Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 сәуірде № 6894 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 709 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.10.19 № 709 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидасы бекітілсін.
      2. «Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 345-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3088 болып тіркелген, 2004 ж., 6 қарашада № 45 (202) «Официальная газета», құқықтық нормативтік актілер және Қазақстан Республикасы өзге де мемлекеттік органдар Бюллетенінде 2005 ж., № 1, 3-бабы) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ 146 бұйрығымен  
бекітілген     

Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін
ұсыну қағидасы

1. Жалпы ереже

      1. Осы Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген, вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну тәртібін белгілейді және оның тасымалдау процесіне қатысушылармен өзара қарым-қатынасын реттейді.
      2. Осы Қағидада вагондардың (контейнердің) операторы ретінде жеке меншік құқығында немесе өзге заң негіздемелерінде, вагон операторының қызмет көрсету жолымен тасымалдау үдерісінде тасымалдаушымен шарт негізінде қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға болып табылады.
      3. Вагондар (контейнерлер) операторының қызмет ету мақсаты вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темір жол көлігі туралы темір жол көлігі саласының өзге де қызметтерін жүзеге асыру болып табылады.
      4. Вагондар (контейнерлер) операторының қызметі (бұдан әрі - оператор) жүктерді вагондармен тасымалдауды қамтамасыз ету қажеттілігін қанаттандыруға бағытталған.
      Оператор тиімді пайдалануды және өзінің жылжымалы құрамын басқару және станциялар бойынша бос вагондарды (контейнерлерді) орналастыруды қамтамасыз етеді.
      Вагондармен (контейнерлермен) тасымалдау үдерісін қамтамасыз ету тасымалдауға дайындалған бос жүк вагондарын (контейнерлерді) жүк жөнелтуші белгілеген уақытта және оның көрсеткен орнында ұсынуды қамтиды.
      Вагондардың (контейнерлердің) қозғалысын басқару және орналастыру жүкті вагондармен (контейнерлермен) тасымалдау қажеттілігі бар және жүк жөнелтушінің тапсырысына сәйкес темір жол станциялары арасындағы вагондар (контейнерлер) айналымын реттеуді қамтиды.
      5. Қызмет көрсету барысында оператор келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
      жүк жөнелтушілердің қажеттілігін жедел қанағаттандыру;
      вагондардың (контейнерлердің) жұмыс паркін икемді пайдалану;
      вагондарды жалға алуға шек қою және вагондардың (контейнерлердің) қозғалысын басқару.

2. Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін
ұсыну тәртібі

      6. Жүк жөнелтушілерге Оператор қызмет көрсетудің негіздемесі оператордың қызмет көрсету шарты (бұдан әрі - Шарт) болып табылады, онда тараптардың негізгі құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, вагондар (контейнер) саны, түрі және қызмет көрсету мерзімі белгіленеді. Шартта вагондар (контейнер) біріздендірілген белгілері немесе нөмірлері қамтылмаған.
      7. Оператордың қызмет көрсетуі өзара іс-қимыл жолымен жүзеге асырылады:
      тасымалдаушымен - шарттық негізде;
      магистральдық темір жол желісінің операторымен - магистральдық темір жол желісі операторының ақпараттық жүйесін қолдану шартының негізінде және жүк вагондары ағымдағы ағытпалы жөндеу шартының негізінде.
      8. Қызмет көрсету кезінде оператор:
      1) вагондарды (контейнерлер) тасымалдауға жарамды күйде береді;
      2) жүк тасымалдау кезінде ай сайын қорытылған Шарттар негізінде берілетін вагондар саны туралы тасымалдаушыға хабарлайды;
      3) вагондар айналымының уақытын белгілейді;
      4) жүк артылған және бос рейстерді жоспарлайды;
      5) бос вагон ағындарын жоспарлайды;
      6) бос вагондарды тасымалдау кезінде жөнелтуші болып табылады;
      7) тасымалдау құжаттарында вагондардың иесі ретінде көрсетіледі;
      8) тасымалдау процесіне қатысушылардан мыналарды талап етеді:
      шарттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін өз вагондарының (контейнерлерінің) уақтылы қайтарылуын;
      шарттың қолданыстағы кезеңінде өз вагондарының (контейнерлерінің) сақталуын қамтамасыз ету;
      шарт талаптарын бұзудан туындаған келтірілген материалдық залалдың өтелуін;
      шарттық немесе өзге негізде өз вагондарының (контейнерлерінің) орналасқан жері туралы ақпаратты уақтылы беруді;
      жүк жөнелтушілер ұсынған тапсырысқа сәйкес өз жылжымалы құрамын пайдалану үшін тең құқықты қамтамасыз етуді;
      магистральдық темір жолдарында вагондарды (контейнерлерді) пайдалану бойынша жедел, статистикалық есептілікті бастапқы есепке алудың жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыға және магистральдық темір жол желісінің операторына қажетті ақпаратты беруді.
      9. Вагондар (контейнерлер) жүк жөнелтушілерге жасалған Шарттарға сәйкес вагондардың (контейнерлердің) қажет санын көрсетумен ай сайынғы тапсырыс негізінде беріледі.
      10. Вагондардың саны және (немесе) түрлеріне тапсырыс болмаса, сондай-ақ талап етілетін станцияларға вагондар (контейнерлер) жеткізілуінің экономикалық орындылығы болмаса оператор тапсырыс берушіге дәлелді бас тарту жібереді.
      11. Вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету тапсырысын шұғыл режимде беру рұқсат етіледі (тасымалдау басталғанға дейін 3 күнге дейін) бірақ операторда вагондар (контейнерлер) болмаған жағдайда тапсырыста көрсетілген станцияға жіберу тоқтатылуы мүмкін.
      12. Оператор ұсынылған тапсырыстар негізінде вагондарды (контейнерлерді) тасымалдауға даярлау жоспарын әзірлейді.
      13. Тасымалдауға даярланған вагондарды (контейнерлерді) оператор жүк жөнелтуші көрсеткен жөнелту станциясына жібереді.
      Осы мақсатта оператор тасымалдаушының бос вагондарды (контейнерлерді) тасымалдау бойынша қызметтерін пайдаланады.
      14. Вагондарды қолдануға беру бойынша қызметтер вагондарды жүктеуге беру кезінен басталады. Аяқталу мерзімі – вагондарды жүк тиеуден босату (жүк түсіру).
      Контейнерлерді қолдануға беру қызметі жүк жөнелтушінің бос контейнерлерді жүктеуге жіберу сәтінен басталады, аяқталуы–бос контейнерлерді жүк түсіруден жолдау сәті.
      15. Оператордың қызметін төлеу тәртібі Шартта анықталады.
      16. Вагондардың (контейнерлердің) операторға тиістілігі, вагондардың саны, және жөнелту, жеткізу станциясы жүктерді тасымалдау тапсырысында көрсетіледі.
      17. Жүк жөнелтуші өзінің тапсырысына сәйкес станцияға жеткізілген оператордың бос вагондарынан (контейнерлер) бас тартқан жағдайда және оларды осы станцияда тәулік ішінде қолдану мүмкін болмаған жағдайда оператор одан әрбір тұрған тәулік үшін ақы алады.
      18. Жүк жөнелтуші тасымалдауға арналмаған вагондарды қолдана алмайды.
      19. Жоспарлы айдың басталуына 3 күннен кем емес уақытта оператор тасымалдаушыға жөнелтуші станциялар бойынша күнтізбелік жүктеу бағытының жоспарын ұсынады.
      20. Тасымалдаушы станцияның белгіленген технологиялық жұмысына сәйкес тапсырыс бойынша түзетілген вагондарды уақтылы таңдауды қамтамасыз етеді және вагондардың (контейнерлердің) техникалық және коммерциялық дайындығын анықтау үшін ұсынады.
      21. Жүк жөнелтушінің вагондарды кіре беріс жолына түсіргеннен кейін вагондар (контейнерлер) операторы тасымалдаушының қолдануына өтеді, бос вагондар мүкәммал вагондар ретінде реттелетін тапсырма бойынша жүреді.
      22. Бос вагон түсірілгеннен кейін жүктеу станциясына жөнелтіледі.
      23.Оператордың тасымалдаушы қолданатын вагондарын (контейнерлерін) тасымалдауды рәсімдеу кезінде жөнелту станциясында тасымалдау құжаттары рәсімделеді және жіберу ақысы жеке вагондарында тасымалдау ретінде есептеледі. Тауарлық кассир белгіленген тасымалдау құжаттарынан басқа вагондар (контейнерлер) операторы үшін темір жол көліктік тауар құжаттамасының телнұсқасын рәсімдейді.
      Оператор тасымалды жөнелткен жағдайда жіберу ақысы төлеуші есеп шотынан алынады оны төлеуші тасымалдау құжаттарында көрсетеді. Мұндай жағдайда темір жол көліктік тауар құжаттамасының телнұсқасы ресімделмейді.