Аттестаттау комиссиясы шешімінің нысанын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 86 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7515 тіркелді

      «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған аттестаттау комиссиясы шешімінің нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегі № 223 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 20 тамызында № 6404 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 15);
      2) «Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылы 28 шілдедегі № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылы 30 наурыздағы № 194 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 15 сәуірінде № 6887 тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы «Казахстанская правда» № 147 (26568); 2011 жылғы 5 мамырдағы «Егемен Қазақстан» № 184-185 (26587) газеттерінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 86 бұйрығымен   
бекітілген     

нысан

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯСЫ

20 ж. «__» _________                     Астана қаласы

№__ ШЕШІМ

      ҚР Әділет министрлігі аттестаттау комиссиясы билет № _____ патенттік сенім білдірілгенөкілге үміткер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                             (Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
       (жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі, кіммен берілген)
жауаптарын тыңдап, __________________________________________________
(жазбаша түрде көрсету: «аттестаттау туралы», «аттестаттаудан бас тарту туралы»)
шешім қабылдады.

Аттестаттау комиссиясының
төрағасы

Аттестаттау комиссиясының
мүшелері