Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасындағы патенттік сенім білдірілген өкілдердің санын арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегі № 223 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы, № 15 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықтың 2-қосымшасында:
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдеріне қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақта:
3) тармақшасында «төрт» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Министр P. Түсіпбеков