Вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртiбiн айқындау

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 709 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қарашада № 8118 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы 14-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. "Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 146 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6894 болып тіркелген, 2011 ж., 11 маусымда № 185-186 (26606-26607) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 19 қазандағы
№ 709 бұйрығымен
бекітілген

Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген, вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну тәртібін белгілейді.

      2. Қызмет көрсету үдерісінде оператор мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

      жүк жөнелтушілердің қажеттілігін жедел қанағаттандыру;

      вагондардың (контейнерлердің) жұмыс паркін икемді пайдалану;

      вагондарды жалға алуға шек қою және вагондардың (контейнерлердің) қозғалысын басқару.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) вагондардың (контейнерлердің) операторы - жеке меншік құқығында немесе өзге заң негіздемелерінде, вагон операторының қызмет көрсету жолымен тасымалдау үдерісінде және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға болып табылады;

      2) вагондар (контейнерлер) операторының қызметі (бұдан әрі - оператор) - жүктерді вагондармен тасымалдауды қамтамасыз етуде жүк иелерін қажеттіліктерін қанағаттандыру;

      3) вагондарды (контейнерлерді) орналастыру - клиенттің берген өтінішін есепке ала отырып тасымал станциялары арасында келісілген вагондардың (контейнерлердің) санын белгілеу;

      4) клиенттерді вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету - тасымалдарды жүзеге асыру үшін вагондармен (контейнерлермен) иелік ету құқығынсыз жөнелту станцияларында оларға вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру.

2. Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну
тәртібі

      4. Клиенттерге Оператор қызмет ұсынудың негіздемесі оператордың қызмет көрсету шарты (бұдан әрі - Шарт) болып табылады, онда тараптардың негізгі құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, қызмет көрсету шарты және қызмет көрсету мерзімі белгіленеді. Шартта вагондардың (контейнерлердің) нөмірлері немесе біріздендірілген белгілері қамтылмаған.

      5. Оператордың қызмет ұсынуы Ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық қызметтері жүйесін ұсыну шартының және жүк вагондарының ағымдағы ағытпалы жөндеу шартының негізінде Ұлттық инфрақұрылым операторымен өзара іс-қимыл жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      6. Қызмет ұсыну кезінде оператор:

      1) вагондарды (контейнерлерді) техникалық және коммерциялық жарамды күйде береді;

      2) бос вагондардың тасымалын ұйымдастырады;

      3) тасымалдау құжаттарында вагондардың иесі ретінде көрсетіледі, егер жіберілетін вагонның меншік иесі болған жағдайда;

      4) тасымалдау үдерісіне қатысушылардан мыналарды талап етеді:

      Шарттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін өз вагондарының, контейнерлерінің уақтылы қайтарылуын;

      Шарттың қолданыстағы кезеңінде өз вагондарының, контейнерлерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      Шарт талаптарын бұзудан туындаған келтірілген материалдық залалдың өтелуін;

      шарттық немесе өзге негізде өз вагондарының, контейнерлерінің орналасқан жері туралы ақпаратты уақтылы беруді;

      жүк жөнелтушілер ұсынған тапсырысқа сәйкес өз жылжымалы құрамын пайдалану үшін тең құқықты қамтамасыз етуді;

      магистральдық темір жолдарында вагондарды (контейнерлерді) пайдалану бойынша жедел, статистикалық есептілікті бастапқы есепке алудың жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыға және Ұлттық инфрақұрылым операторына беруді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Оператор жасалған Шарттарға сәйкес вагондардың (контейнерлердің) қажетті саны көрсетілген он күндік, ай сайынғы тапсырыс негізінде клиенттерге қызмет көрсетеді.

      8. Вагондардың саны және (немесе) түрлеріне тапсырыс болмаса, сондай-ақ вагондар (контейнерлер) операторы қызметтерінен талап етілетін станцияларға вагондар (контейнерлер) жеткізілуінің шығындары артырылса оператор он жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді.

      9. Оператор ұсынылған тапсырыстар негізінде вагондарды (контейнерлерді) тасымалдауға даярлау жоспарын әзірлейді.

      10. Тасымалдауға даярланған вагондарды (контейнерлерді) оператор жүк жөнелтуші көрсеткен жөнелту станциясына жібереді.

      Осы мақсатта оператор тасымалдаушының бос вагондарды (контейнерлерді) тасымалдау бойынша қызметтерін пайдаланады.

      11. Вагондар операторларының қызмет көрсетуінің басталу және аяқталу сәті Шартта анықталады.

      12. Оператордың қызметін төлеу тәртібі Шартта анықталады.

      13. Жүк жөнелтуші өзінің тапсырысына сәйкес станцияға жеткізілген оператордың бос вагондарынан (контейнерлер) бас тартқан жағдайда және оларды станцияда басқа жөнелтушімен тәулік ішінде қолдану мүмкін болмаған жағдайда егер Шартта өзгеше көзделмесе оператор одан әрбір тұрған тәулік үшін ақы алады.

      Станциялық немесе кіреберіс жолдарда вагондардың бос тұру уақыты 2 тәуліктен асып кетсе, егер Шартта өзгеше көзделмесе, Оператор жазбаша хабарлама жібереді және вагондарды басқа станцияға ресімдейді.

      14. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, оған жүк тасымалдарына арналмаған оператордың вагондарын (контейнерлерін) қолдана алмайды.