Қолданушылардың назарына!
Қаулы 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (3-тармақ).
Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың ұсынатын есеп нысандарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3750 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
қосымшадағы:
«Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 1-кестеде:
1106-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1150-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
1150 |
Айналымға түспей тұрып ұлттық валютадағы банкноттар |
»;
1264-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1264 |
Банктің, ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз етуші болып табылатын салым |
»;
1267-шоттың атауындағы «, кредиттік серіктестіктің және ипотека компаниясының» деген сөздер «және ипотекалық ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1459-шоттың атауында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1604-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1610-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
1610 |
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
»;
1728-шоттың атауындағы «кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1740-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1741-шотпен толықтырылсын:
«
1741 |
Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы |
»;
1857-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1857 |
Кейінге қалдырылған салық активтері |
»;
2820-шоттың атауы «есептелген» деген сөзден кейін «комиссиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
2857-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2857 |
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері |
»;
3101-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3200-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
3200 |
Жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) |
»;
3200-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3300-шоттар тобымен және 3300-шотпен толықтырылсын:
«
3300 |
Резервтерді (провизияларды) түзетудің шоты |
3300 |
Резервтерді (провизияларды) түзетудің шоты |
»;
«Пайда мен шығындардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 2-кестеде:
тақырыбындағы «Пайда мен шығындардың» деген сөздер «Кірістер мен шығыстардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«
5592 |
Спот операцияларын қайта бағалаудан болған жұмсалмаған шығыс |
»;
деген шоттың нөмірі мен атауы алып тасталсын;
5760-шоттар тобының атауында:
«, алымдар» деген сөз алып тасталсын;
«Табыс» деген сөз «Корпоративтік табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
5768-шоттың атауынан «, алымдар мен» деген сөздер алып тасталсын;
5999-шоттар тобының және 5999-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
5999 |
Корпоративтік табыс салығы |
5999 |
Корпоративтік табыс салығы |
»;
4265-шоттың атауындағы «кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4325-шоттың атауында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4570-шоттың атауындағы «Шетел валютасында» деген сөздер «Шетел валютасы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«
4592 |
Спот операцияларын қайта бағалаудан жұмсалмаған кіріс |
»;
деген шоттың нөмірі мен атауы алып тасталсын;
4950 және 4951, 4952, 4953, 4954, 4955, 4956, 4957, 4958, 4959-шоттар тобының және шоттардың атауларында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«Шартты әрі мүмкін талаптардың және міндеттемелердің баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 3-кестеде:
6130-шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
6130 |
Клиенттердің қозғалмайтын салымдары бойынша шоттар |
»;
6630-шоттар тобының атауындағы «міндеттемелер» деген сөз «шоттар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Меморандумның баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 4-кестеде:
7250-шоттың атауында «Қамтамасыз» деген сөз «Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
7600-шоттар тобының атауында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Агенттік Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесінде:
1-қосымшадағы:
«Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 1-кестеде:
1106-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1150-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
1150 |
Айналымға түспей тұрып ұлттық валютадағы банкноттар |
»;
1264-шоттың атауындағы «және ипотекалық ұйымның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1459-шоттың атауында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1604-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1610-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
1610 |
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
»;
1728-шоттың атауындағы «және ипотекалық ұйымның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1857-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1857 |
Кейінге қалдырылған салық активтері |
»;
2153-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2200-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
2200 |
Клиенттер алдындағы міндеттемелер |
»;
2820-шоттың атауы «есептелген» деген сөзден кейін «комиссиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
2857-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2857 |
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері |
»;
3200-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3200 |
Жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) |
»;
3200-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3300-шоттар тобымен және 3300-шотпен толықтырылсын:
«
3300 |
Резервтерді (провизияларды) түзетудің шоты |
3300 |
Резервтерді (провизияларды) түзетудің шоты |
»;
«Баланс шоттарындағы кірістер мен шығыстардың қалдықтары туралы есеп» деген 2-кестеде:
5153-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5200-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
5200 |
Клиенттердің талаптары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар |
»;
«
5592 |
Спот операцияларын қайта бағалаудан болған жұмсалмаған шығыс |
»;
деген шоттың нөмірі мен атауы алып тасталсын;
5760-шоттар тобының атауында:
«, алымдар» деген сөз алып тасталсын;
«Табыс» деген сөз «Корпоративтік табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
5768-шоттың атауынан «, алымдар» деген сөздер алып тасталсын;
5999-шоттар тобының және 5999-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
5999 |
Корпоративтік табыс салығы |
5999 |
Корпоративтік табыс салығы |
»;
4265-шоттың атауындағы «және ипотекалық ұйымның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4570-шоттың атауындағы «Шетел валютасындағы» деген сөздер «Шетел валютасы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«
4592 |
Спот операцияларын қайта бағалаудан жұмсалмаған кіріс |
»;
деген шоттың нөмірі мен атауы алып тасталсын;
«Меморандумның баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 4-кестеде:
7250-шоттың атауында «Қамтамасыз» деген сөз «Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
7600-шоттар тобының атауында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2011 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде:
1) Екінші деңгейдегі банктердің есеп-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
2) «Банктік емес ұйымдар» модулін пысықтауды қамтамасыз етсін.
6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова