Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-11 Заңы 13-бабының 15) тармақшасына, "Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімді қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ә Құсайынов |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығымен бекітілді |
Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, "Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімді қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзырлы органын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес әзірленді және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-1. Жеке немесе заңды тұлғалар халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысандағы хабарламаны жібереді".
Ескерту. Қағида 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлауға қатысты жеке және заңды тұлғалар қызметіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді және олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан орындау үшін міндетті болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Халықаралық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының жүргізушілері құзыретті орган бекіткен курстар түрінде арнайы даярлықтан өтеді және жүргізушіге қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы белгіленген үлгідегі куәлік (бұдан әрі - куәлік) алады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Куәлікті алу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көлік құралдарының жүргізушілері Қазақстан Республикасының аумағы немесе халықаралық жол қатынастары бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілері арнайы даярлық немесе қайта даярлық базалық курсынан (бұдан әрі - Базалық курс) өтеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Бекітілген немесе алмалы-салмалы, сыйымдылығы 1 м3 астам цистерналармен, жалпы сыйымдылығы 1 м3 астам батареялармен, контейнер-цистерналармен, тасымал цистерналармен немесе бір көлік бірлігінде жеке сыйымдылығы 3 м3 астам көпэлементті газ контейнерлері мен қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілері қауіпті жүктерді цистерналармен тасымалдау бойынша мамандандырылған қосымша базалық курстардан өтеді.
6. Көлік құралдарының ең жоғары рұқсат етілген салмағына қарамастан, ҚЖХКТ бойынша 1 класты заттарды немесе бұйымдарды (жарылатын заттар мен бұйымдар) немесе ҚЖХКТ бойынша 7 класты радиоактивті материалдарды тасымалдау үшін жүргізушілер базалық курстарға қосымша тиісті мамандандырылған даярлық курстарынан өтеді.
7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген жүргізушілерді арнайы қайта даярлау және тиісті емтихандардан өткізу кемінде үш жылда 1 рет жүргізіледі.
8. Жүргізушілерді Базалық курс бағдарламалары бойынша даярлау (қайта даярлау) және жүргізушілерді мамандандырылған курстар бағдарламалары бойынша даярлау (қайта даярлау) кешенді негізде жүргізілетін барлығын қамтитын курстар ауқымында, белгілі бір мерзімдерде және белгілі бір оқыту ұйымдарында жүргізілуі мүмкін.
2-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Министрлік, қаржылық және шаруашылық қызметіне қатыспастан, ҚЖХКТ талаптарына сәйкес тиісті оқу курстары жүргізушілерді сапалы дайындауға, емтихан қабылдауы мен оқуына үнемі бақылауды жүзеге асырады.
16. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Әрбір бастапқы курстың немесе бәрін қамтитын курстың теориялық бөлігінің ең төменгі ұзақтығы:
1) базалық курс бойынша - 18 сабақ;
2) цистерналарда тасымалдау бойынша мамандандырылған курста – 12 сабақ;
3) 1 класты заттар мен бұйымдар (жарылғыш заттар мен бұйымдар) тасымалдау бойынша мамандандырылған курстарда - 8 сабақ;
4) радиоактивтік материалдарды (7 класс) тасымалдау бойынша мамандандырылған курстарда – 8 сабақ болуы тиіс.
19. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген бәрін қамтитын курстардың жалпы ұзақтығы Базалық курстың және цистерналармен тасымалдау бойынша мамандандырылған курстың ұзақтығын өзгертпеуі тиіс, алайда оларды 1 және 7 кластар бойынша қысқартылған мамандандырылған курстармен толықтыруға болады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Бір сабақтың ұзақтығы 45 минуттан кем болмауы тиіс. Күн сайын 8 сағатқа дейін сабақ өткізуге рұқсат етіледі.
21. Жеке практикалық сабақтар теориялық даярлыққа қосымша өткізілуі және кем дегенде әртүрлі жүктер үшін қауіптілік белгілері мен маркалануы, алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру және оқиға немесе авария болған жағдайда қабылданатын шаралар тақырыптарын қамтуы тиіс.
22. Оқу курстары аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға өтілген тақырыптардың қысқаша мазмұны және авариялық жағдайлардағы қауіпсіздік, дәрігер келгенге дейінгі көмек жөніндегі нұсқауларды қамтитын материалдар таратылып берілуі тиіс.
23. Курстар тыңдаушыларының білім деңгейін және практикалық дағдыларын анықтау мақсатында тиісті оқу курстарында оқыту аяқталғаннан кейін емтихандар өткізіледі.
24. Мамандандырылған курстар бойынша емтихандарға Базалық курс бойынша емтихандарды тапсырғаннан кейін рұқсат алады.
25. Емтихандар комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық органы өкілінің комиссия құрамына міндетті түрде қатысуымен тиісті оқу курсының оқытушыларынан құрылған емтихан комиссиясымен қабылданады.
Емтихан комиссиясы тақ санынан тұрады (үш адамнан кем емес).
26. Емтихандар тиісті курстарда өткізілген тақырыптар бойынша емтихан комиссиясының емтихандық сұрақтарының жалпы тізілімінен іріктелген емтихан сұрақтарынан өткізіледі.
Емтиханға дейін курс тыңдаушыларын емтихан билеттерінің сұрақ мазмұнымен таныстырмайды.
27. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жалпылай қамтитын курстарда бірыңғай емтихан өткізілуі мүмкін.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы әрбір оқу курсы бойынша өткізілетін емтихандардың мерзімдері мен өткізілетін орнын 5 күннен кем емес уақытта алдын-ала хабарлайды.
29. Емтихандар не жазбаша емтихан, немесе жазбаша және ауызша біріктірілген емтихан түрінде немесе тестілеу жүргізіледі.
30. Базалық курс бойынша емтихан өткізу кезінде курстардың тыңдаушыларына 25 сұрақ беріледі.
31. Мамандандырылған курстар бойынша емтихандар кезінде курстардың тыңдаушыларына әр курс бойынша 15 сұрақтан беріледі.
32. Емтихандардың нәтижелері емтихан комиссиясының хаттамасымен рәсімделеді, оның негізінде емтихандарды ойдағыдай тапсырған курс тыңдаушыларына (емтихандар сұрақтарына жауаптардың дұрыстығы 75%-дан жоғары) оқу орталықтары тиісті оқу курстарында оқытудан ойдағыдай өткені туралы емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған анықтама береді.
3-тарау. Қортынды ережелер
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Тиісті оқу курстарында оқуды сәтті аяқтаған жағдайда тыңдаушыларға емтихан комиссиясының төрағасы мен оқу курстарының басшылары қол қойған және мөрмен расталған тиісті куәліктер беріледі.
Оларға қатысты берілген куәлік шын мәнінде берілген қауіптілік сыныптарын айқындау бағандарындағы белгілер оқыту жүргізілген сыныптарды көрсету жолымен жүргізіледі.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Куәліктің қолданылу мерзімі-бес жыл.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Куәліктің мерзімін ұзарту куәліктің мерзімі өткенге дейінгі жыл ішінде өткізілген тиісті оқу курстары бойынша емтихандарды ойдағыдай тапсыру (емтихандар сұрақтарының 70 %-дан астамының дұрыстығы) негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте куәлікке оның күші ұзартылғаны туралы жазу жазылып, мөрмен бекітіледі.
36. Куәлік жоғалған, бүлінген кезде, оқу курстары арыз берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарғы оң бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар куәліктің телнұсқасын беруді жүргізеді.
Жоғалған, бүлінген жазбаша өтініш берген күннен бастап куәліктер (тиісті оқу курстарынан оқудан өткені туралы анықтама қосымшасында болса) жарамсыз деп саналады.