Адвокат куәлігі үлгісінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 164 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 мамырда № 6950 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1439 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 № 1439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған адвокат куәлігінің үлгісінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т. Аманбаевқа және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы М.И. Сексембаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Түсіпбеков

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2011 жылғы 27 сәуірдегі
№ 164 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Адвокат куәлiгi

      Адвокат куәлiгiнiң мұқабасы

      (көлемi 65х190 мм, түсi көгілдір)

      Куәлiк бланкiсiнiң 1-парағы

      (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмденедi)

      Сол жақ (мемлекеттік тілде) Оң жақ (на русском языке)

Облыстық (қалалық) адвокаттар алқасының атауы __________________________________

№ _____ куәлiк

-----------

|3х4 см | ___________________

|фотосуретке| (Тегі)

|арналған | ____________________

| орын | (аты, әкесiнiң аты)

| М.О АДВОКАТ

20__ жылдың "__" _____ дейін жарамды.

_________________________________

(адвокаттар алқаларының Төралқа төрағасының Т.А.Ә. және қолы)

Наименование областной (городской) коллегии адвокатов

__________________________________

Удостоверение № ____

__________________________________

(фамилия)

________________ (имя, отчество)

АДВОКАТ

Государственная лицензия № _______________________________

Выдана _______________


      Ескертпе:

Адвокат куәлігінің
сипаттамасы

      Адвокат куәлігі ресми құжат болып табылады.

      Куәліктің мұқабасы бейнеленген және баспа қаріпімен: "Адвокат куәлігі" деген жазумен көгілдір түсті табиғи немесе жасанды былғарыдан жасалады және жазудың үстінде адвокаттардың эмблемасы орналасқан. Куәліктің ашық күйіндегі көлемі 65х190 мм.

      Куәліктің жапсырмаларының көлемі 62х88 мм, куәліктің жоғарғы бөлігінде жоғарғы жиегінен 9 мм қашықтықта шектерінде: "Қазақстан Республикасы" деген жазуы және ұлттық өрнегі бар қорғаныш жолағы (микрошрифт) болады. Жапсырманың сол жағындағы бұрышында фотосуретке арналған орын бар. Жапсырманың ортасында адвокаттардың эмблемасы орналасқан. Жапсырманың оң жағындағы ортасында адвокаттардың эмблемасы орналасқан.

      Куәлiктiң iшкi сол және оң жақтарында қорғаныс жолағына жоғарыда баспа шрифтiмен қазақ және орыс тiлдерiнде қызыл бояумен облыстық (қалалық) адвокаттар алқасының атауы терiледi. Қорғаныш жолақтан төменде қара шрифтiмен куәлiктiң нөмiрi, оның иесiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты, ал астында "Адвокат" деген мәтін жазылады. Iшкi сол жағындағы төменгi шетiнде куәлiктiң қолданылу мерзiмi, ал төменде Төралқа төрағасының тегі, аты-жөні және қолы тұрады. Iшкi сол жағындағы төменгi шетiнде адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясының нөмірі және берілген күні көрсетіледі. Куәлiктiң iшкi сол жағында ақ түстi бұрышсыз, түрлi-түстi көлемi 30х40 мм фотосурет жапсырылады.

      Куәлiкке қойылған қолдан кейiн фотосуреттiң оң жағындағы төменгi бұрышында мөрдiң бедері басылады. Куәлiктiң дайындалған сол және оң жапсырмалары мөлдiр қорғаныш үлдiрiне бастырылады.