Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 мамырда № 6971 тіркелді

Қолданыстағы

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті, Қазақстан Республикасының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы регламенттерді халыққа қызмет көрсетілетін жерлерде қабылдауға ыңғайлы форматта орналастырсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi

      Министр                                   Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты     
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі   
№ 127-ө бұйрығына      
1-қосымша          

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдері) – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай жұмыс стажы бар жеке тұлғаларға, еңбек стажына барабар жүзеге асырылатын ақша төлемi;
      2) зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – департаменттер) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары;
      3) ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға;
      5) Орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
      6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
      7) ОДҚ – Орталықтың орталық дерекқоры.
      3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының;
      «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшелерінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.
      Департаменттердің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Орталықтың филиалдары мен бөлімшелерінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін.
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады.
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің шекті ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындау немесе бас тарту туралы мәселені қарау құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      10. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында айқындалған барлық қажетті құжаттарды ұсынбау, не өтініш берушінің ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне құқығының болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) Орталықтың бөлімшелері тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады;
      2) Орталықтың филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен электрондық іс макеті мен шешім жобасын қарайды, есептің және шешімнің ресімделуінің дұрыстығын тексереді;
      3) департамент бес жұмыс күні ішінде электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Департаменттің маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;
      4) Орталықтың бөлімшесі департаменттің ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін іске нөмір бере отырып, журналға ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы тиісті жазбаларды жазады. Орталықтың маманы департаменттің ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін алушының ісіне тігеді. Департамент ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Орталық бөлімшесі өтініш берушіге ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      12. Өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды Орталық бөлімшесінің маманы арнайы журналға тіркейді. Тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.
      ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында белгіленген.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар көзделмеген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) Орталық бөлімшесінің маманы;
      2) Орталық бөлімшесінің бастығы;
      3) Орталық филиалының маманы;
      4) Орталық филиалының басшысы;
      5) департаменттің маманы;
      6) департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы;
      7) департаменттің басшысы.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:
      1) Орталықтың бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап істің қағаз жеткізгіштегі макетін (бұдан әрі – істің макеті) және электрондық іс макетін қалыптастырады. Электрондық іс макетін қалыптастыру үшін Орталық бөлімшесінің маманы іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің электронды жобасын (бұдан әрі – электронды шешім жобасы) қалыптастырады, электрондық іс макетінің құжаттарын және электронды шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Орталық бөлімшесінің бастығы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Орталықтың бөлімшесі электрондық іс макетін электронды шешімімен қоса, электронды байланыс құралдары арқылы электрондық хабарламасымен Орталықтың филиалына жібереді.
      2) Орталықтың филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге департаментке жібереді. Бұл ретте электронды шешім жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      3) департамент электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды не тексеру жүргізу туралы Орталықтың бөлімшесіне хабарлайды.
      ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған жағдайда департамент электронды шешім жобасын басқарма (бөлім) маманының және бастығының және департамент басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      17. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Зейнетақы төлеу жөніндегі   
мемлекеттік орталықтан төленетін
зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету   
регламентіне        
1-қосымша         

Нысан

1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3


ҚФБ атауы

Орталық бөлімшесінің маманы

Орталық бөлімшесінің бастығы

Орталық филиалының маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттары қоса берілген өтінішті қабылдайды, журналға тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды береді, іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, шешім жобасын қалыптастырады, ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге Орталық филиалының басшысына жібереді, шешім жобасы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электронды шешім жобасы бар, тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макеті мен электрондық іс макеті;
электрондық іс макетін Орталық бөлімшесінің бастығына жіберу

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макеті;
Оны Орталықтың филиалын беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды шешім жобасы және қол қою үшін оны Орталық филиалының басшысына беру


Орындау мерзімі

2 сағат

30 минут

30 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

6

7


ҚФБ атауы

Орталық филиалының басшысы

Департаменттің маманы

Департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы

Департаменттің басшысы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындауда  бас тарту) туралы шешім қабылдайды

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан  бас тарту) туралы шешім қабылдайды

ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындауд н бас тарту) туралы шешімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыр ылған электронд қ іс макетін департаментке жіберу

Бас тарту себебі көрсетілген ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім; оны қол қою үшін департамент басқармасының (бөлімінің) бастығына беру

Бас тарту себебі көрсетілген ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім; оны қол қою үшін департамент басшысына беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім


Орындау мерзімі

15 минут

30 минут

15 минут

15 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7

8

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

8

9

10


ҚФБ атауы

Департаменттің маманы

Орталық бөлімшесінің маманы

Орталық бөлімшесінің маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Өтініш берушінің ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығының болмауына байланысты ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді. Электрондық іс макеті электрондық хабарламамен және департаменттің бас тарту себептері туралы хатымен қоса электрондық байланыс арқылы Орталық бөлімшесіне қайтарылады

ЗТМО-дан төленетін төлемді тағайындау (өзгерту) туралы электронды шешіммен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін департамент төлемді тағайындау (өзгерту) туралы шешім қабылдаған жағдайда іске журналдан нөмір береді, содан кейін қағаз жеткізгіштегі аталған шешімді тұтынушының іс макетіне тігеді және тұтынушының деректерін Орталықтың ОДҚ енгізеді.

Департамент төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда өтініш берушіге ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық журналға тіркелген шешім және оны Орталықтың бөлімшесіне жіберу

Тұтынушының іс макетіне тігілген қағаз жеткізгіштегі шешім

Департаменттің төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімі және департаменттің бас тарту себептері туралы хаты


Орындау мерзімі

30 минут

30 минут

20 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

9

10



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

ҚФБ 1-топ
Орталықтың бөлімшесі

ҚФБ 2-топ
Орталықтың филиалы

ҚФБ 3-топ
департамент

№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, үзбелі талон беру, өтінішті тіркеу, шешім жобасымен және ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдер мөлшерінің есебімен қоса істің қағаз жеткізгіштегі және электрондық макеттерін қалыптастыру, электрондық іс макетін Орталықтың филиалына жіберу

№ 2 әрекет
Құжаттардың дұрыс ресімделуін және электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексеру, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру, электрондық іс макетін департаментке жіберу

№ 3 әрекет
ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау

№ 4 әрекет
Тұтынушыға ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру



«Зейнетақы төлеу жөніндегі   
мемлекеттік орталықтан төленетін
зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету   
регламентіне          
2-қосымша            

Нысан

Функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты    
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі  
№ 127-ө бұйрығына     
2-қосымша         

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
      2) зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – департаменттер) – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
      3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттеген заңды тұлға;
      5) Орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
      6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
      7) ОДҚ – Орталықтың орталық дерекқоры.
      3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының;
      2) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы куәлік немесе тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшесінің стендісінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.
      Департаменттердің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Орталықтың филиалдары мен бөлімшелерінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін.
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп шекті уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты шекті – 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы мәселені қарау құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      10. «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында айқындалған барлық қажетті құжаттарды ұсынбау, не өтініш берушінің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне құқығының болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) Орталықтың бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушының қағаз жеткізгіштегі және электрондық іс макетін қалыптастырады;
      2) Орталықтың филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен электрондық іс макеті мен шешім жобасын қарайды, есептің және шешімнің ресімделуінің дұрыстығын тексереді;
      3) департамент бес жұмыс күні ішінде электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Департаменттің маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электронды журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;
      4) Орталықтың бөлімшесі департаменттің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін іске нөмір бере отырып, журналға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы тиісті жазбаларды жазады. Орталықтың маманы департаменттің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алушының ісіне тігеді. Департамент мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Орталық бөлімшесі өтініш берушіге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      12. Өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды Орталық бөлімшесінің маманы арнайы журналға тіркейді. Тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында белгіленген.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар көзделмеген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) Орталық бөлімшесінің маманы;
      2) Орталық бөлімшесінің бастығы;
      3) Орталық филиалының маманы;
      4) Орталық филиалының басшысы;
      5) департаменттің маманы;
      6) департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы;
      7) департаменттің басшысы.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:
      1) Орталықтың бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап істің қағаз жеткізгіштегі макетін (бұдан әрі – істің макеті) және электрондық іс макетін қалыптастырады. Электрондық іс макетін қалыптастыру үшін Орталық бөлімшесінің маманы іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің электронды жобасын (бұдан әрі – электронды шешім жобасы) қалыптастырады, электрондық іс макетінің құжаттарын және электронды шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Орталық бөлімшесінің бастығы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Орталықтың бөлімшесі электрондық іс макетін электронды шешімімен қоса, электронды байланыс құралдары арқылы электрондық хабарламасымен Орталықтың филиалына жібереді.
      2) Орталықтың филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге департаментке жібереді. Бұл ретте электронды шешім жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      3) департамент электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды не тексеру жүргізу туралы Орталықтың бөлімшесіне хабарлайды.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған жағдайда департамент электронды шешім жобасын басқарма (бөлім) маманының және бастығының және департамент басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
      17. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемдерін тағайындау»   
мемлекеттік қызмет көрсету 
регламентіне        
1-қосымша          

Нысан

1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3


ҚФБ атауы

Орталық бөлімшесінің маманы

Орталық бөлімшесінің бастығы

Орталық филиалының маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттары қоса берілген өтінішті қабылдайды, журналға тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды береді, іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, шешім жобасын қалыптастырады, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге Орталық филиалының басшысына жібереді, бұл ретте шешім жобасы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электронды шешім жобасы бар, тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макеті мен электрондық іс макеті;
электрондық іс макетін Орталық бөлімшесінің бастығына жіберу

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макеті;
Оны Орталықтың филиалына беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды шешім жобасы және қол қою үшін оны Орталық филиалының басшысына беру


Орындау мерзімі

2 сағат

30 минут

30 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

6

7


ҚФБ атауы

Орталық филиалының басшысы

Департаменттің маманы

Департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы

Департаменттің басшысы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан  бас тарту) туралы шешім қабылдайды

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макетін департаментке жіберу

Бас тарту себебі көрсетілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім; оны қол қою үшін департамент басқармасының (бөлімінің) бастығына беру

Бас тарту себебі көрсетілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім; оны қол қою үшін департамент басшысына беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім


Орындау мерзімі

15 минут

30 минут

15 минут

15 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7

8

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

8

9

10


ҚФБ атауы

Департаменттің маманы

Орталық бөлімшесінің маманы

Орталық бөлімшесінің маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Өтініш берушінің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алу құқығының болмауына байланысты ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді. Электрондық іс макеті электрондық хабарламамен және департаменттің бас тарту себептері  туралы хатымен қоса электрондық байланыс арқылы Орталық бөлімшесіне қайтарылады

Мемлекеттік базалық төлемді тағайындау (өзгерту) туралы электронды шешіммен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін департамент төлемді тағайындау (өзгерту) туралы шешім қабылдаған жағдайда іске журналдан нөмір береді, содан кейін қағаз жеткізгіштегі аталған шешімді тұтынушының іс макетіне тігеді және тұтынушының деректерін Орталықтың ОДҚ енгізеді.

Департамент төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық журналға тіркелген шешім және оны Орталықтың бөлімшесіне жіберу

Тұтынушының іс макетіне тігілген қағаз жеткізгіштегі шешім

Департаменттің төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімі және департаменттің бас тарту себептері туралы хаты


Орындау мерзімі

30 минут

30 минут

20 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

9

10



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

ҚФБ 1-топ
Орталықтың бөлімшесі

ҚФБ 2-топ
Орталықтың филиалы

ҚФБ 3-топ
департамент

№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, үзбелі талон беру, өтінішті тіркеу, шешім жобасымен және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдер мөлшерінің есебімен қоса істің қағаз жеткізгіштегі және электрондық макеттерін қалыптастыру, электрондық іс макетін Орталықтың филиалына жіберу

№ 2 әрекет Құжаттардың дұрыс ресімделуін және электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексеру, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру, электрондық іс макетін департаментке жіберу

№ 3 әрекет
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау

№ 4 әрекет
Тұтынушыға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру



Мемлекеттік базалық       
зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету    
регламентіне           
2-қосымша            

Нысан

Функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты     
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі   
№ 127-ө бұйрығына      
3-қосымша          

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
      2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – департаменттер) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
      3) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) – «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға;
      5) Орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
      6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
      7) ОДҚ – Орталықтың орталық дерекқоры.
      3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшелерінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.
      Департаменттердің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Орталықтың филиалдары мен бөлімшелерінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін.
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің шекті ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау немесе бас тарту туралы мәселені қарау құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында айқындалған барлық қажетті құжаттарды ұсынбау, не өтініш берушінің мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларға құқығының болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) Орталықтың бөлімшелері тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады;
      2) Орталықтың филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен электрондық іс макеті мен шешім жобасын қарайды, есептің және шешімнің ресімделуінің дұрыстығын тексереді;
      3) департамент бес жұмыс күні ішінде электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Департаменттің маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;
      4) Орталықтың бөлімшесі департаменттің мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімімен қоса, электрондық іс макетін алғаннан кейін іске нөмір бере отырып, журналға мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы тиісті жазбаларды жазады. Орталықтың маманы департаменттің мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алушының ісіне тігеді. Департамент мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Орталық бөлімшесі өтініш берушіге мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      12. Өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды Орталық бөлімшесінің маманы арнайы журналға тіркейді. Тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.
      Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында белгіленген.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар көзделмеген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) Орталық бөлімшесінің маманы;
      2) Орталық бөлімшесінің бастығы;
      3) Орталық филиалының маманы;
      4) Орталық филиалының басшысы;
      5) департаменттің маманы;
      6) департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы;
      7) департаменттің басшысы.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:
      1) Орталықтың бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап істің қағаз жеткізгіштегі макетін (бұдан әрі – істің макеті) және электрондық іс макетін қалыптастырады. Электрондық іс макетін қалыптастыру үшін Орталық бөлімшесінің маманы іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің электронды жобасын (бұдан әрі – электронды шешім жобасы) қалыптастырады, электрондық іс макетінің құжаттарын және электронды шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Орталық бөлімшесінің бастығы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Орталықтың бөлімшесі электрондық іс макетін электронды шешімімен қоса, электронды байланыс құралдары арқылы электрондық хабарламасымен Орталықтың филиалына жібереді.
      2) Орталықтың филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге департаментке жібереді. Бұл ретте электронды шешім жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      3) департамент электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды не тексеру жүргізу туралы Орталықтың бөлімшесіне хабарлайды.
      Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған жағдайда департамент электронды шешім жобасын басқарма (бөлім) маманының және бастығының және департамент басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      17. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан 
айырылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты берілетін мемлекеттік  
әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау»
мемлекеттік қызмет          
көрсету регламентіне         
1-қосымша             

Нысан

1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3


ҚФБ атауы

Орталық бөлімшесінің маманы

Орталық бөлімшесінің бастығы

Орталық филиалының маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттары қоса берілген өтінішті қабылдайды, журналға тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды береді, іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, шешім жобасын қалыптастырады, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы

төлемдері мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге Орталық филиалының басшысына жібереді, шешім жобасы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электронды шешім жобасы бар, тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макеті мен электрондық іс макеті;
электрондық іс макетін Орталық бөлімшесінің бастығына жіберу

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макеті;
Оны Орталықтың филиалын беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды шешім жобасы және қол қою үшін оны Орталық филиалының басшысына беру


Орындау мерзімі

2 сағат

30 минут

30 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

6

7


ҚФБ атауы

Орталық филиалының басшысы

Департаменттің маманы

Департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы

Департаменттің басшысы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды

Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макетін департаментке жіберу

Бас тарту себебі көрсетілген мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім; оны қол қою үшін департамент басқармасының (бөлімінің) бастығына беру

Бас тарту себебі көрсетілген мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім; оны қол қою үшін департамент басшысына беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім


Орындау мерзімі

15 минут

30 минут

15 минут

15 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7

8

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

8

9

10


ҚФБ атауы

Департаменттің маманы

Орталық бөлімшесінің маманы

Орталық бөлімшесінің маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Өтініш берушінің мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алу құқығының болмауына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді. Электрондық іс макеті электрондық хабарламамен және департаменттің бас тарту себептері туралы хатымен қоса электрондық байланыс арқылы Орталық бөлімшесіне қайтарылады

Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту) туралы электронды шешіммен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін департамент төлемді тағайындау (өзгерту) туралы шешім қабылдаған жағдайда іске журналдан нөмір береді, содан кейін қағаз жеткізгіштегі аталған шешімді тұтынушының іс макетіне тігеді және тұтынушының деректерін Орталықтың ОДҚ енгізеді.

Департамент төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық журналға тіркелген шешім және оны Орталықтың бөлімшесіне жіберу

Тұтынушының іс макетіне тігілген қағаз жеткізгіштегі шешім

Департаменттің төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімі және департаменттің бас тарту себептері туралы хаты


Орындау мерзімі

30 минут

30 минут

20 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

9

10



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

ҚФБ 1-топ
Орталықтың бөлімшесі

ҚФБ 2-топ
Орталықтың филиалы

ҚФБ 3-топ
департамент

№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, үзбелі талон беру, өтінішті тіркеу, шешім жобасымен және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің есебімен қоса істің қағаз жеткізгіштегі және электрондық макеттерін қалыптастыру, электрондық іс макетін Орталықтың филиалына жіберу

№ 2 әрекет
Құжаттардың дұрыс ресімделуін және электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексеру, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру, электрондық іс макетін департаментке жіберу

№ 3 әрекет
мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау

№ 4 әрекет
Тұтынушыға мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру



«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан  
айырылу жағдайы бойынша және жасына  
байланысты берілетін мемлекеттік   
әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» 
мемлекеттік қызмет           
көрсету регламентіне          
2-қосымша             

Нысан

Функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты     
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі  
№ 127-ө бұйрығына     
4-қосымша         

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы  1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414 Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға берiлетiн ақшалай төлем;
      2) жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – департаменттер) – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
      3) мемлекеттік арнайы жәрдемақыны алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметі «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға;
      5) Орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
      6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
      7) ОДҚ – Орталықтың орталық дерекқоры.
      3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының;
      «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшелерінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.
      Департаменттердің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Орталықтың филиалдары мен бөлімшелерінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін.
      Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін.
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің шекті ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау немесе бас тарту туралы мәселені қарау құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      10. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында айқындалған барлық қажетті құжаттарды ұсынбау, не өтініш берушінің мемлекеттік арнайы жәрдемақыларға құқығының болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) Орталықтың бөлімшелері тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады;
      2) Орталықтың филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен электрондық іс макеті мен шешім жобасын қарайды, есептің және шешімнің ресімделуінің дұрыстығын тексереді;
      3) департамент бес жұмыс күні ішінде электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Департаменттің маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;
      4) Орталықтың бөлімшесі департаменттің мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін іске нөмір бере отырып, журналға мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы тиісті жазбаларды жазады. Орталықтың маманы департаменттің мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушының ісіне тігеді. Департамент мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Орталық бөлімшесі өтініш берушіге мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      12. Өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды Орталық бөлімшесінің маманы арнайы журналға тіркейді. Тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.
      Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында белгіленген.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар көзделмеген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) Орталық бөлімшесінің маманы;
      2) Орталық бөлімшесінің бастығы;
      3) Орталық филиалының маманы;
      4) Орталық филиалының басшысы;
      5) департаменттің маманы;
      6) департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы;
      7) департаменттің басшысы.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:
      1) Орталықтың бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап істің қағаз жеткізгіштегі макетін (бұдан әрі – істің макеті) және электрондық іс макетін қалыптастырады. Электрондық іс макетін қалыптастыру үшін Орталық бөлімшесінің маманы іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің электронды жобасын (бұдан әрі – электронды шешім жобасы) қалыптастырады, электрондық іс макетінің құжаттарын және электронды шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Орталық бөлімшесінің бастығы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Орталықтың бөлімшесі электрондық іс макетін электронды шешімімен қоса, электронды байланыс құралдары арқылы электрондық хабарламасымен Орталықтың филиалына жібереді.
      2) Орталықтың филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге департаментке жібереді. Бұл ретте электронды шешім жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      3) департамент электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды не тексеру жүргізу туралы Орталықтың бөлімшесіне хабарлайды.
      Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған жағдайда департамент электронды шешім жобасын басқарма (бөлім) маманының және бастығының және департамент басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      17. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Мемлекеттік арнайы       
жәрдемақыларды тағайындау»   
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша          

Нысан

1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3


ҚФБ атауы

Орталық бөлімшесінің маманы

Орталық бөлімшесінің бастығы

Орталық филиалының маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттары қоса берілген өтінішті қабылдайды, журналға тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды береді, іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, шешім жобасын қалыптастырады, мемлекеттік арнайы жәрдемақының мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге Орталық филиалының басшысына жібереді, шешім жобасы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электронды шешім жобасы бар, тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макеті мен электрондық іс макеті;
электрондық іс макетін Орталық бөлімшесінің бастығына жіберу

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макеті;
Оны Орталықтың филиалын беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды шешім жобасы және қол қою үшін оны Орталық филиалының басшысына беру


Орындау мерзімі

2 сағат

30 минут

30 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

6

7


ҚФБ атауы

Орталық филиалының басшысы

Департаменттің маманы

Департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы

Департаменттің басшысы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды

мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макетін департаментке жіберу

Бас тарту себебі көрсетілген мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім; оны қол қою үшін департамент басқармасының (бөлімінің) бастығына беру

Бас тарту себебі көрсетілген мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім; оны қол қою үшін департамент басшысына беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім


Орындау мерзімі

15 минут

30 минут

15 минут

15 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7

8

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

8

9

10


КФБ атауы

Департаменттің маманы

Орталық бөлімшесінің маманы

Орталық бөлімшесінің маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Өтініш берушінің мемлекеттік арнайы жәрдемақыны алу құқығының болмауына байланысты мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді. Электрондық іс макеті электрондық хабарламамен және департаменттің бас тарту себептері туралы хатымен қоса электронды байланыс арқылы Орталық бөлімшесіне қайтарылады

Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау (өзгерту) туралы электронды шешіммен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін департамент төлемді тағайындау (өзгерту) туралы шешім қабылдаған жағдайда іске журналдан нөмір береді, содан кейін қағаз жеткізгіштегі аталған шешімді тұтынушының іс макетіне тігеді және тұтынушының деректерін Орталықтың ОДҚ енгізеді.

Департамент төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық журналға тіркелген шешім және оны Орталықтың бөлімшесіне жіберу

Тұтынушының іс макетіне тігілген қағаз жеткізгіштегі шешім

Департаменттің төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімі және департаменттің бас тарту себептері туралы хаты


Орындау мерзімі

30 минут

30 минут

20 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

9

10



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

ҚФБ 1-топ
Орталықтың бөлімшесі

ҚФБ 2-топ
Орталықтың филиалы

ҚФБ 3-топ
департамент

№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, үзбелі талон беру, өтінішті тіркеу, шешім жобасымен және мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшерінің есебімен қоса істің қағаз жеткізгіштегі және электрондық макеттерін қалыптастыру, электрондық іс макетін Орталықтың филиалына  жіберу

№ 2 әрекет
Құжаттардың дұрыс ресімделуін және электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексеру, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру, электрондық іс макетін департаментке жіберу

№ 3 әрекет
мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау

№ 4 әрекет
Тұтынушыға мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру



«Мемлекеттік арнайы       
жәрдемақыларды тағайындау»   
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша          

Нысан

Функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты     
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі    
№ 127-ө бұйрығына       
5-қосымша           

«Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған ұл баланы асырап алуға (қыз баланы асырап алуға) байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған ұл баланы асырап алуға (қыз баланы асырап алуға) байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталғанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға;
      2) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі – алушы) – өзі үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген, не оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім шығарған жеке адам, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
      3) әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетін жоғалтқан; асыраушысынан айырылған; жұмысынан айрылған, жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айырылған, жаңа туған ұл баланы асырап алуға (қыз баланы асырап алуға) байланысты табысынан айырылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдер) – алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын, ай сайынғы төлемдер;
      4) әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым – (бұдан әрі – Орталық) – өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді аударуды жүзеге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердің дербестендірілген, орталықтандырылған есебін жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын;
      5) Орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
      6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
      7) ОДҚ – Орталықтың орталық дерекқоры;
      8) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – бақылау және әлеуметтік қорғау аумақтық департаменттері).
      3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Ішінара автоматтандырылған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2021222323-123-2-баптарының, оның ішінде:
      еңбек қабілетінен айрылған жағдайға – Заңның 21-бабы;
      асыраушысынан айрылу жағдайына – Заңның 22-бабы;
      жұмысынан айрылу жағдайына – Заңның 23-бабы;
      жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған ұл баланы асырап алуға (қыз баланы асырап алуға) байланысты табысынан айырылған жағдайда – Заңның 23-1-бабы;
      баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайда – Заңның 23-2-бабының;
      1) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысының негізінде ұсынылады.
      6) Тұтынушы алатын Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған ұл баланы асырап алуға (қыз баланы асырап алуға) байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшесінің стендісінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.
      Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттердің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Орталықтың бөлімшелерінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін.
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп шекті уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең көп шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түрлері бойынша қатер жағдайы басталған кезде әлеуметтік төлемдерді тағайындау құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      10. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Қазақстан Республикасы Заңында айқындалған барлық қажетті құжаттарды ұсынбау, не өтініш берушінің әлеуметтік төлемге құқығының болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) Орталықтың құрылымдық бөлімшелері – құжаттарды қабылдауды және әлеуметтік төлемдерді алушылардың іс макетін қалыптастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің тұтынушылардың дербес немесе карточкалық шотына уақтылы аударылуын қамтамасыз етеді.
      2) бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттер - әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      12. Өтініш пен оған қоса берілген құжаттар арнайы журналға тіркеледі. Тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.
      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар көзделмеген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) Орталық бөлімшесінің маманы;
      2) бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттің қызметкері;
      3) Орталықтың төлемдер бөлімінің маманы.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:
      1) Орталық және оның құрылымдық бөлімшелері:
      өтініш пен тиісті құжаттарды қабылдайды, кейін оларды аумақтық департаментке жібереді;
      Орталықтың шотына қаражат аудару туралы Қорға сұраным жібереді;
      әлеуметтік жәрдемақыны алушының жеке немесе кәртішкелік шотына есептеу арқылы аударуды қамтамасыз етеді.
      Орталық Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағында – бірлескен бұйрықтарға қол қою талап етілмейді.
      2) бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттер:
      алушының құжаттарын қарайды;
      әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      3) Қор:
      Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражатты уақтылы аударуды қамтамасыз етеді.
      17. Әрбір КФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету
қабілетінен айрылған;    
асыраушысынан айрылған;    
жұмысынан айрылған; жүктi болу 
мен босануға байланысты табысынан
айрылған, жаңа туған ұл баланы 
асырап алуға (қыз баланы асырап 
алуға) байланысты табысынан   
айрылған, баланы бiр жасқа   
толғанға дейiн күтуге байланысты
табысынан айрылған жағдайларда 
әлеуметтік төлемдер тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету  
регламентіне         
1-қосымша           

Нысан

1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыстар барысының, ағынының) іс- әрекеттері

1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №,

1

2

2

ҚФБ атауы

ЗТМО бөлімшесінің маманы

Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттің қызметкері

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтінішті қабылдау, құжаттардың жинақталғанын тексеру, журналға тіркеу және құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды беру

Құжаттарды тексеру және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешімді бекіту.


4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Құжаттарды ЗТМО филиалы арқылы бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттің зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөліміне беру

Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы оң шешімді ЗТМО төлем бөліміне, ал әлеуметтік жәрдемақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда - ЗТМО іс-қағаздар макетін қалыптастыру бөліміне жіберу

5

Орындау мерзімі

5 жұмыс күні

10 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

Тағайындау туралы шешім – 3.
Бас тарту туралы шешім – 6.

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыстар барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

3

4

5

6

2

ЗТМО төлем бөлімінің маманы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

ЗТМО төлем бөлімінің маманы

ЗТМО бөлімшесінің маманы

3

Қорға ЗТМО шотына қаражат аудару туралы өтінім жібереді

Қаражатты әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін ЗТМО-ға аудару

Алушылардың жеке шоттарына әлеуметтік төлемдерді уақтылы аударуды қамтамасыз ету

Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, бас тарту себептері туралы Департаменттің хатын қоса отырып, іс-қағазды өтініш иесіне қайтарады

4

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімнің шығуына қарай


Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы Департаменттің шешімі шыққан айдан кейінгі айдың 15-не дейін

2 жұмыс күні

5

4

5




2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс - әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы шешімнің бекітілу жағдайы

Негізгі процесс (жұмыстар барысы, ағыны)

ЗТМО бөлімшесінің маманы

Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттің қызметкері

ЗТМО төлем бөлімінің маманы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

1.Өтініш қабылдау, құжаттардың жинақталғанын тексеру, журналға тіркеу және құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды беру.

4.* Құжаттарды тексеру және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімді бекіту

8.Қорға ЗТМО шотына қаражат аудару туралы өтінім жібереді

10.Қаражатты әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін ЗТМО-ға аудару

2.Құжаттарды ЗТМО филиалы арқылы Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттің зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөліміне беру

5. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімді бекіту



3. Іс макеті ЗТМО филиалы арқылы ұсынылған құжаттармен бірге Департаментке жіберіледі

6. Шешімге нөмір бере отырып, журналға тіркеу

9. Әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына аудару



7. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімді ЗТМО төлем бөліміне жіберу




* Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаған не ЗТМО бөлімшесінің қызметкері жіберген қателік анықталған жағдайда іс макеті толықтырып ресімдеу үшін ЗТМО бөлімшесіне қайтарылады.

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс - әлеуметтік жәрдемақыны тағайындаудан бас тартылу жағдайы

Баламалы процесс (жұмыстар барысы, ағыны)

ЗТМО бөлімшесінің маманы

Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттің қызметкері 

1. Өтінішті қабылдау, құжаттардың жинақталғанын тексеру, журналға тіркеу және құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды беру

4. Құжаттарды тексеру және әлеуметтік жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешімді бекіту

2. Әлеуметтік төлемдерді алушының іс макетін қалыптастыру және әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімнің жобасын рәсімдеу

5. Бас тарту себептерін көрсете отырып, іс макетін ЗТМО бөлімшесіне қайтару

3. Құжаттарды Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттің зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөліміне беру


6. Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту себептері туралы Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық департаменттің хатымен қоса, құжаттарды өтініш иесіне қайтару


«Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету
қабілетінен айрылған;    
асыраушысынан айрылған;    
жұмысынан айрылған; жүктi болу 
мен босануға байланысты табысынан
айрылған, жаңа туған ұл баланы 
асырап алуға (қыз баланы асырап 
алуға) байланысты табысынан   
айрылған, баланы бiр жасқа   
толғанға дейiн күтуге байланысты
табысынан айрылған жағдайларда 
әлеуметтік төлемдер тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету  
регламентіне         
2-қосымша          

Нысан

Функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты     
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі   
№ 127-ө бұйрығына      
6-қосымша          

«Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) – мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер және олардың шағын жүйелері;
      3) тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      4) уәкілетті ұйым – арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны жүзеге асырушы ұйым («Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны);
      5) уәкілетті ұйымның бөлімшесі – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;
      6) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
      7) шешім – басқарма (бөлім) маманының, басшысының және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы расталған жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) жөніндегі электрондық цифрлық нысандағы құжат;
      8) шешім жобасы – жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) жөнінде электрондық цифрлық нысандағы құжат;
      9) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
      3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті ұйымның аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау мен төлеу ережесінің 2-тарауының негізінде көрсетіледі.
      6. Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама немесе тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшелері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар жөніндегі толық ақпарат Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің стенділерінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      9. Департаменттердің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Орталықтың филиалдары мен бөлімшелерінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Азаматтарды қабылдау: 9.00-ден 14.00-ге дейін.
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп шекті уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;
      Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең көп шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес он жұмыс күні ішінде.
      Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беру мерзімі бала туған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.
      10. «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысында айқындалған құжаттар тізбесін толық ұсынбау не онда жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтыратын жалған мәліметтердің болуы жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшелері тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушының іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады. Электрандық іс макетін қалыптастыру үшін уәкілетті ұйымның маманы іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлы қолтаңбамен куәландырады.;
      2) уәкілетті ұйымның басшысы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, жәрдемақының дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады. Электронды іс макеті шешім жобасымен және электронды хабарламамен бірге электронды байланыс арқылы уәкілетті ұйымның филиалына жіберіледі.
      3) уәкілетті ұйымның филиалы келіп түскен электрондық іс макетін және шешім жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептеу мен шешімді ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан соң электрондық хабарламамен бірге оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Шешім жобасы уәкілетті ұйымның филиалы маманы мен басшысының электрондық-цифрлы қолтаңбасымен куәландырылады.
      4) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен бірге бес жұмыс күні ішінде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;
      5) уәкілетті ұйымның бөлімшесі электрондық іс макетін жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімімен бірге алған соң іске нөмір береді, содан кейін қағаз жеткізгіштегі аталған шешімді тұтынушының іс макетіне тігеді. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жәрдемақы тағайындағаны немесе тағайындаудан бас тарқаны жөнінде өтініш иесіне хабарлайды. Жәрдемақы төлеуден бас тартқан жағдайда тұтынушыға жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен қоса олар ұсынған құжаттар (өтінішті қоспағанда) қайтарылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      12. Құжаттарды тікелей уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы жүзеге асырады, содан соң жәрдемақы тағайындау туралы өтініш пен оған қоса берілген құжаттар журналға тіркеледі. Тұтынушыға тіркеу және тұтынушының мемлекеттік қызметті алу уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, әкесінің аты және өз аты көрсетілген үзбелі талон беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.
      Зейнетақы төлемдері жәрдемақысын тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысында белгіленген.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті ұйым бөлімшенің маманы;
      2) уәкілетті ұйым бөлімшенің бастығы;
      3) уәкілетті ұйым филиалының маманы;
      4) уәкілетті ұйым филиалының басшысы;
      5) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы;
      6) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның бастығы;
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшелері тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушы ұсынған құжаттардан қалыптасқан тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін (бұдан әрі – іс макеті) және электрондық-цифрлық нысанда және электрондық цифрлы қолтаңбамен куәландыру арқылы қалыптасқан тұтынушының электрондық іс макетін (бұдан әрі – электрондық іс макеті) қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерін есептейді, содан соң электронды байланыс арқылы шешім жобасымен және электрондық хабарламмен қоса электрондық іс макетін уәкілетті ұйым филиалына жібереді.
      2) уәкілетті ұйымның филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      3) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
      17. Әрбір КФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Бала туғанда және бала күтімі
бойынша берілетін жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне      
1-қосымша           

Нысан

Әкімшілік
Іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы

1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы

Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)


Іс-қимылдың (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3


ҚФБ атауы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің басшысы

Уәкілетті ұйым филиалының маманы


Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттардың қосымшасымен бірге өтінішті қабылдайды, журналға тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар үзбелі талон береді, іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі макетке сәйкестігін тексереді, электронды шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшері есебінің, шешім жобасының ресімделуінің дұрыстығын тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Келіп түскен электрондық іс макетін және шешім жобасын қарап, есептің және шешімнің ресімделуінің дұрыстығын тексереді, содан соң электрондық хабарламамен бірге оларды уәкілетті ұйым филиалының басшысына жібереді, бұл ретте шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады;


Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешімдер)

Тұтынушының шешім жобасымен қалыптастырылған қағаз және электрондық іс макеті, электрондық іс макетін уәкілетті ұйым бөлімшесінің басшысына жолдау

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макеті; оны уәкілетті ұйым филиалына жіберу

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды шешім жобасы және уәкілетті ұйым филиалының басшысына қол қоюға жіберу


Орындалу мерзімі

2 сағат

30 минут

30 минут


Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4

1–кестенің жалғасы

Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)


Іс-қимылдың (жұмыстар барысының, ағынының) №

4

5

6


ҚФБ атауы

Уәкілетті ұйым филиалының басшысы

Жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті органның маманы

Жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті органның басшысы


Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады

Келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен бірге қарайды және жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды

Жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады


Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешімдер)

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды шешім және жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға жіберу

Жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы бас тарту себептері көрсетілген шешім; оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган басқармасының (бөлімшесінің) басшысына қол қоюға жіберу

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім


Орындалу мерзімі

15 минут

30 минут

15 минут


Келесі іс-қимылдың номері

5

6

7

1–кестенің жалғасы

Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)


Іс-қимылдың (жұмыстар барысының, ағынының) №

7

8

9


ҚФБ атауы

Жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті органның маманы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы


Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шешімді электрондық журналда нөмір бере отырып, автоматты режимде тіркейді және электрондық іс макетін шешіммен және электрондық хабарламамен бірге электронды байланыс арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.

Электрондық іс макетін жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөніндегі шешіммен, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен бірге алысымен іске журналда нөмір береді, содан соң аталған шешімді қағаз жеткізгіште тұтынушының іс макетіне тігеді

Тұтынушыға жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде хабарлама дайындайды


Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешімдер)

Электронды журналда тіркелген шешім және оны уәкілетті ұйым бөлімшесіне жіберу

Журналда тіркелген және тұтынушының іс макетінде тігілген шешім

Жәрдемақыны тағайындау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жөнінде хабарламаны пошта арқылы жібереді немесе қолына береді


Орындалу мерзімі

30 минут

30 минут

20 минут


Келесі іс-қимылдың нөмірі

8

9



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

ҚФБ 1-тобы
уәкілетті ұйымның бөлімшесі
 
 

ҚФБ 2-тобы
уәкілетті ұйымның филилы

ҚФБ 3-тобы жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган

№ 1 іс-қимыл
Құжаттарды қабылдау, үзбелі талон беру, өтінішті тіркеу, шешім жобасы, жәрдемақы мөлшерінің есептерімен бірге қағаз және электрондық іс макетін қалыптастыру, электрондық іс макетін уәкілетті ұйым филиалына жіберу

№ 2 іс-қимыл
Құжаттарды ресімдеудің және электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін, электрондық цифрлық қолтаңбаның дұрыстығын тексеру, электрондық іс макетін жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға жіберу

№ 3 іс-қимыл
Жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау

№ 4 іс-қимыл
Тұтынушыға жәрдемақы тағайындау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап туралы хабарлама беру



«Бала туғанда және бала күтімі 
бойынша берілетін жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызмет 
көрсету регламентіне      
2-қосымша          

Нысан

Функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты    
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі  
№ 127-ө бұйрығына     
7-қосымша         

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
      2) Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпарат жүйелері және олардың кіші жүйелері;
      3) тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      4) уәкілетті ұйым – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемін жүзеге асыратын ұйым (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны);
      5) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;
      6) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
      7) шешім – басқарма (бөлімше) маманының, басшысының және жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті органның басшысының электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
      8) шешім жобасы – жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
      9) электрондық-цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
      3. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның бөлімшесі арқылы көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат беру бөлімінде ішінара автоматтандырылған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 12-тармағының;
      2) Үкіметтің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауының негізінде көрсетіліеді.
      6. Жәрдемақыны тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің стенділерінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      9. Тұтынушыларды қабылдау демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа күндері сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу көзделмеген.
      Тұтынушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің ең көп шекті уақыты (талон алғанға дейін) - 30 минуттан аспайды;
      Тұтынушының өтініш берген күні сол жерде тұтынушыға қызмет көрсетудің ең көп шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызмет тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
      10. «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтар № 161 қаулысында айқындалған барлық қажетті құжаттарды ұсынбау, немесе жалған мәліметтер беру мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшелері тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушы ұсынған құжаттардан қалыптасқан тұтынушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін (бұдан әрі – іс макеті) және электрондық-цифрлық нысанда және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы қалыптасқан тұтынушының электрондық іс макетін қалыптастырады. Электранды іс макетін қалыптастыру үшін уәкілетті ұйымның маманы іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.;
      2) уәкілетті ұйымның басшысы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, жәрдемақының дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады. Электрондық іс макеті шешім жобасымен және электрондық хабарламамен бірге электронды байланыс арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жіберіледі.
      3) уәкілетті ұйымның бөлімшесі келіп түскен электрондық іс макетін және шешім жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептеу мен шешімді ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан соң электронды хабарламамен бірге оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті ұйымға жібереді. Шешім жобасы уәкілетті ұйымның маманы мен басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      4) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен бірге бес жұмыс күні ішінде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электрондық журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;
      5) уәкілетті ұйымның бөлімшесі электрондық іс макетін жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімімен бірге алған соң іске нөмір береді, содан кейін қағаз жеткізгіштегі аталған шешімді тұтынушының іс макетіне тігеді. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жәрдемақы тағайындағаны немесе тағайындаудан бас тартқаны жөнінде өтініш иесіне хабарлайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      12. Құжаттарды тікелей уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы жүзеге асырады, содан соң жәрдемақы тағайындау туралы өтініш пен оған қоса берілген құжаттар журналға тіркеледі.
      Тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.
      Зейнетақы төлемдері жәрдемақысын тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтар № 161 қаулысында белгіленген.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:
      1) уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы;
      2) уәкілетті ұйым бөлімшесінің бастығы;
      3) уәкілетті ұйым филиалының маманы;
      4) уәкілетті ұйым филиалының басшысы;
      5) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы;
      6) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган басқармасының (бөлімінің) бастығы;
      7) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның басшысы.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:
      1) уәкілетті ұйым бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап істің макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерін есептейді, содан соң электронды байланыс арқылы шешім жобасымен және электрондық хабарламамен қоса электрондық іс макетін уәкілетті ұйым филиалына жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
      3) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
      17. Әрбір КФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Арнаулы мемлекеттік   
жәрдемақыны тағайындау» 
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне      
1-қосымша        

Нысан

1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3


ҚФБ атауы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің бастығы

Уәкілетті ұйым филиалының маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттарды қоса берілген өтінішпен қоса қабылдайды, журналға тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды береді, іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақының мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге уәкілетті ұйым филиалының басшысына жібереді, шешім жобасы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

шешім жобасымен тұтынушының қалыптасқан қағаз жеткізгіштегі іс макеті мен электрондық іс макеті;
электрондық іс макетін уәкілетті ұйым бөлімшесінің бастығына жіберу

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макеті;
Оны уәкілетті ұйымның филиалына беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды шешім жобасы және қол қою үшін оны уәкілетті ұйым филиалының басшысына беру


Орындау мерзімі

2 сағат

30 минут

30 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

6

7


ҚФБ атауы

Уәкілетті орган филиалының басшысы

Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның маманы

басқарманың (бөлімінің) бастығы

Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның басшысы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды

Шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды

Жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макетін жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жіберу

Жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешім; оны қол қою үшін жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган басқармасының (бөлімінің) бастығына беру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім


Орындау мерзімі

15 минут

30 минут

15 минут

15 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7

8

1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері


Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

8

9

10


ҚФБ атауы

Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның маманы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы


Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электронды журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса уәкілетті ұйым бөлімшесіне жібереді.

Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хатымен электронды шешіммен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін журналда іске нөмір береді, содан соң аталған шешімді қағаз жеткізгіште тұтынушының іс макетіне тігеді

Жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы тұтынушыға хабарлама дайындайды.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулық шешім)

Электрондық журналға тіркелген шешім және оны уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жіберу

Журналға тіркелген және тұтынушының іс макетіне тігілген шешім

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауапты почта арқылы жібереді немесе қолына береді


Орындау мерзімі

30 минут

30 минут

20 минут


Келесі іс-әрекеттің нөмірі

9

10


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

ҚФБ 1-топ
уәкілетті ұйымның бөлімшесі

ҚФБ 2-топ
уәкілетті ұйымның филиалы

ҚФБ 3-топ
жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган

№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, үзбелі талон беру, өтінішті тіркеу, шешім жобасымен және жәрдемақы мөлшерінің есебімен қоса істің қағаз жеткізгіштегі және электрондық макеттерін қалыптастыру, электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның филиалына жіберу

№ 2 әрекет
Құжаттардың дұрыс ресімделуін және электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексеру, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру, электрондық іс макетін жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жіберу

№ 3 әрекет
Жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау

№ 4 әрекет
Тұтынушыға жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру



«Арнаулы мемлекеттік   
жәрдемақыны тағайындау» 
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне      
2-қосымша       

Нысан

Функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы