Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 233 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Ертерек ден қою шараларын және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Ертерек ден қою шараларын және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 200 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5464 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5780 тіркелген);
3) «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 23 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6886 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 66 қаулысымен бекітілген
Ертерек ден қою шараларын және жинақтаушы зейнетақы қорының
және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына
ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану
қағидалары
Осы Ертерек ден қою шараларын және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы Заң) Заңдарына сәйкес әзірленген және ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібін және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі - қаржы ұйымы), сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін белгілейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) қаржы ұйымдары мен сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындаған кезде оларға ертерек ден қою шараларын қолданады.
1. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі
1. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген факторларды қоспағанда, осы Қағидалардың 2, 3, 4-тармақтарымен көзделген қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін қаржы ұйымның, сақтандыру тобының қаржылық жағдайына талдауды жүзеге асырады:
қаржы ұйымы - реттеуші есептің деректер базасында ай сайын беру;
сақтандыру тобы - реттеуші есептің деректер базасында тоқсан сайын беру.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - Ұйым) қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар мыналар болып табылады:
1) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;
2) номиналды кіріс коэффициентінің төмендеуі;
3) Қордың Қазақстан Республикасы экономикасының бір секторына жататын Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған, қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтері көлемінің осы Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміне арақатынасының ұлғаюы;
4) Қордың және (немесе) Ұйымның Қазақстан Республикасы экономикасының бір секторына жататын Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған қаржы құралдарына орналастырылған меншікті активтері көлемінің осы Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміне ара қатынасының ұлғаюы;
5) Қордың шетел валютасында ірілендірілген қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтері көлемінің осы Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміне арақатынасының ұлғаюы;
6) Қордың және (немесе) Ұйымның шетел валютасында ірілендірілген қаржы құралдарына орналастырылған меншікті активтері көлемінің Қоры және (немесе) Ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміне ара қатынасының ұлғаюы;
7) Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі осы Қорының зейнетақы активтері есебінен акцияларға инвестициялардың жиынтық үлесінің ұлғаюы;
8) Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміндегі осы Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтері есебінен акцияларға инвестициялардың жиынтық үлесінің ұлғаюы;
9) Қордың кредиттік тәуекелі жоғары дәрежелі қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтері көлемінің осы Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміне арақатынасының ұлғаюы;
10) осы Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі зейнетақы активтері есебінен эмитенті шығарылған облигациялар бойынша сыйақы және (немесе) негізгі борыш сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген қаржы құралдарына инвестициялар үлесінің ұлғаюы;
11) осы Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміндегі меншікті активтері есебінен эмитенті шығарылған облигациялар бойынша сыйақы және (немесе) негізгі борыш сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген қаржы құралдарына инвестициялар үлесінің ұлғаюы;
12) Қордың және (немесе) Ұйымның директорлар кеңесі және (немесе) инвестициялық комитеті белгілеген инвестициялау лимиттерін асыру.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар мыналар болып табылады:
1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
2) жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
3) шығындылық коэффициенттерінің ұлғаюы;
4) активтердің жалпы сомасындағы акциялар үлесінің ұлғаюы;
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жекелеген қайта сақтандыру ұйымындағы қайта сақтандыру шарты (шарттары) бойынша жауапкершілік көлемінің сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша жауапкершіліктің жалпы көлеміне арақатынасының асуы;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығынды қызметі;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жалпы және әкімшілік шығындарының сақтандыру сыйлықақыларына арақатынасының асуы;
8) «жалпы сақтандыру» саласында тиісті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандырудың әр бір ерікті сыныбы бойынша сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі шығындардың сақтандыру сыйлықақыларына арақатынасының асуы.
4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар болып мыналар табылады:
1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
2) сақтандыру тобы қатысушысының (қатысушыларының) балансы бойынша меншікті капиталының олардың жарғылық капиталының балансы бойынша мөлшерінен төмендеуі;
3) қаржы ұйымдары болып табылатын сақтандыру тобының қатысушылары арасындағы, сондай-ақ қаржы ұйымы мен сақтандыру тобының басқа қатысушылары болып табылатын сақтандыру тобының қатысушылары арасындағы мәміле көлемінің асуы;
4) сақтандыру тобының қатысушылары болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларын қолдану.
5. Қаржы ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) қаржы ұйымын, сақтандыру холдингін немесе сақтандыру тобының қатысушыларын тексеру жүргізу қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 2, 3, 4-тармақтарында көзделген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган қаржы ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне, сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушысына қаржы ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын арттыру, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және олардың қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талапты жібереді.
Қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары уәкілетті органның талабын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады, онда мыналар қамтылады:
қаржы ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактордың толық талдауын;
осы фактордың болжамын, осындай болжамның негіздемесін және қаржы ұйымының, сақтандыру тобының қызметіне тигізетін теріс ықпалын;
осы факторды жақсарту бойынша шараларды, яғни оны қаржы ұйымының, сақтандыру тобының қызметі үшін қауіпсіз (қосымша тәуекелсіз) болған деңгейге дейін жеткізуді;
іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімін көрсете отырып);
іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты лауазымды тұлғалар (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындауға жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып).
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын оны қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алдын ала қарауын жүргізеді.
Уәкілетті орган қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган мен қаржы ұйымы, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары іс-шаралар жоспарын жетілдіру мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қаржы ұйымы, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары уәкілетті органның ескертулерін жою үшін жоспарға түзетулер енгізеді немесе, осындай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.
Уәкілетті орган жетілдірілген іс-шаралар жоспарын, оны ұсынған күннен не уәкілетті органның ескертулерімен келіспеу негіздемелерін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға оның іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде орындалғаны туралы есебін ұсынады.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда қаржы ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне, сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына қатысты тиісінше Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 41-2-бабының 2-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды қою арқылы бір немесе бірнеше ертерек ден қою шараларын қолданады.
Қаржы ұйымы, сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары осы Қағидалардың 2, 3, 4-тармақтарында көзделген факторларды өз бетінше анықтаған жағдайда көрсетілген факторларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидаларда көзделген іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, олардың қаржылық жағдайының нашарлаған жағдайын көрсететін ақпаратты ұсынады.
2-тарау. Қаржы ұйымдарының және сақтандыру тобының
қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды
анықтау әдістемесі
6. Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген Қордың және (немесе) Ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 (бұдан әрі - № 180 қаулы), «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) (бұдан әрі - № 181 қаулы), «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) (бұдан әрі - № 215 қаулы) қаулыларында белгіленген қатарынан үш ай ішінде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,01-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге дейін екі және одан көп рет төмендеуі;
2) № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 215 қаулыда белгіленген бастапқы мәні белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,01-ге асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капитал жеткіліктілігінің төмендеуі;
3) қатарынан үш ай ішінде номиналды кіріс коэффициентінің жүйелі төмендеуі және орташа номиналды кірістің түзетілген коэффициентінің мәнінен алпыс күнтізбелік айда он бес және одан астам пайызға ауытқуға жетуі;
4) Қордың Қазақстан Республикасы экономикасының бір секторына жататын Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтері көлемінің осы Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміне арақатынасының қырық пайыздық мәннен асуы;
5) Қордың және (немесе) Ұйымның Қазақстан Республикасы экономикасының бір секторының қаржы құралдарына орналастырылған меншікті активтері көлемінің осы Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміне ара қатынасының қырық пайыздық мәннен асуы;
6) акцияларға Қордың зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық үлесінің Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің жиырма пайызы мәнінен асуы;
7) акцияларға Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтері есебінен инвестициялардың жиынтық үлесінің Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлемінің жиырма пайызы мәнінен асуы;
8) Қордың шетел валютасында ірілендірілген қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтері көлемінің осы Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміне арақатынасының отыз пайыздық мәннен асуы;
9) Қордың және (немесе) Ұйымның шетел валютасында ірілендірілген қаржы құралдарына орналастырылған меншікті активтері көлемінің осы Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерінің жиынтық көлеміне ара қатынасының отыз пайыздық мәннен асуы;
10) Қордың кредиттік тәуекел дәрежесі екі жүз, екі жүз елу, үш жүз пайызға тең қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтері көлемінің осы Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміне арақатынасының он бес пайыздық мәннен асуы.
Қаржы құралдарының кредиттік тәуекелінің дәрежесі № 180 қаулыға, № 181 қаулыға, № 215 қаулыға сәйкес анықталады;
11) эмитенті шығарылған облигациялар бойынша сыйақы және (немесе) негізгі борыш сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген қаржы құралдарына орналастырылған Қордың зейнетақы активтері көлемінің осы Қордың зейнетақы активтерінің жалпы көлеміне қатынасы бес пайызы мәнінен асуы;
12) эмитенті шығарылған облигациялар бойынша сыйақы және (немесе) негізгі борыш сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген қаржы құралдарына орналастырылған Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтері көлемінің осы Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміне қатынасы бес пайызы мәнінен асуы;
13) қатарынан үш ай ішінде Қордың және (немесе) Ұйымның директорлар кеңесі және (немесе) инвестициялық комитеті белгілеген инвестициялау лимиттерін екі және одан көп рет асыру.
7. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) қатарынан үш айдың ішінде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген) (бұдан әрі - № 131 қаулы) оның бастапқы мәні 0,5-ке немесе одан да аз тармаққа жоғары болып белгіленген 0,1-ге және одан да көп тармаққа екі және одан да көп есе төмендеуі;
2) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні № 131 қаулыда белгілеген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын деңгейден 0,1 тармаққа төмен;
3) қатарынан үш айдың ішінде жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің № 131 қаулыда оның бастапқы мәні 0,5-ке немесе одан да аз тармаққа жоғары болып белгіленген 0,1-ге және одан да көп тармаққа екі және одан да көп есе төмендеуі;
4) жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің мәні № 131 қаулыда белгілеген жоғары өтімді активтерінің жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын деңгейден 0,1 тармаққа төмен;
5) қатарынан үш айдың ішінде екі және одан көп рет қайта сақтандырушының үлесін есепке алусыз сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша тікелей сақтандыру және кіріс қайта сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымының барлық міндеттемелерінің жиынтық мөлшерінің жиырма және одан астам пайызын міндеттемелер мөлшері құрайтын, шығындылық коэффициентінің жүз пайыздан асуы;
6) қайта сақтандыру активтерін шегергенде акцияларға инвестициялардың жиынтық үлесінің активтер көлемінің жиырма пайыздық мәнінен асуы;
7) Standard & Poor's агенттігінің «BB-»-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе № 131 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен танылатын басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе осы рейтингтік агенттіктерінің рейтингтік бағасы жоқ, не Standard & Poors рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасының тиісті тәуелсіз рейтингінен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе осыған ұқсас деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар елде тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті емес жекелеген қайта сақтандыру ұйымында қайта сақтандыру шарты (шарттары) бойынша жауапкершілігі көлемінің тікелей сақтандыру және кіріс қайта сақтандыру шарттары бойынша жиынтық жауапкершілігі көлеміне арақатынасының он пайыз мәнінен асуы;
8) соңғы үш ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығынды қызметі;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жалпы және әкімшілік шығыстарының сақтандыру сыйлықақыларына арақатынасының қырық пайыз мәнінен асуы;
10) «жалпы сақтандыру» саласында тиісті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандырудың әр бір ерікті сыныбы бойынша сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі шығыстардың сақтандыру сыйлықақыларына арақатынасының отыз пайыз мәнінен асуы.
8. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) екі есепті тоқсанның қорытындылары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің № 131 қаулыда оның бастапқы мәні 0,5-ке немесе одан да аз тармаққа жоғары болып белгіленген 0,1-ге және одан да көп тармаққа екі және одан да көп есе төмендеуі;
2) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні № 131 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын деңгейден 0,1 тармаққа төмен;
3) сақтандыру тобы қатысушысының (қатысушыларының) балансы бойынша меншікті капиталының олардың жарғылық капиталының балансы бойынша мөлшерінен есепті тоқсанның қорытындысы бойынша төмендеуі;
4) қаржы ұйымдары болып табылатын сақтандыру тобының қатысушылары арасындағы, сондай-ақ қаржы ұйымы мен сақтандыру тобының басқа қатысушылары болып табылатын сақтандыру тобының қатысушылары арасындағы мәміле көлемінің сақтандыру тобының төлем қабілеттілігінің нақты маржасынан он пайызға асуы;
5) сақтандыру тобының қатысушылары болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан алты айдың ішінде үш және одан да көп рет) қолдану.
Ескерту: Осы Әдістемеде ағымдағы мән мен қаралып отырған кезеңнің басындағы мәннің арасында айырма ретінде есептелген қаралып отырған көрсеткіштің нақты мәнінің абсолюттік өзгеруі тармақ болып табылады.