"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1439 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17620 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2018 жылғы 24 қыркүйектегі
  № 1439 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Адвокат куәлігі үлгісінің нысанын бекіту туралы" 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 164 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6950 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);

      2. "Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7430 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);

      3. "Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнiң тағылымдамадан өту тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 96 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8454 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда № 87 (28311) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды).

      4. "Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10269 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығының (2018 жылғы 26 қаңтарда Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16285 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағы 1) тармақшасының 1-41-абзацтары.