«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мәдениет-министрі Экономикалық даму және
___________М. Құл-Мұхаммед сауда министрі
____________Ж. Айтжанова
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 29 наурыздағы
№ 51 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму сауда
министрінің
2011 жылғы 1 сәуірдегі
№ 80 бірлескен бұйрығымен
бекітілді
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабын және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - тарих және мәдениет ескерткіштері) пайдалануды және күтіп ұстау тәртібіне тексеру жүргізу үшін әзірленді.
2. Осы критерийлерде мынандай ұғымдар қолданылады:
1) тәуекел - салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, тарих және мәдениет ескерткіштеріне жеке және заңды тұлғалардың зиян келтіру ықтималдығы;
2) тарих және мәдениет ескерткіштері - тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер.
3) Бақылау субъектілері - жеке кәсіпкерлік саласындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар.
3. Тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілері жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
4. Бастапқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіндегі топқа жатқызылады.
5. Бұдан әрі критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектілері тексерулер нәтижелері бойынша тиісті тәуекел топтарына қайта бөлінеді:
1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден 4-ке дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 5-тен 20-ға дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
3) тәуекел дәрежесінің жоғарғы тобына тексеру нәтижесі бойынша 20 және одан да жоғары балл жинаған бақылау субъектілері жатады.
6. Тәуекел деңгейлерін бағалау критерийлері мыналар болып табылады:
тарих және мәдениет ескерткішінде қорғау тақтасының болмауы - 1 балл;
мемлекеттік органның тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы шешімінің болмауы - 1 балл;
тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемесінің болмауы - 1 балл;
тарих және мәдениет ескерткіштерінің паспортының болмауы - 1 балл;
тарих және мәдениет объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болмауы - 5 балл;
тарих және мәдениет ескерткішінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгілердің болмауы - 5 балл;
тарих және мәдениет ескерткіштерде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді уәкілетті мемлекеттік органмен келісуінің болмауы - 5 балл;
тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймақтарында ескерткіштің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстар жүргізілмеуі - 5 балл;
тарих және мәдениет ескерткішінің құрылыс салуды реттеу аумағындағы құрылыс сипатын реттеу шараларының қабылданбауы (құрылыс салудың ауқымдылығы, қабаты, тығыздығы және функционалдық қызметі) - 20 балл;
тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қауіп төндіретін жобалау, іздестіру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу, өндірістік, сондай-ақ, басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге жол бермеу шараларының қабылданбауы - 20 балл;
тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетін жоюға болатын өзгеруден, бұрмалаудан, тағылық актілерінен, зақым келуден, өңін айналдырудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан, зақымдаудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, ескеркіштің өзін немесе оның бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуден қорғау қамтамасыз етілмеуі - 20 балл;
Жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткішінде тиісті лицензиясыз ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу - 20 балл.
7. Жиналған баллдардың неғұрлым көп сомасы төмендегі тәуекел тобының ішіндегі бақылау субъектілерін басымды іріктеудің негізі болып табылады.