Жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агеннтігі төрағасының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 71-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 мамырда N 6944 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» Заңының 13 және 15-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жерді пайдалану мен қорғау субъектілері үшін тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаменті (С.Ш. Сәрсенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Ө. Өзібеков

Қазақстан Республикасы  
Жер ресурстарын басқару  
агенттігі төрағасының  
2011 жылғы 28 наурыздағы 
№ 71-ОД бұйрығына    
1-қосымша         

Жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы жерді пайдалану мен қорғауға қатысты тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты тәуекел – жер ресурстарына зиян келтіру, салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жер иелерінің жерге және жер пайдаланушылардың құқығының бұзуының ықтималдылығы;
      2) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты бақылау субъектілері – жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
      3. Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты әрекет етуші бақылау субъектілеріне жергілікті атқарушы органдар жатады, олар мынадай тәуекел дәрежелері бойынша үлестіріледі:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстық, республикалық маңыздағы қалалардың және облыс орталығының, сондай-ақ олардың қала маңы аймақтары мен ауылдық округтерінің жергілікті атқарушы органдары;
      2) орташа тәуекел дәрежесі – облыстық маңыздағы қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары;
      3) төменгі тәуекел дәрежесі – селолық (ауылдық) округтердің жергілікті атқарушы органдары.
      4. Жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері басқа тәуекел дәрежесіне ауыстырылмайды.
      5. Әр бір тексерілетін субъектіге бақылау ісі жүргізіледі, онда тексерістерді тағайындау туралы актілердің, тексеріс бойынша тексеру парақтарының, нұсқамалардың көшірмелері, тексеріс нәтижелері және жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер тігіледі.

Қазақстан Республикасы  
Жер ресурстарын басқару  
агенттігі төрағасының  
2011 жылғы 28 наурыздағы 
№ 71-ОД бұйрығына    
2-қосымша         

Нысан

Жерді пайдалану мен қорғау субъектілері
үшін тексеру парағы

Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ____________________________________
                                           (№, күні)
_____________________________________________________________________
Субъектінің атауы ___________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы ________________________________________
_____________________________________________________________________
 

Талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік меншіктегі және жер учаскелерін берудің аукциондық немесе конкурстық тәсілі пайдаланылмайтын жағдайларды ескермегенде, сауда саттықты (аукциондар, конкурстар) өткізусіз жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру

2

Жер учаскесіне тиісті құқықты беру туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыздарын) қарау мерзімін сақтау

3

Сұрау салынып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды және жер комиссиясының шешімін әзірлеу мерзімдерін сақтау

4

Жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде және бекітілген жерге орналастыру жобасына сәйкес жер учаскесіне құқықты беру

5

Жер учаскелеріне құқықты беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімін сақтау

6

Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқықты беру туралы шешімді қабылдау мерзімін сақтау

7

Өз құзыреті шегінде жер учаскесіне тиісті құқықты беру

8

Жер учаскесінің негізгі нысаналы тағайындалуына қайшы келмейтін мақсаттарға орман, су қоры жерлері санатынан, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардан жер учаскесіне құқық беру

9

Жер заңнамасында көзделген тек ерекше жағдайлардың тізбесіне енетін жағдайлар үшін мемлекет мұқтажына жер учаскесін күштеп алып қою туралы шешім қабылдау

10

Жер заңнамасында белгіленген нормалар шегінде жер учаскесін жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдау

11

Жер заңнамасында көзделген мақсаттарға және мерзімде уақытша ақысыз жер пайдалану құқығын беру

12

Жер заңнамасында көзделген шет елдіктерге немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға жерге меншік құқығын беру

13

Уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану туралы шартты жасау  мерзімін сақтау

14

Жергілікті атқарушы органның қабылданған тиісті шешімдердің нәтижелері туралы шешімдерінің көшірмелерін беру мерзімдерін сақтау

15

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру тәртібін сақтау

16

Жер учаскелеріне құқықтарды беру реттілігін сақтау

17

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін сақтау

18

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткен жағдайда сәйкестендіру құжаттарын қайта рәсімдеу мерзімін сақтау

19

Жерге орналастыру құжаттамаларын бекітудің белгіленген тәртібін сақтау

20

Тұрғын үй құрылысы үшін, арнайы жер қорында жерлердің болуы туралы ақпаратты беру

21

Жерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бағалау мәліметтерінің нақтылығы

22

Мемлекеттік жер кадастрын дұрыс жүргізу

Лауазымды тұлғалар:

      ________________________ __________ ________________________
             (лауазымы)          (қолы)          (аты жөні)
      ________________________ __________ ________________________
             (лауазымы)          (қолы)          (аты жөні)

      Басшысы:
      ___________________________________ _________________
            (аты жөні, лауазымы)               (қолы)