Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесі бекітілсін.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2011 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде «ЕДБ-ден есептік-статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін енгізілген өзгерістерді ескере отырып жетілдіруді қамтамасыз етсін.
6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 23 қаулысымен бекітілді
Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесі
Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібін және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін белгілейді.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтаған кезде екінші деңгейдегі банкке ертерек ден кою шараларын қолданады.
1. Екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі - банк) қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторлар мыналар болып табылады:
1) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;
2) таза жіктелген заемдардың меншікті капиталға арақатынасының өсуі;
3) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жиынтық заемдардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жіктелген заемдар үлесінің өсуі;
4) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жиынтық заемдардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жіктелген заемдар үлесінің өсуі;
5) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) кредиттеудің негізгі бағыты (-тары) (саласы (-лары)) бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген заемдар үлесінің өсуі;
6) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде
коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға
берілген заемдардың және ипотекалық тұрғын үй заемдарының олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) үлесінің өсуі;
7) негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша жеке тұлғалар үшін кредиттер бойынша алпыстан астам күнтізбелік күнге және (немесе) заңды тұлғалар үшін отыздан астам күнтізбелік күнге мерзімі өткен берешегі бар заемдардың өсуі;
8) банктің несие портфелінін жалпы көлеміндегі негізгі борыш және пайыздық сыйақы бойынша мерзімі тоқсаннан астам күнтізбелік күнге өткен заемдардың өсуі;
9) ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің өсуі;
10) жиынтық активтердегі кіріс келтіретін активтер үлесінің азаюы;
11) банк міндеттемелері сомасындағы жеке және заңды тұлғалардан
тартылған салымдар үлесінің төмендеуі;
12) активтер рентабельділігі коэффициентінің азаюы;
13) таза пайыздық маржаның азаюы;
14) спрэдтың азаюы;
15) операциялық шығыстардың пайыздық және пайыздық емес
кірістердің сомасына қатынасының өсуі;
16) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі.
2. Осы Ереженің 1-тармағында көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) жүйелі алты айдың ішінде екі және одан да коп рет меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәнінен 0,02-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төмен төмендеуі;
2) бастапқы мәндері уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал
жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капитал жеткіліктілігі
коэффициенттерінің төмендеуі;
3) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген заемдардың меншікті капиталдың сексен пайызынан астам болуы талабымен және ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде қарастырылатын кезеңде абсолютті мәнінде жіктелген заемдардың, өсу мөлшерінің провизиялардың өсу мөлшерінен асуы талабымен жүйелі алты айдың ішінде таза жіктелген заемдардың меншікті капиталға арақатынасының өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
ТЖЗ(6) ТЖЗ(5) ТЖЗ(4) ТЖЗ(3) ТЖЗ(2) ТЖЗ(1) ТЖЗ(0)
------- > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------
MK(6) MK(5) MK(4) MK(3) МС(2) МК(1) МК(0)
мынадай талаппен:
ТЖЗ(6) > 80%МК(6) және (ЖЗБ(6) - ЖЗБ(0)) > (Пр(6) - Пр(0)),
мұнда:
ТЖЗ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай таза жіктелген заемдар;
МК(ай) _ қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай меншікті капитал;
ЖЗБ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген заемдар;
Пр(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жіктелген заемдар бойынша құрылған провизиялардың мөлшері.
Жіктелген заемдар есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне (бұдан әрі - Жіктеу ережесі) сәйкес 2, 3, 4 және 5-санатты күмәнді және үмітсіздер ретінде жіктелген заемдар кіргізіледі.
Таза жіктелген заемдар ретінде Жіктеу ережесіне сәйкес олар бойынша құрылған провизияларды шегергендегі жіктелген заемдар түсініледі;
4) жүйелі алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жиынтық заемдардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жіктелген заемдар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖЖЗ(6) ЖЖЗ(5) ЖЖЗ(4) ЖЖЗ(3) ЖЖЗ(2) ЖЖЗ(1) ЖЖЗ(0)
-------- > ------- > -------- > ------- > ------ > ------- > -------
ЖЖиынЗ(6) ЖЖиынЗ(5) ЖЖиынЗ(4) ЖЖиынЗ(3) ЖЖиынЗ(2) ЖЖиынЗ(1) ЖЖиынЗ(0)
мұнда:
ЖЖЗ(ай) қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жіктелген заемдар;
ЖЖиынЗ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жиынтық заемдар;
Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖЖЗ(6) ЖЖЗ(0)
------------- - ------------ > 5 пайыздық тармақ;
ЖЖиынЗ(6) ЖЖиынЗ(0)
5) жүйелі алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жиынтық заемдардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жіктелген заемдар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЗЖЗ(6) ЗЖЗ(5) ЗЖЗ(4) ЗЖЗ(3) ЗЖЗ(2) ЗЖЗ(1) ЗЖЗ(0)
-------- > ------- > -------- > ------- > ------ > ------- > -------
ЗЖиынЗ(6) ЗЖиынЗ(5) ЗЖиынЗ(4) ЗЖиынЗ(3) ЗЖиынЗ(2) ЗЖиынЗ(1) ЗЖиынЗ(0)
мұнда:
ЗЖЗ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жіктелген заемдар;
ЗЖиынЗ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жиынтық заемдар.
Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да коп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
ЗЖЗ(6) ЗЖЗ(0)
------------- - ------------ > 5 пайыздық тармақ;
ЗЖиынЗ(6) ЗЖиынЗ(0)
6) жүйелі алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) кредиттеудің негізгі бағыты (-тары) (саласы (-лары)) бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген заемдар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
НЖЗ(6) НЖЗ(5) НЖЗ(4) НЖЗ(3) НЖЗ(2) НЖЗ(1) НЖЗ(0)
------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > 20%
ЖЗ(6) ЖЗ(5) ЖЗ(4) ЖЗ(3) ЖЗ(2) ЖЗ(1) ЖЗ(0)
болған кезде,
мұнда:
НЖЗ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай кредиттеудің негізгі бағыты (-тары) (саласы (-лары)) бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген заемдар;
ЖЗ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдары (банктерге берілген заемдарды қоспағанда).
Олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға заемдар, не қалыптастырылған провизияларды ескермегенде шағын және орта бизнесті кредиттеу, олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) үлесі қарастырылатын кезеңнің соңына қарай жиырма пайыздан коп болатын, олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде бір саланың заңды тұлғаларына заемдар кредиттеудің негізгі бағыты болып табылады.
Қарастырылатын кезеңде жүйелі осу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да коп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
НЖЗ(6) НЖЗ(0)
-------- - -------- > 5 пайыздық тармақ;
ЖЗ(6) ЖЗ(0)
7) жүйелі алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген заемдардың және ипотекалық тұрғын үй заемдарының үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
З(6) З(5) З(4) З(3) З(2) З(1) З(0)
---- > ----- > ---- > ---- > ---- > ---- > ---- > 20% болған кезде,
ЖЗ(6) ЖЗ(5) ЖЗ(4) ЖЗ(3) ЖЗ(2) ЖЗ(1) ЖЗ(0)
мұнда:
3(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген заемдар;
ЖЗ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдар (банктерге берілген заемдарды қоспағанда);
Осы көрсеткіш есебіне олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) үлесі қарастырылатын кезеңнің соңына карай жиырма пайыздан коп болатын, олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген заемдар және ипотекалық тұрғын үй заемдары кіргізіледі.
Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
З(6) З(0)
------- - ------- > 5 пайыздық тармақ;
Ж3(6) Ж3(0)
8) жүйелі алты айдың ішінде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша жеке тұлғалар үшін заемдар бойынша алпыстан астам күнтізбелік күнге және (немесе) заңды тұлғалар үшін отыздан астам күнтізбелік күнге мерзімі өткен берешегі бар заемдардың бес және одан коп пайызға өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖМ3 60(6)- ЖМ3 60(0) ЗМЗ 3О(6)- ЗМЗ 3О(0)------------------- > 5% және (немесе) ------------------- > 5%
ЖМ3 60(0) ЗМЗ 3О(0)
мұнда:
ЖМЗ 60 - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша кредиттер бойынша алпыстан астам күнтізбелік күнге мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың заемдары;
ЗМЗ 30 - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша кредиттер бойынша алпыстан астам күнтізбелік күнге мерзімі өткен берешегі бар заңды тұлғалардың заемдары;
9) жүйелі алты айдың ішінде ол бойынша қалыптастырылған
провизияларды ескермегенде банктің несие портфеліндегі негізгі борыш және пайыздық сыйақы бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде мерзімі тоқсаннан астам күнтізбелік күнге өткен заемдардың өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
МЗ90(6) МЗ90(5) МЗ90(4) МЗ90(3) МЗ90(2) МЗ90(1) МЗ90(0)
------- > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------
НП(6) НП(5) НП(4) НП(3) НП(2) НП(1) НП(0)
мұнда:
М390(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде негізгі борыш және пайыздық сыйақы бойынша мерзімі тоқсаннан астам күнге өткен заемдар;
НП(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде несие портфелі.
Қарастырылатын кезеңде жүйелі осу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да коп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
МЗ90(6) МЗ90(0)
---------- - --------- > 5 пайыздық тармақ;
НП(6) НП(0)
10) жүйелі алты айдың ішінде ол бойынша қалыптастырылған
провизияларды ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша
қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген дебиторлық
берешек үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖДБ(6) ЖДБ(5) ЖДБ(4) ЖДБ(3) ЖДБ(2) ЖДБ(1) ЖДБ(0)
------- > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------
ДБ(6) ДБ(5) ДБ(4) ДБ(3) ДБ(2) ДБ(1) ДБ(0)
мұнда:
ЖДБ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек;
ДБ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жиынтық дебиторлық берешек.
Қарастырылатын кезеңде жүйелі осу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖДБ(6) ЖДБ(0)
---------- - --------- > 5 пайыздық тармақ;
ДБ(6) ДБ(0)
Жіктелген дебиторлық берешек есебіне Жіктеу ережесіне сәйкес 2, 3, 4 және 5-санатты күмәнді және үмітсіздер ретінде жіктелген дебиторлық берешек кіргізіледі.
11) жүйелі алты айдың ішінде кіріс келтіретін активтердің жиынтық активтердегі үлесінің азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
КА(6) КА(5) КА(4) КА(3) КА(2) КА(1) КА(0)
------- > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------
А(6) А(5) А(4) А(3) А(2) А(1) А(0)
мұнда:
КА(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай кіріс келтіретін активтер;
А(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай жиынтық активтер.
Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
КА(6) КА(0)
-------- - ------- > 5 пайыздық тармақ;
А(6) А(0)
12) қарастырылатын кезеңнің басында жеке және заңды тұлғалар
салымдарының қатынасы банк міндеттемелерінен елу пайыз болу талабымен
соңғы алты айдың ішінде баска банктердің салымдарын және арнайы
мақсаттағы еншілес ұйымдардың (бұдан әрі - SPV) салымдарын ескермегендегі банк міндеттемелері сомасындағы жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың жиырма және одан астам пайыздық тармаққа төмендеуі мынадай формула бойынша есептеледі:
C(6) С(0)
------ - ----- < - 20 пайыздық тармақ С0 > 50% М1 болған кезде,
М(6) М(0)
мұнда:
С(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай баска банктердің салымдарын және SPV салымдарын ескермегендегі жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдар (оның ішінде ағымдағы шоттар);
М(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына карай жиынтық міндеттемелер;
13) соңғы алты айдың ішінде активтер рентабельділігі коэффициентінің бір және одан астам пайыздық тармаққа азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
ROA(6) - ROA(i) < - 1 пайыздық тармақ.
Активтер рентабельділігі коэффициенті жылдық мәндегі бөлінбеген таза кірістің (орны толтырылмаған шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
жыл БТК (ОТШ)(n)
ROA = ---------------- * Кт,
Аорт(n)
мұнда:
БТК (0ТШ)(n) - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңде алынған, бөлінбеген таза кіріс (орны толтырылмаған шығын);
Аорт(n) - белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
Кт - мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:
12
Кт = —---, мұнда
А
А - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап өткен айлар саны.
Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
А(1) + А(2) + ... + А(n)
Аорт(n) = ------------------------,
n
мұнда:
Аорт(n) - белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
А(1,2,...n)- белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;
n - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап өткен айлар саны;
14) соңғы алты айдың ішінде таза пайыздық маржаның бір және одан астам пайыздық тармаққа азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
ТПМ%(6) - ТПМ%(1) < - 1 пайыздық тармақ.
Таза пайыздық маржа жылдық мәндегі банктің таза пайыздық кірісінің (сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды шегергенде, сыйақы алуға байланысты кірістер) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескергендегі активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
ТК(n)
ТПМ%(n) = ----------- * Кт,
Аорт(n)
мұнда:
ТПМ%(n) - таза пайыздық маржа;
ТК(n) - мынадай формула бойынша есептелетін таза кіріс:
ТК(n)= Кс%(n) - Шс%(n),
мұнда:
Кс%(n) - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
Шс%(n)- тиісті қаржылық жылдың басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
Аорт(n) - белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
Кт-мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициент!:
12
Кт = —---, мұнда
А
А - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап өткен айлар саны.
Сыйақы алуға байланысты кірістерге мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған шоттар мен салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
басқа банктерде орналастырылған шоттар мен салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;/
бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
банктің клиенттерге талаптары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
«заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.
Сыйақы алуға байланысты емес кірістерге мыналар кіреді:
дилинг операциялары бойынша кірістер;
комиссиялық кірістер;
туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша кірістер;
өзге кірістер;
15) соңғы алты айдың ішінде спрэдтың бір және о дан астам пайыздық тармаққа төмендеуі мынадай формула бойынша есептеледі:
Спрэд(6) - Спрэд(1) < - 1 пайыздық тармақ
Банктің спрэды жылдық мәндегі сыйақы алуға байланысты кірістердің кіріс келтіретін орташа активтерге қатынасының және жылдық мәндегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың шығыстарға әкеп соғатын орташа міндеттемелерге қатынасының арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Кс%(n) Шс%(n)
Спрэд(n) = ----------- * тК - ------------ Кт,
кА(орт)(n) қМ(орт)(n)
мұнда:
Кс%(n) - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
Шс%(n) - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
Кт - мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:
12
Кт = —---, мұнда
А
А - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап өткен айлар саны.
кА(орт)(n) - мынадай формула бойынша есептелетін, белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі кіріс келтіретін активтердің орташа шамасы:
КА(1) + КА(2) + ... + КА(n)
кА(орт) = ---------------------------,
n
мұнда:
КА(1.2,...n) _ белгілі бір айдың соңына қарай кіріс келтіретін активтер;
n - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап өткен айлар саны;
ШМорт(n) - мынадай формула бойынша есептелетін, белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі шығыстарға әкеп соғатын міндеттемелердің орташа шамасы:
ШМ(1) + ШМ(2) +...+ШМ(n)
ШМорт(n) = -------------------------,
n
мұнда:
ШМ(1.2,...n) - белгілі бір айдың соңына карай шығыстарға әкеп соғатын міндеттемелер;
n - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап өткен айлар саны.
Кіріс келтіретін активтерге (КА) мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі салымдар;
корреспондентах шоттар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
басқа банктерде орналастырылған салымдар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
сауда-саттыққа арналған бағалы қағаздар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
сату үшін қолда бар бағалы қағаздар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
өтеуге дейін ұстап қалынатын бағалы қағаздар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
заңды тұлғаларға берілген заемдар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
жеке тұлғаларға берілген заемдар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде);
капиталға инвестициялар;
реттелген борыш;
«заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар (арнайы резервтерді (провизияларды) шегергенде).
Шығыстарға әкеп соғатын міндеттемелерге (ШМ) мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдындағы міндеттемелер;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы міндеттемелер;
шетелдік орталық банктерден алынған заемдар;
халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан алынған заемдар;
жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдар;
клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, қарымжы) ретінде қабылданған ақша;
айналысқа шығарылған бағалы қағаздар;
бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары;
реттелген борыш.
Шығыстарға әкеп соғатын міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарға мыналар кіреді:
корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдындағы міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының алдындағы міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
басқа банктердің салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
басқа банктермен жасалатын операциялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты баска шығыстар;
клиенттердің талаптары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
16) соңғы алты айдың ішінде операциялық шығыстардың сыйақы алуға байланысты кірістердің және сыйақы алуға байланысты емес кірістердің сомасына қатынасының бес және одан астам пайыздық тармаққа өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:
ОПШ(6) ОШ(1)
------------------- - ------------------ > 5 пайыздық тармақ,
Кс%(6) + Ксбе%(6) Кс%(1) + Ксбе%(1)
мұнда:
ОПШ(ай) - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі операциялық шығыстар;
Кс%(ай) - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
Ксбе%(ай) - тиісті қаржылық жылдың басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты емес кірістер.
Операциялық шығыстарға (ОПШ) мыналар кіреді:
еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар;
жалпы шаруашылық шығыстар («Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды аударым жасау шығыстарын қоспағанда);
табыс салығынан басқа, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
амортизациялық аударымдар;
негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді өтеусіз беру шығыстары;
тауарлық-материалдық корды сату шығыстары;
өзге де инвестицияларды сату шығыстары;
тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
жалдау шығыстары.
Сыйақы алуға байланысты емес кірістерге мыналар кіреді:
дилинг операциялары бойынша кірістер;
комиссиялық кірістер;
туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша кірістер;
өзге кірістер;
17) жүйелі алты айдың ішінде екі және одан көп рет өтімділік
коэффициенттерінің уәкілетті орган белгілеген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төмен төмендеуі;
18) бастапқы мәндері уәкілетті орган белгілеген өтімділік
коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейден төмен болған кезде өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі.
Осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында белгіленген көрсеткіштерді есептеу кезінде жиынтық, сондай-ақ жіктелген заемдардың есебіне бірыңғай кредиттер портфелі кіргізілмейді.
Есепті күні аяқталатын кезең қарастырылатын кезең болып табылады.
Осы Ереженің 2-тармағының 7) тармақшасының талаптары «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына қатысты қолданылмайды.
3. Уәкілетті орган банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін ай сайын реттеушілік есептілік деректерінің негізінде банктің қаржылық жай-күйіне талдау жасауды жүзеге асырады.
4. Банктің қаржылық жай-күйіне талдау жасау нәтижесінде және (немесе) оған тексеру жүргізу қорытындылары бойынша осы Ереженің 1-тармағында көзделген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауын және оның қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жолдайды.
Банк және (немесе) оның акционерлері уәкілетті органның талабын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактордың егжей-тегжейлі талдауын;
2) осы фактордың болжамын, осындай болжамының негіздемесін және банктің қызметіне тигізетін теріс ықпалын;
3) осы факторды жақсарту бойынша шараларды, яғни оны банктің қызметі үшін қауіпсіз (қосымша тәуекелсіз) болған деңгейге дейін жеткізуді;
4) іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімін көрсете отырып):
5) іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты лауазымды тұлғаларды қамтитын іс-шаралар жоспарын әзірлеп, уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын оны қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алдын ала қарайды.
Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган мен банк іс-шаралар жоспарын жетілдіру мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте банк уәкілетті органның ескертулерін жою үшін жоспарға түзетулер енгізеді немесе осындай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздеулерін ұсынады.
Уәкілетті орган жетілдірілген іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімде оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға оның іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде орындалғаны туралы есебін ұсынады.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне қатысты Банктер туралы Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды кою арқылы бір немесе бірнеше ертерек ден кою шараларын қолданады.
Банк осы Ереженің 1-тармағында көзделген факторларды өз бетінше анықтаған жағдайда көрсетілген факторларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Ереженің осы тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын коса бере отырып, оның қаржылық жай-күйінің нашарлаған жағдайын көрсететін ақпаратты ұсынады.
5. Осы Ереженің 4-тармағында белгіленген мерзімде банктің қаржылық тұрақтылығын көтеруге бағытталған іс-шаралар жоспары ұсынылмаған немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ уәкілетті органның талабына сәйкес ертерек ден кою шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.