"Кредиттік оқыту Технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 404 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6406 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 27, 343-құжат; 2005 ж., № 16, 190-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 және 2-тармақтардағы «аспирантына», «аспиранттар» деген сөздер тиісінше «магистрантына», «магистранттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев