Авиация персоналы куәлігін беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 сәуірде № 6860 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлігін беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 138 бұйрығымен  
бекітілген     

Авиация персоналы куәлігін беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиация персоналы куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан) 1-қосымшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағида азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиация персоналына куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) авиация персоналы – арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘК ТҚК), әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
      2) авиация персоналының куәлігі (бұдан әрі - куәлік) - авиация персоналының біліктілігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
      3) авиация персоналына куәлік беру тiзiлiмi (бұдан әрі - Тізілім) - авиация персоналына куәлік беру туралы жазба жазылатын құжат;
      4) біліктілік белгісі - куәлікте жазылған немесе оған қатысы бар, оның бөлігі болып табылатын, осы куәлікке қатысты ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулер көрсетілген жазба.
      4. Куәлік мынадай авиация персоналына беріледі:
      1) әуесқой пилоттың куәлігі (ұшақ);
      2) әуесқой пилоттың куәлігі (тікұшақ);
      3) коммерциялық авиация пилотының куәлігі (ұшақ);
      4) коммерциялық авиация пилотының куәлігі (тікұшақ);
      5) желілік пилоттың куәлігі (ұшақ);
      6) желілік пилоттың куәлігі (тікұшақ);
      7) аса жеңіл авиация пилотының куәлігі;
      8) штурманның куәлігі;
      9) борт инженерінің (борт механигінің) куәлігі;
      10) борт радистінің куәлігі;
      11) борт операторының куәлігі;
      12) борт жолсерігінің куәлігі;
      13) Әуе қозғалысын бақылау қызметі диспетчерiнің куәлігі;
      14) инженер/техник/механик куәлігі;
      15) аса жеңіл авиация технигінің куәлігі;
      16) ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің куәлігі.
      5. Авиация персоналының куәлігі мамандыққа байланысты түстері мен сериялық әріптік кодтары бойынша ажыратылады.
      Авиация персоналы куәлігінің сериялық әріптік кодтары мен түстері осы Қағиданың 1–қосымшасында көрсетілген.
      6. Авиация персоналының куәлігі медициналық куәландырылған күннен бастап мыналардан артық емес кезеңдердің ішінде жарамды болып табылады:
      1) 24 ай – әуесқой пилоттың (ұшақ, тікұшақ) куәлігі үшін;
      2) 12 ай – коммерциялық авиация пилотының (ұшақ, тікұшақ) куәлігі үшін;
      3) 12 ай – авиакомпанияның желілік пилотының (ұшақ, тікұшақ) куәлігі үшін;
      4) 24 ай – борт операторларының куәлігі үшін;
      5) 12 ай – штурманның куәлігі үшін;
      6) 12 ай – борт инженерінің (борт механигінің) куәлігі үшін;
      7) 12 ай – борт радистiнің куәлігі үшін;
      8) 24 ай – аса жеңіл авиация пилотының куәлігі үшін;
      9) 24 ай – әуе қозғалысы қызмет көрсету диспетчерiнің куәлігі үшін (бұдан әрі – ӘҚҚК диспетчері);
      10) 24 ай – борт жолсерігінің куәлігі үшін;
      11) 5 жыл – инженерлер үшін;
      12) 3 жыл – авиациялық техниктер/механигтер үшін;
      13) 3 жыл – ұшуды қамтамасыз ету жөнідегі қызметкерлер үшін.
      7. Мынадай клиникалық көрсеткіштер бойынша медициналық қорытындының қолданылу мерзімі қысқарады:
      1) 40 жастан асқан авиакомпанияның желілік пилотының (ұшақ, тікұшақ) куәлігін және коммерциялық авиация пилотының (ұшақ, тікұшақ) куәлігін иеленген, бір пилот басқаратын ұшақта жолаушыларды тасымалдау жөніндегі коммерциялық ұшуды орындайтын адамдар үшін куәліктің қолданылу мерзімі 6 айға дейін қысқарады;
      2) авиакомпанияның желілік пилотының (ұшақ, тікұшақ) куәлігін және коммерциялық авиация пилотының (ұшақ, тікұшақ) куәлігін иеленген, коммерциялық әуе тасымалын орындаумен айналысатын адамдар 60 жасқа толғанда куәліктің қолданылу мерзімі 6 айға дейін қысқарады.
      8. 50 жастан асқан әуесқой пилоттың (ұшақ, тікұшақ) куәлігін, аса жеңіл авиация пилотының ұшақ, тікұшақ) куәлігін және диспетчерiнің куәлігін иеленген адамдар үшін куәліктің қолданылу мерзімі 12 айға дейін қысқарады.
      9. Әуе кемесі командирінің немесе төменде санамалаған әуе кемелерінің кез келген түрінің командирі немесе екінші ұшқышының функцияларын орындау үшін осы куәлікті алу қажет:
      ұшақ;
      тікұшақ;
      аса жеңіл әуе кемесі.
      10. Ұшқыш куәлігін беру кезінде куәлікке әуе кемесінің түрі туралы белгі және білімді, дағдыларды (шеберліктерді) тексеру барысында пайдаланылған әуе кемелерінің сыныбына немесе үлгісіне сәйкес келетін біліктілік белгілері енгізіледі.
      11. Әуе кемесі командирінің немесе ұшақтағы екінші ұшқыштың функцияларын орындау үшін үлгі сертификатында немесе осы біліктілік талаптарының көрсетілген жағдайлардан басқа, бір ұшқыштан тұратын ұшу экипажы пайдаланатын ұшуды пайдалану нұсқаулығында (оған барабар құжатта):
      1) бір қозғалтқышы бар, құрлықтағы;
      2) бір қозғалтқышы бар, гидроұшақ;
      3) көп қозғалтқышы бар, құрлықтағы;
      4) көп қозғалтқышы бар, гидроұшақ үлгісі туралы біліктілік белгісі бар ұшқыш куәлігінің иесі.
      12. Оқу өтіп жатқан әуе кемесі командирінің функциясын орындауға мүмкіндік беретін біліктілік белгілері және «пилот–нұсқаушы» біліктілік белгісі бар, ұшу оқуын жүзеге асыру үшін пилот куәлігінің иесі жіберіледі.
      13. Куәлік алу мақсатында ұшқышты оқыту кезінде оқытылатын адам бірінші немесе екінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындыларға ие болса, дербес ұшуларға жіберіледі.
      14. Жоғары және орта азаматтық авиацияның ұшқыштарды даярлау жөніндегі оқу орындарында оқитын тұлғаларға бірінші сыныптағы медициналық куәлігі болуы қажет.

2. Куәліктерді беру тәртібі

      15. Осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілгендей авиация персоналына куәлік беру, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
      16. Авиация персоналына куәлік беру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органына мынадай құжаттарды ұсынудың негізінде қабылданады:
      1) жазбаша нысандағы өтініш;
      2) азаматтық авиация ұйымының басшысы қол қойған, ұйымның мөрімен расталған авиация персоналына нақты деректер және шаруашылық сипаттамасы;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе тұрғылықты мекеннің түрін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      4) екі фотосурет (түрлі-түсті, мөлшері 3,5х4,5);
      5) азаматтық авиациялық оқу орнын (ұшқыштар училищесі, авиациялық-техникалық училище, авиациялық институт, авиациялық техникум, колледж, оқу орталығы (бұдан әрі – ОО) бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері;
      6) медициналық қорытындының көшірмесі (ұшу персоналы, экипажға қызмет көрсететін персонал, ӘҚҚК диспетчері үшін);
      7) соңғы рет мамандығы бойынша біліктілік курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелері.
      Азаматтық авиациялық оқу орындарынан тек теориялық білім алған пилоттар мен штурмандар орындаған жаттығу және ұшу (практикалық) дайындығының актілерін қосымша ұсынуы тиіс.
      17. Құжаттарды қарау түскен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн құрайды.
      18. Куәлік азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына немесе сенім білдірілген адамға беріледі.
      19. Азаматтық авиация персоналының куәлігі оны иесіне берген сәттен бастап күшіне енеді.
      20. Куәлікті ауыстыру куәліктің құртылу кезінде, толтыру беттерінің болмауы және басқа себептер бойынша азаматтық авиация ұйымдарының куәлікті қалпына келтіру өтініші негізінде жүзеге асырылады.
      21. Куәлікті беру Тізілімде және электрондық базада тіркеледі (авиация персоналының әрбір мамандығы үшін жеке) осы Қағиданың  2-қосымшасына сәйкес.
      22. Куәлік кітап типті, өлшемі 8,7х12 сантиметр.
      23. Азаматтық авиация куәлігі ағылшын тіліне аударылып, қазақ тілінде шығарылады.
      Куәлік 14 тармақты құрайды, куәліктің тармақтары біркелкі рим цифрымен нөмірленеді, олар анық және мұқият жазумен, қара түсті сиямен немесе қаламның пастасымен толтырылады. Тазартып өшірулерге, түзетулерге және өшірулерге жол берілмейді.
      Куәліктің әрбір тармағына белгілі бір ақпарат (мәлімет) сәйкес келеді.
      24. Авиация персоналының барлық санаттарының куәліктердегі төменде көрсетілген тармақтар мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) I тармақта мемлекеттік (қазақ) және халықаралық (ағылшын) тілдерінде мемлекеттің атауы көрсетілген (жартылай қалың шрифтпен);
      2) II тармақта куәліктің атауы көрсетілген (қалың шрифтпен);
      3) III тармақта куәлік берген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген куәліктің сериялық нөмірі көрсетілген (араб цифрларымен);
      4) IV тармақта куәлік иесінің тегі, аты, әкесінің аты қазақ тілінде көрсетіледі, туған күні араб цифрларымен көрсетіледі (күні, айы, жылы);
      5) V тармақта куәлік иесінің мекенжайы көрсетілген;
      6) VI тармақта куәлік иесінің азаматтығы көрсетіледі. VI тармақта азаматтық ағылшын тілінде көрсетіледі;
      7) VII тармақта куәлік иесі өзінің қолын қояды. Осы парақта қолдың үстіне куәлік иесінің костюмде және галстукте бас киімсіз алдынан түскен фотосуреті жапсырылады. Жылтыр емес қағаздағы фотосуреттің мөлшері 3,5х4,5 см, сол жақ шеткі бұрышқа жапсырылады. Фотосурет пен қол куәлікті берген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның гербтік мөрімен расталады;
      8) VIII тармақта азаматтық авиация куәлігі кіммен берілгені көрсетілген;
      9) IX тармақта куәліктің қолданылу мерзімі жазылады, лауазымды адамның қолы қойылады. Қол азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның гербтік мөрімен расталады;
      10) Х тармақта куәлікке азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамның қолы және берген күні;
      11) куәліктің XI тармағында куәліктің берілген күні көрсетіледі және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мөрі қойылады;
      12) куәліктің XII тармағында пилоттардың, штурмандардың, борт инженерінің, борт механиктерінің, борт радисттерінің, борт операторының, борт жолсеріктерінің, ӘК (ұшақтар үшін ӘК келетін бір қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты, тікұшақтар үшін бір бұрандалы немесе көп бұрандалы), құрлықтағы немесе гидроұшақ (тікұшақ) түрлері, типтері және берілген біліктілікке байланысты лауазымдары көрсетіледі:
      әуе кемесінің командирі (Captain);
      екінші пилот;
      штурман;
      борт инженері;
      борт механигі;
      борт радисті;
      борт операторы;
      борт жолсерігі;
      әуесқой пилот;
      аса жеңіл авиация пилоты.
      Қозғалыс қызметі диспетчерлері куәліктерінің иесін жұмысқа жіберген диспетчерлік пункттің (пункттердің) атауы көрсетіледі.
      Инженерлер мен авиатехнигтері куәліктерінің ӘК–нің типі мен түрлері, куәлік иесінің мамандығы, сондай-ақ куәлік иесі орындауға рұқсат берілген ӘК-ке техникалық қызмет көрсетудің түрі көрсетіледі.
      Қатарға қосу кезеңінде тағылымдамадан өтушінің лауазымы көрсетіледі.
      Авиация персоналы куәлігінің жазба лауазымды адамның қолымен және азаматтық авиация ұйымының мөрімен расталады;
      13) куәліктің XIII тармағында нұсқаушылық жұмысқа, аспаптар бойынша ұшуға, метеорологиялық минимумдар (минимумдар бойынша 1, 2, 3 санаттар) бойынша ұшуды және қонуды орындауға рұқсаттар туралы деректер, 2008 жылғы 5 наурыздан бастап радиотелефон байланыстарында пайдаланылатын тілді білу деңгейі енгізіледі;
      Авиациялық жұмысты орындайтын пилоттар үшін куәліктерінде орындауға рұқсат етілген жұмыс түрлері көрсетіледі.
      ӘҚҚК диспетчерлері куәліктерінде лауазымға тағайындау туралы деректер енгізіледі және әуе қозғалысын ұйымдастыру, ағылшын тілінде радиобайланыс жүргізу сияқты ерекше құқықтар туралы мәліметтер, 2008 жылғы 5 наурыздан бастап радиотелефон байланыстарында пайдаланылатын тілді білу деңгейі туралы белгі және өзге де мәліметтер көрсетіледі.
      Инженер-техник құрам куәліктерінің XIII тармағында жекелеген жұмыстарды орындауға рұқсат туралы мәлімет көрсетіледі.
      XIII тармақтағы жазба мемлекеттік тілде, орыс тілінде немесе ағылшын тілінде жүргізіледі, ал инженер-техник құрамының куәліктерінде ағылшын тілінде жазба жасауға жол беріледі, ол орыс тілінде қайталанады. Жазба лауазымды адамның қолымен және авиакомпанияның (кешеннің, авиакәсіпорынның, авиабөлімшенің) мөрімен расталады;
      14) куәліктің XIV тармағында азаматтық авиация ұйымының толық атауы көрсетіледі.
      25. Куәліктің XII және XIII тармақтарында толтырылатын біліктілік белгілері мен арнайы белгілер жазбаларының мысалдары осы Қағиданың 3-қосымшасында көрсетілген.

3. Қорытынды ереже

      26. Авиация персоналы авиациялық оқиғаларға немесе дау–жанжалға алып келетін немесе ұшу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туғызатын ұшуды орындау, қызмет көрсету және қамтамасыз ету нормалары мен ережелерін бұзған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы авиация персоналы куәлігінің уақытша қолданылуын тексеру аяқталғанға және шара қабылданғанға дейін тоқтата тұрады. Куәлік қолданылуын тоқтату, осы куәліктегі біліктілік белгісінің қолданылуын тоқтатады.
      27. Авиация персоналы жасаған ұшу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туғызатын бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) ӘК–нің ұшу жарамдылығына әсер ететін жұмыстарды орындау технологиясын сақтамау;
      2) инспекциялық тексеру кезінде анықталған кәсіптік дайындықтың жеткіліксіздігі;
      3) ӘҚҚК ұйымына техникалық қызмет көрсету, ұшуды қамтамасыз ету және орындау жөніндегі жұмыстарды атқарған кезде белгіленген талаптарды қайта-қайта немесе бір рет өрескел бұзу.
      28. Куәліктің қолданылуын тоқтатқан лауазымды адам Акт (нұсқама) ресімдейді және оны көрсетілген авиация персоналы бағынатын азаматтық авиация ұйымының басшысына жібереді.
      29. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы мыналардың куәліктерінің қолданысын тоқтатады:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымының авиация персоналы;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияның авиация персоналы куәлігін алған басқа ұйымның авиация персоналы;
      3) әуесқой пилот;
      4) аса жеңіл авиация пилоты.
      30. Азаматтық авиация ұйымының командалық-ұшу, инспекторлық, басшылық құрамы өздеріне тікелей бағыныстағы авиация персоналының куәліктеріндегі біліктілік белгінің қолданылуын тоқтатады.
      31. Куәлік мынадай жағдайларда толық жойылуға жатады:
      1) куәлікті жоғалтқан, бүлдірген, тегін ауыстырған жағдайларда және басқа да техникалық себептер бойынша телнұсқалар беру;\
      2) коммерциялық авиация пилоты, әуесқой пилот куәлігінің орнына авиакомпанияның желілік пилотына куәлік беру, әуесқой пилот куәлігінің орнына коммерциялық авиация пилотының куәлігін беру, немесе коммерциялық авиация пилотының куәлігінің орнына әуесқой пилот куәлігін беру;
      3) авиатехник куәлігінің орнына инженердің куәлігін беру;
      4) жұмыс орнынан деректерді ұсынған жағдайда авиаперсоналдың денсаулығы бойынша зейнеткерлікке шығуы немесе қайтыс болуы;
      5) 5 жылдан артық жұмыс істемеуі;
      6) Қазақстан Республикасы сот органдарының шешімі бойынша.
      32. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы авиация персоналының куәлігін кері қайтарып алу туралы шешім шығарған жағдайда авиация персоналына куәлік беру тізіліміне «Ескертпе» деген бағанда күнін көрсете отырып, куәлікті кері қайтарып алу туралы жазба түсіріледі.
      33. Азаматтық авиация ұйымы, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға куәлікті қалпына келтіру туралы өтініш жібереді.
      34. Куәлікті қалпына келтіру ол жоғалған, ұрланған, бүлінген жағдайда жүргізіледі.
      35. Куәлік жоғалған, ұрланған жағдайда куәліктің қолданылуы жаңа куәлік алғанға дейін тоқтатылады.
      36. Куәлікті қалпына келтіру үшін, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық авиация ұйымы өтінішпен осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ куәліктің жоғалғанын, ұрланғанын немесе бүлінгенін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
      37. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы құжаттардың түскен уақытынан бастап және сол бойынша 30 күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды.

Авиация персоналына 
куәлік беру қағидасына
1қосымша     

Авиация мамандары куәліктерінің сериялық әріптік
кодтары мен түстерінің кестесі

Код
(Серия)

Мамандығы

Түсі

ПИЛОТТАР

РРL(А)

Әуесқой пилот (ұшақ)

жасыл

СРL(А)

Коммерциялық авиация пилоты (ұшақ)

қою жасыл

АТРL (А)

Желілік пилот (ұшақ)

көгілдір

РРL (Н)

Әуесқой пилот (тікұшақ)

ақ реңде қою сұр екі жолақты жасыл

СРL(Н)

Коммерциялық авиация пилоты (тікұшақ)

ақ реңде қою сұр екі жолақты қою жасыл

АТРL(Н)

Желілік пилот (тікұшақ)

ақ реңде қою сұр түсті екі немесе бірнеше жолақты көгілдір

Ұшу экипажының мүшелері

FN

Штурман

қызыл

FE (FE(А)

Бортинженері (бортмеханигі)

қоңыр

FR

Бортрадисті

қызғылт сары

FO

Бортоператоры

ақ

FA

Борт жолсерігі (стюардесса)

ақ

FE(Н)

Бортмеханигі

ақ реңде қою сұр екі жолақты қоңыр

Ұшу экипажының мүшелерінен қоспағанда, басқа персоналдар

AMТL/АМEL

Әуе кемелеріне қызмет көрсету жөніндегі техник/инженер/механик

қызыл-қоңыр

ТС

Әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі диспетчер

сары

Аса жеңіл авиация (АЖА)

ULP

АЖА пилоты

сарғыш

ULT

АЖА технигі

ақшыл қоңыр

Авиация персоналына
куәлік беру қағидасына
2қосымша    

Нысаны

Авиация персоналына куәлік беру тізілімі

Куәліктің типі

Куәліктің №

Мақсаты

Берілген күні

Пайдаланушы

Жарамдылық мерзімі Licence

Куәлік иесі

Мед. куәліктің мерзімі

Біліктілігін арттыру курстары (БАК)

Ескертпе

1

CPL

B № 0000

жолаушы








2

ATPL

P№ 000

Авиациялық жұмыстар








3

AMEL-Engineer

E№ 0000

жүк








4

FAL-Attendant

CA№ 000

Қызмет көрсету








Авиация персоналына
куәлік беру қағидасына
3қосымша    

Авиация персоналы куәлігінің XII және XIII
тармақтарын толтыру 1. Flight crew members
(ӘУЕ КЕМЕСІ ЭКИПАЖЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ):

      ХII. Ratings (Біліктілік белгілері):

      А. Category (Санаты):
      1) Multi–engine (көп қозғалтқышты);
      2) Single–engine (бір қозғалтқышты);
      3) Single main rotor, land helicopter MI–8 (MI–2);
      4) (бір бұрандалы, құрлықтағы тікұшақ МИ–8 (МИ–2);
      5) Аutogiro (Ротор типті (автомай);
      6) With balance control – мotor deltaplane (теңгерімді басқарумен – дельтаұшақ);
      7) airship (дирижабль);
      8) heat air ball (жылу әуе шары).

      В. Class (Класс):
      1) Land aircraft (Құрлықтағы);
      2) Hydroplane (Гидроплан);
      3) Amphibian (Амфибия);
      4) with tail rack carriage (артқы тірегі бар шасси).

      С. Type of aircraft (ӘК типі):
      Il–96, Tu–154, Yak–42, А–320, В–737, 757

      D. Duties exercised (Міндеттер):
      1) pilot-instructor (пилот–нұсқаушы);
      2) Pilot-in-command (ӘК командирі);
      3) Co-pilot (Екінші пилот);
      4) Flight navigator (Штурман);
      5) Flight engineer (Борт инженері);
      6) Radio operator (Борт радисті);
      7) Аircraft on-board operator (Борт операторы);
      8) Flight attendant (Борт жолсерігі);
      9) Chief- cabin, Flight attendants – Instructor (Борт жолсерігі–нұсқаушы).
      10) Pilot in command ULР (АЖА әуе кемесінің командирі);
      11) Pilot-instructor ULР (пилот – АЖА нұсқаушысы);
      Example:
      1) multi-engine, land aircraft А-320, pilot-in-command, Order of FD № (көп қозғалтқышты, құрылықтағы ұшақ, А-320, ӘК командирі, ҰО № бұйрығы};
      2) Flight Department – {Ұшу отряды);
      3) multi-engine, land aircraft А-320, co-pilot, Order of HQC № (көп қозғалтқышты, құрылықтағы ұшақ, А-320, екінші пилот, ЖАК № бұйрығы);
      4) Flight attendant, A/C Tu-154M, Order Order of HQC № 12, 12.12.02 High Quality Commission);
      5) single-engine, land aircraft, An-2, co-pilot, Order of CADK № (бір қозғалтқышты, құрылықтағы ұшақ, Ан-2, екінші пилот, ЖАК № бұйрығы);
      6) Civil Aviation Committee – Азаматтық Авиация Комитеті.

XII. Approved type of work (РҰҚСАТ бЕРІЛГЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ):

      1) Approved for aerochemical works on ACFT An-2. Order № (Ан-2 ӘК-те авиациялық-химиялық жұмыстарға жіберілді. № бұйрық.);
      2) Approved for aerovisual and aerophotography flights (Ан-2 ӘК-те аэрокөрілімдік және аэротүсірілім жасау үшін ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      3) Approved for passenger transportation. Order № (Жолаушыларды тасымалдауға жіберілді. № бұйрық.);
      4) Approved to perform forestry-aviation works in highlands. (Таулы жерлерде орман-авиациялық жұмыстарды орындауға жіберілді.);
      5) Approved to perform searching aerovisual and aerophotography works in highlands. (Таулы жерлерде іздестіру-түсіру жұмыстарын орындауға жіберілді);
      6) Approved to perform search and rescue works in highlands. (Таулы жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға жіберілді.);
      7) Approved to perform aerochemical works in highlands (on flat ground). Order of Air Unit Commander # (Таулы жерлерде (жазық жерлерде) АХЖ (авиациялық-химиялық жұмыстар) орындауға жіберілді. Авиабөлімше командирінің № бұйрығы.);
      8) Approved to perform flights for shooting off wild animals from air in highlands (on flat ground). (Таулы жерлерде (жазық жерлерде) аспаннан жабайы аңдарды ату бойынша ұшуды орындауға жіберілді.);
      9) Approved to transport standard (long-length, large-size) cargo in highlands to sites, to ACT 1000m (on flat ground) in the daytime by weather minimum: base =200m, visibility=3000m. (Алаңы Набс=1000 м дейінгі таулы жерлерде (жазық жерлерде) күндіз бұлттардың биіктігі 200 м, көру мүмкіндігі 3000 м минимум кезінде қалыпты (ұзын өлшемді, ірі габаритті) жүктерді тасымалдауға жіберілді.);
      10) Approved to perform construction and assembling operations in highlands, to ACT 1000m in the daytime by weather minimum: base=200m, visibility=3000m, wind=25mps. (Алаңы Набс=1000 м дейінгі таулы жерлерде (жазық жерлерде) күндіз Нбұлт (бұлттардың биіктігі) 200 м, көру мүмкіндігі 3000 м минимум кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға жіберілді.);
      11) Approved to perform forestry-aviation works with drain equipment in highlands (on flat ground). (Таулы (жазық) жерлерде суағар құрылғыларын қолдана отырып, орман-авиациялық жұмыстарды орындауға жіберілді.);
      12) Approved to perform search and rescue works in highlands, authorized for bailing out of parachutists. (Таулы жерлерде парашютистерді түсіру құқығымен іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға жіберілді.);
      13) Approved fly as pilot-instructor for elementary flying training programs. (Тыңдаушылардың алғашқы ұшу дайындығы бағдарламасы бойынша пилот-нұсқаушы болып жіберілді.).

XIII. Special Remarks (Ерекше белгілер):

      1) Approved for Special VFR flights, ACFT An-2 by weather minimum: base – 100m, visibility – 1000m, wind – 18 mps. Order № (Метеоминимум: Нбұлт – 100м, көру мүмкіндігі – 1000м, U – 18м/с бойынша Ан-2 ӘК ҰКШЕҚ бойынша ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      2) Approved for VFR flights, ACFT An-2 by weather minimum: base – 100m, visibility – 1000m, wind – 18mps. Order № (Метеоминимум: Нбұлт – 100м, көру мүмкіндігі – 1000м, U – 18м/с бойынша Ан-2 ӘК ҰКШҚ бойынша ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      3) Approved for IFR flights, ACFT An-2 by weather minimum: base – 150m, visibility – 2000m, wind – 18mps. Order № (Метеоминимум: Нбұлт - 150м, көру мүмкіндігі – 2000м, U – 18м/с бойынша Ан-2 ӘК АҰҚ бойынша ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      4) Approved operation on ACFT Yak-42D by weather minimum: base – 60m, visibility (RVR) – 800(550)m, take-off – 200m.Order № (Метеоминимум: Нбұлт – 60м, көру мүмкіндігі (RVR) – 800(550)м, ұшып көтерілу – 200м бойынша Як-42Д ӘК ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      5) Approved to conduct radiotelephony in English. Certificate № (Ағылшын тілінде радиотелефон байланысын жүргізуге жіберілді. № сертификат);
      6) Approved for international flights. Order № (Халықаралық ұшуларға жіберілді. № бұйрық);
      7) Approved to fly as pilot-instructor on ACFT Yak-42. Order № (Як-42 ӘК-те пилот-нұсқаушымен ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      8) Approved to fly as pilot-instructor on International Airlines. Order № (ЖӘЖ-де пилот-нұсқаушымен ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      9) Approved to fly as navigator-instructor on ACFT Yak-42. Order № (Як-42 ӘК-те пилот штурман-нұсқаушымен ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      10) Approved to fly as navigator-instructor on International Airlines. Order № (ЖӘЖ-де пилот штурман-нұсқаушымен ұшуды орындауға жіберілді. № бұйрық);
      11) Approved for VFR flights (Special VFR) in the daytime by weather minimum: base=150m, visibility=3000m, wind=25mps. (Метеоминимум: Нбұлт= 150м, көру мүмкіндігі 3000м, жел 25м/сек бойынша Ұшуды көзбен шолу қағидасы (бұдан әрі – ҰКШҚ) және Ұшуды көзбен шолудың ерекше қағидасы (бұдан әрі – ҰКШЕҚ) бойынша күндіз ұшуларға жіберілді.);
      12) Approved for IFR flights base=60m, visibility=600m, take-off base=30m, visibility (RVR)=400m, wind=25mps. (Нбұлт=60м, көру мүмкіндігі=600м, ұшып көтерілу Нбұлт=30м, көру мүмкіндігі 400м, жел 25м/сек бойынша Аспаптар жөніндегі ұшу қағидасы (бұдан әрі – АҰҚ) бойынша ұшуларға жіберілді.);
      13) Approved for Special VFR flights at night by weather minimum base=450m, visibility=4000m. (Метеоминимум: Нбұлт=450м, көру мүмкіндігі 4000м бойынша түнде ҰКШЕҚ бойынша ұшуларға жіберілді);
      14) Approved for random flights, authorized to select landing sites from air. Order № (Аспаннан алаңды таңдау құқығымен трассадан тыс ұшуларға жіберілді. № бұйрық);
      15) Approved for IFR flights. Order № (АҰҚ бойынша ұшуларға жіберілді. № бұйрық);
      16) Approved to fly by "B-RNAV" (B-RNAV бойынша ұшуларға жіберілді.);
      17) Approved to fly as co-pilot on ACFT An-24 in reduced crew (without navigator). Order of FD № (Экипаждың қысқарған құрамында (штурмансыз) Ан-24 ұшағында екінші пилотпен ұшуларға жіберілді. № бұйрық);
      18) Approved to fly by “RVSM” (RVSM бойынша ұшуларға жіберілді). Approved for random flights, authorized to select landing sites on flat ground from air. Order of Flight Group Commander # (Жазық жерлерде аспаннан алаңды таңдау құқығымен трассадан тыс ұшуларға жіберілді. ҰОК (ұшу отрядының командирі) № бұйрығы);
      19) Approved for random flights, authorized to select landing sites in highlands from air, to ACT(altitude) 1000m. Order of the Air Unit Commander # (Набс=1000 (Набс - абсолютті биіктік) дейінгі таулы жерлерде аспаннан алаңды таңдау құқығымен трассадан тыс ұшуларға жіберілді. Авиабөлімше командирінің № бұйрығы);
      20) Approved to operate flights within range of 25 km. Frontier area. (25 км ұшуларға жіберілді. Шекара маңындағы белдеулер.);
      21) Approved to fly as co-pilot on ACFT MI-8, authorized to perform take-offs and landings. (Ұшып көтерілу-қонуды орындау құқығымен ӘК-нің екінші пилоты болып ұшуларға жіберілді.).

2. Technical Ground Personnel (ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ПЕРСОНАЛ): XII. Ratings (Біліктілік белгілері):

      A. Category (Категория):
      1) Multi-engine (Көп қозғалтқышты);
      2) Single-engine (Бір қозғалтқышты);
      3) Single main rotor, land helicopter MI-8 (MI-2);
      4) (бір бұрандалы, құрлықтағы тікұшақ МИ-8 (МИ-2).

      В. Type of aircraft (ӘК типі): Tu-154, Yak-42, A-320, B-757.

      C. Duties exercised (Міндеттер):
      1) Engineer on technical maintenance of aircraft and engines. (Ұшу аспаптары мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер.);
      2) Aircraft technician on operation of aircraft radio equipment. (Ұшақтардың радиожабдықтарын пайдалану жөніндегі авиация технигі.);
      3) Aircraft technician on operation of aircraft electrical equipment. (Ұшақтардың электр жабдықтарын пайдалану жөніндегі авиация технигі.);
      4) Mechanical Engineer on operation of helicopter glider and engines. (Тікұшақтың планері мен қозғалтқыштарын пайдалану жөніндегі инженер-механик.);
      5) Technician on operation of helicopter glider and engines. (Тікұшақтың планері мен қозғалтқыштарын пайдалану жөніндегі техник-механик.);
      6) Electrical Engineer on operation of instrumentation and avionics. (Тікұшақтың электр аспаптық жабдықтарын пайдалану жөніндегі инженер-электрик.);
      7) Physical methods and equipment of nondestructive quality control. (Сапаны бұзбай бақылайтын физикалық әдістер мен аспаптар.);
      8) Technician on technical operation of instrumentation. (Аспаптық жабдықтарды техникалық пайдалану жөніндегі техник-аспапшы.);
      9) Radio technician on technical operation of radio equipment. (Радио жабдықтарын техникалық пайдалану жөніндегі радиотехник);
      10) Electrician on operation of aviation and electrical equipment. (Авиациялық аспаптар мен электр жабдықтарын техникалық пайдалану жөніндегі техник-электрик.);
      11) Engineer on operation of helicopter avionics and electrical equipment. (Тікұшақтың авиациялық аспаптары мен электр жабдықтарын пайдалану жөніндегі инженер.);
      12) Service Engineer of helicopter radio equipment. (Тікұшақтың радиожабдықтарын пайдалану жөніндегі инженер.);
      13) Approved for unsupervised inspection of aircraft equipment by nondestructive control methods, according to Industrial Standard OST-54.30019-83. (Certificate # as of 23.11.91) (ОСТ-54.30019-83 сәйкес бұзбай бақылау әдісімен АТ дербес бақылау жүргізуге жіберілді. (Жеке куәлік 23.11.91 ж. №);
      14) Approved for unsupervised works on instruments BARS-3, IKU-1, SKCF when performing maintenance of aircraft equipment. (Order of the Air Unit Commander # 65 as of 24.07.92). (АТ қызмет көрсеткен кезде БАРС-3, ИКУ-1, СКЧФ аспаптарында жұмыстарды дербес орындауға жіберілді. (Пр.КОАО 24.07.92 ж. № 65);
      15) Approved for unsupervised technical maintenance and operation of ground system PS-90 on basis of PC, designed for processing of FI from storage devices, such as MSRP-12-96, MSRP-64M-6, BUR-1-2. (Order of the Air Unit Commander # 35 as of 25.06.96). (МСРП-12-96, МСРП-64М-6, БУР-1-2 типті жинаушылардан ПИ өңдеуге арналған ПЭВМ базасында ПС-90 жер үсті жүйесін дербес техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға жіберілді. (Пр.КОАО 25.06.96 ж. № 35лс);
      16) Approved for unsupervised technical maintenance and processing of FI from storage device SARPP-12. (Order of the Air Unit Commander # 35 as of 25.06.96). (САРПП-12 жинақтаушыдан алынған ұшу ақпараттарына дербес техникалық қызмет көрсету мен өңдеуге жіберілді. (Пр. КОАО 25.06.96 ж. № 35лс).

XII. Approved type of work (РҰҚСАТ бЕРІЛГЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ):

      1) Approved to perform operational types of technical maintenance. (Техникалық қызмет көрсетудің шұғыл түрлерін орындауға жіберілді.) - Approved to perform all operational and periodic types of technical maintenance (Техникалық қызмет көрсетудің барлық шұғыл және кезеңдік түрлерін орындауға жіберілді.);
      2) Approved to start up and check run-up operation of engine D-36. ACFT Yak-42D. Order № (Як-42Д ұшағының Д-36 қозғалтқышын дербес іске қосуға және сынауға жіберілді. № бұйрық);
      3) Approved for towing ACFT Yak-42D, An-2. (Як-42Д, Ан-2ӘК-ін тіркеп сүйреуге жіберілді.);
      4) Approved for the entrances management of special transport to ACFT. (Ұшаққа арнайы автокөліктің кіруіне басшылық жасауға жіберілді.);
      5) Approved for service of ACFT on temporary aerodrome. (Уақытша аэродромда ӘК-ке қызмет көрсетуге жіберілді.);
      6) Approved for service of electrical and instrumental equipment by operational types on temporary aerodrome. (Уақытша аэродромда электр аспаптық жабдықтардың шұғыл түрлеріне қызмет көрсетуге жіберілді.);
      7) Approved for AD-2 service on temporary aerodrome. (Уақытша аэродромда АД-2 қызмет көрсетуге жіберілді.);
      8) Approved for flights as crew member on international airlines on ACFT Yak-42D. (Як-42Д типті ұшақтарда халықаралық әуе желілерінде экипаж құрамында ұшуларға жіберілді.)
      Example:
      Multi-engine aircraft Yak-42, engineer on technical maintenance of aircraft and engines. Approved to perform operational types of technical maintenance. Order № (Ұшу аспаптары мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер. Техникалық қызмет көрсетудің шұғыл түрлерін орындауға жіберілді. № бұйрық);
      Single-engine aircraft An-2, aircraft technician on operation of aircraft radio equipment. Approved to perform all operational and periodic types of technical maintenance. Order № (Ұшақтардың радиожабдықтарын пайдалану жөніндегі авиация технигі. Техникалық қызмет көрсетудің шұғыл және кезеңдік түрлерін орындауға жіберілді.);
      9) Approved for entrances management of special transport to aircraft MI-8, MI-2. (МИ-8, МИ-2 әуе кемелеріне арнайы автокөліктің кіруіне (шығуына) басшылық жасауға жіберілді.);
      10) Approved to supervise towing of aircraft MI-8, MI-2. (МИ-8, МИ-2 әуе кемелерін тіркеп сүйреуге басшылық жасауға жіберілді.);
      11) Approved to start auxiliary power unit AI-9V of helicopter MI-8MTV-1 with engines TV-3-117VM. Order of the Air Unit Commander # (ТВ3-117 ВМ қозғалтқышы бар МИ-8МТВ-1 тікұшақтың АИ-9В көмекші күштік қондырғысын іске қосуға жіберілді. БАО (біріккен авиаотряд) командирінің № бұйрығы);
      12) Approved to perform unsupervised technical maintenance of helicopter MI-8MTV-1 with engines TV3-117VM, by all Regulations for Technical Maintenance, Replacement and Adjustment of Units. (ТВ3-117ВМ қозғалтқышы бар МИ-8МТ В-1 тікұшаққа техникалық қызмет көрсету регламентінің барлық түрлері бойынша дербес техникалық қызмет көрсетуге, агрегаттарды ауыстыруға және реттеуге жіберілді. Авиабөлімше командирінің № бұйрығы);
      13) Approved to perform unsupervised technical maintenance by all Regulations for Technical Maintenance of Instrumentation (Avionics) for Helicopter MI-2 (MI-8T, MI-8MTV). (МИ-2 (МИ-8Т, МИ-8МТВ) тікұшақтардың аспаптық (радиоэлектрлік) жабдықтарына техникалық қызмет көрсету регламентінің барлық түрлері бойынша дербес техникалық қызмет көрсетуге жіберілді.);
      14) Approved to supervise performance of works by all Regulations for Technical Maintenance of Helicopter MI-8T with engines TV3-117VM (of instrumentation and avionics equipment). (ТВ3-117 ВМ қозғалтқышы бар МИ-8Т тікұшағына техникалық қызмет көрсету регламентінің барлық түрлері бойынша (аспаптық және радиоэлектлік жабдықтар) жұмыстардың орындалуын бақылауға жіберілді.);
      15) Approved to perform unsupervised technical maintenance of avionics and radio equipment of helicopter MI-2 of operational works on airfield of temporary location. (Уақытша орналасқан аэродромдардағы жұмыстардың шұғыл түрлері бойынша МИ-2 тікұшағының аспаптық электр және радиожабдықтарына дербес техникалық қызмет көрсетуге жіберілді.);
      16) Approved to perform unsupervised technical maintenance by all Regulations for Technical Maintenance of Avionics Equipment for Helicopter MI-2. (МИ-2 тікұшағының электр-аспаптық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету регламентіндегі жұмыстардың барлық түрлерін дербес орындауға жіберілді.).

3. AIR TRAFFIC CONTROLLER
(ӘҚҚК ДИСПЕТЧЕРІ): XII. Ratings (Біліктілік белгілері):

      А) ӘҚҚК диспетчері куәлігінде келесі біліктілік белгілер көзделген:
      1) Aerodrom control (Әуеайлақ диспетчері);
      2) Approach control and approach radar control (жақындау кезіндегі диспетчері және радиолакациялық бақылау диспетчері);
      3) Area control and area radar control (Әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданының диспетчері және әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданының радиолакациялық бақылау диспетчері).
      Ескертпе:
      1. Әуеайлақ диспетчерінің (Aerodrom control) біліктілігі рульдеу (РДП) және/немесе мұнара диспетчерлік пунктіндегі (МДП) дербес жұмысқа рұқсаты бар адамдарға толтырылады.
      2. Жақындау кезіндегі диспетчері және жергілікті диспетчері (Approach control and approach radar control) шеңберлік диспетчерлік пункті (ШДП) және жақындау кезіндегі диспетчерлік пункті (ЖКДП) функциясын орындайтын бағаналық диспетчерлік пункті (БДП), шеңберлік диспетчерлік пункті (ШДП) мен жақындау кезіндегі диспетчерлік пунктінде (ЖКДП) дербес жұмысқа рұқсаты бар адамдарға толтырылады.
      3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданының диспетчері және әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданының радиолакациялық бақылау диспетчерінің (Area control and area radar control), әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданының диспетчері (ӘҚҚК) және/немесе жергілікті диспетчері пункттерінің жұмыс орындарына рұқсаттары бар адамдарға толтырылады.
      В) Name of the Aviation Institute, Academy, College or Course (Авиациялық институт, академия, колледж немесе курстың атауы).
      Толтыру кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша маманының авиациялық оқу орталығынан алған білікетілігі негізінде көрсетіледі. Сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері куәлігімен қарастырылғандай міндеттерді орындауға рұқсаты болса, бірнеше оқу орнын бітірген болса, соңғы бітірген оқу орны көрсетіледі.
      С) PERMIT TO WORK AS CONTROLLER (Диспетчерлік жұмысқа жіберілді).
      Name of control sector (диспетчерлік пункттін атауы) қоса алғанда: филиал орналасқан қаланың атауы; диспетчерлік пункттін атауы, сектордың атауы (осы диспетчерлік пунктте бірнеше секторлардың бар болуы).

       XIII. SPECIAL REMARKS (ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР):

      1) Approved to work as supervisor (Ұшу басқарушысының болып жұмысқа жіберілді);
      2) Approved to work as senior controller (аға диспетчері болып жұмысқа жіберілді);
      3) Approved to work as instructor (инструкторлық жұмысқа жіберілді);
      4) Approved to work as chief of shift (ауысым бастығы болып жұмысқа жіберілді);
      5) Approved to work by weather minima CAT-I and САТ-II ICAO (ИКАО-ның 1-ші және 2-ші дәрежесі метеоминимумы бойынша жұмысқа жіберілді);
      6) Approved to work by weather minimum CAT-I ICAO (ИКАО-ның 1-ші дәрежесі метеоминимумы бойынша жұмысқа жіберілді);
      7) Approved radiotelephony communication in English till (күні). Level (шкала бойынша номер деңгейі) ICAO. Certificate N (сертификат нөмірі) dated (сертификат берілген күні).