалдар жинау және дипломдық жұмыс (жоба) жазу сияқты студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері де кіреді.
71. ECTS бір оқу жылындағы оқу жұмысының жиынтық еңбек сыйымдылығын 60 кредитпен (оқушы бір семестрде 30 кредит жинайды, ал триместрде – 20 кредит) бағалайды. Оқу жылының ұзақтығы емтихан тапсыруға 30 аптаны және 6 аптаны құрайды.
72. Еуропа елдерінде бакалавриат дәрежесін алу үшін оқудың ұзақтығы үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды және тиісінше 180-240 есептік кредиттік бірлік алуы қажет.
73. Кредиттерді қайта есептеу Қазақстан Республикасында ECTS кредиттері және ауыстыру коэффициенті негізінде қайта іске асрылады.
74. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу әрбір пән бойынша 1,5-тен 1,8 шегінде ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады.
Курстық жобалардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына кіреді.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
75. Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу әрбір пән бойынша Қазақстан Республикасының 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентін 74-тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасының кредиттеріне көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Аталған ауыстыру коэффиценттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өздік жұмыстарды ескере отырып) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады.
Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
76. Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредиттерін қайта есепте мынадай ауыстыру коэффиценттерінің көмегі арқылы 74-тармаққа ұқсас түрде жүзеге асырылады:
Практика: оқу – 0,5-тен 0,6 дейінгі шекте, педагогикалық – 1-ден 1,2-ге дейінгі шекте, өндірістік – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте, зерттеу – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;
магистранттың (докторанттың) ғылыми (эксперименттік) - зерттеу жұмысы – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;
білім алушыларды қорытынды аттестаттау – 3,2-ден 4,5-ке дейінгі шекте.
77. Жоғары оқу орындары оқу орны бойынша және факультеттегі ECTS-ті үйлестірушіні тағайындайды.
ECTS жоғары оқу орнының үйлестіруші ECTS-тің принциптері мен тетіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелеріндегі барлық үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды және үйлестіреді.
ECTS үйлестірушілері оқушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-тің практикалық және оқу аспектілері бойынша кеңес береді.
78. ECTS-тің бағалау бағаны бес санатқа бөлінген оң бағадан ("А"-"Е"), дұрыстауға болатын FX бағасынан) және кредитті ұсынбайтын F бағаларынан тұрады.
Қазақстан Республикасының білімін бағалау жүйесі білімалушының оқу жетістігін балдық-рейтинг әріппен бағалау жүйесіне негізделген, кредиттерді тағайындауды қарастыратын он оң нәтижелі бағадан ("A"-дан "D"-ге дейін), сонымен қатар кредитті ұсынбайтын бір қанағаттанарлықсыз "F" бағадан тұрады.
79. Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағасы білім алушының жетістігі және осы Қағидаларға 3-4-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі шеңберіндегі академиялық ұтқырлық
80. Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде қолдануға қажет төмендегідей нормативтік құжаттар көрсетілген:
ұтқырлық бағдарламалары бойынша кететін студенттің өтініші;
ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім;
оқу туралы транскрипт;
ақпараттық пакет (курстар тізімдемесі).
81. Жоғары оқу орны ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы ереже әзірлейді, ол ECTS-ті қолдану бойынша жоғары оқу орнындағы негізгі құжат болып табылады.
82. Академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін ЖОО Ақпараттық пакет (бұдан әрі – АП) әзірлейді. АП формасы, құрылымы, мазмұны және форматын ЖОО дербес анықтайды.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
83. АП мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалады.
84. АП жоғары оқу орнының академиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми тәрізді едәуір маңызды қызмет салаларын сипаттайды және қосымша ақпаратты (спорттық-көпшілік іс-шаралар, мәдени-бос уақыт қызметтері, материалдық-техникалық база және тағы басқа) қамтиды.
85. АП-да жоғары оқу орнының төмендегі негізгі бөлімдер бойынша сипаттамалары бар:
1) жоғары оқу орны туралы жалпы ақпарат;
2) оқу бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі);
3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат.
86. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
87. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
88. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
89. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
90. Білім алушының өтінішінде студентті жіберетін жоғары оқу орнының атауы және толық мекен-жайы, факультеттің/департаменттің және жалпы алғанда, жоғары оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын үйлестірушісінің аты-жөні, сондай-ақ студенттің жеке ақпараты. (аты-жөні, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы) көрсетілуі тиіс.
Өтініште ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының уәжділігі туралы ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тәжірибесі және алдағы шетелде білім алуы туралы мәліметтер жазылады, шетелде оқу грантына ие болу мүмкіндігіне белгі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
91. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу келісімі студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат болып табылады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады.
Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
92. Қабылдаушы жоғары оқу орны студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қабылдайтын жоғары оқу орны, студент және жіберетін жоғары оқу орны – үш тарап келісімге қол қояды.
93. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқығанын растайтын соңғы құжат осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – ағылшын тілінде, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – орыс және/немесе қазақ тілдерінде толтырылатын білім туралы трансткрипт болып табылады.
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
94. Білім алу туралы транскриптке оқу бағдарламасы (курс (пән) коды), пәннің атауы, пәннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада (егер болған жағдайда) және ECTS шкалада), ECTS-тегі берілген кредиттер саны туралы мәліметтер енгізіледі.
Оқудың толық бағдарламасында ойдағыдай оқыған жағдайда берілген дәреже/диплом туралы белгі жасалады.
95. Білім алу туралы транскриптте оқу бағдарламасының ерекшелігі туралы мынадай (қосымша) мәліметтер көрсетіледі: бағалаудың жоғары оқу орындық жүйесін сипаттау; ECTS бағалау жүйесі, оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттер санын бағалау жүйесі.
6. Модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі
Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
96. Модульдік оқытудың әдіснамалық негізі ретінде модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу принциптері, әдістемесі және тәртібі саналады.
Оқыту нәтижелерінің тиімділігіне кешенді тәсілдерді сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары да, оқу жоспарлары мен оқу пәндері де құрастырылады.
97. Оқыту нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Бұл ретте оқытудың бес негізгі нәтижесі көрсетіледі:
білім және түсіну;
білім мен түсінгенін қолдану;
пікір айтуды қалыптастыру;
коммуникативтік мүмкіндіктер;
оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік.
Оқыту нәтижелері барлық бағдарлама бойынша да, жеке модуль мен жеке пән бойынша да анықталады.
98. Модульдік оқытудың мазмұны дегеніміз оқытудың мазмұнын жеке ұйымдастыру-әдістемелік модульдерге айналдыру болып табылады. Олардың мазмұны мен көлемі дидактикалық мақсаттарға, білім алушылардың бейіндік және деңгейлік саралануына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Модульдердің бірігуі білім алушылардың белгілі санаттарының оқуы (және өздігінен оқуы) үшін және арнайы дидактикалық, кәсіби мақсаттарда іске асуы үшін талап етілетін нақты оқу материалын таңдау және құрастыру еркіндігі мен икемділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
99. Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар:
1) білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері;
2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі;
3) әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету;
4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі;
5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі;
6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.
100. Білім беру бағдарламасының әрбір модулі оқытудың белгілі нәтижелеріне, яғни құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пәндердің мазмұндық бірлігі негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы мүмкін.
101. «Көлденең» модульде барлық құрамдас пәндер параллель оқытылуы мүмкін білім беру нәтижелеріне тең дәрежеде және біршама тәуелсіз қызмет етеді.
«Тік» модуль іргелі және жалпы кәсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы деңгейге дейін белгілі бір білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен) оқытылатын пәндерді қамтиды.
102. Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделінің контексінде әзірленеді. Бұл жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән саласына қатысты және әмбебап (жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді.
Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу және түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді (әлеуметтік контексте өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.
103. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:
1) оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру;
2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;
3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды, магистрлік бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша білім беру бағдарламаларын есепке ала отырып);
4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және ЖОО-ның материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық және баспа-полиграфиялық базасының сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін әзірлеу;
5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда әкімшілік-басқару қызметін іске асыру.
104. Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер бойынша оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.
105. Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 және одан да көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қамтиды.
106. Кәсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар және магистрлік/докторлық диссертациялар өзара байланысына және оқу пәндерімен мақсаттарының бірлігіне қарай білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне қосылады. Сонымен қатар, кәсіптік практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.
107. Модульдің құрамында кредиттегі әрбір құрамдас компоненттің модульдің жалпы еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.
108. Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту пәндерін өзге нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) және вариативті, яғни еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден құрау мақсатты болып табылады.
Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді:
А тобы - міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;
В тобы - міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;
С тобы таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады.
109. Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық, мәдени құзыреттілікпен (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), экономикалық (кәсіпкерлік) және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ жалпы білім беретін құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан әрі – ЖБП) және базалық пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;
2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы білім беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау, креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған БП және кәсіптік пәндер (бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;
3) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы жоқ және қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері және т.б.) қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды;
110. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компоненттерді қамтиды:
1) білім беру бағдарламасының атауы;
2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура/PhD докторантура);
3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай-ақ білім беру бағдарламасының бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер:
ана тілі саласында;
шет тілдері саласында;
іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық;
компьютерлік;
оқу;
әлеуметтік (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық);
кәсіпкерлік, экономикалық;
мәдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер: сын тұрғысынан ойлау, креативті, (шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным);
4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық кредиттердегі және ECTS кредиттердегі көлемін, оқыту кезеңін, модуль компоненттерін (құрамдас модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және атауы), пәндер топтамасын (ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша компонентке тиістілігін, кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны;
5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 9-қосымшасына сәйкес.
111. Оқу пәндеріне модуль құруда оның бағдарламасы білім алушылардың қажетті білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік алуына бағытталған модульге (кіші модульдер, бөлімдер) құрылады.
Сонымен қатар, оқыту пәндерінің модульдік бағдарламасы білім алушылардың дәрісханалық пен өзіндік жұмысы ретінде оқытылады және оқытушыларды ақпараттық функциялардан босатады.
112. Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) оқу пәндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі;
2) білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі (пререквизиттер және постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар;
3) пәндердің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың қысқаша мазмұны, семинарлық және зертханалық-практикалық сабақтардың жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі);
4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен рәсімі);
5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.
113. Білім бағдарламалары жалпы білім беру және қосымша құзыреттіліктер қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер, тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін.
114. Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден, қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді және міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.
115. Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша кешенді емтихан нысанында не әрбір компонент – оқу пәні бойынша өзіндік емтихан нысанында өткізіледі.
Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша қорытынды бақылау нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады.
Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның әрбір компоненті – оқу пәні бойынша да жеке қойылады.
116. Модуль бойынша кредиттер алудың шарты әрбір компоненттегі жұмыстың барлық түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.
Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу пәндері бойынша оң бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пәнді оқымайды.
7. Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын және бірлескен
білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру тәртібі
Ескерту. Қағида 7-тараумен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
117. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу процестері қазақстандық азаматтардың шетелдік білімге кеңінен қол жеткізуіне, оның сапасы мен тартымдылығын арттыруға, білім алушылардың, оқытушылар мен академиялық персоналдың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге бағытталған.
118. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің нысаны екі диплом бере отырып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Екі дипомдық білім бір жоғары оқу орнының ішіндегі сияқты екі әріптес жоғары оқу орнының арасында да іске асырылуы мүмкін.
119. Екі дипломды білімнің бағдарламалары – әріптес университеттердің білім беру бағдарламаларының салыстырмалылығы мен үйлесімділігіне негізделген және тараптардың бағдарлама мақсаттарын айқындау, оқу жоспарын дайындау, оқу процесін ұйымдастыру, берілетін дәрежелер немесе берілетін біліктіліктер сияқты мәселелер бойынша ортақ міндеттерді қабылдауымен сипатталатын бағдарлама.
120. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары екі әріптес жоғары оқу орны арасындағы келісім негізінде әзірленеді.
Бұл ретте екі дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асырудың маңызды шарттары мыналар болып табылады:
1) екі әріптес жоғары оқу орнының келісілген білім беру бағдарламасын және оқу жоспарын әзірлеуі және бекітуі;
2) екі дипломды білім беруге енгізілген студенттердің әріптес жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламасының бөліктерін меңгеруі;
3) уағдаластықтар, жалпы принциптер мен сапаны қамтамасыз ету стандарттары негізінде әріптес жоғары оқу орнында оқыту кезеңдері мен нәтижелерін міндетті тану және автоматты түрде сынақтан өткізу;
4) оқытушыларды екі дипломдық білім беруге тарту: білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарын бірлесіп әзірлеу, әріптес жоғары оқу орнында оқыту, жалпы қабылдау және аттестаттау комиссияларына қатысу;
5) екі дипломдық білім беру бағдарламасын толық меңгерген студенттерге әрбір әріптес жоғары оқу орнының дәрежесі не уағдаластық негізінде бір бірлескен дәреже беріледі.
121. Қажет болған жағдайда білім алушылардың екі дипломдық білім беру бағдарламасын іске асырудың таңдалған моделіне қарай оны меңгеруінің ұзақтығы бакалавриатта – 1-1,5 жылға, магистратурада – 0,5-1 жылға, докторантурада – 1 жылға ұлғаяды.
122. Білім алушыларды екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізу рәсімдерін өзара уағдаластық негізінде әріптес жоғары оқу орындары әзірлейді.
Аталған рәсімдер білім алушыларды өз жоғары оқу орнындағы екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізу процесін және екі дипломдық білім беру бағдарламасына шетелдік білім алушыларды қабылдау процесін көрсетеді.
123. Білім алушыны екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізу оның өтініші негізінде және әріптес жоғары оқу орнымен жасалған келісімге (шартқа) сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылар әріптес жоғары оқу орнында қабылдау рәсімдерінен өтеді.
124. Екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізілген шетелдік білім алушылар «білім алуға енгізілген» деген ерекше белгісі бар және оқытудың кезеңі, мерзімі, пәндер саны және меңгерілетін кредиттер көлемі көрсетілген білім алушылардың жалпы контингентіне қабылдаудың ұқсас рәсімдерінен өтеді.
125. Білім алушының жеке оқу жоспарына оқу пәндерінің тізбесі, олардың көлемі (кредиттер мен сағаттар бойынша), семестрлер, бағдарлама меңгерілетін әріптес жоғары оқу орындары бойынша бөлу, қайта есептеу тәртібі кіреді.
126. Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы модульдік принцип бойынша құрылады. Бұл ретте әрбір әріптес жоғары оқу орны модульдерді, олардың ақпараттық-әдістемелік және дидактикалық сүйемелденуін әзірлеуді, оқытушыларды даярлауды және сертификаттауды қамтамасыз етеді.
127. Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім стандарттарының талаптарын және әріптес жоғары оқу орнының талаптарын ескереді.
128. Әріптес жоғары оқу орнындағы оқу төлемақысы жасалған келісім негізінде жүзеге асырылады.
129. Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіне кіретін барлық пәндерді меңгеруі, сондай-ақ таңдау бойынша пән ретінде әріптес жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарына кіретін пәндерді меңгереді.
Екі тараптың білім беру бағдарламалары пәндерінің қамтылуы білім алушының жеке оқу жоспарын жасау кезінде ескерілуі тиіс. Білім алушы практикалардың және қорытынды аттестаттаудың барлық түрінен толық өтеді.
130. Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде оқытудың әртүрлі технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылуы мүмкін.
131. Білім алушының жеке оқу жоспары қосымша білім беру модульдерін және жазғы семестрлерді қамтиды.
132. Екі дипломдық білімнің оқу жоспарларын әзірлеу кезінде әріптес жоғары оқу орындары оқыту траекториясын пәнді меңгеру, оқу және кәсіби практикалардан өту, аралық аттестаттау рәсімдерінің тәртібін қоса отырып дербес айқындайды.
133. Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті компонент пәндерін меңгерудің еңбек сыйымдылығы мақсаттылық және кәсіби бағдарлылық принциптері негізінде әріптес жоғары оқу орындарының келісімі бойынша ұлғаяды.
134. Пәндерді және олардың өзара есебін тану рәсімі олардың мазмұны мен оқыту көлеміне сәйкес жүзеге асырылады.
135. Оқытудың барлық кезеңі ішінде білім алушылардың әрбір модуль бойынша оқу жетістіктері (академиялық көрсеткіштер) семестр аяқталған соң әріптес жоғары оқу орындарына жіберіледі.
136. Әрбір оқу жылының соңында бағдарламаның тиісті модулін іске асыратын әріптес жоғары оқу орны білім алушыға транскрипт береді.
137. Әріптес жоғары оқу орнында меңгерілген кредиттерді қайта есептеу, оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жою тәртібі мен мерзімдері бөлімше басшысының (деканның) өкімімен ресімделеді.
138. Офис Тіркеуші есептелген пәндер мен кредиттер санын әріптес жоғары оқу орнының белгісімен академиялық транскриптке енгізеді.
139. Оқу аяқталып, бағдарламаның әрбірі бойынша барлық талап орындалған соң білім алушыға академиялық дәреже беру туралы белгіленген үлгідегі екі диплом және екі транскрипт беріледі.
Бұл ретте дипломның жеке құжат ретіндегі нысаны (бір немесе екі ұлттық жоғары оқу орнының дипломдарына қосымша берілетін), бірыңғай құжат ретіндегі нысаны (ұлттық дипломдар берілмейтін, аталған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асыратын әріптес жоғары оқу орындары беретін) немесе бір мезгілде берілетін бірнеше ұлттық дипломдар ретіндегі нысаны болады.
140. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары әртүрлі нысандарда іске асырылады:
1) екі білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен диплом;
2) мәртебесі әртүрлі екі диплом;
3) мәртебесі бірдей екі диплом.
141. Екі білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен диплом нысаны бір мезгілде екі мамандық бойынша оқыту негізінде іске асырылады. Бұл жағдайда бір диплом беріледі (бұл: екі мамандық бір мезгілде және екі транскрипт әрбір мамандық бойынша жеке көрсетілетін жоғары оқу орындарының бірінің дипломы не өз жоғары оқу орнының транскрипті көрсетілген бір дипломы және екіншісі нысаны әріптес жоғары оқу орындарының арасындағы келісім бойынша анықталатын, транскрипті бар бірлескен диплом).
142. Мәртебесі әртүрлі екі дипломның нысаны екі әртүрлі білім беру бағдарламасы бойынша оқыту негізінде іске асырылады (сендвич-бағдарламалар). Бұл жағдайда өз жоғары оқу орнының транскрипті бар бір негізгі дипломы беріледі.
Қосымша екінші мамандық бойынша білім алушы екінші академиялық дәреже беру туралы диплом (сертификат) және нысаны әріптес жоғары оқу орындарының арасындағы келісім бойынша қабылданатын транскрипт беріледі.
143. Мәртебесі бірдей екі дипломның нысаны бір мамандық бойынша оқыту негізінде іске асырылады. Бұл жағдайда өз жоғары оқу орнының, сондай-ақ әріптес жоғары оқу орнының транскрипттерімен мәртебесі бірдей екі диплом беріледі.
144. Білім алушылардың қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарымен бір мезгілде алған шетелдік әріптес жоғары оқу орындарының дипломдары Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес танылады.
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Балдардың сандық эквиваленті |
Пайыздық мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_______________________________________________________________(жоғары оку орнының атауы/ the name of High Educational Estabishment/_______________________________________________________________/наименование высшего учебного заведения)
_______________________________________________________________Транскрипт /The transcript/ Транскрипт
Серия №
Аты-жөні/Name/Ф.И.О. ___________________________________________________________________________________________________________________Факультеті/Faculty/Факультет ____________________________________
_______________________________________________________________
Мамандығы/Specialty/Специальность ___________________________________
Түскен жылы/Year/Год поступления ____________________________________
Оқутілі/Language/Язык _______________________________________________
№ п/п |
Пәндердің атауы/ Courses/ Наименование дисциплин |
Кредит саны/ Credit hours/ количество кредитов |
Бaғa/ Grade/Оценка |
|||
Пайызбен/ In persent/ в процентах |
Әріптік/ Аlphabetі/ Буквенная |
Балмен/ In points/ в баллах |
Дәстүрлі жүйемен/ Traditional/ традиционная |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Кәсіптік практиканы өтті/Has passed professional practice/ Прошел профессиональные практики
Кәсіптік практикалардың түрлері/ The orm of professional practice/ Виды профессиональных практик |
Практика өту кезеңі /the period of passage of practice/ Период прохождения практики |
Кредит саны/ Credit hours/ Количество кредитов |
Баға/Grade/Оценка |
|||
пайызбен/ inperse t/ В процентах |
Әріптік /alphab ic/ Буквенная |
Балмен/inpoints/ В баллах |
Дәстүрлі жүйемен/ Traditiona / Традиционная |
|||
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау/Final state attestation/Итоговая аттестация обучающихся
Мемлекеттік емтиханды тапсырды/ Has passed the state examinations/Сдал государственные экзамены |
МАК-тың хаттамасының күні және нөмірі Дата и номер протокола ГАК/ date and number of the report of SAC |
Баға/Grade/Оценка |
|||
пайызбен in persent/В процента |
Әріптік/ alphabet c/ Буквенна |
Балмен/in points/В баллах |
Дәстүрлі жүйемен/ Traditional/ Традиционна |
||
Мамандығы бойынша/On a speciality/ По специальности |
|||||
Пәндер бойынша/ On disciplines/ По дисциплинам: |
|||||
Қорытынды жұмысты орындады және қорғады/Has executed and has defended degree work/Выполнил(а) и защитил(а) выпускную работу
Қорытынды жұмыстың тақырыбы/ Theme of degree work/Тема выпускной работы |
МАК хаттамасының күні және нөм ірі/date and number of the report of SAC/ Дата и номер протокола ГАК |
Кредит саны/ Credit hours/ Количеств кредитов |
Баға/Grade/Оценка |
|||
пайызбен in persent/ В процента |
Әріптік/ alphabet c/ Буквенна |
Балмен/in points/в баллах |
Дәстүрлі жүйемен/ Traditio al/ Традицио ная |
|||
ГАК |
||||||
Жалпы кредит саны/Total Hours Passed/Общее число кредитов
__________
_________________________________________________________
GPA______________________________________________________
РЕКТОР/RECTOR /РЕКТОР (қолы/signature/подпись)
ДЕКАН/the DEAN /ДЕКАН (қолы/signature/подпись)
ХАТШЫ/SECRETARY/СЕКРЕТАРЬ (қолы/signature/подпись)
М.О М.П. Tipкeу №/vegistration №/регистрационный №
"___" ____________20___г.
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Білім алушылардың ECTS бойынша білім жетістігін бағалауды балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне ауысу кестесі
ECTS бойынша баға |
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Балдардың сандық эквивалент |
Пайыздық құрамы |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А |
А |
4,0 |
100 |
Өте жақсы |
В |
В+ |
3,33 |
85 |
Жақсы |
С |
В |
3,0 |
80 |
|
D |
С |
2,0 |
65 |
Қанағаттанарлық |
E |
D |
1,0 |
50 |
|
FX, F |
F |
0 |
0 |
Қанағаттанарлықсыз |
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Білім алушылардың ECTS бойынша білім жетістігін бағалауды балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне ауысу кестесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Балдардың сандық эквивалент |
Пайыздық құрамы |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
ECTS бойынша баға |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А |
А- |
3,67 |
90-94 |
||
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
В |
3,0 |
80-84 |
Жақсы |
С |
В- |
2,67 |
75-79 |
||
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
|
С |
2,0 |
65-69 |
Қанағаттанарлық |
D |
С- |
1,67 |
60-64 |
||
D+ |
1,33 |
55-59 |
||
D |
1,0 |
50-54 |
Қанағаттанарлық |
E |
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
FX, F |
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ECTS бойынша
АҚПАРАТТЫҚ ПАКЕТТІҢ/КУРС ТІЗІМДЕМЕСІНІҢ ҮЛГІЛІК
ҚҰРЫЛЫМЫ
(ағылшын тілінде толтырылады)
Институт туралы АҚПАРАТ |
Жалпы ақпарат |
Оқу бағдарламалары туралы АҚПАРАТ (Курстар тізімдемесі) |
1. Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы |
2. Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау |
|
Студенттерге арналған жалпы ақпарат |
- Орналастыру/тұрмысы |
Checklist for the information package/course catalogue
1. Information on the institution |
1) Name and address |
2. Information on degree programmes General description: |
1) Qualification awarded |
3. Description of individual course units: |
Course title |
4. General information for students |
Cost of living |
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ECTS - EUROPEAN CREDIT TRANSFER SYSTEM
СТУДЕНТТІҢ ӨТІНІШ НЫСАНЫ Photo
20../20.. академиялық жыл
Оқу бағыты................................
Бұл нысан факспен жіберілген жағдайда жақсы көрінуі үшін қара түспен толтырылуы тиіс
Жіберуші оқу орны |
Білім алушының жеке мәліметтері
(білім алушы өзі толтырады)
Тегі:....................... |
Аты:........................... Тұрақты мекенжайы (егер |
Осы өтінімді алатын оқу орындар тізбесі (қалауларына қалай):
Оқу орны |
Мемлекет |
Оқу кезеңі |
Келген мерзімі (айы) |
Күтілетін ECTS кредиттерінің N0 |
|
1............... 2............... 3............... |
........ ........ ........ |
..... ..... ..... |
..... ..... ..... |
....... ....... ....... |
............. ............. ............. |
Студенттің аты-жөні: |
Шетелде оқығыңыз келетін уәждерді қысқаша түсіндіріңіз |
Тілдерді меңгеру
Ана тілі: .................Оқу орнындағы оқу тілі (егер ерекшеленген жағдайда):....................................... |
||||||
Басқа тілдер |
Қазір үйреніп жүрмін |
Оқу үшін жеткілікті дағдыларым бар |
Егер қосымша дайындықтан өтсем, айтарлықтай машықтанам |
|||
иә |
жоқ |
иә |
жоқ |
иә |
жоқ |
|
........... ........... ........... |
_ _ _ |
_ _ _ |
_ _ _ |
_ _ _ |
_ _ _ |
_ _ _ |
Оқуға байланысты еңбек тәжірибесі (егер болған жағдайда)
Жұмыс істеу тәжірибесі |
Фирма/ұйым ................. |
Уақыты ........... |
Мемлекеті ............ |
Алдыңғы және ағымдағы оқуы
Қазіргі кезде оқып жатқан дипломы/дәрежесі..............................................Шетелге шыққанға дейін жоғары білім алған жылдары:......................................................Шетелде болып па едіңіз? _ _ Алдыңғы және ағымдағы оқудың барлық мәліметтері сипатталған толық транскрипт тіркелген. Өтінім берген кезде жазылмаған мәліметтер кейінірек берілуі мүмкін. |
Шетелде оқумен байланысты қосымша шығындарды өтеу үшін мобильдік бойынша грантқа тапсырғыңыз келе ме? |
Қабылдаушы оқу орны |
|
Оқу бағдарламасы ұсынған өтінім мен транскриптті алғанымызды мойындаймыз. |
|
Аталған студент Департамент үйлестірушісінің қолы......................... Күні:........................ |
Біздің оқу орнымызға қабылданды |
ECTS - EUROPEAN CREDIT TRANSFER SYSTEM
STUDENT APPLICATION FORM Photo
ACADEMIC YEAR 200../200..
FIELD OF STUD ..........................................
This application should be completed in BLACK in order to be easily copied and/or telefaxed.
SENDING INSTITUTION |
STUDENT’S PERSONAL DATA
(to be completed by the student applying)
Family name: |
First name (s): Permanent address (if different): |
LIST OF INSTITUTIONS WHICH WILL RECEIVE THIS APPLICATION FORM (in order of preference):
Institution |
Country |
Period of study from to |
Duration of stay (months) |
NҮ of expected ECTS credits |
|
1............... 2............... 3............... |
........ ........ ........ |
..... ..... ..... |
..... ..... ..... |
....... ....... ....... |
............. ............. ............. |
Name of student: Sending institution: |
Briefly state the reasons why you wish to study abroad |
LANGUAGE COMPETENCE
Mother tongue: ................... Language of instruction at home institution (if different): ............................................................. |
||||||
Other languages |
I am currently studying this language |
I have sufficient knowledge to follow lectures |
I would have sufficient knowledge to follow lectures if I had some extra preparation |
|||
yes |
no |
yes |
no |
yes |
No |
|
........... ........... ........... |
_ _ _ |
_ _ _ |
_ _ _ |
_ _ _ |
_ _ _ |
_ _ _ |
WORK EXPERIENCE RELATED TO CURRENT STUDY (if relevant)
Type of work experience .................................. |
Firm/organisation .................................. |
Dates ...................... |
Country .............................. |
PREVIOUS AND CURRENT STUDY
Diploma/degree for which you are currently studying: If Yes, when ? at which institution ? The attached Transcript of records includes full details |
Do you wish to apply for a mobility grant to assist towards |
RECEIVING INSTITUTION |
We hereby acknowledge receipt of the application, the |
|
The above-mentioned student is _ Departmental coordinator’s signature |
provisionally accepted at our Date |
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ОҚУ КЕЛІСІМІ
20.../20...академиялық жыл Оқу бағыты:............
Оқу кезеңі:.......... ..................дейін
Студенттің аты-жөні: Жіберуші оқу орны: |
Шетелде оқу бағдарламаларының мәліметтері
Қабылдаушы оқу орны: |
Курстың пәннің коды (егер бар болған жағдайда) | Курстың (пәннің) атауы | Семестр | Қабылдаушы оқу орнының кредиттері | ECTS кредиттері |
---|---|---|---|---|
------------------- |
------- |
--------- |
-------- |
|
Студенттің қолы:.................Күні:....................... |
Жіберуші оқу орны: Ұсынылған оқу бағдарламасының бекітілгендігін растаймыз Департамент үйлестірушісінің қолы Оқу орны үйлестірушісінің қолы |
Қабылдаушы оқу орны: Департамент үйлестірушісінің қолы Оқу орны үйлестірушісінің қолы |
Алғашқы ұсынылған оқу бағдарламасының өзгерістері (егер
бар болған жағдайда толтырылады)
Студенттің аты-жөні: |
||||
Жіберуші оқу орны: |
||||
Курст ың, пәннің коды (бар болған жағдайда) |
Курстың (пәннің, ақпараттық пакетте көрсетілген қалпында) атауы |
Семестр |
Алынған Қосылған Курс Курс (юнит) (юнит) |
ECTS кредиттері |
------ |
---------------------- |
------- |
O O |
----- |
Білім алушының қолы: ____________ Күні _______________ |
Жіберуші оқу орны: Алғашқы ұсынылған оқу бағдарламасындағы өзгерістердің бекітілгендігін растаймыз Департамент үйлестірушісінің қолы Оқу орны үйлестірушісінің қолы |
Қабылдаушы оқу орны: Алғашқы ұсынылған оқу бағдарламасындағы өзгерістердің бекітілгендігін растаймыз Департамент үйлестірушісінің қолы Оқу орны үйлестірушісінің қолы |
LEARNING AGREEMENT
Academic year 20../20.. Field of study:
Study period: from..... to.............
Name of student:Sending institution:
Country:
Details of the proposed study programme abroad
Receiving institution: International Business School at Vilnius University Country: Lithuania |
Course Code if any | Course title | Semester | Receiving institution credits | ECTS credits |
---|---|---|---|---|
------ |
---------------------- |
-------- |
------- |
------ |
Student’s signature:............Date:.......... |
Sending institution: We confirm that the proposed programme of Institutional coordinator’s signature |
Receiving institution: We confirm that the above-listed changes to the initially Institutional coordinator’s signature |
Changes to original proposed study programme/learning
agreement(to be filled in only if appropriate)
Name of student: |
Sending institution: Country: |
Course code if any | Course title (as indicated in the information package) | Semester | Deleted Added course course unit unit | ECTS Credits |
---|---|---|---|---|
------ |
---------------------- |
------- |
O O |
------ |
Student’s signature:............Date:................. |
Sending institution: We confirm that the above-listed changes to the Departmental coordinator’s signature Institutional coordinator’s signature |
Receiving institution: We confirm that the above-listed changes to the initially Departmental coordinator’s signature Institutional coordinator’s signature |
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ECTS - EUROPEAN CREDIT TRANSFER SYSTEM
ОҚУ ТУРАЛЫ ТРАНСКРИПТ
Жіберетін оқу орнының атауы............................. |
Білім алушының тегі.......Білім алушының аты........... |
Қабылдаушы оқу орнының атауы........................... |
Курстың коды (1) |
Курстың атауы |
Курстың ұзақтығы(2) |
Ұлттық баға (3) |
ECTS бағасы (4) |
ECT кредиттері(5) |
Жалғасы жеке бетте |
Барлығы: |
(1), (2), (3), (4) және (5) бойынша түсініктемелер келесі бетте Диплом/дәреже ________________________________________ берілген
Кеңсе тіркеушісі бастығының/деканның қолы*
Күні ____________________
Оқу орнының мөрі
* Оқу орнының қолы мен ресми мөрінсіз жарамсыз
(1) Курстың коды
АП/КК ECTS сәйкес
(2) Курстың ұзақтығы
Y- 1 жыл
1S- 1 семестр 2S- 2 семестра
1T- 1 триместр 2Т- 2 триместра
(3) Бағалаудың институтционалды жүйесін сипаттау....................................................................................................................................................................................................................................................................................(4 ) ECTS бағалау жүйесі
(5) ECTS кредиттері
Академиялық толық 1 жыл - 60 кредит
1 семестр - 30 кредит
1 триместр -20 кредит
ECTS - EUROPEAN CREDIT TRANSFER SYSTEM TRANSCRIPT OF RECORDS
NAME OF SENDING INSTITUTION: |
NAME OF STUDENT:............. First name:.................... |
NAME OF RECEIVING INSTITUTION: |
ECTS деңгейі |
Студенттердің % |
Түсініктеме |
А |
10 |
Тамаша |
В |
25 |
Өте жақсы |
C |
30 |
Жақсы |
D |
25 |
Қанағаттанарлық |
E |
10 |
Жеткілікті |
FX |
- |
Қанағаттандырмайды |
F |
- |
Қанағаттандырмайды |
Сourse Unit code (1) |
Title of the course unit |
Duration of |
Local |
ECTS grade (4) |
ECTS credits (5) |
...... |
........................ |
........... |
..... |
.... |
... |
(1) (2) (3) (4) (5) see explanation on back page
Diploma/degree awarded:..........................................
Date Signature of registrar/dean/administration officer
Stamp of institution:
NB: This document is not valid without the signature of the
registrar/dean/administration officer and the official stamp of the
institution.
(1) Course unit code:
Refer to the ECTS information Package
(2) Duration of course unit:
Y = 1 full academic year
1S = 1 semester 2S = 2 semesters
1T = 1 term/trimester 2T = 2 terms/trimesters
(3) Description of the institutional grading system:
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
(4) ECTS grading scale:
ECTS Grade |
% of successful students normally achieving the grade |
Definition |
A B C D E FX F |
10 |
EXCELLENT - outstanding performance with only minor errors |
---|
(5) ECTS credits:
1 full academic year = 60 credits
1 semester = 30 credits
1 term/trimester = 20 credits
Кредиттік оқыту технологиясы
бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
ережесіне 9-қосымша
Модульді білім беру бағдарламаларын қалыптастыру
Модульді сипаттауға арналған формуляр
Модульдің атауы және шифр |
|
Модульге жауапты |
|
Модуль түрі |
|
Модуль дәрежесі |
|
Аптадағы сағат саны |
|
Кредит саны |
|
Оқу үлгісі |
|
Семестр |
|
Оқитындар саны |
|
Модульді толықтырушы |
|
Модуль мазмұны |
|
Оқу нәтижелері |
1. |
Қорытынды бақылау үлгісі |
|
Кредиттерді алу шарты |
|
Модульдің ұзақтығы |
|
Әдебиет |
1. |
Жаңартылған мерзімі |
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 9-қосымша
Ескерту. Қағида 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген
кредиттердің көлемін көрсететін жиынтық кестесі
Оқыту курсы |
Семестр |
Меңгерілетін модульдер саны |
Оқытылатын пәндер саны |
KZ кредиттер саны |
Барлық сағаты |
ECTS |
Саны |
||||||
МК |
ТК |
Теориялық оқыту |
Оқу практикасы |
Өндірістік практика |
Аттестация қорытындысы |
Барлығы |
Емтихан |
сынақ |
|||||
1 |
1 |
30 |
|||||||||||
2 |
30 |
||||||||||||
2 |
3 |
30 |
|||||||||||
4 |
30 |
||||||||||||
3 |
5 |
30 |
|||||||||||
6 |
30 |
||||||||||||
4 |
7 |
30 |
|||||||||||
8 |
30 |
||||||||||||
Барлығы |
240 |