Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау, лицензиялау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 17 ақпандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда № 6818 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау, лицензиялау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры (Ғ.Р. Әбдірайымов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 18 ақпандағы № 60 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 82 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6075 тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы № 33 (1829) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                       С. Нокин

Қазақстан Республикасы  
Құрылыс және тұрғын   
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 17 ақпандағы 
№ 59 бұйрығымен бекітілген

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау, лицензиялау
жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер
дәрежелерін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау, лицензиялау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежелерін бағалаудың осы критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдарына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектілері – мынадай жергілікті атқарушы органдар:
      сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі;
      құрылыс істері;
      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау.
      3. Бастапқы кезеңде бақылау субъектілері жоғары тәуекел дәрежесі тобына қосылады.
      4. Бұдан әрі жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша бақылау субъектілері осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес алған баллдың жиынтығына байланысты тәуекел дәрежелеріне бөлінеді:
      20 баллға дейін - жылына бір рет тексеру кезеңділігімен болмашы тәуекел дәрежесі;
      20-дан 30 баллға дейін - жарты жылда бір рет тексеру кезеңділігімен орташа тәуекел дәрежесі;
      30 балл және одан жоғары - тоқсанына бір рет тексеру кезеңділігімен жоғары тәуекел дәрежесі.
      5. Тексеру нәтижесінде бұзушылық болмаған жағдайда бақылау субъектілері тәуекелдің аз дәрежесіне ауыстырылады.

Сәулет, қала құрылысы және  
құрылыс істері, мемлекеттік 
сәулет-құрылыс бақылау мен  
қадағалау, лицензиялау      
жөніндегі жергілікті атқарушы
органдардың тәуекелдер      
дәрежелерін бағалау         
критерийлеріне қосымша      

Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

№ р/с

Критерии

Баллдарды беру шарттары

Баллдар

Сәулет және қала құрылысы органдары

1

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және республиканың селолық елді мекендерінің мынадай қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілуі:



1.1

аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары

иә

0

жоқ

20

1.2

бас жоспарлар

иә

0

жоқ

20

1.3

егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары

иә

0

жоқ

20

1.4

құрылыс салу жобалары

иә

0

жоқ

10

1.5

аумақтық құрылыс салу ережелерінің болуы

иә

0

жоқ

5

1.6

мынадай ережелерді сақтай отырып, қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру:



1.6.1

аумақтық құрылыс салу ережелерін

иә

0

жоқ

5

1.6.2

қала құрылысы регламенттерін

иә

0

жоқ

10

1.6.3

мемлекеттік қала құрылысы нормативтерін

иә

0

жоқ

10

1.7

мыналар кезінде аумақтарды аймақтарға бөлуге бақылау жүргізу:



1.7.1

қала құрылысын жоспарлағанда

иә

0

жоқ

5

1.7.2

аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлгенде

иә

0

жоқ

5

1.7.3

қызыл сызықты сақтағанда

иә

0

жоқ

15

1.7.4

сары сызықты сақтағанда

иә

0

жоқ

15

1.7.5

құрылыс салуды реттеу сызығында

иә

0

жоқ

15

1.8

жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасын және басқа да рұқсат құжаттарын беру мерзімдерін сақтауы

иә

0

жоқ

5

1.9

облыстық және базалық деңгейлерде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу

иә

0

жоқ

10

2

Бұрын берілген нұсқамаларды орындау

иә

0

жоқ

10

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары

1

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібі (рұқсат беруден дәлелді бас тарту), оның ішінде:



1.1

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін құжаттарды қараған кезде мерзімдерді сақтау

иә

0

жоқ

5

1.2

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттардың жинағы

иә

0

жоқ

5

1.3

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған кезде ұсынылған құжаттардың заңнамалық және нормативтік нормаларға сәйкестігі

иә

0

жоқ

5

2

Жергілікті маңызы бар объектілерде белгіленген талаптардың сақталуы, оның ішінде:



2.1

бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы

иә

0

жоқ

20

2.2

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуы

иә

0

жоқ

5

2.3

лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы

иә

0

жоқ

20

2.4

орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдары, құрастырмалары) және жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдері мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келуі

иә

0

жоқ

15

2.5

объектіде мынадай бақылаудың ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы:



2.5.1

кіру

иә

0

жоқ

15

2.5.2

операциялық

иә

0

жоқ

15

2.5.3

зертханалық

иә

0

жоқ

15

2.6

атқарушылық техникалық құжаттаманы уақтылы ресімдеу

иә

0

жоқ

5

2.7

тапсырысшының (меншік иесінің) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы

иә

0

жоқ

15

2.8

тапсырысшының (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы

иә

0

жоқ

15

3

Бекітілген жобаға және нормативтік-техникалық құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкес толық әзiрлiгi болған жағдайда салынған объектіні пайдалануға қабылдау

иә

0

жоқ

15

4

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау, оның ішінде:



4.1

ұсынылған құжаттарды жинақтау

иә

0

жоқ

5

4.2

қабылданған құжаттарды тізімге алу

иә

0

жоқ

5

4.3

тапсырылған құжаттарды қарау мерзімдерін сақтау

иә

0

жоқ

5

4.4

берілген лицензияны тіркеу журналының, қосымшалардың, оны беру тәртібінің болуы

иә

0

жоқ

5

5

Тапсырылған құжаттарға сәйкес өтініш берушінің, лицензиаттың біліктілік талаптарға сәйкес келуі:



5.1

қажетті ақпараттың (біліктілік құрамы, өндірістік базасы, техникалық жарақтануы және т.с.с.) болуы

иә

0

жоқ

10

5.2

ұсынылған ақпараттың сұрау салынған жұмыстың түрлері, кіші түрлері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келуі

иә

0

жоқ

10

5.3

экология және СЭҚ органдарына сұрау салуды жүзеге асыру

иә

0

жоқ

5

6

Берілген лицензияның тізілімін жүргізу, мониторинг жүргізу, оның ішінде:

иә

0

жоқ

5

6.1

тізілімде ақпараттың болуы және толықтығы

иә

0

жоқ

5

6.2

жауап қайтару мерзімін анықтай отырып, мониторингті жүзеге асыру

иә

0

жоқ

5

7.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау:



7.1

тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіні хабардар ету

иә

0

жоқ

5

7.2

тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіге хабарлау

иә

0

жоқ

5

7.3

Тексеру жүргізу мерзімін сақтау, оның ішінде:

иә

0

жоқ

5

7.3.1

тексеру жүргізу мерзімін сақтау (отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс)

иә

0

жоқ

5

7.3.2

тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарту

иә

0

жоқ

5

7.3.3

құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу

иә

0

жоқ

5

7.3.4

тексеруді бір айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұру

иә

0

жоқ

5

7.3.5

құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексерілетін субъектіні мыналар туралы хабардар ету:

иә

0

жоқ

5

7.3.6

тексеруді тоқтата тұруға дейін бір күн бұрын тексеруді тоқтата тұру туралы

иә

0

жоқ

5

7.3.7

тексеруді қайта бастауға дейін бір күн бұрын тексеруді қайта бастау туралы

иә

0

жоқ

5

7.4

мынадай актілердің болуы:

иә

0

жоқ

5

7.4.1

тексеруді тоқтата тұру туралы

иә

0

жоқ

5

7.4.2

тексеруді қайта бастау туралы

иә

0

жоқ

5

7.5

Тексеру нәтижелері туралы акті жасау

иә

0

жоқ

5

7.6

Тексеру нәтижелері туралы актіні толтыру кезінде мәліметтердің толықтылығы

иә

0

жоқ

10

7.7

Ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда оларды жазбаша түрде тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беру

иә

0

жоқ

5

7.8

Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты үш күн мерзімде беру

иә

0

жоқ

5

7.9

Инспекциялау нәтижелері бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасы бар анықтама және объектілердің ведомосін жасау

иә

0

жоқ

5

8

Бұрын берілген нұсқамаларды орындау

иә

0

жоқ

10

Құрылыс органдары

1

Құрылысқа тапсырысшы болып табылатын органның объектіде мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтауы, оның ішінде:



1.1

объект салуға жер учаскесін беру туралы рұқсаттың болуы

иә

0

жоқ

20

1.2

бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың болуы

иә

0

жоқ

20

1.3

жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы

иә

0

жоқ

20

1.4

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуы

иә

0

жоқ

5

1.5

лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы

иә

0

жоқ

20

1.6

орындалған ((орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдары, құрастырмалары) және жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдері мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келуі

иә

0

жоқ

15

1.7

объектіде бақылауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы, оның ішінде:



1.7.1

кіру

иә

0

жоқ

15

1.7.2

операциялық

иә

0

жоқ

15

1.7.3

зертханалық

иә

0

жоқ

15

1.8

атқарушылық техникалық құжаттаманы уақтылы ресімдеу

иә

0

жоқ

5

1.9

тапсырысшының (меншік иесінің) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы

иә

0

жоқ

15

1.10

тапсырысшының (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы

иә

0

жоқ

15

2

Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқыған кезде растайтын құжаттардың болуы

иә

0

жоқ

15

3

Объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) тәртібін сақтау, оның ішінде:



3.1

бекітілген жобаға сәйкес объектінің толық әзірлігі

иә

0

жоқ

20

3.2

жұмыс комиссиясының оң қорытындысының болуы

иә

0

жоқ

15

3.3

объектіні пайдалануға беру актісін бекітудің мынадай мерзімдерін сақтау:



3.3.1

өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзiмде

иә

0

жоқ

5

3.3.2

тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап бес күннен аспайтын мерзiмде

иә

0

жоқ

5

3.4

мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) сақтау:



3.4.1

азаматтық тұрғын үй мақсатында салынған объектілер бойынша - тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде

иә

0

жоқ

5

3.4.2

ірі (техникалық жағынан күрделі) қоғамдық үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласына жататын өндірістік циклдағы өзге де объектілерді тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде

иә

0

жоқ

5

3.5

Комиссияны тапсырысшының шешiмiмен тағайындалуы және объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсiмiне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алынғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей құрылуы



3.5.1

қабылдау комиссиясы

иә

0

жоқ

5

3.5.2

жұмыс комиссиясы

иә

0

жоқ

5

3.6

Мемлекеттiк қабылдау комиссиясын тағайындау мерзімін сақтау:



3.6.1

өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн үш айдан кешiктiрмей

иә

0

жоқ

5

5.6.2

тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей

иә

0

жоқ

5

3.7

Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актісінің белгіленген нысанын сақтау

иә

0

жоқ

5

4

Бұрын берілген нұсқамаларды орындау

иә

0

жоқ

10